Сабаққа қызығушылығын арттыру, шыдамдылыққа тәрбиелеу



бет3/4
Дата15.09.2017
өлшемі0,72 Mb.
#32659
түріСабақ
1   2   3   4

Мама-папа жұмысқа кеткенде, атамызды алдап далаға шығып, үйдің шатырларына қатып қалған үлкен-үлкен мұздарды қыртылдатып тұрып тығылып жейтін кезедерімді ойласам, тістеріме жаным ашиды. "Ауырып қаласың, таста қолыңдағыны, қаншама микроб бар, енді жегеніңді көрсем, жақсылық күтпе" дейтін маманың мыңдаған ескертулерін түсінбеппін-ау сол кезде(((

Екі көзіміз төрге ілінген тықылдаған сағатта болып, папамның жұмыстан келетін уақытын күтетінбіз. Өйткен, ол сияқты ешкім де шана сүйрей алмайтын. Келе сала үшеуміз, "папалап" аяғына оралып, жалынатынбыз. Папам пәлсінетін де қалатын. Мұндай сәттерде көзімізден қаншама моншақ-моншақ жастар рет төгілді))) Ал көңіл-күйі бар болса, үшеумізді үлкен шанаға отырғызатын да көшенің ана басынан мына басына дейін зырылдатып сүйрейтін. Екі езуіміз екі құлағымызға жетіп, мәз болатын да қалатынбыз. Үйге келген соң өлтіріп тұрып жұмсайтынын айтсаңызшы))



Мектепте ше? Қыздар үшін үзілісте әжетханаға барып келу - тозаққа барып келумен пара-пар болатын. Қолдарына уыс-уыс қар ұстап аңдып тұратын ұлдар барып-келгенше соққының астына алатын. Бізде ақымақпыз ғой, соны біле тұра әдейі әжетханаға барғыштап кететінбіз. Әбдеееен "шомылған" қыздар жылап келіп апайға арыз айтқанда: "сауап өздеріңе, шошаңдамай отырмайсыңдар ма тып-тыныш" деп ұрысса мұғалімді пыш-пыштап өсек астына алатынбыз. Соған да тоймаған ұлдар өздерімен бірге сыныпқа алып келген бір түйір қарды мойныңа тығып жібергенде, демің шықпай дір-дір етіп аузымызға келген қарғысты айтушы едік. Ал үйге қайтар жолдағы айқасты ауызға алмай-ақ та қояйын))))

Сосын, біздің үйдің астындағы тоғайда үлкен өзен болатын. Өзен бетіне қатқан мұз үстіне екі ауылдың балалары жарысып "хоккей" ойнайтынбыз. Қайбір хоккей дейсіз? Қолымызға басы иілген таяқтарды алып алып, кішкентай ғана "шайбаны" қуалайтын да жүретінбіз. Мен "жылауық" күніге көзімнен сорам ағып қайтатынмын да, ертесіне бетім бүлк етпестен қайта баратынмын ғой. Сол кезде мені бәрі жек көрген шығар ә?

Алақай, қыс  келді!

 

     Мақсаты: Қыс  мезгілі  туралы  түсініктерін  кеңейту.  Қыс  мезгілінің  ерекшеліктерін  көре  білуге,  әсемдігін  байқай  білуге тәрбиелеу.



 

      Әр  мезгілдің  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Қыс  аппақ  қарымен, салқын  ауасымен  сәнді.   Желтоқсан   айы  «16- желтоқсан  -  Тәуелсіздік  күні»  мерекесімен  басталып,  Жаңа  жылға  ұласады.



Туған  күніміз  де  қыс  айында. Қыстың  үш  айы -  біздің  отбасы  үшін  мереке  және  сыныбымыздағы  екі  оқушымның  да  туған  күні  осы  желтоқсан  айында.

     Аппақ  қар  үстінде  шанамен  сырғанап,  шаңғы  теуіп,  аққала  соғып   ойнағанға  не  жетсін!

 

1-оқушы.

 Қыс  келді,  қыс,  алақай!



Шаңғы  алып  шық, балақай.

Асыр   салып  ойнайық,

Шақырып  тұр  ақ  атай.

 

                                 Кел,  жасайық  аққала,



                                Ойнайық  бір  шаттана.

                                Бар  балаға  көрсетіп,

                                Қуанайық  мақтана.

 

2-оқушы.



Қыс  келді ,  міне,  ызғарлы,

Жер  бетін  басты  ақ  күміс.

Су  қатып, мұзға  айналды,

Дала  үнсіз,  тып – тыныш.

 

                        Аяз  сап  әсем  суретін,



                        Басталды  қыстың  қызығы.

                        Байқа  сен,  бетің  үсиді,

                        Қыста  көп  күннің   бұзығы.

 

 



3-оқушы.

Қыс  түсіп  ерте  далада,

Үлпілдеп  ұлпа  қар  жауды.

Көріп  пе  едің  бұрын  сен,

Жамылған  көрпе  ақ  тауды?!

 

                            Айнала  толған -  ақ  қала,



                           Қуаныш  үні  естілді.

                           Аяздың  суық  ызғары

                          Қорқыта  алмас  ешкімді.

 

Қыс келді. Күн бірде жылынып ,  бірде суытып тұр. Өзенге мұз қатты. Адамдар қалын киінді. Малдар өріске шықпайтын болды . Балалар қар атысып ойнап, қардан ақшақар жасады.

 

                Келді ауылға қыс – қызық,



                Киініп шық далаға.

                Тоңдырмайды күш қызып,

               Жармасайын шанаға.

               Зу – зу етсек жан – жақтан ,

               Бір мейрам ғой балаға

 

               ЖЕЛТОҚСАН



 

     Желтоқсан  - айы ызғардың,

 

    Бұлт торлап басын құздардың.



 

    Аю боп аяз ақырар,

 

   Қалыңдап беті мұз – қардың .



 

   Алаулап балғын жүздері,

 

  Шұбырып артта іздері.



 

   Сырғанақ тебер балалар,

 

     Еңселі дөңде түздегі.



Тақырыбы: «Күміс қыc қызығы» 

Өткізген: Абдинова Ү.Д. 



2011-2012 оқу жылы 
№23 «Балауса» мектепке дейінгі мекеме 
Екібастұз қ 
Білім беру саласы:Қатынас 
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті:Тіл дамыту 
Сабақтың тақырыбы: «Күміс қыс» 
Сабақтың мақсаты: . Қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту 
.Схема бойынша суреттің мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдылындыру.Тіл мәдениетін қалыптастыру. 
Сабақтың міндеттері: 
Білімділік:Қыс мезгілі,қысқы ойындар,қысқы табиғат,қысқы еңбек жайлы түсінік беру. Затты зерттеуге алгаритм жасауға үйрету.градтаж техникасын меңгерту. 
Дамытушылық:Танымдық, шығармашылық қасиеттерін,тілін,сөздік қорын дамыту.Сабаққа қызығушылығын арттыру 
Тәрбиелілік: Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.Шыдамдылыққа тәрбиелеу. 
Түрі: Ашық сабақ. 
Типі:Дамыта оқыту «Тәй-тәй» бағдарламасы. 
Қолданылғанәдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап,топпен,Триз,тірек-сызба,алгаритм, тәжірибелік, көрнекілік,ойын ,сөздік,схема арқылы әңгіме құрау. 
Көрнекіліктері:«Таңғажайып алаңы» ойыны,схемалар,суреттер,мұз,зертхана приборлары,май шам, бояу,стек,сүлгі. 
карточкалар,зерттеу құралдары,май шам,бояу,қатты қағаз. 
Сабақтың барысы: 
Амандасу (Қайырлы күн,сәлеметсіз бе?,хош келдіңіздер,төрлетіңіздер,Good morning!) 
Амансың ба нұрлы күн! 
Амансың ба қара жер! 
Аман –есен болайық! 
Бейбітшілік қалайық! Амандасу түрлерін көрсетеді.(қолымен,басынан сипалап,бетінен ұстап,құшақтап) 
Ұйымдастыру кезеңі. 
- -Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік. 
-Айнала қандай? 
-Қар қандай? 
-Ал мұз ше? 
-Ауа қандай? 
-Терезелерде не бар? 
Қыс қандай болады? (қарлы,боранды,аязды) 
Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады? 
-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады? 
(балалардың жауабы) 
Қазір қыстың нағыз ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды сен білесің бе? 
Иә білемін айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енеді. 
Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз. 
Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады? 
Жерді қар басады.Өзенді мұз басады. 
Құстар ән салмайды.Ағаштар өспейді. 
Жәндіктер тығылып қалады. 
Адамдар қалың киінеді. 
Қыс айлары жайлы біз не білеміз?. 
Желтоқсан-жыл аяғы қыстың басы ол,суық,ызғарлы болады. 
Қаңтар-Жыл басы қыстың ортасы ол ең қарлы ай.Бұл айда қатты суық,үскірік аяз болады. 
Ақпан -жел мен боранның айы.Бұл айда ең ауыр,әрі суық дүлей борандар болады. 
Ойын тапсырмалар 
№1 тапсырма Балалар сендер қалай ойлайсыңдар қыс жақсы ма? жаман ба? 
Қыстың жақсы және жаман жақтарын айтады. 
№2 « Ғажайып баспалдақ» 
Мына сөздері қатыстырып екі жол өлең құрастыр 
1.Бар,қар.2.Ойнады,Тоңбады.3.Мұз,біз. 
№3 «Сөйлемді аяқта» 
1.Қырау басқан ......(әйнек,ағаштар) 
2.Балалар аққала.....(Жасады,жасап ойнады) 
3.Қар жапалақтап .......(Жауып тұр,жауады) 
№4 №4 «Ұқсастығын тап» 
Мұз жылтыр не сияқты? 
Қар ақ не сияқты? 
Балалар оталықтарға фишка бойынша бөлінеді 
Ережелерді түсіндіріп өту. Олай болса іске сәт, балалар! 
1.Тіл дамыту опталығы 
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің барысы: 
Ойын «Таңғажайып алаңы» 
Тіл дамыту сабағы 
Оқылатын өлең: 
Ш.Ахметов. 
Аяз қысып, 
Өрнек сызып. 
Терезені торлайды. 
Қарға омбығып, 
Бет домбығып. 
Сырғанап жастар ойнайды. 
Кейде ұлып, 
Кейде ысқырып. 
Ұйтқып боран соғады. 
Бөбектерім айтыңдаршы 
,Бұл қайкезде болады? 
Тәрбиеші қыс туралы өлең оқығаннан кейін оған талдау жасайды. 
Ойын шартын түсіндіру. 
. Төрт ойыншыға сегіз тапсырма 
Схема бойынша әңгінің жоспарын құру. 
Ол қандай ағаш? 
Суретке тақырып қояйық. 
Балалар не істеп жүр.Олардың көңіл-күйлері қандай? 
Саған қармен ойнаған ұнай ма? 
1схема «Жыл мезгілі мен ауа-райы» 
Суретте қандай жыл мезгілі берілген? 
Сен оны қайдан білдің? 
2схема «Қысқы табиғат» 
Ағаштарда не байқадың .Жерден не көрдің. 
3схема «Қысқы еңбек» 
Қыста қандай еңбек істеледі ? Адамдар не жұмыс жасап жатыр? 
4схема «Балалардың ойындары» 
Балалар не істеп жүр. Олардың көңіл күйлері қандай? 
«Қыстың шуақты күні.Жапалақтап қар жауып тұр.Айнала аппақ.Ағаштарды қырау басқан.Үйлердің төбеінде де қар.Жерде омбы қар.Адамдар жолды қардан тазартады.Ал балалар көңілді.Үйткені олар қардан аққала жасады.Шана,шаңғы тепті.Мұзда сырғанап ойнады. 
.1. «Қызықты тапсырма.» 
2 «Ойланып көр.» 
3 «Жұмбақ шеш» 
Тірек сызба бойынша жұмбақ жасырады. 
Ол көңілді сайқымазақ емес 
Үш қабатты бірақ үй емес 
Қайырымды бірақ дәрігер емес (аққала) 
4 «Тақпақ айт» 
Тірек –сызбаны пайдаланып қыс туралы тақпақ оқу. 
Бір топ бала далада 
Соқты қардан аққала, 
Мұрны сәбіз үп-үшкір. 
Көзі көмір қап-қара. 

Бұл қай мезгіл? 
2 Ғылым орталығы 
Білім беру саласы:Таным 
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:Айналамен таныстыру 
Сабақтың мақсаты:Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру.Тәжірибе арқылы мұздың қасиетімен таныстыру. 
Қалай ойлайсыңдар қар дегеніміз не? 
Қар-кішкентай мұз кристалдарынан тұрады.Қар суық аязды күні қиыршық түрінде болады.Күннің жылы кезінде қар жапалақтап түседі.Аязды күні аяқ астында қар сықырлайды. 
Қар неге ұқсайды? 
Қар ақ болса оны жеуге болатын шығар. 
Жоқ жеуге болмайды .Қарда көп микроптар болады, тамағың ауырып қалады. 
Микроптар болатынын қайдан білеміз? 
Қар ерігенде суға айналады,содан көруге болады. 
Ал, суды қатырсақ не болады? Мұз пайда болады. 
Жұмбақ шешу 
1.Суда қалқиды,жылыда балқиды. (Мұз) 
Су – ана жайлы аңызды айтып береді. 
«Ерте ерте ертеде су-ана өмір сүріпті.Оның үлкен отбасы болыпты.Ұлдары- тұман,жаңбыр,қар.Қыздары- шық,мұздық,және қарша қыз. Олардың мінездері әр түрлі болыпты.Су-ана қызы мұздаққа қонаққа келеді.Су-ананың қызының қандай қасиеттері барын қазір біз білеміз. 
Мұздың қасиеттерін зерттеу. 
1Мұз текшелерін жылы жерге қойсақ ол ериді. 
2.Еріген мұзға бояу қосып қатырсақ түсі өзгереді. 
3.Қалай ойлайсыңдар мұздың дәмі бар ма?Иісі ше? 
4.Бір қалыпты температурасы бола ма? 
5Ауыр ма жеңіл ме? 
Ал мұз пайдалы ма жоқ па? 
Неге пайдалы? (балмұздақ жасайды,сырғанақ жасайды,су астындағы мекендеушілерге аяз қорқынышты емес екен) 
Неге зиянды? (жеуге болмайды,құласаң ауыртады,лақтырғанда қатты тиеді,өзенде мұздың бетінен жүруге болмайды) 
Алгаритм бойынша белгілеу. 
Өнер орталығы 
Білім беру саласы: Шығармашылық 
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:Бейнелеу өнері 
Сабақтың мақсаты:Дәстүрден тыс тырмалау әдісі бойынша қыс мезгілін суреттейді. 
Орталықтың балалары ортаға жиналып, әр орталықта жасаған жұмыстарының ортаға жинап, орындалған жұмыс нәтижесі туралы балалар әңгімелейді. 
Сергіту сәтін Жел улейді у-у-у 
Боран соқты зу-зу 
Қатты-қатты жел соқты гу-гу 
Шыдай алмай жапырақтар ах-ах 
Билеп кетті қалтырап пах-пах 
Балалар белсенділік орталықтарымен ауысады. 
Қорытынды. Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар. 
Біз не үйрендік? 
Сендерге ұнады ма? 
Кімге не ұнады? 
Рахмет сендер өте тамаша балаларсыңдар менің сендерге азғантай сыйлығым бар. 
Көңіл-күйіміз қандай? Тамаша! 
Қыс мезгілі қандай? Тамаша!. 
Ауа райы қандай? Тамаша! 
Қысқы ойындар қандай? Тамаша.! 
Келген қонақтарымыз қандай ? Тамаша! Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық! (Смайлик береді) 
Келгендеріңізге рахмет.Сау болыңыздар! 
Дала. Қала.

Қырда ерік, жібек кілем, тау мен су бар,
Шулаған көңілге хош қаз бен қу бар.
Қалада жан азығы, шам шырағы,
Белгісі адамдықтың білім-ту бар.

Дала. Дала деп атын айтсаң-ақ ойдағы ерік, ендік, құлпырып тұрған көкорай шалғын, төбесі мұнарланып, тұманданып көкке тірескен асқар тау, күмістей таза бұраңдап ағып жатқан өзен, тағы санап түгесілмес жасағанның жаратқан табиғатының әдемілігі көңілге сап ете түсті.

Жаз жетті. Қыс бойы саңырау, шырт ұйқыда, шала жансар жатқан дала оянды, оған жан кірді. Ол бұрынғы ертегілерде айтылғандай күні кеше басы таз, мұрнынан боқ аққан, үсті-басы шіп-шикі қотыр бір жаман жан еді. Бір сілкінді, он төртіндегі айдай үлде мен бүлдеге оранған жаңа бойжеткен бір қыз болды.

Қыс бойы түтін, сасықтың арасында ауруға шалдығып шыққан дала баласы о да тірілді... қараңғы, сасық үйін тастап қашып, киіз үйін тігіп көкорай шалғынға барып қонды. Қалың күпі, ауыр тұмағын тастап, желісін қақты, биесін байлады. Бір жағынан сүрін жеп, ертеңді-кеш сапырып сары қымызын іше бастады. Ол бір жасап қалды. Көршілес үйдің отағасылары астарына бір-бір тері салып алып, қолдарына таяғын ұстап, есік алдына көлеңкеге жиылып...қысыр кеңеске кірісті, жастар үйде жоқ. Бай балалары не қысырақтың айғырын, не күйлі шыққан бір қысыр бедеуді мініп алып, қырда жылқыда. Кедей балалары солардың қасына еріп, дәнеге ойында жоқ, асау тай, құнан, байталдан қарқ боп, о да мәз боп жүр. Жас келіншек, қыздар олар да шат. Әсіресе қыс бойы бұзау суғарам деп қар тасып, боқ күреп, жүдеп шыққан, артық көндіге алмаған жаңа түскен келіншектер жұмыстан босағандарына қуанып, жастау қыздар шешесінің қыс бойы үйде құрылыс қыласың деп кигізбеген жаңа тіккен...көйлек, күміс таққан тақияларын киіп қуанып, қуаныштары, қойнына сыймайды. Көксе қыздар, бозбалалар елдің желеуі, биенің байлауы, жұрттың жиын болатын мезгіл де жетіп қалды-ау деп іштерінен қуанады. Биыл ойын-той, қызойнақ көп болғай деп тілейді.

Міне, жаз жетсе дала әдемі, көңілді. Жалғыз-ақ сол сүйкімді даланың орасан бір кемшілігі бар. Оның баласы білімсіз, ойсыз. Ішіп-жеу, ойнап-күлу, ұйықтаудан басқаны білмейді. Төрт аяқты малдан аз-ақ ілгері, ол жарты адам.

Ал енді жаз жеткенде қалаға қарасаң, онда бұл әдеміліктің бірі жоқ. Құрғақ болып аз ғана жел тұрса, шаң, көз ашқызбайтын құм боран. Жаңбыр жауса жүргізбейтін батпақ болады. Дала баласына қала көңілсіз. Ол онда тұра алмайды, шыдай алмайды. Бірақ қаланың осы кемшілігін түгелдейтін бір артықтығы бар. Оның баласы білімді, ойлы. Ол таңқаларлық істер істейді. Отты дүние айналған теңізді кезеді. Айшылық жолды алты аттайтын атсыз арба жасайды. Майсыз шам жандырады. Неше жүз шықырым жерден сөйлесетін құрал жасайды, қанатсыз көкке ұшып, бұлтқа араласады. Түпсіз теңізге сүңгіп меруерт-маржан шығарады, қысқасы қала баласы асқан адамдар. Естімейтін нәрселері жоқ, қолдарынан бәрі келеді. Қала ол өнер-білімнің бесігі, анасы. Онда шын бүтін адамдар бар, онда адамды адам қылатын жұрттары бар. Онда өнер бар, онда білім бар, онда адамға жан бар.



Мағжан Жұмабаев

Мақала «Айқап» журналының 1912 жылғы №1 санында жарық көрген

Мағжан Жұмабаев (1893-1938) — талантты ақын. Бұрынғы Ақмола облысы губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысында туған. Қызылжар — Петропавловск медресесінде, Уфадағы «Ғалия» медресесінде, 1923-1927 жылдары Москвада жоғарғы әдебиет-көркемөнер институтында оқыған. «Айқап» журналында төмендегідей мақала, өлеңдері: «Қатын алу, ерге шығу», «Бұлбұл», «Жазғұтыры», «Жатыр», «Күз күні», «Шын сорлы», «Дала. Қала.» жарияланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет