Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев
Мақсаты: Ақын М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру.
Оқушылардың поэзияға деген ынтасын арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін
қалыптастыру, тіл мәдениетіне баулу, мәнерлеп оқу мәдениетін жетілдіру.
Өнер адамына, еліне, тілге деген патриоттық сезімдерін ояту,
адамгершілікке, ұлтжандылыққа баулу .
Сабаққа керек құрал-жабдықтар:
Тақтада Мұқағали Мақатаевтың суреті ілулі тұр.
Астында ақынның сөзі жазылған:
Қатыбас өмірден мен пайда алмадым,
Жаныммен жазған жырым – жайған малым.
Қылышың емес пе едім қынаптағы ,
Жоғалттың неге мені пайғамбарым .
Одан кейін ақын туралы ойлар:
а )...Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын.
(Лашын Әзімжанова)
ә) Мұраты мықты Мұқағали,
Қуаты мықты Мұқағали. (Мұзафар Әлімбаев)
б) «Балама ақындық қасиетті Аруақ, Құдай берген шығар.
Мұқағали жайлы айтылып жатқан жарты ауыз сөздің өзіне
марқайып қаламын» (Ақынның анасы Нағима апа)
Достарыңызбен бөлісу: |