Сыныптың мақсаты:
Мектеп ережесін түсіндіру, тәрбиенің алғашқы қағидаларын таныстыру;
Сыныптағы тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыру;
Болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін, рухани ойлау дәрежесі биік, Отанын сүйгіш, еңбекқор, қабілетті адам даярлауға бағыттау.
Сыныптың міндеттері:
Дұрыс, әдемі сөйлеуге, ізетті болуға тәрбиелеу;
Оқу-құрал, кітапты күтіп ұстауға, кешікпей, сабақтан қалмауға дағдыландыру;
Оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуге ықпал ететін тәрбие жұмысын құру;
Оқушылардың қазіргі кездегі өмірге деген көзқарастарын мағыналы түрде аша білуге және кәсіби тұрғыда қажет маңызды тұлға болып жетілуіне ықпал ету;
Оқушының кез-келген жұмыс барысында өзін-өзі көрсете алуына, қоғамдық жұмыстарға араласуына ықпал ету;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, әдептілік ережесін, тыйым сөздерді білетін, отбасы ұғымының мағынасын түсіндіре алатын оқушы дайындау;
Өз Отанын сүюге, құқықтары мен бостандықтарын сүюге тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |