Сабаққа мақсат қоюдың басты міндетін анықтаңыз. Саралаудың оқу процесіндегі маңызы



бет3/5
Дата19.12.2023
өлшемі23,4 Kb.
#197620
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
копия-БОӘ емтихан сұрақтары

Спиральді оқу бағдарламасы
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1962) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен басталғаны» (Ж. Аймауытұлы, 1929) абзал. Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп
тұжырымдайды:
- белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу);
- бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);
- таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).
Бұл спиральді оқу бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Джером Брунердің жұмысына негізделген спиральді оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
- оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;
- әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
- жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған
ақпарат тұрғысынан қарастырылады.
Мысалы;
7.2.2.1 адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу;
7.2.2.2 белгелерді анықтаудағы гендердің рөлін түсіндіру;
8.2.4.1 тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы ролін дәйектеу;
9.2.4.1 генетиканың дамуымен қалыптасуындағы Мендель зерттеулерінің рөлін бағалау;

  1. Биология сабағында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту тәсілдері.




  1. Оқушыларға көмек көрсету дәрежесі мен сипаты бойынша жұмысты саралауды сипаттаңыз.

  2. Білімді бақылау және тексеру мақсатында көп функциялы Google- қосымшаларын пайдалануды сипаттаңыз.

  3. Биология пәнінен сыныптан тыс өткізілетін жұмысты сипаттау және ұйымдастыру (экскурсия мысалында)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет