Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



Дата14.05.2017
өлшемі76,72 Kb.
#16263
түріСабақ

САБАҚ: Дүниетану

(Қысқа мерзімді жоспар)



Мектеп:

«Көкбай атындағы орта мектебі»КММ



Күні:

Мұғалімнің есімі:Сарқытқызы Назым

СЫНЫП: 3 «б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Тау жынысы жайлы алғашқы ұғым қалыптастыру және оларды қорғаудың маңызды екенін түсіндіру. Бос тау жыныстары қайда қолданатынын және шаруашылықтағы маңызын әңгімелеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Тау жынысы жайлы алғашқы ұғымдарды қалыптастырады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Жер бетіндегі тау жыныстарының кездесетін жерлерін атайды.Тау жыныстарының түрлерінің сызбасын сызады.

Кейбір оқушылар:

  • Топпен бірігіп тау жыныстарының қолдану аясы туралы өз нұсқаларын ұсынады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • ........ (істей) алады.

  • Оқушылар тау жыныстары олардың қасиеттері туралы айта алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Пайдалы қазбалар, тау жыныстары, қатты, газ тәріздес, сұйық, бос тау жынысы,жанғыш кенді, кенсіз.т.б.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Тау жынысы дегеніміз не? Оқығанды талқылайды.

Сіз неліктен екенін ..... айта аласыз ба?

Адам өміріндегі пайдалы қазбалардың қолданылу реттілігін анықтайды.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Мәтінді оқу барысында төмендегідей сөйлемдерді толықтырып жазады.

1.Бос тау жыныстары - және .

2.Құм суда берік түйіршіктерден тұрады.

3.Саз өте тау жынысы.

4.Құрғақ құм түйіршіктері бір-бірімен байланыспай тұрады.т.б


Алдыңғы оқу


Ауа-райы, жер асты суы,құдық туралы білімдерін пысықтау. Адам денесін, судың, ауаның температурасын өлшеу үшін қандай термометр қолданатынын және ауа райын болжаудағы халықтық болжамдар жайлы әңгімелету.Бүгінгі күннің ауа райы туралы, сынып бөлмесінің температурасын өлшеу.Ауа райын не үшін білу керектігі жайында әңгімелету.

Жоспар

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті




Психологиялық ахуал қалыптастыру.«Сиқырлы таяқша» арқылы бір-

бірімізге жақсы тілек тілеп,көтеріңкі көңіл-

күймен сабағымызды бастайық.Әртүрлі тастар арқылы топқа бөлу.Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақ.СТО. «Миға шабуыл»әдісі арқылы жұмбақ жасыру

1.Түсі қара сұйық зат,

Тереңде жатады.

Қазсаң атқылайды,

Жақсаң жанады

Пайдаға жарайды.

/ Мұнай/


2.Шахтадан оны қазамыз,

Пешке салып жағамыз.

Үлкен үйді жылытып,

Рахатқа біз батамыз

Бұл не?

/ Көмір/


3.Мөлдір әрі түссіз,

Өзі табиғи отын.

/ Газ/

-Балалар, бұл жұмбақтар



дың шешулері не болды?

-Ендеше бүгін біз пайдалы қазбалар түрлерімен танысамыз.

АКТ. Электронды оқулықпен жұмыс.

Қызығушылықтарын ояту.

Пайдалы қазбаларды көрсету.

Мәтінді «Жиксо»әдісі арқылы оқыту.

Сұрақ-жауап арқылы білімдерін тиянақтау.

Сергіту сәтін жасату.

1-2-топ.Семантикалық картамен жұмыс.

Сарамандық жұмыс жасау.


Құм мен сазды салыстырту.
3-топ.Сәйкестендіру парағымен жұмыс жүргізу.

«Тау жыныстарының белгісін тап»

Баламалы тестпен жұмыс.

Рефлексия.

Бағалау. «Бас бармақ»

Үйге тапсырма беру.

«Тау жыныстары және оларды қорғау»мәтінін оқу, мазмұндау.


Шеңберге тұрып «Сиқырлы таяқшаны»

жақсы тілек тілеп бір-біріне ұсынады.

Әртүрлі тастар алу арқылы топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын айтады.


Жұмбақтың шешуін табады.

Бұл жұмбақтардың шешуі

Тау жыныстары, пайдалы қазбалар екенін табады.

Электронды оқулықтан тау жыныстары, олардың пайдасы жайлы көреді.

Пайдалы қазбаларды ұстап көреді, танысады.

Мәтінді оқып,топта талқылайды.

Сұраққа жауап береді.

Олардың пайдасы,қолда

нылуымен танысады.
Семантикалық картаны толтырады.

Қайсысы суды тез немесе баяу өткізетініне тәжірибе жасайды.

Құм мен сазды «Венн»диаграммасы арқылы салыстырады.

Пайдалы қазбаны қасиеті

мен байланыстырады.
Кластер құрайды.
Сұраққа «иә», «жоқ»деп жауап береді.

Топ басшыларының бағалауы.Смайликтер тарату.

Кері байланыс жасайды.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.












Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған тақырыптармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

Ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру 2мин

Топқа бөлу 1 мин

Үй тапсырмасын пысықтау 10 мин


Дүниетану анықтамалық

1-4-сыныптар



Ортасы

СТО «Миға шабуыл» 1мин

АКТмен жұмыс 3 мин

Қызығушылығын ояту 1 мин

«Жиксо»әдісі.Мәтінмен жұмыс 10 мин

Сергіту сәті 1 мин

Семантикалық картамен жұмыс 2 мин

Сарамандық жұмыс 2мин

Кластер құру 5 мин

Баламалы тестпен жұмыс 2мин


Дүниетану оқулығы «Атамұра»2014

Электронды оқулық .

Ғаламтор.


Аяқталуы

Кері байланыс «Ыстық орындық»әдісі3мин

Топ басшыларының бағалауы 1 мин

Үйге тапсырма беру 1 мин





Қосымша ақпарат Осы өзіміз өмір сүріп отырған жеріміздегі «Қаражыра»көмір өндіру ашық карері жайында әңгімелеу.

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін қалай жоспарлайсыз?

Пән аралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс



Жергілікті жерде қандай тау жыныстары бар екенін үлкендердің көмегімен анықтап келу.





Баламалы тест, сұрақ-жауап ,семантикалық карта толтыру,кері байланыс арқылы түсініктерін байқау.



Әдебиеттік оқу,

бейнелеу,қазақ тілі



Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал өандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Төменгі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Тау жыныстары олардың қасиеттері, қолданылуы, табиғаттағы таралуы жайлы алғашқы түсініктері қалыптасты.Жоспарланған жұмыстар толық орындалды. Әр топ белсенділік танытты.Сыныптағы ахуал жақсы болды.Сабақ жоспарланған уақыт ішінде өтті.Баламалы тестпен жұмыста уақытты ұтымды пайдаландым.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болады (Оқытуда да, оқуда да ескеріңіз )?

1: «Миға шабуыл»әдісі арқылы жұмбақ жасырып, сабақтың тақырыбын анықтау

2:Электронды оқулықтан «Тау жыныстары» жайында керекті мәлімет алуы.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (Оқытуда да, оқуда да ескеріңіз )?

1: «Жиксо»әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын жылдам меңгеруі.

2:Семантикалық карта толтырып, пайдалы қазбалардың шартты белгісін табуы.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеме оқушылар пікірі менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетіні туралы не білдім?

Оқушылар сабаққа белсене қатысты.Сабақ қызықты өтті. Келесі сабаққа да тиімді әдіс-тәсілдерді қолдансам келесі сабағым да нәтижелі болады деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет