Танымдық қызығушылығы арта отырып, тербелістердің қасиеттері мен өмірде алатын орнын зерттеп білу қажеттілігін өздігінен түсініп, білімді өз күшімен алуға ұмтылысы артады
Сәлемдесу. Оқушылардың түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық ахуал туғызу\
Үй тапсырмасын тексеру
1.Амплитуда дегеніміз не?
2.Период деген не?
3.Тербелмелі қозғалыс дегеніміз не?
4.Жиілік деген не?
5.Тербелмелі қозғалыстың негізгі шамалары?
Қағаз қиындылары
Жаңа сабақ
/Математикалық және серіппелі маятниктердің қозғалыс динамикасын көрсетіп, оқушылармен бірге талдап, ситуациялық проблемалар қойып, жаңа тақырыпқа көшу./
Балалар сендердің алдарыңда екі түрлі тербелмелі жүйе бар. Екеуінде қандай айырмашылықтар көріп тұрсыңдар?
Олардың айырмашылықтары: тербеліс периодтарының әр түрлі екендігінде.
Сонымен, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болмақ? /мақсат анықтау/
Алдын-ала сендер екі топқа бөлініп отырдыңдар: «Период» және «Жиілік».
Алғашқы тапсырма осы жаңағы екі тербелмелі жүйелердің әрқайсысының атауын табу және олардың периодтарын анықтау. Оны кітаптың көмегімен табасыңдар. /кітаппен жұмыс/
Оқушылар тақырыпты болжап табады. Оқулықпен жұмыстанады.
Бекіту
Есептер шығару
1.Серіппеде тербеліп тұрған жүк 8 с ішінде 32 тербеліс жасады. Тербелістің периодын және жиілігін анықтаңдар
2.Серіппеде тербеліп тұрған жүк 4 с ішінде 16 тербеліс жасады. Тербелістің периодын және жиілігін анықтаңдар
3.Қатаңдығы 9,22 Н/м серіппеге ілінген массасы 0,143 кг жүктің тербеліс периодын және жиілігін анықтаңдар.
4.Қатаңдығы 250 Н/м серіппеге 16 с ішінде 20 тербеліс жасйтын жүктің масасын табыңдар.
5.Қатаңдығы 12,3 Н/м серіппеге ілінген массасы 0,211 кг жүктің тербеліс периодын және жиілігін анықтаңдар.
6.Қатаңдығы 250 Н/м серіппеге 8 с ішінде 10 тербеліс жасйтын жүктің масасын табыңдар.
7.Математикалық маятниктің жібінің ұзындығын 3 есе арттырғанда оның тербеліс жиілігі қаншаға өзгереді.
8.Математикалық маятниктің жібінің ұзындығын 9 есе арттырғанда оның тербеліс жиілігі қаншаға өзгереді.
. Әр тапсырманы орындаған сайын оқушы өзін өзі бағалап отырады