1-топ
Оқушылармен зейінді дамытуға бағытталған ойын ойнаңыз. Жүргізуші қандай қимыл жасау қажет екенін айтып, 1, 2, 3 немесе 4 сандары жазылған парақшаларды көрсетеді. Оқушылар парақшада қандай сан болса, қимылды сонша рет жасайды. Мысалы, жүргізуші “шапалақ” сөзін айтып, 4 санын көрсетсе, олар 4 рет алақандарын шапалақтауы керек.
2-топ
Тірек сөз жазылған парақшаны “Сөз қабырғасына” орналастырыңыз
3-топ
Төрт гүлдің суретін сал. Оқушылар 4 санын осы санды білдіретін заттар санымен сәйкестендіруi керек және сәйкес мөлшерді өз бетінше елестетіп үйренуi тиіс.
4-топ
Төртінші тұрған жануардың суретін боя.
Тапсырма санау дағдысын дамыту және басқа сандар қатарында 4 санының ретін ерекшелеуге бағытталған. Алдымен жануарларды ретімен санап шығып, төртінші тұрған жануарды анықтау керек.
Жауабы: бұзауды бояйды