5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі



бет1/30
Дата13.12.2016
өлшемі4,28 Mb.
#3746
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері.

5-ші кітап; 1-ші бөлім

Алматы-2011

Жазбадағы тақырыптар тізбесі;1.Мұсылманның негізгі шарты.. (1-4 бет)2. Діл мен Діл және иман гүлі. (4-10 бет) 3.Иман келтіру намаздар мен амалдар.. (10-18 бет) 4. Ділге иман-кітаптарға, кісілерге иман келтіру. (19-26 бет) 5. Құран үгіті арқылы зейнетелу мен иман келтіру. (20-27 бет) 6. Салт-дәстүр және шариғат арқылы зейнетелу. (27-28 бет) 7.Ақыл- ойдың еркіндігі арқылы сөз зейнеті..(28-31 бет) 8.Ақыл зейнеті-білім..(31-33 бет) 9.Иман келтіру нұрдың зейнетін көру..(34-35 бет) 10. Иман гүлі-ғылым келу, діл бақшасы..(39-42) 11. Құс ілімі-түс білімі. Ақ бата..(42-43 бет) 12. Масһабшы ақидасы мен зияратау туралы.., (43-47) 13. Иман-түсінік-сана-рух егіні (47-48) 14. Сәзжде ұғымы туралы... (55-61) 15. Себепке иман келтіру (61-65) 15.Құдай үкімдерін мойындау сиыну туралы. (65-67) 16. Дұға жасау, тілек тілеу (67-68) 17. Дін байлығы және Құдай патшалығы (68-70) 18. Құран және Құдай патшалығы (70-74) 19. Ғибрат әңгіме. Хикметтің білінуі (74-79) 20.Құранды зертеу тәсілдері..(79-85) 21. Құдай патшалығының хикметті сыры..(85-90) 22.Тәңір сөзі, уахи бата туралы. (90-94) 23. Иман хақиқаты-ғылым келу. (94-100) 25.Шындық келу, Түс түзелмей іс түзелмес (100-110) 26. Ашық дәлелдерге серік қосу (110-115) 27. Дін ісі мен Құдай ісі. (115-120) 28. Азан хикметі (120-123) 29. Ақ бақсылықтың мақамы (127-133) 30. Заман-намазы және биғаттар. (133-137) 31. Заманның ашық-ашық биғаттары..(137-141) 32.Алланың жібіне жалғану. Түс, аян. (141-145) 33. Кітаптардың оқылу құпиясы (145-147) 34. Ата жолы, әулиелер жолы. (147-148) 35. Ата жолы мен масһаб пәтуа ерекшеліктері. (148-151) Хақтың көрнісі.

Бабалар өткен сара жол Ата жолы- «Алла жолы»!

Аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын!

Ақ сөйле тілім, ақ сөйле! Жүрекпен тергеп нақ сөйле! Жамандықты қашырып айт! Жақсылығын асырып айт! Тексіздікті белінен басып айт! Тектілікті тереңнен тартып асылын айт! Жау жағадан алғанда иттердің етектен тарқанынын айт! Елдігін, дәстүрін сатқан, жастардың тасырын айт! Діншілердің момын қазақты бөлшектеп іріткіге түсіргенін айт! Талай белгісіз жатқан шежіренің ғасырын айт! Европашыл әкімдердің жасығын айт! Байлықтан басқаны ойламайтын ғалым мен молдалардың арам ниет ауздарының сасығын айт! Қасиетті кітаптардың ғылымын айт! Әулие бабалардың тура жолды салған қасиеті қастерлі білімі мен ілімін айт! Аманатты айт! Жасырмай жасық болмай ашығын айт!

Мұсылманның негізгі шарты және намаз орындауы.

Пайғамбарымыздан: «Барлығың бақташысыңдар, сондай-ақ барлығың баққандарыңнан (қоластыңғыларыңнан) жауапкерсіңдер, бастық бақташы ғой, сондықтан қол астыңғылардан жауапкер еркек үй бағушысы және және ол баққандарынан жауапкер. Әйел ерінің үй ішінің күзетшісі, қожайынның «малының күзетшісі. Сондықтан ол өз қол астындағылардан жауапкер.» (22-өсиет) Бұл өсиетпен пайғамбарымыз, мұсылмандық және Аллаға құлшылық жасау дегеніміз, бақташы болу екенін ескертеді. Сондықтан, әрбір пенде өмірде өз орнын біліп; жақындық, туысқандық, бауырмалдық қатынастарды меңгеру үшін өзінен төмен тұрған, әрбір жақынына қамқоршы болып, жөн сілтеуші, яғни бақташы болуды меңгеру керек. Сондықтан бұндай қасиет, қабілеттерді құлшылық намаздарын меңгеруді; «Жақындарыңа жақсы қарым қатынас жасауды үлкендеріңнен үйреніңдер. Өйткені, ағайындармен жақсы болу, ағайындар арасындағы сүйіспеншілік, малда көбею және өмірде береке болып табылады.». (Термизиден. 5-өсиет) деген өсиетпен, әрбір ұлттың өзіне тән салттық, дәстүрлік, әдет-ғұрып ұстанымдарын сақтауды қатаң тапсырған екен. Бұл қағиданы мұсылмандық қарыздар деп атауымызға да болады. Абай атамыз; «Махабатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті...Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған, Жақсы оймен иманды білді ойлаған, Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай, Сыртын қанша жусада, іші оңбаған...Мүмін болсаң, әуелі иманды бол, Пендеге иман өзі ашады жол, Шын илан да, таза ойла бір иманды, Мұнафық намаз қылмап па, мағлұм ғой ол..» деп мұсылмандықтың негізгі шартын түсіндіріп, әуелі иманды болып, яғни иман тазалығын, жан білімін меңгеріп, рухыңды және ішкі жан дүниеңді тазарту арқылы ғана қандай ғибадат жасауың, намаз оқуың яғни сыртыңды бойыңды тазалауыңа болады деп түсіндіреді. Олай болса мүмін болу, махаббатпен іс қылудан пайда болады екен. Енді жартушымыз жалпы махаббатты қалай жаратты? Ал, махаббат деген қандай ұғым? Пайғамбарымыздан; «Алла тағала әр нәрсені жаратып, жарату жұмысын бітіргенде, жақындық «хұзырында (жақыннан) безінуден сиынамын» деді. Жақындық деген табиғат Аллаға осылай жалбарынды. Алла тағала; «Я, жақынына жақсы қарым-қатынас жасағандарға мархамет етуіме, туысынан безгендерге мархамет етпеуіме разы болмайсың ба?» деп бұйырды. Жақындық: «Я, раббым, ризамын» деді. Алла тағала: «Міне бұл сенің хақың» деп бұйырды. Алла тағала мен «Жақындық» делінген табиғат арасында осындай сұхбат өткен, яғни әлем жаратылғанда-ақ жақындыққа мән берілген.» (Әбу Хурайрадан 6-өсиет) Олай болса, біздің құдайсыз ойшылдарымыздың «жартылысты табиғат өзі жаратты» деп түсініктерінің өзі, әлемді, адамзатты «махаббаттан- туысқандық, бауырмалдық, сүйіспеншілік» деген себептік байланыс, әрбір жанды жартылыс егесін бір-біріне жақсылық жасау арқылы жақындасудан жаратты деген ұғым пайда болады. Сондықтан «Жақындық»-Махаббат деген себептің өзі болып, сезімнің бар жерінде, ғашықтықта, асықтықта, құштарлық та, жаратылуға құмарлық та пайда болып, бірақ оның мақсат, мүдесін, хақтың жолын анық біліп, мүмін болу үшін ғибадат жасап; әуелі ішкі жан-дүниеңді тазалауды меңгеру, яғни бақташылық қабілетті үлкендерден, ағайындардан, ата-анаңнан, шежіре-тарихтан үйрену шарт. Және махаббатпен адамзат бір-біріне жақсылық жасауда өз ара жарысу үшін, ұлттарға, руларға бөліп, түр-түстік ерекшеліктермен бейнелеп және бұл хақ жолда, әрбір ұлттың өз ұстазы да бар. Және заман өзгерісіне қарай, ұстаздардың елшілердің де міндеттері де әр түрлі болып, ал жалпы ұлттың ортақ тарихи шежіресі, ғұрыпнама нұрландырушы ғылым кітабы болу керек. Міржақып Дулатов атамыз: «Тарих дейтін-бұрынғы заманның жайынан сөйлеп тұратұғын, бұрынғы өткен кісілердің ісінен хабар беретұғұн бір ғылым. (Тарихат) Қазақтың көбі оны «Шежіре» деп атайды. Бұ заманның ғалымдары тарихты ең оңды мағлұм деп түсінеді. Тарих түзу жөнді(жолды) үйретуші деп айтады. Тарих-халықты түзу жөнге сілтеуші болса, оған дүниеде түзушіліктің кітабы, тіршіліктің жол басшысы деуге де болады. Келешек күнің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады. Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүниеде өңге жұртар қатарында кем, қор болмайтын, тұқымы құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады. Тарих нет айтады десеңіз, оның айтатыны мынау: біздің бұрынғы бабаларымыздың кім екендігі, олардың дүниеде не істеп,не бітіргендігі, қандай құты барлығы, ол құты не орынға жұмсағандығы; істеп жүрген ісінің қайсысынан пайда, қайсысынан зарар көргендігі; бұрынғы бабаларымыздың досы-дұшпаны кім екендігі, не себептен бағы тайғандығы және соған ұқсас істердің барлығын тарих түсіндіріп тұрады. Бұрынғы бабаларымыздың басынан кешкен жақсы-жаман қандай уақиға бар болса, оның бәрі де өткендегі бір істің нәтижесінен туған болады. Сол секілді келешекте біздің басымызға түсешек бір оқиға осы күнде қылып жүрген ісіміздің нәтижесі болмақшы...» Қазақтың ел ағаларының «ұлтық сананы, қазақтың рухын көтеру» деп ұрандатып жүргеніміз осы тарихи-иманымызды қалыптастыру болып табылады. Олай болса әуелі иманды болу дегеніміз Алланың өзін тану жолндағы білімді меңгеру, яғни тарихи шежірені құраныңды меңгеріп, тағдырыңды түсіну. Тағдыр-тарих-шежіре-құран-Алланың Өзінен келген сөзі, адамзатқа ортақ түсірген рухы. Ал, онда Алланың «ӨЗІ»-дегеніміз жаралыс басы қозғалыс бірлігі; уақыт, табиғат және жақындық –махабат қағидасы, Аланың растығы, барлығы- Бір Құдай болып шығады. Енді бұл жаралыс басы қозғалыс, махаббат негізі болып, сол махаббатан нәр алып, жақындасу арқылы әлемнің алуан түрлігін қалыптастыратын қозғалыс болып, адамзаттың жанын жаратқан. Бірақ адамзатқа тиісті берілген қолғабыс; махаббатың, жақындықтың ішінде пайда да зияны да бар. Сондықтан, махаббатың қолғабыстық себептерін замандық қозғалысқа, өзіңнің шамаңа, болмысыңа, қабілетіңе қарай өлшеп алуды намаз деп атайды. Пайғамбарымыз; «Алла махаббаттың 100 сипатын жаратып оның біреуін ғана адамдарға көрсетіп қойған..» деп ескертіп, осы қалған 99 сипатын таспихпен белгіліп қойғанын білген жөн. Дін имамдарының Алла тағаланың 99-есімі және адамзат ақылынан, жанынан тыс қарастырылып, қателесуді адасуды туындатқан, хақтың жолы, жақындық-махаббатың үлгісі екені де хақ. Раббымыздың өз ара жақсылықпен жақындасудың, адамзатың ортақ мәмілге келуге жартқан, қолғабыс хикмет білімін, яғни таспихпен белгілеп берген намаздың шарттарын кімнен, қалай үйренеміз деген сұрақ қана дау тудырып, халықтардың адасуымен, бөлшектеніп, түрлі ағымдарға, ұстанымдырға бөлініп, өз ара қырқысуға, зұлымдықтарға түсуге себеп болып жатқаны мәлім. Және де, жаратқанның біздерге түсірген жол көрсетуші кітабы құранды түсініп, меңгеруміз керек екенін мойындамайтын мұсылман жоқ деп айтсақ жаңылыспаймыз. Бірақ ол үшін де әуелі бабаларымыз тарихта қалай меңгергенін қандай жағдайда өз-ара жақындап жақсылыққа жетіп, қандай жағдайда зиянға ұшыраған, біздерге берген аманаттарын, насихаттарын біліп, оқып тәжрибе намаз-амалдарын меңгермей-ақ, қайтадан негізгі бастаудан үйренуміз керек деген пәтуа айтасақ, онда бұрынғы аталарымыздың да тарихтағы оқиғалар қателігін ғана қайталауды туындатады. Бұдан орыс халқының; «Ақымақ қана өз қателігінен үйренеді» деген мақалы да пайда болады. Міржақып атамыз, иман келтіруді; «тұқымы құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады» деп тарихты әр халық қанындағы иман өлшемі, гендік белгісі болған діл білімен меңгеруден ғана заманға сай жаңадан иманның белгілі дәрежесі, шамасы пайда болатынын ескертіпті. Бұндай қағиданы құран сүресінде «Мүминұн» деп атап және 23-ші санмен белгілеп, және әрбір ұлтқа үмметік ерекшелікті; 68-санымен, ал құлшылығы оңнан солға 86-санды сүременен және жер бетінде дүниеде кезекті алмасып, тіршілік етуші осынша негізгі үмметік, нәсілдік белгі болатынын ескерте отыра, әрбіріңнің үстеріңде бақылаушы «Тарық» жұлдыздарың бар «Төртеулеріңді (діл мен тілдік білімдеріңді) түгендеп, бесіншіңді тарықтан іздеңдер" деп ескертіп; «Олар сөзді зертемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме? (68) Немесе пайғамбарларын олар танымады да сондықтан оған қасарысады ма?» (23-69) деген аятпен 69-санды құпиядан, кітаптан өз пайғамбарларыңа сөздеріңді, нахылдарыңды зертеу арқылы иман жолын іздеңдер деп бұйырыпты. Ал, исламда мұндай мүміндік сипатқа жетуді тарихат деп атаған да, бірақ кейінгі дін топтары тарихты меңгеру білімін тастап, тек сәзжделік тәжірибесін ғана алып, одан әрі намаз оқуды жетілдірумен ғана айналысып кеткендері да хақ. Осы 69-санды кітапты алғашқы болып, құпия сырын ашып берген Ясауи бамыздан қалған ілім жолын, иман жолын, заман біліміне қарай қарапайымдап өлеңмен өрнектеп, ішкі сырларын, аяттарын тәпсірлеген Абай-Шәкәрім аталарымыздың насихатынан, негізгі дін иманымызды, масхабымызды, тарихатымызды, мағрипатымыздың да қағидасын түсініп білуге жаратушымыз біздерге құранның рахметін шашып қойыпты. Абай атамыз да қалай мүмін аталуды, яғни тарихи иман біліміздің, пайдалы, пайдасыз жақтарын ажыратып алуды 23, 123,223, 212 т.б көптеген сандардың ішінен жасырып, өлеңмен өрнектеп, негізінен рух сырын насихаттап кетіпті. Ал Шәкәрім атамыздың ішкі жан сырының білімін, насихатын түсіну үшін, әуелі рухани аталарың Абайды танып, сосын ішкі сырын менен ізде дегендей құпиялап кеткен. Абай атамыз мүміндіктің негізгі шартын 23-ші қара сөзінде; «Қазақта бір қуаныш, бір жұбаныш» бар деп ескертіп; «..Ғылым көпке келіп пе? Біреуден тарап па? Хикмет көптен тарай ма? Бірден тарай ма?... Тұқымызбен аузымыз сасық болушы еді деген жаман күйеу қалыңдығын жеңіп пе? Көңілің сол сөзді разы қылуға жетіп пе? Ендеше көбіңнен қалма, сен де аузыңды сасыта бер деп пе!?» деп сасық сөзді дін ғалымдарының пайда болатынын, олар елге бақташы болып, көптің соңынан ертіп, елді аздыратынан аулақ болыңдар деп, «Ғиса пайғамбар-рух, сөзі- күйеу, жан-қалыңдық» деген інжілдің құпиясын астарлы сөздермен тәпсірлеп кетіпті. Сондықтан інжілді түсінбеген аузы сасық, рухты түсіндіруші дін-күйеулерден абай болыңдар, дінді хикметтен, ғылымнан, бірден, кемелдерден, Алла достарынан үйреніңдер деп; «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса жарайды, қылса сұхбат...Жолдастық, сұхбаттастық-бір үлкен іс, Оның қадірін жетесіз адам білмес. Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас, Артынан бір ауыз сөз айтып күлмес..»(23-өлең) деп, әуелі өмірлік сырласыңды, жақсы сұқбатасыңды Алланың жақынын, сүйікті ерін, досын тауып үлгісін сөзін, үйреткен білімін ал, сонан кейін өзіңе лайық жар таңдап отау құрып, жақындықты махаббатты қалыптастыр деп; «Ары бар ұяты бар үлкенге сен, Өзі зордың болады ығы да зор.» деп, аруақтық білімді, дәстүрімізді ескертеді де; «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. «Мені» мен «менікінің» айрылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес... Мені(рухымды) қайда екенін біле алмасың, Терең ойдың телміріп соңына ермей. Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас, Екеуі тап бірдей боп орныға алмас. Дүниеге ынтық, мәшхарға амалсыздың Иманын түгел деуге аузым бармас.»(123-өлең) Өлгенмен де адамдығы, әулиелігі өлмейтіндерден, ата-баба рухынан күдер үзіп, жақындықпен жалғанбай, құр сәзжде ғибадат пен жақсылық жамандықты дүнемен ғана бағалап, ақиреттің сырына, тылсым үніне үңілмей, рухыңды түгелдеуге, «мәшхарға»-ақирет өміріне, өлілерді риза қылу үшін, Алла жолына мал жұмсамай иманды түгел дегендердің бекер екенін ескертеді. «Жол кермек, жоба білмек, жиһан кезбек, Бой жеңбек,(жын, мал қуатын меңгеру) ер жігітке, ғақыл (таза ақыл-рух) таппақ, Тағдырын көрушінің (аруақ) хақтан біліп, Көшелі өнер иесін жүрсе жақтап. Ниетің түзу болса сенің аппақ, Екі елі аузыңа қойсаң қақпақ, Сыбыр, өсек дегенді сыртай жүріп, Ғылым, өнер, мал таппақ, жұртқа жақпақ.»(223-өлең) Ел кезіп, киелі жерлерді аралап, қауымыңның тарихын, қателігін, қасиетілігін Раббыңнан аянмен көріп, амал қылып, өз жобаңды, ақталу қағидаңды іздеп, әулиелерден батаңды ал, жамандықтан аулақ болып, сөзіңді бағып, өнер ғылым тап, сонда ниетіңде болар аппақ деп түсіндіреді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз(бейнеленген кітаптар) ешуақытта жалған болмас. Көп кітап келді алладан, оның төрті Алланы танытуға сөз айырмас. Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді, Оларға кез-кезімен нәби (ескертуші, елші) келді. Қағида шариғаты өзгерсе де. Тағриф (аян, уахи-кітап) алла еш жерде өзгермеді... Руза намаз, зекет, хаж-талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанмен татымды бермес жеміс.» Атамыз мүміндік намаз 7-парыздан тұрып, алғашқы үшеуін; махаббат-жақсылық, ізгілік деп; әуелі Алланы, жаратушыңды жаныңнан артық сүй; екінші адамзатың бәрін алаламай бауыр тұт, мейрімділікті меңгер; үшіншіден түсірген әділетті жолын сүй!-деп осы үш намазды меңгермей, қалған соңғы 4-еуін орындағанмен мүмін бола алмасың деп ескертеді. Ол үшін де, әуелі тарих шежіреңді меңгеріп, біліміңді жетілдіріп, жаратылыстың құпия сырына терең сүңги білмесең, қалай Алланы танып махаббатын, жақсылық-жақындығын түсіне аласың?,- деп насихатайды. Және қауымдық, аруақтық тағдыр кітабың болған, рухани кітабыңды оқып, адамгершілік қарыздарыңды орындамай, қалған ғибадатың бәрі шала, мүміндік емес, тек мұсылмандық қана деп ескертеді. Мұсылмандық пен мүміндіктің ерекшелігін пайғамбарымыз; «.Мешіттерде мыңнан астам адам намаз оқиды, іштерінде бір де бір мүмін болмайды. «.Кейін келгендер бұрынғы ғалымдарды надандықпен айыптайды». «.Дін ғылымы қалмайды, дін адамдарының орнына әкелінген надандар білместікпен пәтуа берді. Халады харам, харамды халал дейді. Дінді сауданың (дүние табудың) жеке бас пайдасының құралы етеді.» деген қазіргі таңдағы ислам елдерінде орнаған қияметік ауыр жағдайдың болшақта келетінін алдын-ала болжап кетіпті. Енді алғашқы үш сүюдің қағидасын «Тағриф алла» яғни Алладан түсірілген жоба, тағлымды аталарымыз; «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деп рухани егінді егеуді жан ғылымын ескертіп кетіпті.

Дін мен Діл және иман гүлі-мағрипат жемісі.

Жалпы ислам әлемі дін білімінде негізінен; 3-топқа бөлінеді. Бірінші топтағылар Алламен арадағы қатынасты қалыптастырушылармыз, деп есептеп, масһаб біліміне жүгініп, намаз оқып, масһаб ұстанушылар, мешітте отырушылар болып есептеледі де және осындай сипаттағы төрт түрлі масхабтық білім бар екені де белгілі. Ал, енді екінші топтағыларға; мемлекетпен қоғам арасындағы байланысты қалыптастырушылар болып; өздерін «фиқһ» ғылымының ұстанымшылары болып, түрлі діни топтармен халифаттар, табиғли жамағаттар т.б, мемлекеттің заңы, тек құран аяттары мен шариғат қағидалары арқылы басқару керек,- дегендер немесе құранға ғана жүгінеміз деген түрлі ағымдағы топтардың мүшелері болып табылады. Үшінші топтың мүшелері өздерін, тарихат және сопылық ағымдарды ұстанушылармыз деп есептейтін, яғни «тассаввуф» ұстанымына жүгінетін, адам баласының моральдық құндылықтарын жетілдіріп, көркем мінез, нәпсіні меңгеріп, рухани кемел адамды қалыптастырушылармыз деген топтарды айтамыз. Қазақ елінде осы топтардың үш сипаты да өз ұстанымдарын насихатаумен, және осындай түрлі ағымдардағы топтардың арамызда бар екені де сөзсіз. Енді осы топтардың бірінші түрі болған, муфтиятық ұстанмызбен, жалпы үкіметің де қолдауына еге болғандарды жатқызып, қалған топ мүшелері де өз ұстанымдарын жүргізіп, бірақ барлығы негізінен ата жолы деп аталған әзірге қағидасы халықтың санасында, жадында, ділінде болғанымен, заман талабына ғылым, білім жетістігіне қарай дін бейнесі, ережесі қалыптасып, үлгісі қандай болу керек екені толық дәлелденбеген, ұлттық дәстүрлі дініміз, яғни Ясауи баба көрсеткен, пайғамбарымыз негізін қалаған, тура жолды ұстанушылар төртінші топтағылар да бар екені даусыз. Ал шындығында Ясауи бабамыздың көрсеткен жолы, ілімі болған, пайғамбарымыздың бүкіл діндерді жинақтап және өзіне дейінгі барлық пайғамбарларға түскен нұсқаулардың құлшылық, намаз, ғибадат ерекшеліктерін 4-кітапқа біріктіріп және барлығын құран аяттары арқылы кітап қылып бекітіп, ғылымын негіздеп кеткен тура жолының жалғасы яғни заман біліміне қарай құран сырларының қосымша ашылып, дін білімнің дәржеленуі ғана болып есептеледі. Және ата жолының басқа дін топтарының қарсылығын туындатуына бірден-бір себептің негізі болған; Ол әрбір пенденің әуелі тарихын, шежіресін және ата баба аруағын меңгерумен, бір-бірінен бауырластықты жақындастықты, өлілер, ақирет өмірі арқылы қалыптастыру сияқты Абай атамыз ескерткен алғашқы үш сүйюді меңгеруден, құлшылық істерін қалыптастырумен ерекшеленеді. Олай болса Міржақып атмыз ескерткендей; «...Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүниеде өңге жұртар қатарында кем, қор болмайтын, тұқымы құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады...» әрбір өзін қазақ ұлтымын деген пенде баласы, өз тарихын сүю арқылы Аллаға жақындау амалын, махаббатын қалыптастыра алады. Бірақ, бұған муфтият, масхаб дін имамдары қарсы болып, әуелі соңғы төртеуді орындау керек деген пәтуамен сондықтан ата жолы дін емес секта деп айдар тағылды. Бірақ та, алдыңғы үш сүюді қалыптастыру үшін, намаз орындау амалы, және шежірге, жер ана рухына жалғанудың негізі хаж екенін дәлелдеу осы басылымның мақсаты болмақ. Сонымен тура жолдың негізі үш қағидадан, намаз амалдарынан тұрады. Оны аталарымыз; «Ілім мен білім ортасын ұстанбасаң, бүлін!» деп ескерткен. Негізінен барлық ғылым болсын, тіршілік, заманға сай нұсқаулар болсын, әуелі ілімінің адамзатқа меңгеріп, білімге айналдыруға арналған кітаптық құпия сыры, хикметі көк пен жер арасына сүйікті таңдаған құлдарына ғана түсіріліп, оқылып, сонан кейін ғана жалпы халыққа, әулие –әмбилердің көрсетуімен ғана білімін аян, түс, уахи-батамен оқып біліп, оймен іздеп, ақылмен өлшеп, белгілі бір ішкі сырларын анықтап, қажетімізге, қабілетімізге қарай пайда, зиянын ажыратып тұрмысымызға, тіршілігімізге, шаруамызға жақсылықа қызметке қоямыз. Сондықтан да тарих, аруақ атты тұрмыс ұстазын білу, осы ілімнің басты шарты болып есептеледі. Енді әрбір хикметке жалғанған адам баласы, бұндай ілімнің нұсқауларын, намазын күмән келтірмей орындап, ішкі сыры құпия білімді ақылмен өлшеп қана қажеттісін алу шарт. Ал, Ясауи бабамыздың көрсеткен ілімі төрт негізден тұрып; шариғат, тарихат, мағрипат, ақиқат деп аталады. Шариғат негізінен кітаптар болып бекіген, тарихта қалыптасып, амалдармен көрсетіліп, ұлтық, рулық ерекшеліктерімен қалыптасқан дін ісі болып есептеледі. Исламда шариғатың ортақ білімін, масхаб деп атап, яғни дінде бағыт немесе жолға қажетті керегіңді алатын білім базары деп түсінген жөн. Ал, шариғат неге жол бола алмайды?-деп сұраңыз. Жол дегеніміз қиямет қайымға яғни адамзаттың тіршілік соңына дейін берілген, тағдыры яғни құпия ілім болып саналады. Сондықтан енді шариғаттың заманға қарай жетілдіру ілімін тарихаттан, ал тарихаттың ілімі мағрипатта болып, ақиқатта барлығы нәтижелену керек. Енді ілім мен білімнің ерекшелігі неде?- деген сауалдың пайда болатыны да сөзсіз. Ілім құпия, хикметтермен заман білімін жетілдіру тазарту, тозғанын жаңалау үшін, тек жекелеген Раббымыздың сүйген ер құлдарына ғана оқылып, сондықтан оларды кезінде пірлер, ұстаздар яғни ілімділер деп атаған. Енді осындай заманына қарай көрсетіліп, оқылып отыратын ілім сырының амалдарға, намазға айналуынан, «заманаға» (дәуірлік сипат) қарай білімге айналып, және болашақ ұрпақтарға орындайтын шариғаты, дін ісі болып бекіп, дін білімін масхабын да жетілдіріп отыру қажет. Сондықтан да тарихатты меңгеру яғни тарихты меңгеру Абай атамыздың ескерткен үш сүюдің негізін қалайды. Онда шариғатты қайда қоямыз, деген сауал да пайда болады. Шариғат негізінен бекіген дін ісі болғандықтан және мыңдаған жыл ата-баба, аналарымыз амалға айналдыруымен осы тарихи шежіре біліміздің өзі болып, және оны әдет-ғұрып, салт-дәстүр болып қалыптасып үлгіргендіктен, оны білмеу, жалпы дінге қарсылық болып саналу керек. Олай болса, күнделікті және ежелден қалыптасқан тұрмыстық салт-дәстүріміздің өзі, біздер үшін шариғатымыз, масхабымыз болу керек. Тек қана мұндай ұлттық сипатағы шариғатымызды имамдардың, масхаб білімділері еңбегімен салыстырып, кітаптарын оқып қателігімізді түзеп, кемісін толтырып, бейімделіп отыру әрбір пенденің жеке ісі болу керек. Ал, тұрақты істерді белгілейтін діни білім болғандықтан шариғат жол емес, діндегі әрбір пенденің міндетті түрде меңгеруге тиісті парыздық, сүнетік бағыты ғана. Сондықтан масһаб, шариғат білімін ешқандай да дін тобы, немесе ислам елдері де жоққа шығара алмайды, шығаруға да болмайды. Ендігі білуге міндетті болған, шариғат не берді, тарихат не берді, сол сияқты мағрипат, ақиқаттан адамзатқа, жеке адам баласына қандай рухани пайда бар? Қазақтың шариғаты да тарихат, мағрипаты да әдет-ғұрып, салт дәстүріміздің ішінен, білімін ажыратып табуға болатынын аңғару әрине қиын. Ол үшін де масһаб білімін терең зерттеп, меңгеру де қажеттілік. Ал, адамзатқа жалпы шариғатты меңгеруден, арамнан сақтанып, абыройын зинадан қорғаудан, құдайға құлшылық жасап, намаздарын оқып, орындаудан тек қана жақсылық яғни пайғамбарымыз ескерткендей махаббаттың, жаратушыға жақындықтың бір сипатына бөленуміз де хақ. Мысалға, шариғатын бұзбай, тәнін зинадан қорғаған әйелдің, ділі, дені сау ұрпағы текті, қасиетті болып және өзінің өмір жасы да ұзақ болып, сонымен бірге еріне беретін құпия імүндік қан қуаты да, шариғатық амалы жоқ, жалаңаш әйелден әлде қайда жоғары және қайғы-қасіретке аз ұшырайтынын, және ондайлардың кейінгі жер бетіндегі қалған ұрпақтарынан; 100-жылдан кейін де өз көрнісін беретініне әзірге мүлде ақылымыз жете де алмайды. Бірақ осындай исламның негізгі шариғат құндылық, парыздық ұстанымдары, қазіргі таңдағы әлемдік ойлау жүйесіндегі қалыптасқан гендірлік, партиялық жолмен адамдар арасындағы қандық теңдікті қалыптастыруға, моральдық тұрғыдан қайшы болып, адамға пайда бермейтін, теңдіктерді терістейтіні үшін де, білімді қоғамда алауыздық пен ислам дінін жек көрушілікті қалыптастырады. Яғни адамзаттың тек білімнің ғана соңына түсуден, шариғат білімі жетілмегендіктен, және замана білімі болған, тіл білімнің арасында қайшылықтардың болуы да басты себеп болды. Бұл жағдайдың басты себепшісі де заманға қарай берілетін ілімнің тоқтап, әулиелердің, қасиеттілердің арты үзіліп, шариғат, масһаб білімін жол, яғни құпия сырлы ілім деп қабылдаған, дін ғалымдарының надандықтарынан, осындай ислам дінінің құлдырауына соқтырды десек қателеспейміз. Аталарымыз ескерткен; «Ілім мен білім ортасын таба алмасаң бүлін» деген теңдіктің жоғалуынан және таразының екі басын теңестіретін, ортасының қандай білім болатын өлшем бірлігін меңгере алмаудан пайда болды. Сонымен, үшінші анық, және хақтық білім қазақ түгіл, жалпы дін әлемінде жоғалғаны да сөзсіз. Ал, шындығында үшінші хақиқат білімнің жемісі болған, және әрбір ұлттың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бойынша ғана, яғни тарихи шежірмен жинаған абырой бойынша және әрбір қоғам мүшесінің өз әрекеті істері саласында және қоғамға, өз ортасына, дін ұстанымына сіңірген еңбегіне қарай, ұлтына сай, теңдікті қалыптастырған жағдайда ғана, қоғамның ар-ұяттылығын, адамдардың ақыл-ой еркіндігі қалыптасып, рухани жетістіктерге, бақытты қоғам құруға болатынын ақылымыз жетіңкіремейді. Сондықтан ондай ақылды тек нақты өмірлік тәжірибелерімізді, тарихымызды, шежіремізді, әдет-ғұрпымызды меңгеріп, зерделеу арқылы, тарихымызда болған сынақтар мен қателіктерді көру арқылы ғана, анықтық біліммен салыстырып, естілік, парасаттылық, ішкі құпия зайырлық қуатын жетілдіру арқылы ғана өлшеп біле аламыз. Әрбір заман, өткен тарихтың көлеңкесі, және сол оқиғалардың, адамзат мінез, қылықтарының түрленіп қайталануынан пайда болады. Тарихымызда өткен әрбір рухани дамудың жетістіктердің, адамзаттың сол заманға сай, ақыл-ой, білім жетістіктеріне қарай күмәнді, күнәлі жақтарының да болып, соларды жеңу барысында теңдіктің сақталғанын ескерсек, адамзаттың білім ғылымы өркендеген сайын, күнәлар мен күмәнді әрекеттердің, қылықтардың да жетіліп, бұрынғы адам баласына пайда келтірген білім жетістігі, енді мүлде кері әсерін тигізетінін ақыл-ой біліммен анықтау мүмкін емес. Әрбір ұлттың бір тұтас ислам діні шариғаты ортақ болғанымен, масһабтық білімі тарихпен сабақтасып қана жетістіке жетуге болатынын Міржақып атамыз; «.... Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүниеде өңге жұртар қатарында кем, қор болмайтын, тұқымы құрып қалмасын деген халық
Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет