5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі


Төртінші арық- сенің аяғың



бет30/30
Дата13.12.2016
өлшемі4,28 Mb.
#3746
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Төртінші арық- сенің аяғың, ол сені кесірлі теріс жолға зинахана мен сауық сайран орындарына және шарпханаға апарады. Бесінші арық-дүниедегі бар өсек-өтірік пен ғайбат сөздерді құйып алатын мына құлағың. Осынау бес арықтан арылсаң таңғы шықтай тазарып шығасың. Ал ол пендесі; -О, шайхы! Айтқаным Алланың құлағына шалынсын, мен тәубаға келіп, бұл арықтарды баяғыда бұрып жібергенмін. Осыдан кейін ғана оның күнәсін кешіруге жаратқанға дұға жасап, батасын берген екен.» Ал енді оқырман біздің мұсылманның бес парызы дегеніміз осы 5-түрлі жүректі, қанды сосын жанды былғайтын жамандықтың, күнәнің бастауларынан арылудан тұрып, енді онан ары қарай момын болуға ұстаз керек және сондай Аллаға жақын болған құлының шарапатын батасын алу керек екен. Сонан кейін тәубесі қабыл болған адам баласының, жаннаттан үміт етуге, ізгілік істерінің жемісімен саудаласуға еркі бар екен. Абай атамыз сондықтан; «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жанан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті.» Жоғарыдағы муфтият дін ғалымыздың «хақтың көңілін алу» деген пәтуасына, толық жауап беріпті атамыз. Әділетті іс болмаған жерде ешқандай махаббат та, Аллаға жасаған құлшылығыңның да нәтижесі бермейді деп ескертеді; «Руза, намаз, зекет, хаж-талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төтті Қылғанымен татымды бермес жеміс» деп діл бақшасын өсіріп жемісін жегің келсе, құлшылығың жеті парыздан болсын деп ескертеді. Бұл біздің ата-жолымыздың негізгі «биғаты», пәтуасы намаздар мен амалдарымыздың ірге тасы болып, аталар батасымен алғашқы яғниескі күнәсінан кешірім сұрап, ақталуға аяқ басқан пенделерге берілетін аманат болып табылады. Пайғамбар намазының негізі де, осы жеті амалдан басталып, көктегі адамгершілік қағидасының жеті жолына жалғанудың белгісі пайғамбарымыздың миғраж оқиғасындағы жеті жолдағы пайғамбарлармен кездесіп сәлем беріп, сәлем алғанынан көрінеді және жоғарғы жаннат орнына кіріп, екі аяттың үкімін және сауаптық істерде, намаз орындаудағы 50-намаздың үкімі еді. Оны пайғамбарымыз; «Маған қиын болады орындай алмаймын»,- деп бас тартпаған, керісінше Мұса пайғамбарымыздың, ол намаздың исрайлдіктерге тәурат кітабымен түсіріліп орындай алмағанынан,, зұлымдыққа түскен ескеруінен кейін, осылай 5-рет Алла тағаланың алдына барып, тек бесеуін парыз қылып, алғашқы 50 тәуратпен Мұса және Мұса пайғамбарымыз толық орындаған 50-намаз сүнет болып, барлығы 55-намаз амалдары пайғамбар намазы болып саналады. Сондықтан да 5-қуатты меңгерудің насихаты болған, 5-сүрде; «Мұхаммед олрға айт: «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарпынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірлген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын артырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) (73) Мұса пайғамбарымызға түсірген 50-намаз және тағы Ғиса пайғамбарымызғы берілген 18-намазбен, барлығы 68-намаз және бес арықпен келетін, 5-қуатты меңгеру сәждесімен 73-намазымен, 73-ші топтық тура жолда болатынын сандар тағлымы да ашық көрсетіп тұрғаны хақ. Енді бұл намаздардың 16+15 санды екі аяттың намаз нәтижесінің қосындысы 31 «Лұқман» сүресінен бірленуін белгіліп, ал қалған бес парыз намаз оқудан бөлек; 50-31= 19 намаздар амалының құпиясын шешуде ислам әлемі адасып, түрлі топтарға бөлінгені де, осы намаздар есебінен пайғамбарымыз алған хикметтен пайда болады. Барлық пайғамбарлар намаздарының басын қосып, 50-сауап алу намаздары Адам-атадан бастап барлық пайғамбарларға берілген нұсқаулар болып, ал бұлардың бәрін басын қосып бірлеу амалының намаздарын орындауды, яғни Мұса пайғамбарға берілген нұсқауды енді жоғарыдағы 5-бұлақты намаз оқу амалымен орындау, мұсылманның алғашқы бес парызы аталып, жұбын тауып 10-ға айналдырып, Жүніс пайғамбарымыздың оқыған намаздарына қосылып, батасын алып, әрі қарай сатылап жоғарылай беру керек. Барлық намаздардың нәтижесі де 15-санды жүректің тазаруын қалыптастыратын жоғарыдағы әңгіме мысалмен ескерткен 5-арықтан келетін жамандықпен күресіп жеңу үшін, сауап жасауда қажырлы еңбек етумен ғана нәтижесін береді. Осындай дәрежеге жеткен адам баласы ғана Алланың сүйікті құлдары, тақуа хазірет, машайых дәрежесіне көтеріліп, жаннаттан хабар жеткізушілерге, дұға тілектері қабыл болушы, бата беруші әулие-әмбилік дәрежеге жету тиіс. Ондай тірі кезінде әулиелік дәрежеге жетуді машайық деп те атаған. Сондықтан пайғамбарымыз: «Үмметімнің машайықтары жаннатқа намаздың, оразаның және садақаның көптігімен кірмейді. Алланың мәрхаметі, нәпсінің жомартығы және жүректерінің дұрыстығымен кіреді.» (ибн Әбидүниеден) Олай болса, әуелі Алланың мәрхаметіне жету үшін 16-санды құлшылық негізін «Мал» ды түгендеу үшін өнер, ғылым үйреніп, Дәуіт пайғамбарымыздың орындаған намаздарын меңгеру керек. Бұл намаздардың да адам баласының қабілетіне қарай, үш түрлі орындау жолдары бар екенін пайғамбарымыздан: «Жаннаттықтар үш бөліктен тұрады: Әділетті қолы ашық, жағымды ел билеушілері, екіншісі; жақындары мен мұсылмандарға мейрімді қамқор адам; үшіншісі; от басы мүшелерінің көп болуына қарамастан, харам жолмен ақша табудан сақтанып, өзгелерден қайыр садақа сұрамайтын ар-намысты мұсылман.» сүйікті пайғамбарымыз да ашықтан-ашық аятпен ескерткен екен. Бұл 16-шы санды жұлдызды ділмен, үмметтік ерекшеліктермен, аманатқа қиянат жасамай, әдет-ғұрып, салт-дәстүр деген жол-жобаны алған жердің жаратылыс киелері әулиелеріне байланысты 40-кітабын оқыған, пайғамбар намаздарын толық меңгергендер (намазхан) ел басқарушы, білімді төрелер болып саналады. Ал енді бұл қуатты меңгеру арқылы толық жүректің тазалығына жеткізетін, екінші жұлдыз, 15-санды дәрежені меңгеру арқылы және екі санды дінің тақуалығын қоса білген 31-санымен «Лұқман»-ға айналып, даналықтың биік шыңына жету керек. 16-санды ілімнің білімін жетілдіруді меңгергендер сахабалық дәрежеге жетіп, ал 15-санды ілімді жетілдіру сопылық мақамды меңгеру арқылы меңгергендер қожалар аталған. Ал барлық пайғамбар намазымен және бүкіл жер бетіне келген пайғамбарлар нұсқауларын толық меңгерушілер «Ахмет»-Масіх дәрежесіне жетушілер болып саналады. Енді 16-санды дін жетістігіне жеткен хандар, патшаларда қырық кісінің ақылы болады деген ұғымның астарында; Ондай адам баласының алды артындағы күзетшілері «Алтауы түгел» сөз астарын, ғылымын меңгерген және тылсымнан хабар алатын 40-кітабы, қырық шілтені болуымен ерекшеленеді. Осындай қырық кісісі барларға қазіргі ел басшымызды жатқызып, бірақ 41-ші «Ғайып еренге» жалғана алмай жүргенінен елімізге келген, салт-дәстүрлі дінімізді мазаққа алғандарды бауырына басып, халықтың да, әулие-әмбилердің де назына қалып, оны түзейтін елімізде 15-ін алған қожалықтың, сопылықтың, таза сөз ғылымын (27-сін) меңгерген ақындықтың болмауынан деп біліңіз. Бұл ескертулер мен намаздардың үлгілері, ата-жолында әулиелер батасымен, аяндарымен оқытылып, көрсетіліп жатқанымен, ал оны меңгеріп, халыққа үлгі болып керемет, хикметтерді дәлелдейтін сауатты, игілікті аққу, сұңқарлардың негізі көпшілігі төменгі шаруа қауымынан, ақылы толмаған жастардан, сынаққа түскен жесірлерден, қыспаққа түскен аурулардан шықандықтан, бастарына жеңілдік және дүниелік нығметер берілгенен кейін бейтараптыққа түскені даусыз. Сондықтан ауырлықтан кейін, жүктері әулиелер аруағымен қосылып, бойлары жеңілдеп, осы жеткен жетістігім де болады дегендей, әрі қарай ізденіп, құлшылық істеріне, ілім біліміне, шариғат ұстанымдарына мән бермеуден және берген бақтарын, қасиеттерін бағалап, еңбектеніп жетілдіре алмауынан, шайтан адамдарының жапай мазағына ұшырағанымызды жасыра алмаймыз. Бұл жағдайды түзейтін, тәрбие жол көрсететін, негізінен қазақтың текті азаматтарының білім соңына түсіп, ілімге көп мән бермеуден және сәзждемен, ілім жолындағылар, ілімнің тек білімге айналған пәндік сипатының соңына ғана түсіп, ортасын тауып ілімін жетілдіруді білмегендіктен және бұндай халық тағдырын, рухани жетекшілікті өмір тәжірибесі жоқ жастардың қолына тапсырудан да, осындай елдің өз ара араздық, дінде бөлінушіліктің, мақтанның соңына түскен өзге дін топтарының үстемдігін ғана қалыптастыруға себеп болды. Ал бұл жағдайды түзеуге біліктілігі де, тектілігі жететін қоғамыздың негізгі ел, сөз басшыларының біреулеріне төреліктің, 16-ның жолын, екінші біреулеріне, 15-тің қожалықтың жолының нығметін берілгендер, ортақ мәмле сұхбатқа келіп, бір төбенің басындағы майданға; 31-ші «Лұқман» ата-жолында кездесе алмады. Бұған себеп, жұлдыздар білімі, Әл-Фараби атамыздың дәлелдеп кеткен жан сырының құпиясы, мүшелдік және ішкі қозғалыс негізін қалайтын 13-санды зікір хикметтерін, яғни 6- мен 7-нің басын қосатын жер емшегінен шығатын, аталар аманатын (аяндар, уахилар, баталарды) аяқ асты қылуынан пайда болды. Енді осы екі негіз бір төбенің басына жиналғанда, тағы 50-31=19 және 51-31=20; 23, 25, 27, 29, 39 деген құлшылық дәрежелері намаздардың сатылары пайда болады екен. Ал пайғамбарымыз 19-рет жорыққа шығып, 19-түрлі арғы беттегі ойпат, киелі жерлерді намазын оқып неге аралаған? Онда діншілер айтқан мұсылманның бес парызы, жүреке нәр беретін иманның зейнет есіктерін тазартып қойумен ғана шектелмейтінін; «19-санды сендерге сынақ қылдым» деген Раббымыздан әрбір пендесіне міндетті түрде сынақ болып жүктелетін, көктен келетін хабарлар, намаздар жобасымен және осындай қарапайым сандар арқылы құранды қазақша оқыған әрбір сауатты, білімді адам баласына мәлім болып тұрған жоқ па? Бұл сырларды келесі 6-шы, 7-ші басылымда баяндай жатармыз, бұндай жағдайдың пайда болуын: «Пайғамбарымызға бір адам келіп; «Я, расулла! Мен көркемдікті жақсы көретін адаммын. Маған көркемдік (нығмет, білім) берілгенін білемін, алайда мен біреудің аяқ киімнің бауы тұрғысынан да менен үстем болуын жақсы көрмеймін. Бұл тәккәпарлық па?»-деп сұрады. Пайғамбарымыз оған: «Жоқ, бірақ та тәккәпарлық шындықты мойындамау, адамдарды қор көру» (Әбудауыдтан) Адамдарды қор және өзінен төмен білімсіз, сауатсыз көрудің тәкәпарлықтың басты белгісі де дін исламдық білімді аталған қауым өкілдеріне тән құбылыс. Олар тек намаз оқудың сәжделік сипатын араптан алып, « бұрын намаз орындаушы, игілік жасаушы, Құдайға сиынушы мұсылман болмадық», деген дін ғалымдарының пәтуаларын негізге алуға болады. Сонымен бірге қазақ ғалымдарының; «Сөз атауаларының бәрі арап тілінен келген» деген надандық пайымдаулары мен, құдайға ашық жала қойып, Аллаға ортақ қосу әрекетері даналық болып қабылданып, осындай тәкәпарлықтың түрлі жағдайда бейнеленгнен сипаттарының, өздеріне еліктеген жастарға үлгі, өнге болумен, жүректерінен мықтап орын алуына дем беріп, құран ғылымына ашық қарсы болып, шайтан жамағатарына өздерінің де жәрдемге тұрғанын біле бермейді. Және бұндай жаратқанның нығметін алып, енді оны «Лұқманға» айналдырудың ерекшелігін; «Шын мәнінде жұмсақ адам, өзін төмен көргендер ғана, анық данышпан тәжірибе иелері ғана». (Термизиден) Бұндай жағдайдың қазақ елінде індет болып қалыптасқанын, 7-8 жыл ішінде көптеген кісілермен жолығып, алдарына апарып берген мақалама, айтқан уәжіме жауап алмақ түгіл, керсінше қарсылықтарын ашық білдірумен, өзерін өздері мақтап, топтарға бөлініп, мақтанның буына мас болып жапай қоғамдық ұйымдасқан тобырлық жындылыққа ауыса бастады. Сондықтан бұндай еліміздегі ілімділер бір бөлек, білімділер, біліктілер өздерінше топтарға және партия арқылы басқару саясатын дәріптеп, аталарымыздың ғасырлар бойы жинаған, қан мен термен қорғаған, ұрпақтарына Алланың нығметін сұрап, тылсымнан насихаттап жатқан, асыл салт-дәстүріміздің, момындық дініміздің, өзге елдің жалған еркіндік саясатына айналуын, неге Абай-Шәкәрім аталарымыз надандық деп ескерткен дейсіз? Бұл рухани қасірет бұрында тарихамызда болып сондықтан; «Ілімен білім, ортасын таба алмасаң бүлін!» деп ескертіпті әулие бабаларымыз. Бұл мәселені бөлек талқылап көреміз. Ол үшін әуелі ілімен, біліміздің жағдайын басы мен аяғын қамтып 2-бөлімде пайғамбарымыздың намаздары арқылы түсіндіріп көрейік!

(5-ші кітап 1-бөлім соңы. Жалғасы; 2-бөлімде)



Алғабас ауылы; Бейбітшілік көшесі 6-үй. Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Ақпан-5. 2012 ж. (Қосымша түзетулер 2013 қаңтар айында енгізілді.)





Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет