5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі



бет26/30
Дата13.12.2016
өлшемі4,28 Mb.
#3746
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
заманның есебін білулерің үшін жарық қылдық. Сондай-ақ әр нәрсені жарық қылдық.» (17-12) Уақыт күнмен түннің есебінен 24-санымен, өлшенсе, Раббымыздың несібесі 17;12 және 17+12=29 санымен және жұптары ақирет несібесі 71; 21;92 сандары болып құран аяттарымен насихатталады. Хаж сүресіндегі қажылықтың негізі болған, қағбаны шамасы келгенше тауап қылудың міндетілігі көсеткен және 29-санымен белгілеп, оны дәрежеленгенде оңнан солға айналып 92-ні беретінін; Әл-Бұхари атамыздың пайғамбарымызға келген аяттарды, хадистерді 92-санмен кітап қылып белгілеген, құпия сандар тағлымын да ескертіп тұрғаны сөзсіз. Және бұл аятпен ислам дін ғалымдарының заманың есебі жылдарға тәуелді және оны тек жарықпен өлшенетінін, яғни 12 санға, тұрақты 12-айға «григоряндық» жыл санауға тәуелділігін; «..жылдардың санын; заманның есебін білулерің үшін жарық қылдықдеген 12-санмен белгіленгені ақиқатын растап тұр. Яғни бұрынғы түркі аталарымыз, мезгілдік есеб жүйесін, айдың тоғысы деп 11-санымен, ал жылдар есебін 12-санымен күнге байланысты, және 12-мүшелмен есептегені де, біздің заманымыздың білімді діншілерінен, ғалым, теологтарынан, сол заманда-ақ олардың әлде қайда құранды жетік меңгергенін көрсетеді. Құранның өзі-сөзі заманның білімі болып, әлем жаратылысының барлық кезеңі мен қиямет қайымға дейінгі негізгі қайталанып отыратын уақиғалардан тұрып, оның негізгі құпиясын 56-санымен яғни жұбымен қозғалысқа түскенде 112-санды «Ыхлас» сүресі заманның жер бетіндегі басқарушы патшалығы болады. Құраның басы-дәрет, бой тазалығы болса, анасы-бата, дұға; қорғаны- ар сауыты, аятул күрсі; көңілі- ұжданы-ясин; кілті-Ысрайыл (Мәді Мұхаммед), яғни Ықылас; тәсбиғы-шырақ болып, кім де кім бұларды меңгеріп, намаз қылып алмаса, онда құран оған заман білімі болып ашылмайды, аян болып оқылмайды. Заманына сай, құран арқылы жоба болып оқылатынын, аяттардың мағынасы, насихаты өзгеріп тұратынын ескерткен: «Бір аятты ауыстырсақ немесе ұмыттырсақ одан жақсысын, не сол сияқты келтіреміз. Әрине Алла (Т)-ның әр нәрсеге күші жетуші екенін білмедің бе?» (2-106) Заманына қарай, ақылдың да өлшемі болып, аталарымыз; «Ақыл алтау, ой жетеу»деген мақалымен Шәкәрім атамыз; «Беске де риза болмай алтыны ізде!» деген насихатымен бұл санды аяттар, құраның жүрегі, адамзатқа жеке-жеке оқылатын жоба кітабы, қауымдық періштелер болып, (5+6=11) рухтан ақыл болып есептеледі. Дін ғалымдарымыздың исламның бес парызы арқылы, ақылды іздеуді масһаб білімі қылып алып адасулары да осындай астарлы ұғымдарды меңгере алмаудан пайда болғаны сөзсіз. Және 106-«Құрайыш» сүресінің өзі, құранның жүрегі арап тілінің құрайыштықтардың замандық үніне де тәуелді, құранның басқа тілдерге аударылу хикметтерінің бар екенін көрсетеді. Енді; «Құранан ем-шипа, рахмет түсіремін» деген Раббымыздың ескертуі де, осындай сүрелердің мақамдық, замандық ұлттық үнмен бірігумен, тіл білімнің ерекшелігін де ескертеді. Мақам табу, дегеніміздің ерекшелгі де заманға тәуелді өзгеріске түсетінін ұмытпаған да абзал. Сондықтан араптар орта үммет болып, намаз оқушы болып, ділдерінің, үндерінің бір қалыптылығын, мақамын сақтау үшін, жаратқанымыздың оларға берген тұрақты заман намазы-оқу деп ұғынғанымыз жөн. «Олар сөзді зертемей ме?» деген момындық, мүмінді кітап берілгендерге түскен ескертуді назарға алып; «Уақыт»деген сөз «Уақ»-деп, алдыңғы басылымда жазылған 6-қуаттың тоғысын, бір тәулікте 6-уақтың болатынын айтсақ; «ЫТ» деген Алла тағаланың бұйрығы, үкімі болып, уақыт негізі: «3- кісі сыбырласса 4-ші Алла, 5-кісі сыбырласса 6-шы Алла» деген аят үкімімен «Ыт-3, Ыт-5» қолқабыстарымен бүкіл, уақыт, заман қозғалысы болады. Олай болса ішкі қозғалыс сағаты; 6+3=9; 6+5=11 сандары болып табылады. Енді «Ар»-дың мәнін тауып, уақтың-6 мәніне қосаңыз, онда құран аятынан «аруақ» ұғымының сыры да пайда болады. Ал қазіргі таңдағы муфтияттық, масһабшылар есеп жүйесіндегі, намаздар уақытын тек бір «хижра» уақытымен құлшылықтарды орындаудан, негізгі әлемдік замандық қозғалысқа деген қарсылық, күнәлі биғат (пәтуа) пайда болады. Аятта; «Мұхаммед сенен жаңа туған айдың жағдайын сұрайды:«Ол, адамдар және хажылық үшін уақыт белгілеу»де...» (2-189) «Таңды сөгуші, түнді тынығу және күн мен айды есеп үшін жаратқан. Осылар аса үстем, толық білуші Алланың өлшеуі.» (6-96) Бұл аяттарға мұқият ақыл жұмсаған адам баласына құлшылықтың 2-есептік уақыты күнмен және аймен болып, ал «..айдың жағдайы... адамдар және хажылық үшін уақыт белгілеу» деген ескетумен, хижра есебі адамдардың, қияметтік мезгілінен, тағдырына байланысты болып, негізінен хаждың, яғни жер бетіндегі нұрдың түсетін шамасын түн есебін, ауыспалы қозғалыстағы уақыттың шамасы; «хижра-Түн тізбесінің» есебін көрсетеді. Олай болса, негізгі біздің дүние тіршілігіміз, құлшылығымыз түнмен емес, күнмен жарықпен өлшенеді «..және күн мен айды есеп үшін жаратқан» деген үкімен григоряндық күн тізбенің 12-айға және 365--,367 күнге қатысты есебтік жүйесін ашық ескертеді. Аятта: «Ол сондай Алла, күнді жарық, айды нұр етіп жаратты да оған (айға) жылдардың сандарын, есептерін білулерің үшін орындар белгіленді. Алла, бұларды шындықпен ғана жартты. Алла, білетін ел үшін; аяттарын ашық-ашық баян етеді. (5) Расында түн мен күннің ауысып келуінде және Алланың көктер мен жердегі жаратқан нәрселерінде әрине сақтанатын ел үшін дәлелдер бар (10-6) Бұл аятпен жаратушымыз уақытты жарықпен, күнмен есептеп, ал заман дәуір есебінің шамасын болатын уақиғалар, сынақтар, қиямет езгілінің есебін; «...жылдардың сандарын,» адамзаттың тағдырлық есебін белгілейтін айдың бетінде орындардың бар екенін, солар «орындар-шұңқырлар» арқылы шындықтың да заман білімі болып оқылатынын ашық ескертеді. Енді бұл аяттардың сырына неге 10-саны және «уақ» пен белгілеріне алдағы басылымдарда қайта оралармыз. Осындай аз ғана мысалмен, масһаб және ислам әлемінің құлшылық намаздарының, яғни пайғамбарымыз орындаған намаздарды, шайтан адамдарына, жалған ғалымдарға ұрлатқанын да дәлелдейді. Хижра уақытымен, ешқандай мұсылман бес уақыт намазын оқымайды және әр нәрсенің жұбы бар деп есептесек, бес уақыт намаздардың қалған жартысы негізінен «хижра» түн тізбесімен, хаж, ғұмыра жасау арқылы оқылатын намаздар болып, оны ата-жолында бата, аян арқылы әйтеуір түгелдеп жатқан жайымыз бар. Мысалға; Қадір түнінің екінші жұбы «Миғраж түні» болып, пайғамбарымыз миғражға көтерілген уақытта хижра санауы әлі қалыптаспаған еді. Сондықтан маған келген уахи бойынша миғраж түні григорян күн тізбесімен қарашаның (ноябрь) 26-нан 27-не қараған түні күтіп, намазын орындап жүрміз. Енді сол уақыттағы және әлі хижра есеб жүйесі енгізілмеген замандағы болған оқиғаны, дін ғалымдарымыздың қалай хижра есебімен жарық күндерді қысқартып, әлем санақ жүйесіне қарсы, дінді бөлшектеу мақсатында түн тізбесінің, аймен жұлдыздар кестесіне айналдырып жібере салған? Сол сияқты, пайғамбарымыздың туылған айы сәуірді- мәуліт айын да көшіріп жіберген «Фиқһ» ғалымдарының, оның қазақша «Көкек»-шақыру (азан) деп аталағанын және 11-нен,12-сіне қараған түні, яғни Гагариннің ғарышқа ұшқан күнімен сәйкес келіп, осы айда Ирусалимдегі шіркеуінде Мұхаммед пайғамбар құрметіне жаратқаннан шырақ жанатынын, ол негізінен бұндай барлық діннің бірлігі болған, исламның дінінің құндылығын, қазақ аталарымыз ертеден меңгергенін көрсетеді. Мұхаммед пайғамбарымызды, «әлемге нұр-шырақ қылдым», деген аяттың құпиясы да осында. Ал, сәуір айының басынан, аяғына дейін, әр мұсылман мәуліт намазын қосымша оқыса, пайғамбарымыздың шапағатынан ораза айында үлес алатынын имамдарымыз да біле бермейді. Себебі «масһаб ғалымдары оны пәтуа қылмағасын болмайды» деген ақылымызды, арап, мысыр елдерінің, қызылбастық намазына байлаған шариғатымыз бар. Енді «намазхандар» аталған, және аталарымыз меңгерген, дін білімі, тарихат пен мағрипаттан бас тартқан, масһаб ғалымдарының биғатарының көбі жалған екенін дәлелдеп жазу үшін де арнаулы 2-3 кітап жазу керек. Еврей, исрайл ұлтынан болған сахабалардың, «Ашура» күніне жасаған құлшылығына, пайғамбарымыз; «Мұса пайғамбарға сендерден мен жақынмын» деп ораза ұстады деп, оны да хижра есебіне айналдырып, пайғамбар намазының уақытын тағы да ұмыттырған. Енді сол кезде қазіргі замандағыдай қуатты есеп құралдары болмай, мыңдаған жылдардағы уақиғаларды қалай артқа шегеріп, дәл қай жұлдызға да сәйкес келуін есептеп, «Хижра» түн тізбесімен сәйкестендіре алды? Ол күн негізінен Адам-ата қауымен, Нұх пайғамбарымыз арқылы жалғасты келе жатқан, бүкіл пайғамбарлар намазы болған, көктің алғашқы көріну мезгілімен сәйкес келетін, табиғаттың жан еніп, тірілу күні, түркі елінің Наурыз күнімен сәйкес келіп, оны әдет-ғұрпымызға айналдырған біздерден артық «Ашура» намазын орындаған ел аз. Ал Мұса пайғамбарымыздың теңізден елін аман алып өткен, мұғзижа көрсеткен күні; ол 1-қаңтар болып, кейінен ол күндегі құтқарушы, адамзатқа сыйлық әкелуші, таяқ ұстаған Аяз атаға айналуының өзінде де астарлы бір себеп бар.Оны алда тағы да Раббымыздан сұрап көреміз. Енді хижра жыл санауына кіріп кеткен, тұрақты күн тізбемен және жыл мезгілімен байланысты болған сапар айлары, яғни жорықтар кітабы болған, пайғамбарымыздың негізгі намаздары да, біздер үшін тағы да қақаған қаңтарға немесе қой төлдейтін, егін жинайтын уақыттарға келіп, сондықтан ондай намаздарды жаратушымыз тек арап елдері үшін ғана түсірген болып, біздер сияқты ел үшін, неге «серік қосып», «шерік қосатын» намазға айналды? Енді, дін шапанын жамылған шайтан адамдар, яғни өтірікші тажалдар ел басының өзін қалай алдап, қателесіп ұлтының руханият дәстүріне теріс шешім шығаруына да кінәлі уәзірлердің кімдер екеніне болашақта халықтың көзі жететінін, заман намазын көрсетіп,ашық-ашық аяттардың, осы уақыттардың кітабының кілті жұлдыз санаумен оқылатынын келесі басылымға қалдырайық.

Заманның ашық-ашық биғаттары.

«Мұхаммед саған биғат қылғандар (қол бергендер) әрине Аллаға қол берген болады. Алланың құдірет қолы олардың қолдарының үстінде. Сондықтан кім сертін бұзса, сонда өз зиянына ғана. Ал және кім Аллаға берген сертін орындаса, оған зор сыйлық береді.» (48-10) Арап танушы діншілер тілімен биғат жасау, биғат беру пәтуа жасап насихат беру деп түсіндіріледі. Ал негізінен биғат беру аманатқа қиянат жасамауға, Мұхаммед пайғамбарымыздың үмметі қатарында сапқа тұруға, момындықты меңгеруге ата-бабаларымыздан бері жалғасты келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің үмметтік құндылықтарымызды сақтауға берілген антымыз-сертіміз оның кепілдігі; «Лә илләһа илла Алла Мұхаммадур Расулла» деген кәлима куәлігіміз болып саналады да, және мұсылмандық шартардың негізі «Аллаға, пайғамбарына, елшілеріне және кітаптаранына иман келтіру» деп аталды. Олай болса, Аллаға қол беру дегеніміз, Мұхаммед пайғамбарымызға табынып, көрсеткен амалдары мен өсиетерін бұлжытпай амалға айналдырумен,сыйынумен де ерекшеленеді. Жалпы ислам әлеміне ортақ бұл аманаттың жұлдызын, намаздық аяттарын пайғамбарымыз миғраждан Алла тағаланың алдынан алып келген 286-16; 285-15; және бес уақыт намазбен негізінен сауап тұрғысынан, яғни намаз орындаудың да 50-намаздың нұсқауы еді. Бұл аманаттардың негізгі кітабы 48-сүре «Фатх» болып, 29-дәптер-аяттан тұрады. Енді; «неге бұл сүре болу керек?» деген сұраудың туындауы да сөзсіз. Сондықтан сандар тиелеогиясына жүгінсек, бұл сүре 29-аятпен яғни белгілі бір межені де көрсетіп және аятта; «...Алла, олардан иман келтіріп, ізгі іс істегендерге жарылқау, зор сыйлық уәде етті.» (48-29) ; (77)деген үкімен осы сүремен иманның зейнетелуіне Раббымыз уәде берген. Ал, бұл сүренің нәтижесі болған 77-саны адам баласының барлық буындар саны мен, құлшылықтық істерінің де толық санын береді. Сонымен бұл сүренің құпиясы да, осы 77-санымен жасырылып, 50+17 сандарының қосындысы екенін де ұмытпаған жөн. Сондықтан да пайғамбарымызға миғраждан берілген 50-сауаптық намазға қоса, тағы өзі оған дейін меңгерген 17-санды құлшылық істермен, негізінен 29-кітаптық белгімен, құранда жасырылып қойғаны даусыз. Ал жоғарыдағы (48-10) аяттың үкіммімен пайғамбарымызға иман келтірудің, амалдардың, серттердің, аманаттардың барлық нұсқауы, Құран бойынша 10-сандық көлденең аяттармен, барлық жиынтығы; 96-аятпен бекіп және бұл насихатты «Хатте» (диван) тік бұрыш ұғымымен кездестірсек, онда 10-санының негізгі түсінігі, насихаты «Жүніс»-сүресі 109-аятпен, көлденеңінен 96- санды аятпен, барлық қимасы; 96+109= 214-аятпен сабырлық, құлшылық амалдары болып құранда насихаты баяндалады. 10-санының ғылым-білімдік мәні; «көңіл көзінің ашықтығы мен рухани егіннің жеміс беруін, адам баласының ақылының жетілгендігінің белгісі» болып табылады. Енді Абай атамыздың да өлеңдер жинағының сандық мәні де осындай есептік жүйемен белгіленіп, баяндалғаны да хақ. Бұл санмен ойдың нәтижесі деген ұғымен; «..Ойынға ойсыз надан бәрі құмар, Дүние істеп өз жұмысын жатқан шығар. Елемесең, елетер, бір танытар, Қайда айдаса, барсың, кім тартынар?» (214-өлең) деген насихатпен 10-сүреніңде жалпы үгітін білуге болады. Сонымен «биғат», пәтуа мен уәде туралы тақырыпты қозғаудың да себешісі болған, бірде жұма намазында мешіт имамының муфтият тарапынан беріліп тұратын, апталық нұсқауында дін имамадарының сауаттылығы туралы насихаттауға пәтуа беріліп, және оған да себепші болған, елімізде масһаб тұралы теріс «биғат» берушілердің пайда болып, және «олардың бір кісісі арамызда да отыр» деп, мына мен туралы ескертті де, масһаб ғалымдарының жетістігін, оны меңгерген имамдардың діни сауатарының жетістігін, дін хазіретіміздің даналығын дәріптеген, ал оған күмән келтіргендердің, яғни мына мен сияқтылардың дін имандарының әлсіз екендігіне дәлелдер берді. Сондықтан да; «Егер білмесеңдер білімділерден сұраңдар» деп Нахыл сүресі 43-ші аятпен жаратушымыздың ескерткенін, және осы аяттың үкімінен сай, «Нұр мүбәрәк» дін универиситтетін бітірмей, арап тілін меңгеріп, құранды арапша жүргізіп оқи білмей және бұрынғы замандарда масхаб білімін меңгерген, дін ғалымдарының берген пәтуаларын, тәпсірлерін де меңгермей, дін білімінің жетілмейтінін және құранды қазақша аудармадан өзі оқып пәтуа бергендердің, биғатшыл дін бұзарлықтарын, дін имамымыз жамағатқа қатаң ескертті. Әрине, жастардың бұндай мемлекет және білімділер, ғалымдар тарапынан қолдауымен, діншілердің берген пәтуаларына күдіксіз сеніп, артын да ойламай бар айтылған насихаттарды жатап алып, солай әрекет жасауы даусыз және жастарға тән жаңашылдық, еліктегіштік қасиет те. Сонымен, жоғары білімді имамдарымыздың берген биғаттарының, пәтуасының жүз қатесін біліп отырсаң да, мұндай арнаулы біліміңіз және ұлықсат қағазыңыз болмағандақтан да, қарсы уәж айтуға дәрменіңіз де жоқ, және қарсы пікір білдірген жағдайда жастар өре түре келетін, бұндай әрекеттерге өз басым бір емес, 4-рет ұшырағандықтан амалсыз, «күресерге дәрмен жоқ, іш қазандай қайнап», жұмадан тағы бір кезекті ауыр ойды жүктелуге тура келді. Оған себеп, бір жұманың өзінде, құран аяттарын жамылып, өз мақсаттарына, мүделеріне қарай бұрып, және өздерінің үстемдіктерін, жалған пәтулармен, өтірік тәпсірлермен дәлелдеуге, қазақтың тіл, филология, философия,теология ғылымдығының мұндай жағдайға түскеніне, бейшара бейтараптығына ғана қалай күймесің. Ал шындығына, хақиқатына жүгінер болсақ, мысалға; Нахыл сүресіндегі 43-аяттың; «Мұхаммед сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана елші етіп, жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар.» деген ұғымды кесіп тастап бір аятты екіге бөліп; «...Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар.» (16-43) деген, елшілерге, әулиелерге берілген үкімді өздеріне залымдықпен бұрып алғанын, ақылы толмаған жастар қалай біледі? Ал негізінен бұл аят толық күйінде; «Мұхаммед сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана елші етіп, жібердік.Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар.» (16-43) (59) деген ескертумен кітап иелері болып, ақиретте Алланың жанындағы сүйікті құлдары, елшілері болған, пайғамбалармен, әулие-әмбилер, жаннатықтан екенін, 59-құпия белгімен ескертіп тұрғаны және 16-сүренің «Нахыл» -«н»+«ақыл» аталып, адам баласының даналықты, сабырлық қуаттарды меңгеру жолында, малдық қуаттарын тазартып рухани сүнетелумен, ішкі қуаттық шамасын белгілеп тұрғаны да хақ. Және бұл сүре Алланың әмірі мен оны орындаушы, оқушы періштелері мен тақуалықты меңгеруге арналған насихат сүре болып есептелетінен де білген жөн. Сондықтан бұл сүренің бір аятын ғана өздеріне теңеу, өзін құдайдың періштесі, әмірлерін жеткізуші етіп көрсетумен тең болмақ. Осыдан-ақ, данагөй аталарымыздың; «Имансыздық- намазда, Қызылбастан салған жол.» деп, қазіргі таңдағы Ханафилік сәжде орындау бағытын, тура жол, қиямет қайымға дейін жол көрсетуші «Құдай» яғни шариғат ісін, замнына қарай адамзатқа оқылытын ілімдік сөзге, жолға айналдырып алатынымызды ескертіп, өмірден неге қайғырып өткенін білуге болады. Және жол дегеніміз ғылым, ал ғылым дегеніміз Алла тағаланың «Өзі» екенін, қазақ дін ғалымдарының неге білмейтінін, ал Раббымыздың білімінің; «Мұхаммед Алланың аяттары турасында тартысқандарды көрмейсің бе? Қалайша айналдырады?» (40-69) (109) аяттың шынға айналған хақтығына қалай таң қалмасың? Және осы санды тағлымдармен, аяттар үкіммен және де оларға жуықта, қиямет мезгілінде, ерекше хикметтермен түсіндіретіне Раббымыз уәде де берген. Муфтият жоспарына сай, дәл сол күні Алматы теле арнасының «Бес парыз» бағдарламасынан осындай мешіттердегі насхатың да рухани көрністің қайталануы болып, имамдардың өздеріне-өздері сауатылығына баға берумен аяқталды. Көрермендердің; «Пайғамбарымыздың намазы қандай болды?» деген сауалдарына мардымды жауап та берілмеді. Бұл жағдайдың екінші беті, осы басылымды таратқан, оқыған бауырластар ішінен көңілі ашық, еліміздің рухани байлығына, халқымыздың болашағына бей-жәй қарамайтын, көкжиекті көре білетін азаматтардың да қолына да тиіп, солардың бұндай жағдайға түрткі бола алғандығының белгісі деп ұқтым. Және қандай да бір қозғалыс негізі қандай қуатты болғанымен, оған себептік қозғалыстың құдіреттілігімен ғана нәтижесі, сапасы айқын болады. Құдайлық қозғалыстар негізі құдірет, хикметті білім болып, бірақ оған жету үшін де лайықты амалын жасап, өздігінен жатқан тастың астына су бармайтынын ескерген жөн. Сондықтан ел тарихына, рухани қазынамызға бейтарап қарамайтын, мүдделес дін қандастарыма осы тақырыпты арнау арқылы, рахметімді, алғысымды да жеткізе кетуді және сертім яғни «биғатымды», пайғамбарымызға иман келтірген уәдемді амалмен көрсетіп, қолымның (аруақтың) солармен бірге екенін білдіруді шештім. Әрбір осындай ақыл бірлігі арқылы рухани қосылған қолдардың үстінде, Алланың да құдірет қолы, пайғамбарымыздың аруағы болып тұратынын ескерте кетсем деймін. Енді жоғарыдағыдай шарасыздықтың себебіне де тоқтала кетсем; Бірде Нұр Мүббәрәк діни жоғары орынының ғалымдарының бірігіп шығарған; «От басы ғалымхалы» деген кітаппен насихат берілу барысында; «Әулиелерге құрбан шалуға болмайды, серік қосу» деген пікірді естігеннен кейін имам сөзін бөліп; «Аруаққа және қазақтың дәстүріне қарсы сөз, абай болыңыз, адаспаңыз!» деп ескертіп, ақырында халық алдында имаммен сөзге келіп; «Маған Қарасу мешітінде қарсы келгендер 14-жылға сотталып тынды, сіз осымен үш рет қарсы шықтыңыз» деп, мені де қудалап соттатуға масһаб имамдарының шамасы келетінін астарлы ескерті. Мұндай имамның қоқан лоқысынан емес, мешітке келген көпшілік жастардың; «Құран келгенен кейін басқа үш кітаптар өз мәнін жойған» деген сияқты надандық пәтуаларын (биғаттарын) естігеннен кейін, амал жоқ тілімді тістеп отырып қалуға тура келді. Абай атамыздың; «Заманқыр жастары, Қосылмас ешбір бастары. Бір-біріне қастыққа-Қойнында жүрер тастары...Кекектеп, секек етем деп, Шошқа туар сөздері...Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңы түсті мұртың..» дегені осы болар дедім. Негізінде имамымыздың менің 3 емес, 4-рет қарсы болып,, амал жоқ сөзін бөлгенімді ұмытып қалған екен; Біріншісі; құрандағы Дәуіт пайғамбарымызға келген сынақтың; «..Дуардан асып екі даушы келіп бірінде 99-қойы, екіншісінде 1-қойы болып дауын шешкен» деген аятты; Дәуіт пайғамбарымыздың 99-қатыны болып, енді бір сарбазының сұлу қатына көз салыпты..-дегендей Құлтегін атамызға жала жауып жатқасын; «Кешіресіз ол аят, адам тәніндегі 99-бұлшық еттің, 1-жүрекпен арасындағы дауы, жан сыры құпиясы туралы..» деп ескерттім. Екінші жағдай; « Неке қию туралы және оның араптардан ислам діні арқылы ғана дұрысталып және кеңестік дәуірде неке қию тәртібі сақталамай, енді қайта түзеліп келе жатқанын..» айтқанын естігенде; Ислам діні араптарға келмей тұрып-ақ, аталарымыз құда түсіп, құрбан шалып, батамен дұға жасап, неке қиғаннан артық және шариғатта да ата-анасының ризашылығын алудан артық тұрақты неке болмайтынын, пайғамбарымыз да солай өсиет еткенін ескертім. Үшінші жағдай; Інжілдіктердің мүлде адасқанын және інжіл кітабы да бұрмаланғанын, сол сияқты киім туралы жалаңбас намаз оқуға болатынын естігенде, тағы сөзді бөліп; «Сонда інжілде тән толық жабық болып, бас киімсіз мінәжат жасауға болмайтынын ескерткенін және біздердің шариғатымыз інжілдіктен төмен болғаны ма?»- деген сұраққа; «Жоқ, төмен емес бірақ біздің масһабымызда ондай тапсырма, пәтуа жоқ, болса есік алдына жазып қояр едік; «Бас киімсіз намаз оқуға болмайды.» дегендей жауап алдым. Имам Ағзам әулиенің жанында 20-жыл жүрген шәкіртінің естелігінде, ол кісінінің өмірі жалаңбас отырғанын және аяғын көсіліп созғанын көрмеген екен. Және әулие атамыз да тақуалықты жетілдіруге бұрын берілген пәтуаларын болашақта әрі қарай білімін жақсылыққа қарай жетілдіріп, түзетуде керек екенін ескертіпті. Сонымен төртінші : «Егер сіздің сондай біліміңіз болып, муфтият пәтуаларымен келіспесеңіз неге онда жазып, ғалымдарымызға сұрақ қоймасыз?» деген саулына амал жоқ: «Он жылдан бері жазып, өзіңізге де таныстырып, жақында тағы да бір жазбамды беріген едім ғой?»деген сауалыма: «Оны мына отырған жастар бәріміз оқыдық, бірақ түк түсінбедік, миымыз ашып кетті қайдағы бір сандардан»дегенен кейін; «Сендердің, имамдардың сауатсыздықтарыңа онда кім кінәлі?» деген жауапсыз сауалмен, және тағы да, абайла бізге қарсы шықандар сотталып жатыр, деген ескерту алуыммен аяқталды бұл сұхбат-зікіріміз. Көгілдір терезеден берген сұхбатта; «Молданың айтқанын істе, істегенін істеме» деген сауалға да жаңылысқан, дұрыс айтылмаған, яғни аталарымыз қателескен мақал деген жауап берілді. Бұл мақалдың пайда болуының бір себебі; Әзірет Әлі сахабамыздың көрген аянындағы бір құбылысты пайғамбарымыз былай жорыған екен; « ...Сонан сен жүріп келе жатып бір бақшада ағашта сайрап отырған бұлбұлды көрдің, алдында ыдысымен боқ тұр екен, сол боқтан шұқып қойып құйқылжытып сайрап отырғанын таң қалдың ба?- деді пайғамбарымыз. Иә-деп жауап берді сахаба. Ол ақырзаман молдалары сөзі дұрыс болғанмен, несібесі арамнан болар,- деген екен пайғамбарымыз.» Бұл жағдайды бір түркістанан шыққан Әбілда деген әулиеге, парсы елінің бір қатын патшасы сауал қойыпты; -Алдында тағам бар болса да, оны өзі жемейді, аш отырады, сонда да ол әлгі тағамын басқаларға береді, бұл қандай адам? Әулие жауабы; -Бұл ақырзамандағы молдалар, олар халыққа дінді насихаттайды, бірақ өздері ешқандай амал қылмайды. Сұрақ; -Адам баласына неше жерден қорлық келеді? Жауап; -Төрт жерден қорлық болады: 1) шақырмаған жерге бару, 2) өтірік жала жабу, 3) дұшпаныңнан қажет нәрсеңді сұрау, 4) өліктен қалжа сұрау. Сұрақ; -Әр адамда қанша асыл болады? Әулие атамыздың жауабы; -Төрт асыл болады. Әуелгі асыл-
Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет