Досжанова А. А. Учитель казахского языка



Дата04.12.2019
өлшемі35,94 Kb.
#53000
Байланысты:
Диалогтік оқыту






Досжанова А.А.

Учитель казахского языка



Инновациялық жобаның атауы:

Диалогты оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру


Жетекші идея:

Сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігіне дәлелдер бар. Олар:

• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

• басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

• оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

• мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.


Жоба мақсаты:

Оқушылардың сөйлеу тілдерін дамыту үшін диалогтық оқу арқылы сабақ үдерісін түрлендіру, өзара қарым –қатынасқа түсіре отырып, белсенділігін дамыту


Жоба міндеттері:

Диалогты оқыту туралы ғалымдардың зерттеулеріне талдау жасау;
- Бастауыш сыныптарда диалогты оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану,
- Оқушылардың танымдық, ақпаратты коммуникативті белсенділігінің тиімділігін анықтау;

Қолдану саласы:

Жұмысты мектептің әдістемелік бірлестігінде, педагогикалық кеңестерде, коучингте, ата- аналар жиналыстарында қолдануға болады.


Жобаның қысқаша андатпасы:

Оқыту немесе оқу диалогы өзіндік ерекшелігі бар қатынас құралы. Бұл балалардың өзара қатынасы, мұғалім мен балалардың, балалар мен оқытушы арасындағы қатынас. Оқу үрдісі тілдесу арқылы жүзеге асады. Қазіргі заман оқушысы оқу бағдарламасының білім, білік дағдыларын меңгеру ғана емес, білімді өз бетімен іздеп, оқып үйренуі керек. Ол өзінің оқу қызметін ұйымдастыра отырып, оқу оқуға дайындығын және оқуға икемділігін жоспарлауы тиіс. Оқушы мен оқытушының бірлескен оқыту әдісі монологтан диалогқа қарай ауысуы қажет. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Оқушылар жұмыстарын, хабарламаларын, жобаларын, презентацияларын сыныптың алдында қорғап, өзіндік сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.

Жүзеге асыруға дайындық дәрежесі:

Жүзеге асыруға болады

Қолданудан күтілетін нәтижелер:

Егер сабақ үдерісінде диалогтық оқыту тәсілі тиімді қолданылса, тілдік қарым –қатынасқа түсіретін тапсырмалар жүйелі пайдаланылса, онда оқушылар кез -келген тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанады, сауатты жазуға машықтанады, олардың сөйлеу мәдениеті қалыптасады.



Кіріспе

«Кез-келген кәсіп иесі өз шаруасын тың тәсілмен,

жаңа әдіспен істеуге ұмтылса ғана ешкім

жетпеген табысқа жете алады»



Н.Ә.Назарбаев

Тәжірибенің өзектілігі:

Оқыту немесе оқу диалогы өзіндік ерекшелігі бар қатынас құралы. Бұл балалардың өзара қатынасы, мұғалім мен балалардың, балалар мен оқытушы арасындағы қатынас. Оқу үрдісі тілдесу арқылы жүзеге асады. Дәстүрлі оқытуда көбінесе мұғалімдер оқу диалогы орнына оқу монологын пайдаланады. Бұл кезеңде оқушылардың еркін пікірін тыңдау сирек кездеседі. Оқытудағы тәсілдер мен әдістер түбегейлі өзгеруде. Қазіргі заман оқушысы оқу бағдарламасының білім, білік дағдыларын меңгеру ғана емес, білімді өз бетімен іздеп, оқып үйренуі керек. Ол өзінің оқу қызметін ұйымдастыра отырып, оқу оқуға дайындығын және оқуға икемділігін жоспарлауы тиіс. Сондықтан оқушы мен оқытушының бірлескен оқыту әдісі монологтан диалогқа қарай ауысуы қажет деп ойлаймын.


Тәжірибенің болашағы:

Қазіргі таңда оқушылырдың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып табылады. Тіл дамыту тіл үйретудегі қарым қатынас құралын іске асыру оқушылардың тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тұлғаларды меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады. Сөйлеу үшін жеткілікті, белсенді қоры болуы керек.Себебі сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуге қиындық тудырмайды. Мен бастауыш сынып ұстазы болғандықтан оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мен дамытудағы бірден бір себепкерімін деп ойлаймын.Себебі ол ұстаздың мақсаты - оқушылырға сөйлеу мәдениетін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру.



Зерттеудің мақсаты: Оқушылардың сөйлеу тілдерін дамыту үшін диалогты оқу арқылы сабақ үдерісін түрлендіру, өзара қарым –қатынасқа түсіре отырып, белсенділігін дамыту.Зерттеудің міндеттері:
- Диалогты оқыту туралы ғалымдардың зерттеулеріне талдау жасау;
- Бастауыш сыныптарда диалогты оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану,
- Диалогты оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдануарқылы оқушылардың сөйлеу мәдениеті дамитынын бақылау;

Тәжірибенің болжамы: Егер сабақ үдерісінде диалогтық оқыту тәсілі тиімді қолданылса, тілдік қарым –қатынасқа түсіретін тапсырмалар жүйелі пайдаланылса, онда оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанады, сауатты жазуға машықтанады, олардың сөйлеу мәдениетінің деңгейі артады.

Қолданылатын әдістер:



  • талдау жасау

  • бақылау жүргізу

  • эксперимент жүргізу

Тәжірибенің жаңашылдығы.

Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Оқушылар жұмыстарын, хабарламаларын, жобаларын, презентацияларын сыныптың алдында қорғап, өзіндік сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Өткізілген тәжірибе нәтижесінде диалогты оқыту оқушылардың тілдік қорының молаюына, құзыреттілігінің дамуына жақсы әсер етеді.

Жұмысты мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне қолдануға болады.

Практикалық маңызы:

Диалогты оқытуды бастауыш сыныптан бастап дамыта беру қажет. Өзара ұтымды диалог дамытудың басты шарттарының бірі жаңа идеялар мен пікірлер туатындай қолайлы жағдай жасау болып табылады. Оқушы диалогта тек тыңдаушы емес, оқу диалогының қатысушысы болады. Сабақ үрдісіндегі диалогта білім мен таным дағдылары бірге қызмет атқарып, дами түседі. Сөйлеу тілін біртіндеп дамытуда диалогтың орны ерекше.

Аңдатпа


Бұл жұмыс білім берудегі жаңа әдіс тәсілдердің бірі – диалогты оқытуды енгізудің өзекті мәселесіне арналған. Бастауыш сыныптардағы диалогты оқыту әдісі қарым-қатынасты оқытуда маңызды роль атқаратынын айтып өтеді. Диалогты дамыта оқыту– оқушылардың оқу процесін саналы түрде түсінуді, жақсы меңгеруді, өз ойын сауатты жеткізу қабілеттерін арттырады. Білім беруді осы технологияны пайдаланудың нәтижесінде жанашырлық, шығармашылық, өзара келісім, сыйластық рухани-адамгершілік қабілеттері пайда болады.

Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі – диалог.Оны құрастыру үшін белгілі бір тақырыпта оқушының сөздік қорын дамыту, сөйлем құрауға үйрету, ауызша ойларын жүйелі айтуға жаттықтыру қажет. Мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан да осындай әртүрлі тіл дамыту жұмысын жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады деп ойлаймын. Негізгі бөлім



    1. «Диалогты оқыту»

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. 1934 жылдың өзінде-ақ Выготский өзінің «Ой мен тіл» атты еңбегінде оқу үшін әңгімелесудің маңызды екендігін тілге тиек еткен.[1] Выготский кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъекті ретінде суреттейді. Сонымен қатар Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен.[1] ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және де Выготский бұл жағдайда оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді. [1] Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқыту табысты болмақ. Выготскийдің оқытудағы сөздің, сөйлеудің негізгі рөлі туралы пікірі эмпириялық зерттеуде қолдау тапқан. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ход-жкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқыту барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Ол субъектіге тартылатын әңгімелесудің үш түрін құрайды:

• Әңгіме-дебат

• Кумулятивтік әңгіме

• Зерттеушілік әңгіме[1]

Диалог пен оның ерекшеліктері туралы алғашқы пікірлер А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбановтардың еңбектерінде айтылса, кейінірек М. Балақаев, М. Серғалиев, Б. Шалабаевтың көркем мәтін мен оның стиліне қатысты еңбектерде диалогтың бірқатар ерекшеліктері ашыла түседі.

Ал соңғы жылдары диалог арнайы зерттеле бастады. А.Қ.Айтбенбетованың «Ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалог: лексикалық, синтаксистік және стилистикалық сипаттама» (2007) атты зерттеуінде ауызекі сөйлеу және көркем шығарма мәтініндегі диалогтық лексикалық, синтаксистік, стилистикалық ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындалған, олар қазақ және орыс тілі материалдарымен салғастырыла, пайда болу табиғатының, қызметінің негізгі көрсеткіштері бірдей екендігі көрсетіледі [2]. Ал Г.С. Иманғалиева  «Типология диалога» (на материале казахского и русского языков) (1999) еңбегінде диалогтарды екі тілдің материалдары негізінде психолингвистикалық, этнолингвистикалық, әлеуметтік- лингвистикалық факторлар арқылы салыстыра зерттейді [3].

Диалогты хабарламалық, прагматикалық, модальдік деп үш түрге бөліп қарастырып, оларды іштей әңгімелесу, хабарласу, пікіралмасу, сұхбаттасу, түсінісу, мақұлдау, талқылау, өтіну, қорытындылау т.б. түрлерге жіктейді. Диалог феноменінің философиялық астары жанды тілді түсінуде ғана емес, алдымен өзіне және өзгеге деген қарым – қатынасын қалыптастыруда жатыр деуге болады. Демек, диалогтық тіл - репликалардан тұратын ұдайы қабылдаулар арқылы әсер ететін тілдік қызметте белсенді рөл атқаратын сөйлеудің түрі. Олай болса диалогтың өзіне тән ерекшелігі – екі немесе одан да көп тұлғалардың сөйлесудегі шұғыл сөз алмасулар болып табылады. Диалогтық тілдің негізгі құрылымдық және мазмұндық компоненттерін құрайтын екі адамның сөйлесуін әдетте реплика дейміз.

Диалогтық тілге мазмұндық (сұрақ, жауап, толықтыру, түсіндіру, пайымдау, тарату, келісу, өзара сырласу), тілдік этикеттің т.б. түрлері және репликалардың құрылымды байланысына тән. Репликаларға қатысты Д.Б.Абдыкаримованың «Типология реплик казахского и русского диологов» (1999) және Ж.С.Қаңлыбаеваның «Коммуникативтік акт шеңберіндегі жауап репликаның қызметі » (2006) атты еңбектерін атауға болады [4].

Енді біз осы уақытқа дейін белгілі болған орыс ғалымдарының еңбектеріндегі диалогтың түрлерін атап көрейік:

а) Қостау диалогы – екі сөйлеуші де бір-бірінің пікірімен келісіп, бірін- бірі толықтырып отырады.

ә) Полемикалық диалог – сөйлеушінің бірі екіншісінің сөзін қақпайлап, сөзбен қақтығысып отырады.

б) Нақтылау диалогы

в) Эмоционалды қарсылық білдіру диалогы

г) Сұрақ – жауап диалогы

д) Сұраққа кері реакцияны білдіретін диалог

е) Жауапқа қарама-қарсы сұрақ бағыттау диалогы

ж) Сұраққа модальдық әсерді білдіретін диалог.

Әрине диалог күрделі композициялық-стилистикалық және мағыналық бірліктен тұрады. Одан басқа репликалардың өзара қарым-қатынастарына авторлық комментарийлер, репликаларға қатысты барлық «микроэлементтер» (стимулдық реплика, сұрақ, шешім, т.б.) кіреді.



    1. Диалогты оқытуды сабақ үрдісіне енгізу шарттары

Іс- тәжірибеме диалогты оқытуды сабақ үрдісіне енгізу шарттарының енгізу мақсатында деректер жинадым, әр оқушының ерекшелігін жеке басының құндылықтарын ескере келе, мектеп психологының сыныпты зерттеуде психологиялық сараптау мониторингін басшылыққа ала отырып, мына мотивациялық танымын анықтауға арналған кесте оқушылардың басқа оқушылармен әртүрлі қарым– қатынасқа түсу, әңгімелесу, диалогқа түсе алу бейімділігін анықтау мақсатында құрастырылды.Сынып оқушыларының саны: 30

1-кесте: Оқушылардың мотивациялық танымын анықтау кестесі

Мінез түрлері

жоғары

орташа

ортадан төмен

оқыту мінездемесі

көмекші сөздерді көп білуі;

әр алуан тақырыпты еркін талдай алуы;


8

10

12

оқушының ойлау әрекетіндегі мінездеме

бастаған әрекетке бар күшін салуы;

басқа біреу пікіріне сезімталдылығы


5

10

15

басшы мінездемесі

өзіне жауапкершілік алуы;

әр түрлі іс –әрекеттің басшысы


5

8

15

шығармашылық мінездеме

іздену қабілеті; өзін – өзі көрсете білуі



5

8

15

Әр оқушының басты ерекшеліктері анықталып, бақылау нысанымды белгілеп алдым. Сабақтарда топтық диалог, өз- өзімен диалог, сұрақ- диалог, диалог-әңгіме, мульти- диалог түрлерінің тиімдісін қарастыра отырып, сынамалап көруді жоспарладым. Сабақ алдында оқушыларға жағымды ахуал туғызып отырдым. Оқыту үшін немесе оқу диалогы өзіндік ерекшелігі бар қатынас құралы. Бұл балалардың өзара қатынасы, мұғалім мен балалардың, балалар мен оқытушы арасындағы қатынас.Оқу үрдісінде тілдесу арқылы жүзеге асады. Дәстүрлі оқытуда мектеп үшін мұғалімнің оқыту үшін пайдаланатын монологы. Бұл кезеңде оқушылардың еркін пікірін тыңдау сирек кездеседі. Оқытудағы тәсілдер мен әдістер түбегейлі өзгеруде. Қазіргі заман оқушысы оқу бағдарламасының білім ,білік дағдыларын меңгеру ғана емес, білімді өз бетімен іздеп,оқып үйренуі керек.Ол өзінің оқу қызметін ұйымдастыра отырып, оқу оқуға дайындығын және оқуға икемділігін жоспарлауы тиіс. Бірлескен оқыту әдісі монологтан диалогқа қарай ауысуы қажет.Сонымен, диалог өзара сөйлесу құралы. Егер, оқытушының балалармен сөйлесу қатынасы ақсап жатса, ол саналы, санасыз түрде болсын оқушылармен сөйлесуге тырысады.

Қандай факторлар сабақта болатын диалогты болдырмайды?



  • Оқытушының өзіне ғана назар аударуы,

  • Басқаның пікіріне шыдамдылық танытпауы,

  • Өз пікірімен санасуға басқаларды көндіруі

  • Сабақта еркіндіктің болмауы, тәртіпке шақыру ескертпелерінің көп болуы.

Бұл педагогтың авторитарлы,басқаруы мен монологқа құрылған қызықсыз сабақтар. Өкінішке орай сабақта «тек түзу отыру керектігінен басқа ешнәрсе түсінбей шығатын» (В.Катажиньский) «Ол әлі кішкентай, ол істей алмайды, жасай алмайды ол үшін өзім түсіндірем, көмектесем..» Авторитарлы болуға мәжбүрлейтін жағдай үлкеннің балаға деген сенімсіздігі.

Қарапайым басынан сипаудың ,өзі баланың өзіне деген сенімділігін арттырады, мұғаліммен бірге жұмыс жасау ыңғайлы болары сөзсіз.Осындай эмоциалық сипауларға психологтар күлімсіреуді, баланың атын атауды жатқызады.

Сабақ үдерісіне кері әсер ететіндер бір жауапты ғана талап ететін тапсырмалардың болуы, жауапты қажет етпейтін риторикалық сұрақтар. Диалогқа түсіру үшін ашық , жағдаяттарға негізделген сұрақтарға бір жақты жауап беру мүмкін емес.

Оқытушының эмпатикалық тыңдаушы болуы, яғни жақсы тыңдаушы бола алмауы. Баланың айтқанын есепке алмай, аяғына дейін тыңдамау, баланың сөзін бөліп тастау, айтқанына дұрыс баға бермеу. Сабақ айтып тұрған бала үшін маңыздысы: оқытушының оны естуі мен тыңдауы; эмпатикалық тыңдаудың белсенді және белсенді емес түрлерін меңгеруі. Эмпатикалық тыңдаудың белсенді емес түрі: мақұлдаудың жестпен,көмекші сөздермен (иә,ары қарай айт,жақсы, жалғастыр т.б.)

Мақсатыма жету үшін көбінесе оқытудағы диалог әдісін сабақта қолдану аясын кеңейтуді көздедім. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Ойын – ойға жетелейді» дегендей, ойын арқылы өзара қарым – қатынасқа түсіріп, сыныпта жағымды жағдайлар туғыздым. «Саңырау телефон», «Әңгімелесу» ойындарын тақырыпқа сай ойнатуға тырыстым. Мысалы: «Сауысқанның ұясы» тақырыбына сәйкес ойынының шартын құстар туралы әңгімелесуге бейімдеу барысында, топта бір сөз аясында әңгіме өрбіттім. Ойындар оқушыларға қызықты болып, өзара қысылмай қатынас жасай бастады. Оқушылардың қызығушылығын ояту, шеңбер әдісімен ойналатын рөлдік ойындар ойнату. «Шеңбер» түрінде отыру әдісі - еркін сөйлесуге, кез- келген сыныптасының әңгімелесу кезеңіндегі эмоциялық өзгеруін бақылайтын орта. Бүкпесіз ойын айтуға, еркіндікке негізделген сүйікті фильм, кітап, бейнежазбаны әңгімелеуде туындайтын әңгімені дамытатын құрал. Өз кезегін өткізіп жіберетін оқушылар да болды, олар басқаларды тыңдау арқылы ойлау мен сөйлеу қабілеттері реттеледі. [қосымша А 1-сурет].

Мәтін мазмұнын қиынды сөйлемдерді сәйкестендіру арқылы шығу, ертегідегі кейіпкерлерді сахналау, жаңа сөздердің синонимдік қатарын табуда ізденіске түсіру, мәтіндегі оқиғаларға қысқаша сызба кестесін құру, ертегідегі оқиға желісіне ұқсас ертегі құрау жұмыстары жасалды.Тапсырмаларды сынып оқушылар топпен орындады. Бұрын диалог екі адам арасында, яғни жұппен жұмыста көрініс алатын. Сабақ барысында топ ішінде өзара топтық диалог құруды көздеген едім. «Туған жер туралы жыр» ертегісінің идеясының негізінде, топ аттарын «Ертіс», «Жасыбай», «Мойылды» деп алдым. Неге топтарың бұлай аталған деп сұрап, топта талқылауды ұсындым. істеуге итермеледім. [Қосымша А 2,3-сурет]

Топтағы ынтымақтастық оқу– бұл оқыту мен оқу тәсілі. Бұл тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 83-бет) Оқушыларды диалог арқылы талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер көбеюде. Алғашқы өткізген сабақтарым кумулятивті әңгіме негізінде, топ оқушыларының бірі ұсынған пікірді тыңдап, топ мүшесінің әрқайсысы сол пікірмен келісе салумен аяқталды.

«Киттің жұтқыншағы неге мұндай?» деп аталатын ағылшын жазушысы Редьярд Киплингтің қызықты әңгімесімен танысу барысына талдайық. Сабақ көк кит туралы бейнежазба көрсетілуден басталды. Бұл тапсырманы алдын ала оқушым Дастанға жүктедім. Дастан әдебиет сабағының тақырыптарын оза оқып, қызығушылық танытып жүретін оқушым.Тәрбие сағаттарын түрлі тақырып бойынша таныстырылымдар әзірлейтін. Дастан таныстырылым барысында сыныптастарының назарында болып, түсініктерін пайымдауға және логикалық ойлауға себепші бола білді. Оқушыларға кит туралы дәйекті дәлелдер келтіріп,әңгіме ғылыми сипат алды. Оқушым кит жайлы ғылыми тілде баяндап, сыныптасы екеуі қызықты мәліметтерді жарыса ұсынды. Осындай сабақтар оқушылардың сөйлеу тілін дамыта отырып, ғылыми терминдермен сөйлеуге үйретеді.Оқушылар сабаққа мақсат қойғанда, кит туралы терең білу басты міндеттердің бірі болды. «Кит неге сүтқоректі деп аталады?» мәнін түсіндір деген тапсырма бердім.Оқушылар жануарлар туралы әртүрлі энциклопедиялар, интернет көздерін пайдалана отырып сұраққа жауап іздей бастады. Топ мүшелері әртүрлі ақпарат көздерінен алған мәліметтерін талқылауда, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда жүзеге асатын әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болды.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 43- бет )



Әңгіме-дебат барысында

1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;

2) ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;

3) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады;



Кумулятивтік әңгіме барысында байқалатын жайлар:

1) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі;

2) әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы;

3) идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.



Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:

1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;

2) әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;

3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;

4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»;

5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).

Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады.

Зерттеушілік әңгіме

Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сынып-тастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің иде-яларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.

Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды.

Бұлай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады.

Алайда, бұл әңгіме олар үшін қалыптағы дүние емес, сол себепті де мұғалімдер бірігіп істеген жұмыстың құндылығын түсінулеріне көмектесу керек.

Мұғалімдер үшін маңызы

Балалар зерттеушілік әңгіме жүргізе алатын ортада оқу жетіле бермек. Оқушылар бұндай ортада жұмыс істегенде әңгімелеріне қарай олардың ой-пайымдары да айқындала түседі, әрі мұғалімдері мен құрдастарының көмегімен одан әрі дамытылуы мүмкін.

Соған қарамастан, бұндай әңгіме жүргізу дағдылары оқушыларға жайдан жай келе салмайды, балалар бірлескен әңгіменің мәнін үғынып, қабылдауы үшін мұғалімдерге оларды бағыттап отыру керек болады.

Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелісұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап («дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп) бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді пе-дагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.

Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.

Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?»

Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:

• оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

• оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

• білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;

• оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;

• оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;

• оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;

• оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;

• әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;

• оқытуды қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.

Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру

Мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор. Диалогтік әңгімеде де мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар, оқушылардың да сұрақтары маңызды. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады. Рэгг және Браун (2001)[1] оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің бірнеше түрлерін ұсынады.

Мұғалімдер:

• жауапты елемей, назарын басқа оқушыға, тақырыпқа немесе сұраққа аудара алады;

• жауапты мойындап, оны келесі сұхбатқа негіз ете алады;

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

• мағынаны күшейту үшін немесе оны басқалардың да естуі үшін жауапты сөзбе-сөз қайталай алады;

• белгілі бір элементті атап көрсету үшін жауаптың бір бөлігін қайталай алады;

• нақты кезеңдегі немесе алдағы әңгімелесу желісіне қосу мақсатында жауапты басқа сөздермен қайталап айта алады;

• жауапты мақтай алады (осы немесе одан кейінгі әңгімелесуде қолдана отырып, тікелей немесе жанама);

• жауапты түзете алады;

• оқушыларды бұдан әрі де ақпарат немесе түсініктеме іздеуге ынталандыра алады;

• оқушыларға маңызды мәселелерге назар бөлуге көмектесе алады.

Тілдік қатынас қатысымдық тұлғалар арқылы іске асады. Демек, тілді меңгертуде, сөйлеуде диалогтың алатын орны ерекше. Диалог құрып, тілді жете меңгермесе, тілдік қатынаста жүзеге аспайды. Олай болса, дұрыс сөйлеу әрекетіне көңіл аудару қажет.



    1. Диалогты оқытуды оқу үрдісіне енгізу жөнінде эксперимент

Әдебиеттік оқу пәні оқушылар арасында бір сарынды, берілген шығарманың мазмұнын айту мен сыныптағы жаппай тізбектеп оқумен, мұғалімнің түсіндіру монологынан тұратын. Оқушылар жаттанды түрде шығарма мазмұнын айтқаннан гөрі, сол шығармадан өзіне өмірлік тәжірибе жинақтай отырып, автордың негізгі ойын түсінуге бейімдейтін тапсырмалар дайындаймын. Үй тапсырмасын сұраудан бұрын оқылған шығармалар мазмұны бойынша анкеталық сауалнама, шығарма авторына сұрақ әзірлеу, түйінін табу, сонымен қатар анықтау, талдау, жинақтау сұрақтары қамтылады.

Шығармаға басқа қандай ат қояр едің? Сұрақтары төңірегінде оқушылар өзара диалогқа түсіп, түрлі пікірлерімен, көзқарастарымен алмасады. Мысалы, «Дөңгелек үстел» тәсілі арқылы топ ішінде оқушылар кезекпен маркерді микрофон орнына ұстап,үй тапсырмасы туралы ауызша есеп береді. Мұғалім командасы бойынша «микрофон» келесі оқушыға беріледі.Топтан қалауы бойынша бір оқушы сыныпқа үй тапсырмасын айтады.



«Сыншымен сұхбатта» өз көзқарасын дәлелдеу, әрі құптай алуға келісу. Бұл өз дәлелдемелерімен қоса, басқаның пікірімен санасуға үйретеді.

«Күтпеген кездесу» (автормен, түрлі шығарма кейіпкермен), өз ой пікірін,тұжырымдамасын белгілі кейіпкерге жазу немесе айту. («Жусан иісі», «Мен соғысты жек көрем» «Дегелеңдегі қызыл күн»)

«Лингвистикалық микроскоп» (негізгі берілген сөздер, мәліметтер арқылы) немесе атаулы күндер арқылы өз бетімен,жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, мәтінді, авторды анықтау

«Бос микрофон» ешқандай шектеусіз тақырыпқа сай айтылатын пікірлер.

«Шығарманы өз көзқарасыңмен,болжамыңмен аяқта» (өзіндік пікірін қосу,түйінді сөзбен немесе мақалмен, сөйлеммен жеткізу).

«Шығарманы ролмен ойнау» берілген шығармаларды сахналау, көрініс әзірлеу

«Алдын ала берілген атаулар» тәсілі тақырып кейіпкерлері туралы өз ойларын жазу. Мақсаты: жаңа білім қабылдауға және игеруге белсендіру.

«Үш қадамды сұхбат» 1- қадам. Оқушылар мысалдың алғашқы бөлігін оқиды. Содан кейін жұппен сұрақтар әзірлейді.Бірінші жұп жауап береді. 2- қадам. Керісінше. 3-қадам. Екі жұп тақырып бойынша бірлесіп, сыныпқа қандай сұрақ әзірлейтінін талқылайды.

«Сызбамен жұмыс» берілген мәліметтерді пайдалана отырып, автор туралы хабарлама әзірлеу.

Қорытынды

Зерттеу тақырыбымды қорытындылай келе, диалогты оқыту туралы ғалымдардың зерттеулеріне талдау жасалды. Мерсер сипаттағандай, пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай аламыз. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Сабақта жиі көрініс табатын әңгімелесудің үш түрі(әңгіме-дебат, кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме) екеніне көзіміз жетті.

Оқушылардың сөйлеу тілдерін дамыту үшін диалогты оқу арқылы сабақ үдерісін түрлендіру, өзара қарым –қатынасқа түсіре отырып, белсенділігін дамыту керегін дәл айта аламыз. Бастауыш сыныптарда диалогты оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдануда, оқушылардың сөйлеу мәдениеті дамитынын бақыладық. Зерттеу тақырыбымды қорытындылай келе, диалогтік оқытуды жүйелі пайдалану барысында оқушы бойында мынандай қабілеттер қалыптасады:


  • әңгімеге белсенді тартылуы,

  • тақырып түсіну көмегі болуы

Білім сапасын арттыруда осы қабілеттер қажет екеніне көзім жетті. Зерттеуші талқылау барысында «сен не ойлайсың?», өз пікірін негіздейтін «...сондықтан, мен осылай ойлаймын» сөз тіркестерін қолдана отырып, топтық диалогтарға түсе алды. Әлеуметтік ортада осы сөз тіркестерін пайдаланып, әңгімеге түсу үшін, сабақта жиі қолдананады. Ал оқушылар тілін дамытудың негізі бастауыш сыныпта қалана бастайтындықтан, олардың тілін дұрыс қалыптастыруға, оқыту барысында ерекше көңіл бөлінеді.[6] Сабақ барысында оқушының жеке басының құлшынысы ең алдымен жеке тұлғаның күрделі құрылымының танымдық- шығармашылық компоненттерінің өміршеңдігі анықталды.

Нәтижесінде мынандай міндеттер орындалды:

Көркем шығармаларды оқуға сүйіспеншіліктері артуы;

Образға кіру, бар жан тебіренісімен оқуға машықтану;

Әлем балалар әдебиетімен танысу;

Көркем шығармаларды оқуда эмоциялық- эстетикалық қабілеттері дамуы

Оқылған шығарма жайында түсінік қалыптаса отырып,өзіне деген сенімі артуы;

Әдебиеттік оқу пәніндегі қызығушылықты зерттеу барысында мынандай дағды игеруге болатынына көзім жетті.

Оқушылардың дұрыс, шапшаң оқуы;

Әдеби көркемдегіш құралдарды қолдана білуі;

Кейіпкерлердің іс- әрекетінің себептерін анықтай алуы;

Ақпаратты өз бетімен іздеуге ынталануы;

Тіл дамытуға қойылатын талаптар қандай?

Әрбір оқушы мәдениетті сөйлеу,қарым-қатынас жасау үшін нені меңгеру керек деген сұрақ туады.



  1. Сөз мазмұнды болуға тиіс.(сөйлемдегі сөздердің мағынасын толық түсіну керек)

а) Сөз арқылы жаңа ұғымдар қабылдау(белсенді ойлау қызметі арқылы жүргізіледі)

  1. Сөз жүйелі болу қажет.(негізгі айтылытын сөзге назар аудару)

  2. Сөз нақты, анық болу керек(сөз, сөз тіркестеріне көңіл бөлу)

  3. Сөз мәнерлі болу қажет.(сезімге әсер ету)

  4. Сөз түсінікті болу қажет.(айтылытын ойды дәл жеткізу)

Мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан да осындай әртүрлі тіл дамыту жұмысын жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық 105-109 б. www.cpm.kz

  2. Айтбенбетова А.Қ. Ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалог: лексикалық, синтаксистік және стилистикалық сипаттама. А.,2007

3 . Имангалиева Г.С.Типология диалога (на материале казахского и русского языков. Алматы, 1999.с. 17б.

4. Абдыкаримова Д.Б. Типология реплик казахского и русского диалогов.

5. А.,1999;  Қаңлыбаева Ж.С. Коммуникативтік акт шеңберіндегі жауап репликаның қызметі. А.,2006.

6. «Ақындық өнер»(оқу жұмысының бағдарламасы) Алматы 2010



7. Ана тілі оқыту әдістемесі. «Атамұра» Алматы 2012

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет