мәжілісінен қатысып, жүзіне қарайтын едім. Осылайша, жүрегімдегі қаттылық жоғалып, ішімде құлшылық ынтасы оянып, жалқаулықтан арылып, апта бойы осы шабытпен ғибадат ететін едім.» Мәжілістерде болып, шешендік сөздерді үйрену және тіл заңдылығын бұзбай сөйлей білу де, иманды бекіту амалы болатынын, және тіл білімінің имандылық турасында маңыздылығын, пайғамбарымыздан: «Тіл дұрыс бағытта болмаса, жүрек дұрыс бағытта болмаса иман дұрыс бағытта болмайды.» (Ханбалдан. 198) Олай болса, Алланы еске алып, зікір ғибадатын жасау үшін, әуелі ана тілін жетік меңгеру негізгі бағыт болып, екінші бағытың жүректің жағдайына байланысты болмақ. Сондықтан да сөз ғылымын меңгеруде, тіл мен ойдың арасын бұзбай сөйлеуді, дін философиясын жетік білуден және жүрек көзінің ашық болуы яғни ақиретпен байланысты да тіл білімін меңгерумен, өліктермен тілдесіп, пайғамбарымыздың шапағатына жалғанумен ғана иманың дұрыс бағытта болуын қамтамасыз ете аламыз. Ал, ата жолындағы үнемі құрбандықтар шалып, құдайы тамақтармен жамағатты қалыптастырып, зияраттарға, алыс сапарларға бірге шығып, сұхбатас жолдас болу қазақтың ғұрпы, иманды меңгеру амалы екені де хақ. Енді аяттарға жүгінсек: «Қаншалаған кент Раббыларының және елшілерінің әмірлерінен бас тартты. Сонда оларды қатаң түрде есепке тартып, өздерін жаман азаппен қинағанбыз (8) (Раббымыздан күнделікті түсіп тұратын түс көру, аян, уахи-нұсқауларды, әмірлерін тыңдау міндетті.) Сонда өз істегендерінің сазайын тартты. Негізінен олардың істегендерінің соңы зиян. Алла оларға қатты азап әзірлеген. Әй ақыл иелері! Алладан қорқыңдар. Иман келтіргендер, Алла сендерге бір зікір түсірді. (10) ( жоғарғы аяттағы ескертулер, істердің түс, аян болып бейнеленуі, әмірлер зікір болып саналады) Сондай иман келтіріп, жақсы ғамал істегендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін Алла сендерге аяттарын оқитын бір Елші жіберді. Кім Аллаға иман келтіріп, жақсы ғамал істесе, Алла, оны астарынан өзендер ағатын әрі онда мәңгі қалатын ұжмақтарға кіргізеді. Расында Алла, оған нендей көркем несібе берді.» (65-11) Адам баласына жаратқаннан жіберілетін, үрленетін рухы да, сол адам баласына жіберілген, тағайындаған Елші-періштесі, яғни (11-санды кісісі) болуы міндетті болады. Ал енді жоғарыдағы (2-155) аяттағы 13-санды Мұхаммед пайғамбар аруағы деп ескертіп, енді 13-ші сүреден пайғамбарымыздың аруағымен қалай жалғанатын хикметі бар екенін білуге болады. Аятта; «Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы періштелер бар. Расында бір қауым, өзін өзгерпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ Алла бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Ірі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші де жоқ.» (13-11) Осы аятпен әрбір пенденің 11-санды періштелері болатынын, оны 4+6=10; 10+1=11; сандық жүйеден пайда болатынын және негізінен бұл періштелердің, күзетшілердің бәрі жанмен басқарылатын «Аруақ» атты «Алланың өзі» болып табылатынын, «...Алладан өзге бір жәрдемші де жоқ.» (13-11;23) сандық мәнімен, кітаптық жүйені ескертіп тұрғаны хақ. Сондықтан, осындай жүйемен салыстыра отыра, ислам ғалымдарының құранның жүздеген аятына ашық жала жауып қана қоймай, «Аланың өзін» яғни әулие-әмбилер жандарының «Бірлігін», шапағатшылығын теріске шығарып, «Алладан басқа» яғни «шайтанан» деген пәтуамен Аллаға ортақ қосатындықтарын, өз еріктермен мойындаулары да мүмкін емес. Сонымен, бұл аяттармен Раббымыздың, яғни Иеміздің, рухани әкеміздің өзі «Бір» болып, сондай бірліктегі елшісінің көрсеткені бойынша, ғамал істесе, онда дүние тіршіліктік өмірі де ұжмақтық болып, екі өмірдің де бақытына бөленеді деп ескертеді. Және де, бұл аяттармен жаратушымыз 11-санымен «құттарың» өздеріңде, Алладан тағайындалған елші күзетшілеріңмен бір қауым болып саналасыңдар. Сондықтан да елшілерге жазылу арқылы түсірілген қандай да болсын, тағдыр сынақтарын көріп, елемей, оны жақсылыққа жорып, амал жасамағандарға ешқандайда Алла тарапынан басқалай тағдырын өзгертуші болмайды. Және өз қауымыңнан басқа Алланың жіберген бейнетінен құтқарушы, қайтарушы жоқ. Алланың өзі-сипаты, хикметі қасыңда жүр, соған құлақ салып амал қыл,-деп ескертеді. Енді әрбір зікір, Алланы еске алу амалдарының, сұхбат мәжілістерінің бәрі ғибадат яғни намаз орындау амалына жатады. Ал, егер енді оған құранның белгілі бір жалбарыну аяттарын мен дұға тілектерін қоса оқып, намаздарды орындаған жағдайда, онда бұл амал сәзждеге айналып, және намаз оқу болып есептеледі. Әулиелер басына барып, құран оқып (намаз оқу), дұға жасап, өзіңе тілек тілеп және сұхбаттар құру, Алланы еске алу және Раббының аттарын еске алу зікір болып саналады. Құран аяттарында намаз оқу арқылы, Раббының аттарын еске алып құран бағыштап зікір айтуды «Пәктеу» деп түсіндіреді. «Әй мүміндер! Алланы өте көп зікір етіңдер.(41) Оны ертелі кеш пәктеңдер (42) Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін өзі рахмет қылып, періштелері дұға қылады. Сондай-ақ мүміндерге ерекше мейрімді.» (33-43) Енді, сандық мәндерді зертеуді былай қойғанда, Алланың рахметін, шапағатын жеткізетін періштелер мен өз еркімен дұға қылатын, сөйлейтін жоғары ақылды, адамдық сипаттағы періштелердің де болатынын ескертеді. Бұл аятпен, бес уақыт намаз оқу барысында, ақшам және таң намаздарында құрандағы арнаулы уахи етілген, жалбарыну аяттары мен зікірмен қайталау түрінде оқып және бүкіл пайғамбарлар мен Алланың сүйікті құлдарын, ата-аналарыңды яғни Раббылырыңның аттарын еске алу да, момынның намазы «мүмин» болу деп ескертеді. Аяттағы 41-санымен де Алланың түсірген рахаметін орындаушы періштелердің, кісілердің болатынын, қазақтың дәстүрлі діні; «Ғайып ерен қырық шілтен»-Алланың өзіндік бір сипаты екенін білдіреді. Алланы еске алудың намаз оқуда, намаз орындауда және намаздарды толық орындауда, әрбір ұлттың үмметтік, тілдік ерекшеліктеріне де қарай өз араларынан тағайындалған, жол басшылары арқылы берілген шарттары, өлшемдері де бар. Мысалы арап тілді, сөзі қысқа бірақ көп мағыналы елдер үшін, тек құран аяттарының аясында зікірлері болса, түрік тілі, әсіресе сөзі ұзын қазақ елі үшін, зікірдің ауқымы өте кең. Сондықтан Арыстан бабамыз, Алаштан туған қазақтың тәжік нәсілді ұрпағы болып, Укаша сахабалармен бірге, пайғамбарымызға барып, ислам дінін орнатуға сахаба болып соғысқа қатысып, және пайғамбарымыздың құрмамен аманатын алып, 500 жылғы жер бетіндегі өмірінде бүкіл Азия елдерін аралап, дінді таратып, ислам дінінің барлық дінінің сатыларын меңгерумен бірге: 33-түрлі дінді білген деген сөз бар. Құранның 33-ші «Ахзап» сүресімен қиямет мерзімінің білімін және 1000-түрлі зікірдің сырын меңгеріп, Ясауи бабамызға үйреткен. Ясауи бабамыз, бұл зікірлердің намаздарын жетілдірумен үш топқа бөліп, орындау қағидасын көрсеткен. Осындай зікір туралы керағар пікірлерден, әрбір діни топтардың өздерінен тән ғана жүктелген зікірлері арқылы әулиелік дәрежеге жетіп, сонан пір атанып, өз ұлттық тілі түгіл, басқа тілдегі мұсылмандарға да, өздерінің діни рәсімдік ұстанымдарын тықпалап, ал оны жасамайтындармен қарсы болып, осындай 72-топқа бөлінудің өзі де зікірлік мақам табу әдеттерінен пайда болады. Сопылық мақам дегеніміздің өзі, әншілердің белгілі бір үнді сөзбен өрнектеп, өзгелерден ерекше шығарып, адамның есту сезімдеріне қуат әсер бергені сияқты, дін адамының құран аяттарын оқудағы ішкі 7-мүше (ағзалар) періштелер үнінің, әрбір пенденің өзіндік үн қуаты «До»-сы болған, бір дыбысқа қосылып, зікір салуымен көрнісін береді. Ал әйел затының үні өте нәзік, жіңішке әрі қысқа толқынды болғандықтан, көркем сөз, ән айтқанының өзі адам баласының ішкі сезімдеріне ерекше әсер беріп, не нәпсісін қозғайды немесе қиялға жетелеп, сөз ұғымы қанға, жүрекке тез қабылданады. Сондықтан құранды дауыстап оқуға, әйелзатына мүлде тиым салынған, өйткені; «Ақылы қысқа, шашы (жүн-үн) ұзын» болып, қысқа толқынды ұзын үнмен, нәпсіні, жынды шақырып бейнелеумен, керісінше зиян тигізеді. Әйелзатының дұрыс, таза ойының қалыптасуының өзі, зікір болып, жүректерінің тазалығын және қан тазалығын сақтайды, өз ұлтының діл қазынасын қалыптастырады. Ұлттық тәрбиесі дұрыс болмаған нәпсінің құлы болған қыз, келіншектеріміздің; тілі, сөзі және ойы жан-жақта болып, ділі азып жетілмеу салдарынан, өмірге ауру немесе рухани жетімсіз, тексіз ұрпақтар мен қандары да азып, өмір жастары қысқа, жұбайлық өмірді атқара алмайтын; «Қазақ қай бір сүтті қызын береді дейсің», «Сұлулығына су құйып ішесің бе?» дегендей еркекке беретін; «көмір суы-винный уксус» атты өмір-көңіл суы, шабыты болмай, өмірлері де жесірлікпен, немесе «Қотырға соқыр сай болғандай» керісінше еректің қанын аздырып, санасын жауып, өзі де азған жұбайына сай тіршілік етуге мәжбүр болады. Негізінен ділі таза, ананың бесік тербеткен әлдиінен құдіретті үн, зікір де жоқ. Сондықтан; «Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген мақалдың астарында үлкен некелік, жыныстық құпия сыр бар. Пайғамбарымыздың: «Мен жеті сүйекпен сәзжде жасауға бұйырылдым» деген астарлы сөзінің негізгі ғылымы пайғамбарымыздың намаздарының, яғни зікірінің нәтижесі, әйел затында діл бақшасын өсірумен, аналарымыздығы қолдарының «ақбілекке» айналып, жеті сүйегінің оң, сол болып дін тағдырынан айналып және іштегі, ағзадағы, тәндегі 3-түрлі періште жеті қозғалыс мүшесінің бірлігін; 7(1)+7(1)+7(1)= 21;(111;3)-санды «Әнбия» сүресінің, мұсылманның ақ туының, ата-жолы жалауының негізгі сыры осында тұр. Тек өкінішке орай, бұл жалау қазақ елінде Айша анамыздың ақ туы, зікірлер хикметі болып желбіргенімен, бұндай ашық хикметке, Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағаттарының бейнеленуіне, алдымен дін ғалымдары, жазушы қауымы, ел басқарушыларымыз қарсы шығып, өздері Құдай ісіне, хикметіне, иманға қарсылық жасаған; «... қабірдегілерден күдер үзген кәпір елдегідей...» (60-13) кәпірлерге айналғанын білер ме екен? Пайғамбарымыздың жұбайлары да осындай құпия сырларға байланысты, пайғамбарымыздың рухын толық тазартып, жүктеле алмай, ұрпақ сүймей, оң қолдарымен арап нәсілі болып, бесік тербетпесе де жан, рух сүннетелуі арқылы пайғамбарымыздың тегін, кітабын ақирет тіршілігінде қасиет қылып, қандарына жазып, оны аруаққа айналдырып таратумен, ислам әлемін сол қолдарымен жандары арқылы тербеткені хақ. Енді әрбір құран аяттарын, үгіттерін, ғибраттарын көркем сөзбен өнерлеп, сандық жүйемен насихатын белгілеп, жазылған әрбір өлең, жыр, қиса, ғибратты сөздер де зікір болып, оны түрлі жағдайда ән, тақпақ, мақал, насихат қылып айта білу де, сұхбат зікірінің негізі болып саналады. Қазақ елі бұл салада да, мол рухани қазынасы бар, және де әлемде теңдесі жоқ үлгісі бар халықпыз. Тек қолда бардың қадірі болмай, білімді қауымдағылырдың көпшілігі, өзгенің жуындысын көп ішкендіктен, дәмді сөздің қадірін білуден мақрұм болған елге айналып алдық. Ясауи бабмыздың хикметтерін, яғни әрбір санмен берілген аяндар, үкімдер жүйесін халықтың түсінігіне қарапайымдап жақындатып, дінді бір тек сәлде орап намаз оқып, сопылық қылдым деп сыртын бояу емес, ділді тазартып және оны өсіру үшін тіл білімін меңгерудің, яғни барлық жартылыс әлеміне жалғану, ішкі сырын зайырын меңгеру, иман атты құпия білімді жанға жазу екенін және бұндай дәрежеге жетуге қарапайым, ақын, жазушы, ғалым, шопан, шаруаның да меңгеріп, тақуа атанып, ұжмақтық болуға еркі бар екенін көрсетіп, насихаттап кеткен. Ал, Абай-Шәкәрім дін философиясымен, теологиясының Ясауи бабамыздың ілімін түсіндірумен және халыққа рухани қазынаның құпия сырларын меңгерудің есіктерін ашып беруімен және ислам әлемінде де жалпы бүкіл әлем философиясында сөз өнерінде, насихат зікірінде, ислам дінінде жүйеленген бұндай еңбек жоқ деп айтуға қақымыз әбден болады. Бұл еңбектерден артық, шабыт қуаты болып, ділін тазартуда, қазақ баласының жүректерін, терілерін жұмсартып, жаратқанға деген иманын жетілдіретін, зікірді қазіргі таңда қайталап кеңітіп жазған қазақ әзірге арамызда пайда болған жоқ. Абай атамызбен сопылық мақамды меңгеріп, Ясауи бабамызға жалғанудың ішкі сырын, зікірін және намаздардың орындалу сатыларын ашып көрсете білсе, ал осындай көркем сөзді баспалдақтар арқылы, көке де бір қуатпен көтеріле білгеніне нақты дәлелі бар Шәкәрім атамыздың еңбегіне, сопылық мақамдарды меңгердім деген, ғалымдардың, теолог, жан сырының «психолог» ғалымдарының да тісі әзірге бата қоймас. Олай болса, сопылық дін топтарының пікірі бар да, зікірі дұрыс және толық емес, сондықтан тура жолдың қисығына түсіп алып, тіл білімінің 70-сипатты сырын, құранды жатап, арап тілін меңгерумен, бет алдына лағып жүргендер деген пікір қателік емес. Алдыңғы алтыншы басылымда құран аяттарының зікірлік ерекшеліктеріне арнаулы тақырып арнап, ата жолында атқарылып жатқан дін тәрбиесінен арнаулы дәлел, мысалдар келтіреміз.
Ақ Бақсылықтың мақамы және зікір хикметтері.
Құран түскенге дейін, тіл білімнің құпия саласы болған, бақсылық істерді меңгеру үшін, түрлі дұғаларды, түсініксіз сөздермен мақам жасап, жын-шайтанның арасын ажыратуды, емшілік істерін жүргізуде пайдаланған. Ал, негізінен ислам келгенен кейін, ақ-бақсылық, тіл білімін меңгеру, діннің елшілік істері болып, інжілде көрсеткендей, сенімнің жоғары дәрежесіне әулиелік сатылардың бигіне жеткен сопылар, қарапайым сөзбен-ақ, тылысым қуаттарының тілін біліп, бұйрық беру арқылы, жындарды аластауды, түрлі аурулардан сөз арқылы сауықтыруды меңгерген. Бұндай жағдайлар қазақ аталарымыз исламның арап еліне келгенге дейін де, кейін де, құран аяттарын пайдалану арқылы жалғастырып, талай хикметтерінен үлгілер қалғаны тарихтан мәлім. Ал, аятта Раббымыз, Мұхаммед пайғамбарымызға; «сен бақсы емессің, ақын емессің»,- деп ескертуінің өзіндік сыры бар. Оған себеп, құран аяттарының оқылуы мен оны үнемі есте сақтап жүйелеп, үгіт, насихатын түсіндіріп, намаздарын орындауларын көрсетіп, үлгі қалдырудың өзі, бір адамның бойына сиятын іс емес, мұғжизаның үлкені және бақсылық, ақындық қасиеттерден де жоғары тұрған, барлық құпия болған тіл білімінің жоғарғы дәрежесіндегі ғалымдық қасиет еді. Сондықтан «Кімге ғылым берілсе онда соған мол игілік берілді деп есептеңдер», деп тіл білімінің жоғарғы дәрежесін, рухтың тілін толық меңгеруді ескерткен. Бірақ, пайғамбарымыздың діннің, иманның құпия қуаттық дәрежелерін де, яғни ақ-бақсылықты меңгергеніне көптеген дәлел, көрсеткен хикметтері де бар. Ислам дінінің бекуімен бірге, сахабалардың сенімділігін, иманын артыруға және ислам, құран мұғжизасына күмән келтірген, қарсы шыққан пенделердің, мүшкіріктердің де иман келтіруіне көрсеткен, түрлі мұғзижалы хикметтер мен аспан мүлкі; айды да екі жарып көрсету хикметті және миғраж оқиғасы, пайғамбарымыздың осы ақ бақсылық қасиеттің, елшілік істерінің және иман қуатын меңгерудің, ең жоғарғы дәрежесіне көтерілгенін ескертеді. Енді пайғамбарымыздан кейінгі келетін елшілердің, жол басшыларының аяттарды оқуға берілген жаратқанның нығметінің растығын мойындау үшін, міндетті түрде меңгерген кітаптары яғни ерекше хикметтерімен белгілі болып, сонан қазақтағы кітапқа, хикметті істерге иелік етуші; «қожа» ұғымы қалыптасып, оны көрсеткен елші, қожалардың ұрпақтарын да, көрсететін хикметі, бақсылық істері, кітабы болмаса да, қожалар руына айналдырып, ерекше жартылғандар яғни арап тұқымдастар қатарына жатқызумен, құран насихатын да, жан ғылымын да теріске алғаны хақ. Бұндай жалған пәтуа, пікірлермен; құранға, жаратушы үкімдеріне қарсы шығып, күдіксіз Раббымызға ортақ қосқан ел болып саналамыз. Ал негізінен бұл кітап алудың нығметті әрбір дін ісімен, құдай ісін қатар алып жүре білген, Алла жолында мал-жанымен соғыса білген, әрбір ұлтына, руына, нәсіліне де қарамай қалаған құлына берілетін ерекше сый болып есептеледі де және пайғамбарымыз; «Араптардың өзге рулардан, халықтардан ешқандай артықшылығы жоқ» деп ескерткен. Арыстан бабамызға пайғамбарымыз құрманы тапсырғанда, діннің тазалығын сақтау қожалығын да бірге аманаттағанын білсек, онда бабамыздың немересі Сунақ атамаздан тарғандардың бәрі арап нәсілі емес, керісінше қыпшақ болып, онда енді қалай атауымыз керек? Сол сияқты, Укаша атамызбен бірге барып соғысқа қатысқан, тікелей пайғамбарымыздан батасын алып, қожалықты меңгерген, қыпшақ нәсілді аталарымыздан тараған үш жүздің негізін қалайтын әулиелер ұрпақтарын да кім деп атаймыз? Сонымен бірге мұсылманды бір- бірінен мынау төренің немесе қожаның тұқымы деп ерекшелеуден құранға да, пайғамбар өсиетеріне де қарсылық болып саналады. Сондықтан да «Қожа» атауы, әулиеліктің құранды меңгерумен және арнаулы хикмет алумен байланысты болып, бұндай дәрежені; «Пайғамбарымыздан; «Алланың кәміл құлдары (қожалар) кімдер?»,-деп сұрағанда: «Алланың әулие құлдары-жүздеріне қарағанда Алланы еске түсіретіндер»,-деген» (ибн Мәжжәдан) Ал, құран ғылымында «қарағанда Алланы еске түсіретіндер» маңдайдағы сәзжде ізі «насыр» деген жұлдызы жанған, қуатпен байланысты болып табылады. Осындай астарлы атаулармен берілген жан, рух қуаттарының арасын бөліп, онан кейін қайта бірлену хикметтерінің меңгерудің сырын Ясауи бабамыздың; «Ху», Хай», «Әнталхап»,- деп айтып жүрдім деп ескерткен. Бірақ мұндай әулиеліктің және иман қуттары болған, астарлы сөз сырларын, сол қалпында өлеңге айналдырып, зікір қылып айтумен сопы яғни қожа болдым дегендер де мүлде адасушылық болып табылады. Бұндай зікірлер, адам бойындағы қасиет көздерін ашуға бағыталған; Ху-зікірі шайтаннан түрткі болғанда айтылатын және шайтанды тәрбилеумен, мидағы сары суды шығарып, ойды қалыптастыру мақсатында белгілі бір аяттармен, атаулармен айтылса, ал Хай-зікірі, жынмен арпалысу мақсатындағы құраннан берілген ем-шипа аяттарымен және түрлі қамшы, үн аспаптары, аса таяқ сияқты емдік мақсаттағы құралдарды пайдаланумен белгілі бір мақамға айналдырумен де байланысты. Әнталхап-зікірі қазіргі кездегі жалаңаш азған әйелдерге, еркек жынмен-шайтанның араласуымен болатын, ең қауіпті қара күштермен соғысу тәсіліне байланысты, құраннан заманның ерекшелігіне қарай ем-шипа болып, Раббымыздан уахимен арнаулы берілетін аяттар мақамы болып табылады.Бұл хикметер, қазіргі таңда, ата жолдық біздерге көрсетілген жағдайда; «Ясин», «Аятул күрсі», «Құрайыш», «Філ» сияқты сүрелер арқылы орындалады. Бұл қуаттар сондай арсыз әйелдер арқылы еркекке неке төсегі және жезөкшелермен «бой суыту» мақсатындағы жыныстық қатынас арқылы да, суықтық, «тымау індеті», бейнеленген иіс болып енетін; «сынықтан басқаның бәрі жұғады» деп білген аталарымыз. Осындай насырлық қасиеттің екі түрі, «жұлдызы», әулиелігі болып, оны; «Қожа насыр» және «Әбу насыр» деп атаған. Ал үшінші жұлдыз, адамның малдық қуатын ақыл «Қайратқа» ерік күшіне өнерлерді, шаруашылық істерді меңгеруде еңбектеніп, бейнеттің зейнеттерін алу арқылы дүниелік нығметке, несібеге, ризыққа байланысты болады. «Қайрат,Лама, Шәрип» деген осы адамдық қасиетті үш жұлдыздың, пайғамбарлық қасиеттің «Ахмет» дәрежесінің белгісі. Бұл белгіні құран сүрелерінде; «Аліф Лам Мим» деп құпиялап көрсеткенде, оның сандық белгісі 124-болып, Ыбырайым пайғамбар жолына дейін қосылып, көк мүлкінің құпияларынан, сырынан білім алумен байланысты. Сондықтан құрандағы көптеген сүрелердің «Алиф Лам Мим» деп басталуының өзі сүренің ішкі насихаттық сырының үш түрлі құпиясын ескертіп тұрғаны хақ. Енді «Алиф»-тік білім жолымен ең бигіне көтеріле білген Әбу Насыр Әл-Фарби атамыз болса, ал «Лам»-алық, яғни Қожа насырлық биіктерін алған билеріміз, абыздарымыз, ишан, пірлеріміз жеткілікті. Қожа насырлық қасиеттер, Зәбур ұстанымдары Дәуіт, Сүлеймен пайғабарымызбен тығыз байланысты және исламдық та зікір хикметтерімен байланысты. Енді Қожа насырлар сөз құпиясын, құран ілімін меңгеру арқылы, түрлі хикметі істерді көрсетуші болып, ал Әбу насыр, құпия ғылымды, ілімнің білімін меңгерушілер, жетілдірушілер болып есептеледі. Қожа насырлар, қазақ еліндегі сөз ғылымы мен түрлі хикметерді көрсетіп, жынды байлау, тазарту, емшілік істерін меңгеруші сопы-дәуріштер болып саналады. Ал Әбу және Қожа насырлықты қабат меңгергендер, құран сырларын ашып, артында нұрландырушы кітабы қалған елшілер, Ясауи бабамыз сияқты жол басшылар кіреді. Сонымен бірге мүмін аталып, пайғамбарлық қасиетерді меңгергендер, түрлі жағдайдағы рухани шабыт дарындылықтарды, шығармашылықтарды, сазгерліктерді меңгерумен ерекшеленіп, «Мим»-ді меңгерушілер тобына жатады. Және пайғамбарымыздың; «Мен құранның жеті үнін меңгердім» деп ескертуінің де сыры мақам табу жәнен құранның жеті түрлі үндік, кітаптық, аруақтық қуаттық сипатын меңгерумен де «Мим»-дік болып саналады. Бұндай толық «Алиф Лам Мим» болған құран сырларын, 3-түрлі көрніске аяндарға айналуын, хикметтерін көркем сөзбен толық бейнелеп, санмен ғылымын көрсетіп шыққан, әлемде пайғамбарымыздан кейін, Ясауи бабамыздан жоғары әулие жоқ десек қате емес және оған дәлел болатын, сан ғылымының тәпсірі, нақты 3-түрлі сандық өлшемдермен жазылған «Сани дәптер» құран тәпсірі кітабы да, әлі зертелмей, сондықтан әлемге де танылмай жатыр. Әбу насыр хакимдік, ғұламалық қасиеттер болып, «Әліп Лам Мим» сырын ашып, оны ақындық көркем сөзбен насихатын ашып, қазақ ұғымынан түсінігінен қарапайымдап, жақындатқан, көктің мүлкінің құпия сырларын да меңгере білген Абай-Шәкәрім аталарымызды да жатқызуға әбден болады. Олай болса Абай-Шәкәрім аталарымыздың зікір қуатын 124-санымен белгілеуге әбден болады. Және маған ескертілген аян бойынша Абай атамыздың зікірлік «Лам» қуаты 127-санмен де көрсетілді. Болашақта бұл сандар құпиясының да маңызы, ғылымы, өлшемдік құпия сырлары да мәлім болары хақ. Сонымен мұндай ділді қалыптастыратын қуаттық шамалар, болашақта ғылымда айқын болуға тиісті, Абай-Шәкәрім атамыздың жерленген орнынан, Раббымыздың қалаған құлынан берілетін нығмет несібе, ой қуаты-ойпат деп біліңіз! Сондықтан да, Абай танушылардың Шәкәрім атамыздан иман қуатына жалғанып барып, екеуінің арасын біріктіре білмеген жағдайдағы тірліктері, бос әурешілік, болашақ білімді, ілімді меңгеретін жастарымыздың алдында да әлем ғалымдарының алдында тек күлкі боларымыз хақ. Шәкәрім атамыз қожа насырлықты да меңгеріп, Абай атамыздың хикметті сөздерінің сырын жетілдіріп, және бақсылық істерге айналдырумен, бірақ көрсеткен хикметтері тек кітап жүзінде өзінің баяндауымен ғана бізге белгілі болғандықтан, сол кездегі халық дала кезген; «Қожа насыр» деп «жынды» атағаны сөзсіз, бірақ онда ақ бақсылық негіз бар екенін, ол заманда ешкім біліп бағалай алмады да. Бақсылықтың негізі Кришналық, будда, шамандық дін ұстанымындағы үн құдіретін меңгеру деген бағыттың ең тазасы, қазақ аталарымыз үнді түрлі аспаптармен әсіресе қобызбен, домбырамен жаратылыс сырын жырлап және құран аяттары арқылы жын-шайтанды аластауды, қамшымен шипа беруді жетік меңгерген. Сондықтан Шәкәрім атамыз бұл бес қуатты мегерудің құдіртті үн мақамды «Қорқыттың сарыны», «Қобызым неге сарнайды» деген өлеңдермен суреттеп көрсеткен. Барлық жаратылыс егелерінің үндерінің бірленуімен, Раббына қосылуға соған байланысты құран аяттарынан рахмет үлесін алумен көрінетін, Алланы дәріптеу мақамы деп, және Тәурат арқылы берілген мұғжиза, Алланың кеңшілігі, Мұса пайғамбар бақсылық істерінің жалғасы деп; 64-сүре мен 64-ші санды аяттардың қиямет мезгілінің сарынын, сүр үрілу жұмбағын, Алланың мейрімі түсіп, пенде бойындағы түнек күштерін аластап, жамандықтан тосудан белгі, хикмет көрсетуді; «...Сонда сендерге Алланың кеңшілігі, мейрімі болмаса, әлбетте зиянға ұшыраушылардан болар едіңдер.» (2-64) «... Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Мұхаммед «Егер шыншыл болсаңдар, дәлелдеріңді келтіріңдер де» (27-64) Шыншылдық, дегеніміз Алланың кеңшілігіне кемелдікке, әулиелікке, кітаптарына қожалыққа жетіп, дәлел келтіріп, жын-шайтанды ауыздықтай білуде, және құранның 7-түрлі де үн құпиясын меңгеріп, өлімге қарсы тұра білуде деп: « ...Аңғармай кетпе арынмен, Қобызбен Қорқыт сарнаған. Болмады жері бармаған, Мұңлы әнмен өмір суреттеп, Сол әнім соған арнаған...Әсерлі үнмен толғаған Сол әнді ойым ұнады. Зарласам, көңілім тынады. Сарынға өлең салдым мен Түп-түгел сөз боп шығады...Ескіден қалған бұл жұрнақ, Жақпаса қойсын жастарға, Жырлаймын ойлы достарға, Мен өлсем сарын жоғалар, Қимадым көміп тастауға. Сондықтан айтқан бұл жұмбақ Сарын тез жайылар бойға. Айдап түсірер сен білмеген Тіпті жат ойға.
Достарыңызбен бөлісу: |