5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі


Сахабалар жолын ұстаныңдар



бет20/30
Дата13.12.2016
өлшемі4,28 Mb.
#3746
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Сахабалар жолын ұстаныңдар» деген өсиетімен, бірақ тек араптардан шыққан немесе арап нәсілді сахабалар ізіне ғана еріңдер деген де ескерту де жоқ. Және де, шариғат ісі болып қалыптасқан, дін ісі болып бекіген, араптық қана дін үлгісімен қиямет-қайымға дейін, оларға берілген дін білімін ғана пайдаланыңдар, деген де аят, өсиет те мүлде жоқ. Осындай неге жоқ деген, жоғымды іздеген, сансыз сауалдарыма жауап беретін; «құс ілімі» яғни пайғамбарымыз ескерткен, діл білімнің сыңары болған «тіл білімі», аруақтық білім,- деген ата-бабадан қалған аманатымыз, іліміміз енді білім болып, шым-шытырық түстерді үнемі терістеп, жақсылыққа жори бергенен, қанымда жүрген шайтанда әбден шаршап, әлде мүлде жеңіліп, түсім енді анық аяндармен, сандармен білімге айнала бастады. Сонан Абай атамыз ескерткендей, «оймен тілдің арасын бөлме!» деген шартын меңгеру арқылы ғана, құранды түсініп оқуға деген махаббат ашылып, шабыт болып тұрақты әдетке айналып, оның да оқу жүйесі қанаша рет қайталап оқу керек екендігіне де батамен үнемі ескертіп, аруақтар жетекке ала бастады. Қаншама әулиелермен жүздес болғанымды, ақыл тыңдағанымды кітаптарынан аят-аянын алғанымды; сансыз бірліктердің, біртұтас періштелердің өзі болған, Бір Аллаға аян, бірақ көптеген пайғамбарлармен кездесіп, тіптен Ғиса пайғамбарымыздың да мендей қарапайым қазақтың қара баласына рухани жетекші болғанын, он жыл өткенен кейін жатқан, жерленген жерін, өзін көрсеткенде бір-ақ білдім. Аталарымыз: «Алланың бергенімен мақтанба, көрсеткенімен яғни хикметімен мақтан» деп ескертіпті. Сондай мақтанға тұралық жағдайдың негізі, ата жолын аяқ басқанан кейін бірталай жылдардан соң, Мұхаммед пайғамбарымызбен де кездесіп, артынан үш түрлі шапағатынан аян және аманат алдым. Әрине бұл жағдай ата-жолы тек зираттаумен, мал жұмсап, жол ашылып, тұрмыстық жағдай мен денсаулықты жақсартумен ғана шектеледі деп түсінбей, дін парыздарын толық орындап, тылсымнан келетін нұсқауларға ерекше мән беріп, аяқ асты қылмай, намаздарды толық орындап, құранның үгітін қазақ тілінде өзіңше ізденіп, насихатын білген, үйренген ғылым-біліміңмен салыстырып, есептеп, миыңды ашытып, ойға салмақ салғанда ғана, Құдайдың әрбір Мұхаммедтің үметімін деген пендесіне ашық көрсететін ортақ шапағаты жәрдемі, білімі де оқылуға ұлықсат беретін; шапағатынұр-шырақ» екенін де білген жөн. Енді алдағы бұл химетті жағдайларды да, басылымдарда тақырыпқа қарай баяндап, мысалдар келтіре жатармыз. Енді осы басылымға байланысты намаз оқу және сәжде туралы мынандай аян-уақи көрдім: Түсімде көктің бір орнына апарып (мизан орны болар деп түсіндім) аруақтар жиналып; Мұхаммед пайғамбарымызды қарсы алуға күтіп тұр екен. Сонан бір кездерде; «Пайғамбар аруағы келді»деген дауыс шығып, маған дауыспен; «Менің дүниемді түгелде!» деген бұйрық келді. Мен; Пайғамбарымызда қандай дүние болушы еді, өмірден озғанда, артында түйесімен, шамалы заттардан басқа ештеңе қалған жоқ,-деп жауап бердім. Менің қасымдағы кісі; «Тез, тез ойлан, басқаша болу керек, тап!»-деп асықтырып жатты. Мен қанша ойлансам да, ойыма ештеме кірер де емес. Бір кездерде жанымда тұрған бір кісі жәрдемге келіп, маған санама «Сүннет!» деп салып жіберді де мен «Ол пайғамбарымыздың сүннеті.» деп қуана жауап қайтардым. «Ендеше түзе!» деген бұйрықпен мені оятып жіберді. Осы жағдайдан кейін масһабшыл ғалымдармыздың жазған еңбектерін, қолға түскен сопылық басылымдары да, Ясауи бабамыздың еңбегімен салыстырып зертеп көрдім, алғашқы жылдары құраннан алшақ қателіктері болмаса, намаздарынан тағы басқалай істерінен қателіктер де таба алмадым. Оған себеп, уағыздары да, жазбаларыда бір қарағанға, барлығы керемет, әулиелік пәтулармен, майда сөздермен, мен танымайтын, өздері ғана білетін арғы бетік тақуалардан алынған, өнегелерден тұратын тұнып тұрған кісілік! Және арапша сен түсінбейтін сөздермен арбап алады да, сахабалармен бірге жүргендерді, көргендерді, көрген адамдардың айтқандарын марапатап шебер жеткізіп, ондай жерлерде, мешіттерде, қазақтың әулиелерінен бір де бір еңбектерін көрудің де естудің де мүмкін емес. Жазатайым, егерде ұлттық намысың оянып, аталар еңбегіне біліміне сүйеніп, қарсы пікір білдірсең, онда балаңмен жасты балар; «арап тілін білмейсің, сауатсызсың, адасып жүрсің» дегендей айыптаулармен, бетіңнен алып, жабылып кетпей тұрғанда ол жерден аман кеткеніңе қуана бер. Ал, пайғамбарымыздан аманат келіп еді деп, имам түгіл дін ғалымы, жоғары дәрежелі хазіретіне де түсіндіру мүмкін емес, керісінше «жынданған, қуып жүр» дегендей атаққа ілініп кетуің де ғажап емес. Сонан әйтеуір, Раббыма тәуекел қылып, тылсымнан жетеленіп, әрбір амалдың қалай орындалуын көрсетумен және енді «құран арқылы сұра!- жауап береміз!», деген үкімнің түсуімен, және әйтеуір кітап болмаса да, үн парақтармен, ғаламтор бетінде халыққа аз болса да таныстырумен, пайғамбарымыздан алған аманатқа, қиянат жасап алмаудан құтылуға амал қылып жатқан жағдайым бар. Ендігісі жүрегінде қышадай сенімі бар, дін қандастарыма, осындай жазбалармен дәлелдеп, жүректеріне иманның жетуіне себепші ғана бола алсам алсам, аманаттың ақталғаны деп түсінемін. Дін адамдарындағы да және ата-жолдың сарбаздарының, аққу, сұңқарлардың да ең үлкен қателігі де, тән тазалығы мен оған басты себепші діл бақшасының күтушісі болған әйелмен байланысты ғана кітаптың оқылуы, оның сақталуы қамтамасыз етілгенде ғана мүмкіндік болатынын, пайғамбарымызға неге көп әйел алуға мүмкіндік беріліп, және Алла тағаладан нұсқаулармен мәжбүрленгенін және ондай аналарымыздың ерекше қабілетті, қасиетті, тақуалар болғанын және некенің құпия жан сыры ғылымын да әзірге білмейді де екенбіз. Мұндай жағдайды, дін ғалымдарының басқа айтар уәжі, діл білімнен хабары болмағандықтан, тек ұят тұрғысынан ғана түсіндірулерінен, масхаб білімінде жан сырынан, білімінен хабары жоқтықты, білімсіздіктерін жасыру үшін айтылған әшейін сылтау екенін білгеніңіз де жөн. Бұл туралы Шәкәрім атамыз нақты дәлелдеп, Абай атамыз астарлап ескертіпті. Сонымен құран арқылы Раббымыздан тікелей сұрап, жауап алу, тек қана Аққулардың тақуалықты меңгерумен ашылып, осы басылымдардағы ақпараттар мен алдағы ислам әлеміндегі, дін ғалымдарының әлі түсіне де кірмеген, қазақ аталарымыз меңгерген кітап болып жазылған, болашақта түсінігі де баяндалатын, жан ғылымының сырлары және заман біліміне байланысты, құран ғылымының құпиялары да беріліп, көрсетіліп жатқаны да хақ. Бірақ бұл жағдай бұрынғы замандағы түрлі арам нәрселердің тәнге сіңіп, яғни шаруасы дамыған елдерден келген азғындық әдет, қылықтардың және жалаңаш жүріп, тәнін түрлі сұқ көздермен сұқталып және жындарына шеріктер қосылып, түсінде қара түнек өкілдерімен зина, түрлі әрекеттерге барып,жанындағы рухани дәптері жазылып, жаны кірлеген әйел, еректермен бұрынғы тақуалықты меңгерген аталарымыз, аналарымыз ұстанған ережелермен салыстыруға мүлде келмейді. Сондықтан да, бұрынғы қазақтың әулие-әмбилері меңгерген, тіл білімінің хикметі және діл білімінің де екінші жұбы болған, өз ара қосылған «жын-шайтанның» негізгі жауы да, тазарудың ең төте оңай әдісі, қамшының хикметері туралы мысалдар келтіре кетейін. Алғашқы ата-жолының халық арасына жапай тарауына да діншілер, масһабшылар мен шайтаннан, жыннан болған пенделердің, алғашқы кезеңдегі мән бермеген бейтараптығы біздердің істермізге үлкен септігін тигізгені де растық. Сонымен Аққу, сұңқарларға, тылсымнан қамшымен тазарту жолдарын көрсеткен және емшілік істерін меңгерудің нұсқаулары батамен де, аянмен де көрсетіліп, көпшілік ата-жол сарбаздары қамшымен тазарту істерін меңгере бастады. Сондай кездерде, ордаға келген бір кемпірдің тілінің қыршаңқылығына, іштей менің де әлі толық тазармаған жыным да жетіп келіп, ерегісіп, қамшымен қаттырақ соғып тазалап жібердім. Ертеңіне әлгі кемпірім, тағы сондай өзімен 2-3 кемпірді ертіп келіп, және де өзінің қамшыдан кейін, сондай жақсарып қалғанын, ұйқысы түзеліп, бойы жеңілдегенін достарына да хабарлап жайып, кейінен тіптен кезекке тұрып, кешке дейін зорға қамшымен тазалап үлгіретін жағдайға жеттік. Бұндай жағдай неге кемпірлер, үлкендер арасында жақсы қабылданды десеңіз, оның да бала кезден дұрыс тәрбиеленіп, қазіргі жаңа заман пенделеріндей қандарының азбағанын, кәпір жындармен, шайтандармен жүктелемегенін, сондықтан да рухани тазаруды, жақсылықты жүректің және жын қуатарының да періштелгі болып, ақылмен тез қабылдауынан деп біліңіз. Және алдығы басылымдарда хабар беретін, жан сырының негізгі құпиясын да аталарымыз; «Кемпір-қос-ақ» деп жаңбырдан кейінгі жер ананың рухы- нұрдың бейнесіне ат қоя білуінде де, үлкен жан ғылымының сыры да жатыр. Сонымен, кейінен мұндай қамшымен тазартуды да жастар жағына да, әрине еріксіз мәжбүрлей бастадық. Кейбір еркек, әйелзаты кемпірлерден әлде қайда қуатты, ақылды саналса да, қамшыны естігенде кәпір жындары дес бермей, мал сияқты қаралай қалшылдап қорқып, кейінен мүлде қамшымен тазаруға жоламай қоятындар да көп кездесті. Оны кейінен білгенім бойынша; жындардың, қуаттардың қылықтың өзгеруімен, пенденің қылғы да малдық мінезге айналып, рухында қандай мал, хайуан бейнеленсе сондай жануар, жаратылыс егелерінің қылығына ұқсап, керісінше қандай нәрсені жақсы көрсе, сондай қылықты пенде баласы да қайталайтыны даусыз. Яғни тірілей адамзаттың өзін-өзі тозаққа салуы және мұндай жағдайда бейнелернген малдарының сиптағы ауру, азаптарына ұшыраумен де көрнісін табады екен. Сонымен бірге ішкен- жеген тамаққа, азыққа да тәуелді, тәбет, иіс, дәм сезімдері де солай қалыптаса бастайды. Иттің етін жегендер, ит мінезді және ит сияқты төзімділік те, арсыздық та қалыптасады. Ең жаманы шошқа, маймыл сиқты хайуандық қуаттың рухани өнім беруінен, пенде бойында; ұят, жиркеніш сезімдері де мүлде жоғалады екен. Сол сияқты, әйел заты, көбіне мысық тектес, тазалыққа жуынуға құмар, хайуандық қуатты бейнелеуші болса, еркектер ит тұқымдас, кез келген жерге жата салатын, тамақ талғамайтын хайуан қуаттарын жиі тұтынушы болып табылады. Алайда негізінен ұлттық тәрбие мен, салт-дәстүрін және кәсіптік, жыныстық ерекшелігін сақтаған жағдайда ғана әрбір адам баласы қоғамда, айналасында тұрақты салтқа, ұятсыздық, арсыздық болып саналамайтын мұндай мінездердің ерекшелігін байқай алатыны да хақ. Ал, егер өзі де мұндай ұлттық әдебімізге жат қылықтарды әдепсіздік санамай, сондай әрекетермен тіршілік етсе, онда өзі сияқты көп жындының арасында және жалпы қоғамыздағы біртұтас қалыптасқан ессіздік, мастардың ішінде онша байқалмайды және қалыпты адамдық мінез деп қабылдауы да даусыз. Ал керісінше «гендірлік», ділсіздік ауруға ұшырағандардың ішінде, қазіргі таңдағы әйезаттары ит мінезді, еркектердің мысық мінезді қылықтары жиі кездеседі де, тіптен індет сияқты маймыл, доңыз, қоңыз, есек қылықты т.б түрлі хайуанаттар әлемінің шеріктерін жүктеп алған пенделер де жеткілікті арамызда. Тіптен жоғарғы дәрежелі халыққа ақыл беруші қызметерде де баларға білім-тәрбие беруші мекемелерде де арсыздық, ұятсыздықты к...н, төсін көрсетіп, әурет жерлерін ашып тастап, халыққа қамқор болушылар болған әйел затының мұндай дінсіздіктердің тұрақты кәсібіне айналғаны да сөзсіз. Абай атамыз мұндай жағдайды жындылықтан да төмен «жын-шайтандық» яғни мастық атап; « ...өтін көрсеткенен жол сұрама!» деп ескертіпті. Және мұндай қылықтарымызды ашық дәріптейтін, европадан алған жалаңаш, арсыз, ұятсыз «жұлдыздық» өнерлі аталғандарымызбен бірге, біртұтас халықтың хайуандар биін тойлайтын, жаңа жыл деген мейрамыздың бар екенін де ұмытпаңыз. Сонымен бірге қиямет мезгілінде біртұтсас адамзаттың масқа айналып, қазіргі таңдағы елімізде кең өріс алып, мәдениетілік, өркениетілік болып тел арналарда ашық дәріптелетін, мастар биін билейтінін де ескерткен екен даналарымыз. Бұндай мастардың яғни жын-шайтанға айналған пенделердің сипатына көзіңіз жеткіңіз келсе, үйіңіздегі сиқырлы сандықтан жарыса мақтанып, өнер көрсетіп жатқан бес бұрышты, алтысы кем «жұлдыздар» мен, жалаңбас, қасқа бас, таз бас саясатшы, философ, тиелог-сопысымақтар және әуреттерінің, жан үйлерінің бәрі толық жалаңаш ұстайтын және көкірегіндегі жанның негізгі үйін, артындағы нәжіс орнымен «к...енмен» бейнелеген, жын-шайтанға, малға айналған ақылшы қатындардан, жасы келген ер азаматтардың да үстерінен иіс суы бұрқырап, сыртын жылтыратып, рухани дүниесі тек дүниемен, ақшамен ғана өлшенетін қатын басты болып алғанынан, жындары мен жалңаш, ұятсыз екі қолы мен аяғының арасынан байына «жала» жабушы қатындарынан алған шайтандарының шерікке айналып, жыныстық қуатына қосылумен, барлық «жын-шайтандық» яғни малдық, хайуандық, жәндіктік арсыздық қылықтарды көруге болады. Мұндайлардың кейде сырты бүтін болғанымен, бірақ жындылық сөздерімен, арсыздық қылықтармен, ұлттық салтымызға қайшы әрекетерден айқын көрініп, ал кейбіреулері ондай істерден аулақ болып, бірақ қылығы тұрақсыз болатындар да болады. Мұндай аяқ астынан өзгеріп шығатын, рухани дертілердің көзі шарасынан шығып, дөңгелене бастап және дауыс ырғағынан, сөз екпінінен, жыныстық сипатына қарай, жіңішке жуан үндерінен айқын байқалып тұрады. Қандайда болсын, кәпірге айналған, тазармаған жындармен, шеріктік-шайтандармен жүктелгендердің тәні истенуі де қалыпты жағдай. Және ондай пенделердің иісі де бөлек, кейде ық жағында тұру да мүмкін емес. Қазіргі таңда иісудың жеткілікті және әркімнің қолы жеткендіктен, ұзақ уақыт тәжірибе жинамаған адам баласына, ондай рухани дерттілердің өзге сау пенделерден ажыратып, анықтап алуы мүлде мүмкін емес. Сондықтан да аталарымыз: «Мал-жаның аман ба?» деп, рухани денсаулығының жағдайын сұрап, амандасуды салтқа айналдырған. Қазір бұндай сөздің құны кетіп, керісінше ондай пенделерге де әрі қарай малыңды хайуанға айналдыра бер деген тілектестікпен; «Асалаумағалейкум» (Аланың нұры жаусын!) осыныңды әрі қарай жалғастыра бер, деген тілектестігімізді масқа да, жын-шайтанды кәпірге де қолданатынымызды, жаманадығын да жақтап сөйлейтінімізді білмейміз. Енді негізгі тақырыпқа қайта оралсақ; Осындай қамшымен тазартуға деген құштарлықтың артуына да жас кезімде анамнан естіген бір мысал да себеп болды. Бірде шешем жас кезінде, дүкенге жақындап қалғанда, артынан атпен келген бір кісі, қамшымен жауырынан тартып жіберіп еді, төбем мұздап не болғанын білмей қалдым да, артынан бойым жеңілдеп сала берді дейді. Бұрын көрмесем де естуім бар еді Беркімбай кәлпе деген бақсы бар еді, сол кісі көшедегі кездескен әйелдерді де, қамшымен емдеп кете береді дегенді, сол кісі екенін түсініп, сәлем бердім,-деді. Сонан ол кісі күлімсіреп; кешке үйге соғам, сандықтағы сақтағаныңды асып қой, және бір зат жатыр, соны да шығарып дайындап қой-деп садақа беруді де ескертіпті. Сонымен сол оқиғадан кейін бойымды басқан ауырлық та кетіп, аяғымның ұшымен жүргендей жеңілдік келді деп айтқанын талай естігенмін. Енді бұл мысалда «неге үйдегі сандықтағы сақтап жүргеніңді аламын» деп әулие кісінің, өзі сұрап алуында да астарлы сыр бар. Бұл біздердің ақиретпен сауданы терең білген және қандай да бір түс жорытқаның өзінде айтқаны қабыл болу үшін де, садақа беріп амал қылатын дәстүрімізден еді. Ол кісі мұқтажыдықтан сұратқан жоқ, керісінше бәле жаланы сонымен бірге алып, анамның жүгін жеңілдетті. Сондықтан аятта; «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылықа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла (Т) оны толық біледі.» (3-92) деген қазақтың ғұрпына айналған амалымызды, ел билеушілері мен дін басшылары «маркетинг» атап, халықты тонап жатыр деген байбаламен, арнаулы заңмен тиым салғанымен, керісінше табиғи апатармен жүздеген есе артығымен, мал дүниеміз де, халықтың ортақ қазынасы да шығынға батып жатқанын әзірше біле бермейміз. Ал, садақасын арнап, арнаулы ақсақалдың, үлкеннің батасымен осындай сынақтардан жеңілмен өтуге болатын, асыл дәстүрімізде ұмытылғалы қашшан. Ауылда жас кезімізде осындай, ақсақалдардың өнеге үлгісін көп көріп өскендіктен де болар, бізге де үлкендік келіп, өмірдің түрлі ащы-тұшы қызығын көріп жүрген кездердің бірінде, ашуланып, сөзі сыймай отырған бір әйелдің арқасынан байқатпай алақанмен жауырынан қағып қалып, артынан әлгі әйелдің көзінен жасы ытқып жығып, ашуы басына шауып, шамалы уақыт өте бірден қайта көңілденіп, не айтайын деп отырғанын ұмытып қалып, баяғы жайдары қалпына түскенін көріп, бұл тәсілді үнемі әзіл қылып орындап жүруім де, осындай тылсым сырына жете мән беруге себеп болды. Сонан, бірде ордаға келген мінезі байсалды қызмет те істейтін келіншекті қамшымен тазартып тұрып, қамшының байқамай аузына тигенін көріп, кешірім сұрадым. Ертеңіне тағы әлгі келіншекті қамшыны бетіне жақындатпай, абайлап қамшылап тұрсам, иығына бағыталған қамшының ұшы оралып аузына барып, қайта-қайта тигеніне таң қалып, бұны мен емес құдайдың ісі, мүмкін жаман сөз айтып қойған боларсыз, деп ескерткенде; Әлгі келіншек; «Қызметте де, кейде күйеуге ашуланғанда да боқтық шығып кететін еді» деп мойындады. Енді қамшымен тазартудың да осындай, қамшыны басқаратын кісінің көмегіне хикметіне жеткенше, яғни қамшының өзі шайтан ошақтарын, үйлерін іздеп тұратын жағдайға жеткенше, ізденуді тоқтатпай, сонымен қоса өзіңнің де үнемі тазарып, дәретсіз бір қадам да жер баспай, тақуалық киімен тәнді толық жауып жүруді, намаз оқу және намаз орындау істерін қатаң сақтауды қажет етеді. Бұл мысалмен, тура жолға түсірілу үшін, шариғат білімін меңгеріп, тек намаз, ораза сияқты ұстанымдармен ғана шектелмей және міндетті түрде құранды жаттап емес, үгіт насихатын меңгеру жолында үнемі қамшы, су арқылы шомылу рәсімдерін қайталап, тазарып отырумен жын мен жаның тәндегі қатынас жіптерін көңіл, ынсап ақылдың билігіне және жүректің қалауына мән беріп, ол үшін берілген түс білімін, жоруын меңгерумен, аяндардың кітап болып оқылуы үшін, көрсетілген нұсқауларды міндетті түрде амалға айналдырумен, әрбір момын болып есептелетін, мұсылман, пайғамбарымыздың ақ- батасын алуға дейін жету, тура жолдың негізгі шарты екен. Сонда ғана тылсымнан, әулие-әмбилер аруағы арқылы, рухтың тазарып, жандағы тағдырға айналған зиянды, теріс ақпаратарды тазартып, жаңалау үшін де пайғамбар шапағатын жеткізуші болып, екі аралықта кезекке тұрып, аян болып берілген кітаптардың оқылып және оның құпия белгілері,тәнге түсетін ерекше таңбалары да бар. Және енді бұл хикметті істердің құранды бойға, рухыңызға сіңіру үшін де, зікір ғылымын меңгерудің де, әр адам баласына жеке берілетін құпия зікір шартары да бар. Ал мұндай арнаулы аманаттарды намаз қылып, тұрақты амалға айналдырмай, құран аяттарынан ем-шипа рахмет берілмейді де, рухыңыз да, жаныңызда толық тазарып сүннетелмейді. (Келесі басылымда мысалдар келтіріп, баядай жатармыз.) Сондықтан осындай сатылардан өтіп барып, құраның құпия сырлары, ғылым-білімі оқылып, ондай дәрежеге жеткен, әрбір құранды зертеуші, тиелог, ғалым-сопы, хазіреттерден қандай таңбаңыз бар және пайғамбардан аманат-бата, яғни пайғамбар денесінің ерекше бір мүшесін, белгісін есіңізге жазып алдыңыз ба?- деп сұрауға мұсылман ретінде қақыңыз да бар. Және де қандай да бір «намазхан» аталған, мейлі имамдар болсын, сопылық жолдағылардың арқа тұсы, жаурындары үнемі тұтасып тұруы да сөзсіз. Бұл намаз, құран оқу арқылы алдындағы жазылған сөздердің солға қарай айналумен, арқа тұсында «Тіл-көз» болып, өрістік сипатқа айналумен, көпшілік жағдайда мұндай пенделер өздерін, бір-бірлерін құран аятымен немесе арнаулы дұғалармен тазартумен айналысады. Бірақ, мұндай тәсілмен өрісін аластағанымен, өрістегі бейнеленген таңбалар мен қаралықтардың тәнге еніп, ет пен тері арасындағы бос кеңістікте кенелерге айналып бейнеленіп кеткендерін, және қан арқылы пайда болған шайтан ошақтарын қамшысыз жағу мүлде мүмкін емес. Ата жолында мұндай қайта-қайта дұғалар, зікірлер оқып және де ұзақ уақытқа созылатын өрістік тазалауды шырақ, от, майдың иісі арқылы да алып тастауға болатынын да біле бермейміз. Сонымен енді, сізге пір, ұстаздық етуші; хазірет немесе имамдар, дін ұстаздары, діни топ басшылары немесе ата жолындағы жоғарғы топтағы аққу, сұңқарлар болсын, Мұхаммед пайғамбарымызбен кездесіп, ақ-батасын алмаған болса, онда әлі өздері де тура жолын таппаған және жазған кітаптары да, берген пәтуаларында әйтеуір бір көмес жалғандық бар екені хақ. Бұндай ата жолындағы негізгі хикметтер, иманның хақиқатығының дәлелдері болып саналады. 2006-шы жылы «Ақиқат бастауы» атты 2-ші кітапта; мүфтият және қазақ діншілерінің негізгі жіберіп жатқан қателіктерін, және ата-жолының ғылыми маңызын, болашағын баяндап көрсеткен, қазіргі таңдағы болып жатқан, дін зұлымдықтарын философ, дін ғалымдарына таныстырып, елдегі дін сынақтарының туындау себептерімен, апаттарды алдын-ала ескертіп, тартқанмен ел билігі тарпынан да жауапсыз қалғаны хақ. Бірақ мұндай жазбаларды халық арасына еркін көп тираждармен басылып таралуына, муфтият ғалымдар пәтуасы болмай, тиым салынғандар қатарынан болып табылған, «Ақиқат бастауы» атты кітаптан бір мысалдардан үзінді келтіре кетейік. «Сол жылдары «орталық мешітке барып жұмаға қатыс» деген уахи-бата алып, жұманы көпшілікпен және қазақтың ең басты дін ғалымдарының, хазіретінің қатысумен жұманы оқып, енді таспих тартуға дайындалып отырсам, олармен амандасуға «намазхандарым» орындарынан тұрып кетіп бара жатыр. Сол кездерде қазақ діншілдерінің масһабының көрсетуі бойынша, жұмадан кейін Алланы еске алуға тиым салуымен бірге, Раббының көркем есімге айналған аттарын еске алып, пайғамбарларға, әулие аруақтарына да құран да бағышталмайды екен. Олай болса, зікірдің ең басты негізі бұзылып, екі-үш жылдың көлемінде ғана осы қателіктер толық болмаса да түзетіле бастады. Сондықтан зікір туралы сол кездерде басылымдарда надандық пікірлер; «Зікір-гипноз» дегендей дін пәтуалары жарияланып, «Ясауи зікіршілері» тобының да сұхбат пікірталастармен зертелмей, ғалымдар кеңесінің де маңызы болмағандықтан, дін топтары өз бағыттарынан қайтпай, кемшіліктерін қателіктерін түзетпегендіктен де, біржақты болып, арты қайғылы көрністермен аяқталуына; біріншіден дін ғалымдарының, имамдардың нандықтары, өздерінің де құран аятынан, пайғамбарымыздың сүнетін орындауларынан бас тартулары басты себеп болды.» Өкінішке орай, қазіргі таңда да масхаб біліміндегі намаз оқудағы ғана қателіктер шала түзетілгенмен, сол жартылай орындалатын намаз қағидаларының өзі, жалпы қазақ елі бойынша көптеген мешіттерде жұма зікірі әлі де сақталмайды деген хабарлар бар. Сол сияқты, тарауих намазын, әдепкі жылдарда халықпен бірге оқып, артынан зікір деген мадақ арапша өлең айтып, мәз болып қайтып жүрдік. Кейінен тарауих сәзждесінің артынан зікірдің орнына, жастар арап тіліндегі дұғаны өлеңдетіп айта бастағанда; арқам мұздап, мазасыздық пайда болып, тылсымнан белгілер келіп, қорған түсе бастағандықтан, өз ақылым бұл жағдайды шешуге қауқарсыз болып, амал жоқ, Раббымнан құран арқылы себебін сұрадым. Және жалпы тарауих намазы қалай оқылады деген де сұрақ қойдым. Негізінен жаратушымыз; «Мұсаның сұрағанындай сұрмаңдар» деген ескертуінің сыры; Раббыңды яғни Алла өзіңді көрсет деп сұрмасаңдар болды, қалғанын сұраңдар деген ұлықсаты да бар құранда. Сонымен Раббымыздың ескертуінен кейін білгеніміз; масхаб білімдегілер Ясауи тобының жария зікірін айыптап, соттаған «Фиқһ» ғалымдарымыздың өздері бір ай бойы, бүкіл қазақ елінің бар намаз оқушыларын мешітке шақырып алып, кәпір жынды шақырумен айналысады екен. Тек «Ясауи» тобындағылырдың кейде жеке пенделерде сирек кездесетін естен тану, түрлі жағдайларға түсу сияқты көрністің болмауы; ораза кезінде нұрдың түсуімен, шайтандардың өрістік жағдайда, қозғалысы да шектеліп, яғни байлаулы тұруынан ғана аман қалып жатқан жайымыз бар екен. Сонда Қазақ еліндегі 4000-дай мешіттегі адамдар санын орта есеппен жүзге көбейтсеңіз бір күнде 4-млн дай адам баласы, ораза айында жүрегіне кір жинап, және қосымша шерік қуаттарын алады екен. Бұл тек сүйегі қатып, 40-тан асып, ақылы толған мұсылманға көп залалы болмай, ал зираттаудан қашатындарға керісінше тіптен пайдалы, қосымша өзгелердің артынан еріп жүрген, тазармаған жынымен жүктеледі. Ал сүйегі былқылдап тұрған «көк қамыс» жастарға Абай-Шәкәрім аталарымыздыңдың ескерткен: «Сарынға жастар салмасын, кәпір жын келіп қалмасын..» «Нені тапсаң, оны тап, Жармайды керекке. Өңкей уды жиып ап, Себеді сорлы жүрекке. Адасқан күшік секілді Ұлып жұртқа қайтқан ой, Өкінді, жолың бекінді, Әуре болма оны қой. Ермен шықты, ит қылып, Бидай шашқан егінге. Жай жүргенді уерд (жынды) қылып, Тыныш өлсеңші тегінде.» деген ескертуі әулиелігі осындай жағдайды алдын-ала болжаған екен. Және Раббымыздың; «Тарауих намазы; 20-ракатпен, құнт дұғасымен оқылады» деген жауабын және осы шарттарды және бір ай жеке оңаша пайғамбарызға мәуліт оқылғанан кейін, міндетті түрде ораза айында немесе кейін пайғамбардан хабар келетінін, шапағатына жолығуға болатынын білдім. Енді сонда масһаб осындай намаз оқу арқылы берілетін игіліктерден неге хабар беріп жол көрсетпейді?-деген сұрағымыз орынды болар. Осындай намаздардың оқылуының өзінен және нәпіл намаздардан аталарымыз оқыған намазбен масһаб ұсынған ережелерде неге қайшылықтар бар? Және тура жолдың намазы 8-ден тұратынын хазіреттер мен сопылар да неге мүлде білмейді? Құранда нақты парамен белгілеп, көрсеткен намаз орындау, оқу шарттарын неге тақуалық діни топтарда бұзып оқиды?,- дегендей сансыз сауалдардың жауабын, ата-жолында нақты көрсетіп, үйретіп, шәкіртер дайындалып, ізгіліке, мархаметке бөленіп жатса да, неге білімді аталған ел басшы, дін басшыларымыз, ғалымдарымыз ата-бабаларының өсиетіне қарсы болып, халықты зұлымдыққа итермелеп жатыр?-деген сауалды міндетті түрде қойып көріңіз. Енді адамзаттың осындай рухани кірлеп, аян, түстерге мән бермей және кейбір іс басындағылардың мүлде жүрек көздері жабылып, бірақ Раббымыздан белгі дәлелдерді көрсетуін тоқтатпайтынын, жүздеген аяттарда ашық ескертеді. Сонымен мұндай белгілерді қалай ажырату керек?,- деген сауалға мысалдар бере кетейік. Осы жылғы ораза алдында жұма намазын оқитын мешіттің бас имамамен жоғарыдағыдай муфтият ғалымдарының берген пәтуларымен келіспей сөзін бөлгенімде; «Сіз үнемі менің сөзімді бөліп, осымен 4-рет қарсы болдыңыз. Егер керек болса біз масхаб білімділері, имамдары сіздердің ордаларыңызды да тексеруге хақымыз бар!» деп күш көрсетіп, оған мешітке келген көптеген жастар менің жасымның үлкендігіне де қарамай қарсы сөздерге келіп және өздері осыдай пікірлерімен құран аятарына да байқамай ортақ қосып, ислам дінінің бірлігіне де қарсы сөздер айта бастағанан кейін, мүлде құран аятарын теріс түсіндіріп жатса да, имам сөзін бөліп, басқалай да қарсы пікір айтқанды да доғарып, барлық шешімін беруді құдайға тапсырған едім. Сонымен, менің ескертіп; «
Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет