5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі


пенде өз қауымын өзгерпейінше, Алла оны өзгерпейді



бет19/30
Дата13.12.2016
өлшемі4,28 Mb.
#3746
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
пенде өз қауымын өзгерпейінше, Алла оны өзгерпейді» деген уәдесін қайда қоямыз? Енді, бұндай адам ішкі дүниесіндегі рухани өміріндегі пайда болатын сансыз сауалдарға жауап іздеп, Мұндай жағдайларда адамзатқа ортақ рухани құбылыстың бағдары болған, інжілден мысал келтіре кетейік; «Тәурат (Құран) шариғат заңының Құдай рухынан шыққанын біліміз, ал мен пенде ретінде күнәкар құмарлықтардың құлдығындамын. Не істеп жүргенімді өзім де түсінбеймін; қалағанымды емес, керісінше, жек көретінімді істеп жүрмін. Ал өзім қаламайтын қылықтарды істегендіктен, Тәурат (Құран) заңының игі екенін іштей мойындаймын. Онда, жаман нәрсені істеген мен емес, бойымдағы күнәкәр құмарлық. Менің бойымда, яғни күнәкәр болмысымда жақсылық жоқ екенін білемін, сондықтан да жақсылық жасағым келсе де, оны жүзеге асыратын күш жоқ. Осылай мен қалаған игілікті емес, қаламайтын жамандықты жасаймын. Ал енді өзім қаламайтын жамандықты жасағанымда бұны істеген мен емес, бойымдығы күнәкар құмарлық. Осылай мен байқаған заңдылық мынау: жақсылық жасағым келсе де, бойымдағы жаман құмарлық қарсы тұрады. Іштей Құдай заңына ризамын, бірақ бойымдағы басқа бір заңдылықтың бар екенін байқаймын: ол ақыл-ойым қалайтын жақсылыққа қарсы шығып, мені бойымдағы күнәкар құмарлыққа кіріптар етеді. Сорлы басым-ай! Өлім әкелетін күнәлі тәнімнен мені кім құтқара алады? Сонымен, жағдайым мынандай: ақыл-ойыммен Құдайдың заңын орындағым келеді, ал ескі күнәкәр болмысымның кесірінен күнәлі құмарлыққа кіріптармын.» (Римдіктерге; 7-тарау) Енді, мұндай жағдайда қанша білімді болсаң да, дүние ісіндегі жақсы –жаманды ажырата білсең де, осындай рухани сипаттағы қараңғылықтан, күнәлі болмыстың құлдығынан, рухани дағдарыстан шығу жолдарының мен білетін үш түрі бар. Бірінші жағдайда; көбіне шаруа, еңбек етіп өмір базарын қыздырып жүрген, қарапайым адамзаттың ақылының толуымен болатын құбылыс және бұндай жағдайда исламның масһаб ұсынатын бірауі жалған болса да, бес парызы арқылы, ескі болмыстың рухани өліп, әрі қарай тек шариғат үкімдермен «намазхан» аталып, шаруасын дөңгелентіп, қатардан қаламай, тіршілік етіп жаратқаның жартылыстан ата-анасы арқылы жазылған тағдырының, берген несібесін көріп, өмірден өтіп жатқандар да жетерлік. Ал, екінші бір жағдай; шығармашыл, өнер және білімді, шаруашылықтың түрлі қызметтерін адал атқарып жүрген, адам баласының бойында болатын рухани дағдарыс. Бұндай жағдайда, масһаб ұсынған ислам құндылықтары, рухани жетілуге, рухани дарындылықтарды меңгеруге жетімсіз болатынын іштей сезіп, тағы да арпалыс ізденістермен, түрлі діни ағымдарға түсіп, іздегенім осы, енді таптым дегенде, сынақтармен түрлі кедергілер, немесе сопы болдың тақуа болдың, құдайдың ерекше кереметіне, хикметіне әне жетесің, міне аласың, деген пірлердің айтқанымен жүріп, айдауына көніп, бұрынғы жеткен рухани белесінен, философиялық білімінен, логикалық, ділдік бағытынан да айырылып қалып, немесе мүлде дүние істеріне, тіршілік амалдарына қолын сілтеп, тәрік етумен, болмаса теріс әрекеттердің құрығына түсіп, кететіндер де жеткілікті. Үшінші жағдайда; жасынан ұлттық тәрбиесі дұрыс болған және түрлі кәсіп, шаруа, ғылым, білімді де өз шамасына қарай меңгеріп, негізгі адамгершілік құндылықтардан аттамайтын, сауапшыл, қайрымды, ізгілікті болғанымен, дін рәсімдеріне, шариғат ұстанымдарына кейбіреулеріне сеніп, кейбіреулеріне күдікпен қарап, діншілер айтқан ақирет, өлім, қайта тірілу дегендерге ертегідей көріп сенбейтін, бірақ ата-салт дәстүрлерді жұрттан, көпшіліктен қалмай орындап, ішкі сырына көп мән бермейтін «материалист», «оптимист» деп аталған адамдардың тобы негізінен қазақта басым көпшілікті құрайды. Бұндай адамдар тобынан имамның уағызы да, түрлі жағдайдағы сынақтарда әсер етіп, намазға жығып, дегендей құлшылықтарға әкелу мүмкін емес. Сондықтан бұндай топтағылар тікелей Құдайдан келетін хикметке, мұғжизаға, тікелей хабар мен әсерлерге ғана мойынсұнып иманға келуі де хақ. Құранда; «Үш кісі сыбырласса 4-ші Алла, 5-кісі сыбырласса 6-шы Алла..» деген аяттың насихаты барлық қозғалыс, құбылыс, жаратылыс, оқиғалар, тағдыр жазулары да, осы 3-түрлі ішкі қозғалыс егесінің, періштенің, нәрсенің және кісінің бір-бірімен ара қатынасынан басталып, 4-ші Алла ғылымына, негізгі сипатына, өзіне кездесумен, түрленуімен, сол сияқты сыртқы әсерлік, тәңірлік 5-түрлі қуаттың 6-орында түйісуінен, құдайлық негіздің сипаттың пайда болатынын ескерткен. Әрбір нәрсенің өз өлшемі және таңбасы болып,; «Періште»-7+1=8 сандық мәнімен, «Бір» Аллаға құлшылық ету дегеніміз осы, 8-қырды және бір сырды, «Тоғыздық» кісіліктерді меңгерумен ғана нәтижелетінін де жадыңызға тоқып алыңыз. Сондықтан да, қазақ еліндегі рухани қозғалысқа қозғау салуға, алға қарай дамуға жаратқаннан «Тоғыздан», яғни тоғыз жолдың торабынан хабарлар мен уахи келіп, оны қабылдап, осы үш түрлі топтағы адамдар арасына таратып түсіндіруге ата-жолының қозғалысы басталып, кенеттен аққу, сұңқар аталған жастардың пайда болып, халықты жаппай зираттатумен ерекшелене бастады. Әрине бұған біреулеріміз таңсық көріп, екінші біреулеріміз мұқтаждықтан, амалсыз жүгініп, енді үшінші біреулер ішкі дүниесінің, жүректерінің қалауымен, әйтеуір қазақ халқынның басым бөлігі арауақтан бата алып, Алла жолында мал жұмсап, күнәлі рухтарының өліп, өмірге жаңаша көз қарастармен, қайта туылғандай тіршіліктерін түзеп, өмірдің базарын жүргізуге, кейбіреулері дін жолындағы ізденістерге түсіп, қым-қиғаш тірліктердің басталуымен, қазақ тарихында өз орнын алғаны да даусыз. Бірақ бұл 4-ші қозғалыстың өзі, іштей үш түрлі топтарға жіктелумен ерекшеленді. Кейбір 4-уін түгелдегендер; «сен тимесең мен тимен» деген пиғылмен, өз басының қамын ойлаған ниеттермен, бес уақыт намазын оқып, өзіне тән ғана шаруасын білетіндер, ғылым, білім саласындағылар, жазушы, ақындар, заң орындағылар мен, ел басқарушылар және түрлі кәсіппен дүние табушылар қатарларын толықтырып, кейбіреулері мүлде ата-жолының қағидаларынан бас тартқандары, тек жеңіл амаладарын ғана орындап, «ауырдың астымен жеңілдің үстімен» дегендей, сипатқа түскендеріміз, басым көпшілігі десе де болғандай. Ал енді екінші топтағылар бұлар бірде анаған, бірде мынаған қосылып, кейбірлері сопылық жолды іздеп намаз оқуды жетілдірумен ғана шұғылданып, енді кейбіреулеріміз емшіліктің жолын, дүние табу мақсатына айырбастап, түрлі құжаттар алып, кейбіреулері «намазхан» аталып, ал кейбіреулері ата-жолына қарсы тұрған топтарға қосылып, жынды сөздер айтып кеткендері де басым көпшілігі болды. Ал негізінен інжілде көрсеткендей, қарапайым халықтан шыққан жаман, әлсіз, сауатсыз дегендерден шыққан шаруа, базар, сауда, қызметшілер тобын құрайтын, үлкені бар, жасы бар, бұқара халықтың арасынан шыққандар, ата-жолының негізгі тұрақты үгіт, насхатшылары болып, әлі өздерінің бағыттарынан таймай, енді араларынан үздіктері де шығып, және оған жоғарығы екі топтағылардан білімді сауатты аталғандар ішінен де, ата салт-дәстүрлі дініннің сенімінің батырлары да шығып, ата-жолының рухани жетілуіне, халық арасына таратуға жәрдем беріп жатқандары да бар. Яғни, енді ата-жолы тағы екі топқа бөлініп, тағы ашықтай өз-ара қайшылықтардың болуымен, жалпы алғанда қазақ елінде рухани естіліктің де 5-тобы пайда болды. Бұлардың арасында, енді ашықтай барлық топты да қолдамайтын, немесе біреуін дұрыстап, келесісін бұрысқа балап, бір-біріне және дүниемен ғана пайымдайтын жүрегі жабылып, құлақтары созылған европашыл, арапшыл топтарды айдап салумен, өздерінің «бөліп ал да билей бер» саясатын жүргізуге бағытталған, партияшыл, саясатшыл, ел басқарушы әкімдер мен заң, баспасөз, жазушы, философ, дін ғалымдары, тиелог деген заманға сай білімді, керемет ақылды, бірақ ессіз қауым бар. Бұлар шайтанның тұрақты қызметкерлері болып, барлық топтың да ішіне еніп алып, немесе сырттан бақылап, әйтеуір халықтың рухани санасының өсуін тоқтатуға, ділі тазартып өсірмеуге, тек өздерніне ғана бағынышты не айтса да басын шұлғып орындай беретін, ұлтсыз, рухсыз, жансыз шеріктік қауымды қалыптастыруға жан-беріп жан алысып жатқан жайлары бар. Бұған елдегі болып жатқан дін адамдарын қудалап, соттау және баспасөз, көгілдір арна беттерінен ұйымдастырып жатқан, түрлі қитұрқы әрекетері мен насихаттар, арнаулы ақылшы «жұлдыздарды» дайындап, қатындардың «гендірлік» теңдігін дәріптеп, және дінде де ақыл еркіндігін, өзгеше ойлау қабілетін ақпартық жағдайда шектеп, тиым салумен, тек намаз оқып масһаб ұстану керек, деп бір қазыққа арқандап, елдің сана –сезімінің дамуын тежеу әректерімен көрнісін беріп, елдегі қайғылы оқиғалармен сынақтарға, жастардың жындануы мен мәңгүтенуіне себеп болып, біртұтас адамдардың «рұхтардың» лағнетін шақырып, құдаймен соғыс ашқандар екені де даусыз. Ата жолының Ясауи ілімінің 9-жолдық хикметіне қарсы тұрған, қара түнек кісінің 9-түрлі бұзықтық амалдардың қызметшісі болған, осы жолдарда мықты қорған салып, өз ағайынымыз, ел билеушілері сипатында болып, отырып алған, ібіліс әскерлерінің лаңының көрнісі болып табылады. Енді осындай жағдайдан кейін, алғашқы майданда киелі рухтардың жеңіске ұшырап, бірақ елімізге қайтадан келген тағдыр сынағының рухани сүнетелудің екінші кезеңі де ата-жолы арқылы қайтадан уахилардың, үкімдердің, аяттардың оқылуы басталып, жаңа білімді, рухани сынақтардан құлап қаламай, адасып кетпей өткен сенімнің батырларының бір топқа бірігумен болатын және қалған 5-топтың да басын бір орында кездестіріп, «Төртеуін түгелдеп», тағдырын түзеп жатқан, төменгі жас буындарға рухани бастаудың жаңадан үлгісін ғылымын, кітабының оқылуын көрсететін топ болып қаланып, барлығы қосылып 46-ға немесе 64-ке айналып тура жолдың әлемге үлгісін көрсету Алланың қазақ халқына түсірген негізгі хикмет, ғылымы еді. Енді ел билеушілері мен масһаб дін ғалымдарының исламда ең саны көп болған, «Ханафи» масһабы арқылы ғана тура жолдамыз деген пәтуаларын жалғанға шығарып, керісінше 81-саны шырақ жағу арқылы пайда болатын аз топ туралы, аятта; «Біз жаратақан адамдардан туралыққа бастап, шындық арқылы атқаратын бір топ бар.» (7-181) (екілік жүйеде, қимасы; 11) Яғни сандар есептік жүйесімен тағы да «11-109» аятқа, қазақ халқының ежелден келе жатқан аруақтық біліміне келіп тірелетіне де хақ. Сонымен, шырақ жағып, зияраттау арқылы, жер көк есіктеріне жалғанумен атқарылатын, бұл хикметтердің басқарушысы, кітабы; «Алла Тағала бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі; Не бір елші (періште) жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі.» (42-51) (73) деген санды құранның аяты еді. Енді 42-ші сүре, оңнан солға 24-ші сүре нұр болып, осы екі сүре тіл білімінің негізін Алланың нұрын, рухын баяндаушы болып саналады. Сондықтан бұл аяттың оңдық жұбы да; «Шын мәнінде мүміндер, араларынан үкім беруге шақырылғанда, олардың сөздері: «Естідік, бой ұсындық» деу болады. Міне бұлар құтылыушылар.» (24-51) (73) Мұхаммед пайғамбарымыздың алдын-ала, тек 73-ші топ қана тура жолын табушылар болады деген осындай мұғжизаның болып, оған бой ұсынып, аруақтардан келген батаны тыңдаушылар ғана құтылушы, күнәларынан ақталушы болатынын ескерткен. Ал 51 санды аяттың мәнін орап белгілеу арқылы немесе аталарымыз меңгерген санды қайыру тәсілімен, керісінше оқысақ; (15) санымен, сүремен періштелердерден келетін хабарлармен, 5-қуаттың бір ақылға, тәңір сөзіне, батаға бағынумен жартқанмен тілдесудің адамзатқа берілген, пайғамбарлық намаздарды орындаудың заңдылығын меңгеру, пайғамбарлық қасиет, Ғиса, Мұхаммед пайғамбарлар арқылы берілетін негізгі 24 пайғамбар шапағаты тіл білімі болып есептеледі. Енді бұндай хикметті жүрек ашу, тылсымен тілдесудің мұғжизасы, неге бес уақыт намазын үзбейтін, және бала-шағасына дейін оқитын, шариғат заңын, ата-заңы қылып өмір сүрген, дін ғалымдармыздан бастап, әлем дін ұстанымына, арап ислам мемелекеттеріне келмей, неге қазаққа еліне және аз ғана топқа келді?- деген заңды сауал туындайтыны сөзсіз. Бұл сырлардың хикметтеріне алдағы басылымда нақты дәлелдермен көрсетеміз. Негізінен бұл жағдайға, құранның 7-үнде (мақам) оқылуымен және насихат 10-кітабы да (Арыстан баба, Ясауи баба мөрлері) қазақ елінде ашылып, оны оқыған әулие пайғамбар, сахабалар да қазақ елінде жатуы да дәлел бола алады. Барлық адам баласына түсірілген оқылған кітаптар, әуелі рух арқылы ерлердің қанына жазылып, ұрығын қалыптастырып, сонан неке арқылы әйел затының қанына өтіп, ділге айналады. Ал өлімнен кейінен, бүкіл сол жердің тұрғындарының жаратылыс әлеміне өтіп, азық түрінде, қуат, жел, жаңбыр, таулардан аққан өзен сулары арқылы қайта еніп, рухтың көмегімен білім болып, бейнеленіп ұрпақтарына қайта оқылады. Сондықтан түс көру білімі және тағдыр кітабы болып, сол арқылы тәнін, рухын, жанын тазартқан жағдайда ғана жаратқаның негізгі 3-түрлі кітабы және 103-ші рухани бастау кітабы оқылып, сол арқылы ғылым, білімнің өркендеуі болады. Біздің елге келген осындай рухани нұрдың, негізгі кітабын оқушылар, білімділер, ғалымдар, философ, ақын, жазушылар болуы керек еді. Бұған кедергі болған біріншіден; жалпы халықтың сөз түсіну қабілеті төмен, дайын болмай, екіншіден; сөзді меңгердім деген ел, сөз басшыларының, ғалымдардың жүректері ашылмай, ұлттық рухымызда бар, кітаптық білімге айналған құндылықтардың өзін де толық түсінбей, сондықтан да ділдерін де тазарта да алмай, құр ой жорудың соңына түсіп, жалғандыққа түскен ойшылдық, ғалымдық, шығармашылықтар түрінде, елдің, халықтың санасының жетілдірмеуіне ғана себепші болды. Оған дәлел сондай философ, тиелог, хазірет сияқты хакімдік, сопылық дәрежедегі ағайындардың өзі, қарапайым дінің «ақтөбе» яғни 50-ді меңгермей жалаң бас, тек көркем көп сөзді білгенімен, оны қалай орнына қойып сөйлеуді меңгермей, аузына келгенін, жұрттың түсінбейтін сөзін, сөздер ұғымын өздерінің мүддесіне бұрмалап, айтып жазғанына ғалым аталағанымен ғана мәз болғандар десек жалған емес. Пайғамбарымыз философия сөз өнеріне өте ұқыптылықпен қарауды ескертіп: «Сендердің біреулерің міндетті түрде көркем оймен өлсін. Аллаға байланысты көркем ой: Ортақ қосудан басқа бүкіл күнәларды кешіретіне нақ сену және Алланың рахметінен үміт ету.» (Ибн Мажадан) Көркем ойды қалыптастыру үшін, әуелі ана тілінің үндік көркемдігін, сосын жалпы сөз ғылымын меңгеріп, атауларды өз мағынасымен пайдаланып, таза сөйлей білгенде ғана ой көркемделіп, соған машықталып, қан да таза болуы сөзсіз. Енді ортақ қосу болып; негізінен ата-анаға яғни ізгілікпен аманат етілген, әдет-ғұрыптарды орындауға қарсылық жасап, Алланың түсірген рахметіне иман келтірмеу, яғни хикметті білімін меңгеруден бас тарту болып табылады. Ал, құран сүрелерінің Алланың рахметінің қалай оқылып, адамдар арасына түсірілуін, үгіт, насихатын; 12-сүре және 21-сүре мен және осы санды аяттармен ескертіледі. Енді екі жүзді тілімен, Алланың түсірген барлық хикметтеріне, мұғжизаларына сенуші болған, бірақ іс жүзінде ондай хикметтерге мойынсұнбайтын топтықтардың «намазхандардың» пайда болуын аятта; «Олар өздеріне бір мұғжиза көрсетілсе, оған міндетті түрде сенетіндіктеріне Алланың атымен ант қылды. Мұхаммед мұғижазалар Алланың қасында (Қас болып түсіңдер!-Сақтарда) де» Шынайы түрде оларға мұғжиза келсе де, сенбейтіндіктерін сезбейсіңдер ме? (109) Олардың көңілдерін, көздерін теріс (басқа елдің әдетіне құмар қылып) айналдырамыз. Алғаш рет (Нұх қауымына дін түспен, уахимен көрсетілгенде) сенбегендігі сияқты оларды сергелдеңге салып қоямыз. Олар қаңғырып (топтарға бөлініп, өзге елдің дәстүрін дәріптеп) қаңғырып жүреді.» (6-110) Бұл аяттармен 109 санды топтықтардың, мысалға аятта; «Мұхаммед онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабалрының бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз.» (11-109) Бұл аяттың Һұд бабамыздан тарған біздердің, түркілердің сиыну тәсілдерінің дұрыстығын және жаратқаның ерекше берілетін хикметті, мұғжиза сыбағалар яғни тура жолдың белгісін алатымызды ескетіп, бірақ осындай тәубенің 10-шы сатысын меңгеретін елдерге келетін сынақтарды, берілген мұғзижаны мойындамай, өз елінің арасынан шығатын азғырушы, дінді теріске алушылардың, болатындығын және өзге елдің дәстүрлі дінін таратушылардың, масхабшылардың діни секта екендігін, және Аллаға аяттарына ортақ қосушылар екендігін білдіреді. Халықтың мыңдаған жылдан бері бекіген, Алланың рахметіне бөленіп, игілігін де көрген дінін және жаратылыс кітабын-жерін, отанын да теріске алып, қарсы шығушыларды Аллаға тіл тигізушілер деп ескертеді. Енді бұл аяттарды парымен жүйелесек; «Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйллессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111) Өліктердің, жынның шайтандары арқылы емес, керісінше аруақтық тазарған жан періштелері арқылы сөйлесуін және бұл мұғзижаның Алланың қалауы болып, иманың хақиқаты екенін, және осы сандар жүйесінде, бүкіл рухани кітаптардың оқылуын түсіну үшін, жүректеріне бұрынғы қарсы болған үмметтердің тәпсір үгіттері «бұзау» болып кіріп алғандар, бәрібір Алланың қалауынсыз мойындамайтыны хақ. Халық дегеніміз, рухани тұтастықта тарихи оқиғалар арқылы біртұтастыққа ділдік білім, тіл ерекшелігімен бейнеленудің, яғни Алланың бір сипаты екенін ескерген жөн. Сонымен осындай жағдайға халыққа қарсы тұрған аз ғана топ ел билеушілері мен діншілердің, рухтан хабар бата алып, сөз астарын түсінген жастардың күлкіге айналдырған, мазақтарына айналып жатқанын, имандары көрсетіп, ар-ұятылықтары оянып, әзірге мойындай қойулары да екі талай. Мысалға, мешітке барған бір жастардың; «Аға біздің заң шығарушы басшыларымыз ислам дінінен толық хабары жоқ орыстың қатынан неге сабақ алып жүр?». Немесе бір шәкіртімінің осы басылымдарды таныстыруға, философия білімін оқытатын оқу орындарына барғанда: «Ағай мұндай жазбаны біздің философ мұғалімдерімізге бермей-ақ қойыңыз олар, «Маркс» ілімімен, әбден жүректері тас болып қалған, ата-баба салт дәстүрін және ислам дінін бәрібір түсінбейді, онан біздерге таратыңыз, өзіміз оңаша жиналып талқылайық.» деген сияқты жастардың және халық арасындағы әңгімелердің шығуы да, жастардың біздің үкіметіміздің, ел ағаларының білімділігімен, біліктілігіне берген бағасы деп және ондай халыққа қарсы шыққан үлкендердің де, болашақта құдайдың қаһарына түсіп, жан ұяларына да түрлі азап түсіп, ұрпақтарының рухани азғындауы мен өмірлерінде ақ өлімнің болмайтынына іштей қайғырып, жаратқаннан оларға жабылып, тіл білімін, ақирет білімін, яғни иман сұрайық ағайын, мүмкін түсетін азаптарынан бұрын райларынан қайтар деген үміт те бар.

Шындықтың келуі; «Түс түзелмей іс түзелмес!».

«Сөз түзелмей ел түзелмес» деп аталарымыз ескерткендей, сөзімізді қалай түзейміз, елімізді ұлтық сана-сезімізді (ділімізді) қалай түзеуге болады? Бұрынғы замандарда, дініміздің өркендеп, қазақ халқының өркендеп, ең үлкен рухани байлығы болған және тура жолдың да негізгі қағидасы; «Сахабаларыма еріп тура жолда болыңыздар, оларға жақсылық жасаңыздар, олардың әдеттерінің жолын ұстаныңыздар. Болмаса өтірік айтушылар көбейеді. Сұрамасаң да ант ішушілер көбейеді. Куәлік сұрамастан, куәлік беретіндер табылады. Еркек пен әйел бір жерде болмасын, болатын болса (гендірлік саясат) досы шайтан болады. Көпшіліктен (өліктерден) ажырама, жалғыздың ( руақсыз, күзетшісіз, имансыздың) жолдасы шайтан болады. Екі кісіден (иманы жолдас болған, аруағы күзеткен) шайтан қашар, пейішті тілеушілер көпшілікпен болады. Жақсылыққа қуанып, жамандыққа ренжушілер момын болып есептеледі.» (290-өсиет) Пайғамбарымыз өмірден өткенен кейін сахабалардың әдетін, жолын әрі қарай жалғастырып, кейінен тура жолды жетілдіруге себеп болған жағдайға қазақ елінде нақты дәлел бар. Бірінші ислам дінінің құран арқылы, пайғамбарымыз арқылы көрсетілген құндылықтарын жалғастырған, тікелей исламның арап түбегінде қалыптасуына, өз әскерімен барып, жәрдем беріп, пайғамбарымыздан сабақ, дін үлгісін алып батысын да алған, Укаша сахабаға ерген көптеген қыпшақтан шыққан аталарымыз болды. Және бұл сахабалардың елімізде діннің таза сахабалық үлгісін қалыптастырып, өздері өмірден өткненен кейін, қайта түрленуге, араптануға айналған исламдық дінімізді; 450-жыл өткенен кейін де, сахабалық әдетерді, пайғамбарымыздың орындаған намазадры мен астарлы беріліп, өзі тікелей түсіндерген сүнетерін де сол қалпында сақтауға және заман білімінен сай, дін ғылымын жетілдіріп, пайғамбарымыздың барлық өсиеттерін де сол қалпында қайтадан елімізге әкеліп, аманаттаған Арыстан бабамызды жалғанға шығартын қазақ дінші ғалымдары болмаса, түркі әлемі де араптар да, сыртай болмаса да, іштей мойындап, тек қана өзіміздің арамыздан шыққан шайтаннан болған ағайындарымыздай қарсылық білдірмейді. Бұл туралы құранда нақты сүренің және жүздеген аяттардың бар екендігіне және құран ғылымының кітабының ашылғанын растайтын, нақты ғылыми еңбектердің бар екендігін әлем алдында мақтан етіп көрсетуге болатынын, философ, тиелог атты ғалымдарымыз да біле бермейді. Қазақ елінде, қазіргі таңда ғалымдар арасына таяқ лақтырсаңыз, әуелі Абай танушының, сосын Шәкірім, Ясауи танушының басына тиері сөзсіз. Бірақ сол ғалымдарымыз, құранның қазақшасын оқып түсіне білмегендіктен, осындай әлемге танытатын құранның жалғасы яғни 5-ші кітабы және 6-шыдан Халифа Алтай аудармасы, 7-шіден ата-жолында батамен, түс, уахимен оқылып жатқан кітаптардың халыққа жария болып, ашылмауына қандай кедергі болды?-деген сауалдың жауабын қолымыздан келгенше түсіндірмек болып; Ата жолымыздың дін-дәстүрін осы уақытардың өзінде 7-кітапша бойынша жазылып, сонымен бірге Ясауи бабамыздың 3-дәптерінің насихатын, Хаифа Алтай аудармасымен түсіндіріп көруге тылсымнан аманат алғандардың бірімін. Барлық жаратылыс нәселері де, себептік сипаттары да парымен, жұбымен болуға тиісті жаратқаның үкімін назарға алсақ, мүмкін менен де басқа аманатталып, өздерінен берілген тиісті тағдыр кітаптарын оқумен, қосымша кітаптар алып, жазылап жатқан, бірақ еліміздегі сөз бойынша жындылар мүддесін қорғайтын ата заңымызбен, ел басшыларының тыйым салғана қарамастан, жазылып бірақ халыққа таныстыруға мүкіндіктері шектеулі болып, оқырмандар назарына жетпей жатқан дәптерлер де бар болар, деген үміт те жоқ емес. «Жалғыздың, серіксіз, аруақсыздың жолдасы шайтан болар» деп ескертіпті пайғамбарымыз. Бірақ жалғыз емеспін, сол дәптерлерді оқитын, бақылап тұрған 103-әулиенің және 33-сахабаның бар екенін де білемін. Маған ғана емес, көптеген көкжиекті көріп өскен білімді азаматтардың да тылысымнан аян, уахилар өзіне тиісті дәптер-кітабын оқып, ізденіп жатқаны да сөзсіз. Тек басымыз қосылып, бір сөзді болып; 6-шы орында кездесуге алауыздықтың егінін егіп, жемісіне, және өздерінің жеңісінен мәз болған дінші, ғалым, ел басшыларының көздеріндегі бөрендерді алып тастауға, жаратқаннан жалықпай жәрдем тілей беруді ұмытпаңыздар. Енді осындай тылсымнан аян арқылы шындық жүзінде берілетін дәптерлердің оқылу хикметтерінен мысалдар келтіре кетейік. Менің өз басыма келсек; жоғарыдағы баяндалғандай, інжіл жазбасындағы елшіге келген рухани дағдарыстың себебін іздеп, түрлі қасиет егелерімен, емшілермен, діни ұстаздармен, имандармен сұхбатас болғанмен, айтқан, жазған насихат, үгіттерінің ішінен әйтеуір бір көңілге қонбайтын қазақ дәстүріне келмейтін қателіктерді тауып, дінде, құран заңдарында ізгіліктің бар екенін мойындағанмен, бірақ, көңілде жүрген түрлі; «неге, қалай және тылсым құпиясының жазылған білімі, кітабы неліктен қазақта жоқ?» деген күмәнді сұрақтарға жауап таба алмай жүрген ізденіс кезінде, жұмысқа орналасқан бір жігіттің; «Біздер шырақ жағып, аруақтан бата аламыз» дегенге, менде соңынан қаламай жүріп, әйтеуір барып, аруақтар батасын тыңдап көрдім. Бірақ сөйлем құрау, сөз мәнері дегендей, ділмарлықтың реттілігін сақталмаған сөздермен, жүйесіз шыққан аққудың батасына илануға себептің негізі де; сыр бойында жастық шағым өтіп, жастай түрлі жыр, ертегі дастандарды оқумен, жүйелі сөзден қуат алып, сондай орнымен айтылған әзілдің өзінен көңіл сергіп, сөз қадірін біліп өскен, әдеттің де көп көмегі тигені де даусыз. Кейінен Алматыға келіп, қалалықтарға айналып және жергілікті тұрғындардың қысқа нұсқа ғана сөздермен, сөздің төркінін түсініп, тереңіне бойлай алмай, астарлы әзілдің өзін түсінбей, ашуға басатын қылықтарына іштей күлугенмен де өзімнің сөйлеу мәнерімде солай қалыптасып, яғни ет өліп, қысқа нұсқа мағынысы жеңіл келетін қарапайым сөздермен пікірлесу, сұхбатасу әдетімен, өзің де солардың қылығына, әдетіне қалай түскеніңді байқамай жүргенде, осындай ежелгі көне сөздердің, екі сөздің басын әзер құрап сөйлейтін, тіпті кейбірінің қазақшасы да жоқ жастардан, жүйесіз, түсініксіз берілген батаның арасынан терең ұғымды сөздердің шығуы, мен үшін үлкен бір оқиға, хикмет болғаны хақ. Сонымен, осындай аруақтан келетін батаның хикметіне қызығып, соңына түсіп, зертеумен, қандай жағдайда ойдан, қандай жағдайда түйсік араласып, немесе сезімнен пайда болатынын, ал көңілі таза, рухани сүннетелген мінезі сабырлы аққу, сұңқарлардың ғана тылсымнан толық ақпарат алуға шамасы келетінін, түсінетін халге де жеттім. Ендігі бір бата берудегі міндетті ескерілетін шартардың бірі де, аруақтан бата алған әрбір пендесіне міндетті түрде берілетін, тылсымнан нақты келген уахидың; түс және аян алу ерекшеліктерімен де тікелей байланысты болып, әр адамның мүмкіндігіне қарай өлшеп берілетін, ақталу және ақиретпен саудаласу кітабы болып, ашылуымен де байланысты болмақ. Және де аруақтан бата алу кезінде, құран аяттарынының құпия сырларының, түсінігінің сандық мәндермен оқылумен де, ерекшеленеді. Сондықтан да қандай да бір құран зертеушісі, мейлі қари болсын, мұндай пенденің күнәсіне және қасиеттік белгісінен қарай, батамен мезгілі ескертіліп, міндетті түрде аянмен құран білімінің көрсетілуі де, адам баласының ақыл шеңберінен жоғары тұрғандықтан, ата-жолының жүрек ашу сырының хикметінің ақиқаттығын растайды. Тылсымнан келген бата, қазақтың ғана емес, жалпы әлем халқына келгенін және дінің бірлеуші негізі болып табылатынан, ата-жолына әлем халқының көптеген елінен келген, түрлі ұлт өкілдері мен, қазақ еліндегі християн және басқа діндегілердің де қазақтың салт-дәстүріне мойынсұнып, ислам дінін қабылдаған, мыңдаған азаматтармен және сондай ұлт өкілдерінің арасынан ашылған аққу, сұңқарлармен нақты дәлелдер келтіруге болады. Әрине бұндай тосын әдеттерді меңгеру үшін де шариғат ұстанымдарын, масхаб білімін жете меңгеру шарт екенін, дәрет, киім, дұрыс сөйлеу, арамнан ауызды тыю, сияқты ереже шарттар ата-жолының негізгі ірге тасы болып есептеледі және тылсымнан қатаң түрде батамен да, аянмен де ескертіледі. Ал, мұндай жаратқаның хикметін естіп, көріп, біліп сонымен бірге өзін, нәпсісін тәрбилеп, күнәсынан толық ақталып, дұрыс меңге білу де, барлық аққу, сұңқарлар аталғандардың жүзден біріне ғана ерекше сый болып зейнетелетіні де даусыз. Ол үшін де масһаб білімен қоса пайғамбарымыз орындаған және әулие бабаларымыз заманға қарай кеңітіп, жетілдіріп толықтырған, барлық намаздар түрін де меңгеру керек екені сөзсіз. Және қазіргі масһаб дін ғалымдары ұсынған бес парыздық тура жол қағидасы ата жолы намаздарының тек ортасы ғана болып қалатыны да хақ. Енді «секта» деген тұтастыққа ма, әлде бөлшекке ме тағылған айдар екенін өздері білмейтіні, және біздің дін хазірттеріміз, имамдарымыз біздер сияқты ата жолдық орта топтағылардың намаздар амалының тек 3/1-ғана орындайтынын сөзсіз. Сондықтан да, масхабтық білімді де жетілдіріп орындай алмаған жағдайда, заман біліміне, қозғалыс себебіне қарай, тән ғана мен рух, жан тазалығын қалыптастыру арқылы ғана зейнетелетінін бұл хикметтерді дұрыс меңгеріп, орындай алмаған аққу, сұңқарға қарап немесе арамыздағы ескі күнәлік болмысынан толық арылып, азғындық әдетін тастай алмаған басқаларға қарап, құдайдың құдіретіне күмән келтіріп жазғыру, ақымақ ессіздермен, шайтан адамдарының әрекеттерінен ғана туындайтынын даусыз. Мысалға; Бір ғана киіміне қарап; «мына әйел хижап киіп жүріп, жаман сөз немесе жаман әдеті бар екен, ислам дінің осындай болса?»,- деген жын-шайтаннан болған пенделердің, тамшыға қарап теңізді бағалаған, пенделердің ессіздігіне қарап, Құдайлық ілім исаламды терістеген есалаңдығы сияқты, көптеген сауатты, дінші, тілші қауым өкілдері де, ата-жолының ішінен бір жамандарын тауып алып, соны халыққа мазақ қылып көрсетіп, Алла достарын зираттап, Алладан «басқаға» яғни шайтандарға табынып, ақылынан адасқандар деген пәтуамен, бүкіл елді өздеріне нандырғаны да хақ. Енді біздерде, осындай құдайсыз, дінсіз, Алланың достарын, рухын, сөзінің игілік іс әрекет, махаббат болып бейнелеген кісілерін яғни «Өзін», «Алладан басқа» «Бірлер», тылсымдық қырық шілтен, «Пірлер» емес, өздерімізге ұқсайтын «шайтандар» деген, ал шындығында өздері шайтандардың жамағатына айналғандардың, құдайдың ашық белгісін, хикметін, құдіретті атқарушы қолын, ашық мазаққа айналдырғандарынан қарап, ел басқарушы әкімдермен, мәдениет, дін басшыларының бәрі де түгелдей шайтанға айналды деген пәтуа жасасақ не болады? Бір ғана мысалға «КТК» теле арнасынан «Ясауи» тобын жамандау үшін, ата-жолының әлі тылсымға әзер нанып, қасиетін жетілдіру жолында, әйтеуір жақсылық амалын үзбей жүрген, және жаманнан жирен дегендей, шариғатқа шақырып, бата-уағыз беріп тұрған аққудың бейне көрнісін түсіріп алып және қалған теле арналар, егер бір діни топты халыққа жек көрнішті қылып көрсету керек болған жағдайда, осы бейне жазбаны бір-бірнен қалап алып, және оған талай уақыттар, жылдар өтіп, Қарасу ауылының мешітінде түсірілген бейне жазбаға қосып, көзі шарасынан шыққан, сөз ырғағында екпіні бар, кәпір жынды жүктелген жас баланың айтқан сөзін және оны аянышты қылып көрсетуден не түсінер едіңіз? Бұл топтың өз көзімен көріп, араларына кіріп, зертеп білгенім бойынша, көптеген ата-аналар осындай рухани дерттенген ұрпақтарын өздері жолға салып тәрбилей алмағанда ғана, осындай топтарға соңынан қаламай жүріп, жалынып өткізетіні де хақ. Ешқандай адам баласы мектепте жақсы оқып, тәрбиесі дұрыс, және өз басын алып жүре білетін, шаруасын қалай атқаруды білетін, туыстарын, немесе пенделерді қалай енді дінді үйрет деп, осындай орындарға апаруы немесе жолымды аштырам деп, өз еркімен ата–жолына да келуі мүмкін бе? Дін дегеніміз, әрбір адам баласының тағдырына байланысты жақсылықтар мен сынақтардан тұратын және бекітілген шектерінен өтіп, қағида ержелерін бұзған жағдайда пайда болатын; тығырықтардан, қыспақтардан, сынақтардан өту жолдарын тәжірибесін үйрену мен ұлтық негіздегі тәрбие емес пе? Осындай жағдаймен ойланып көрген, әрбір ақылы сау пендеге, ата жолының ішкі сырын көзімен көріп, құлағымен естіп, аруақ ескертулерін алып, әрбір тәжірибеден өткен адам баласына, мұндай қазақ елінде ел билігі тарапынан болып жатқан ашық жала, өтіріктің, сәзжделік парыздарға ғана негізделген, Масһабтық бағытты дәріптеп, дәрежелеу үшін қолдан жасап жатқан, әрбір осындай баспасөз, көгілдір терезе бетіндегі көрністерді де, шайтан жамағатарының ұйымдастырумен болып жатқан, кезекті шайтандық қойлымы екенін әрине біледі. Біздің де арамызда да әлі жынын тазартып, бойын меңгеріп, дұрыс тәрбиелей алмай жүргендер жеткілікті және «Бұндайларды ел басы, болмаса қаланың әкімі Е... мырзалардың әдейі ұйымдастырумен болып отыр, және қалай ондай ел басқарушылар қарапайым нәрсеге, ақылдары неге жетпей қалды?» дегендей сауалдар да туып, сонда біз оларды сабырға шақырып, биліктегілерге лағнет айтуға болмайды деп, оларға араша түсіп ақтамасақ, қандай дін адамы, және ата-жолы салт дәстүрін ұстанған болып болып аталамыз? Бұндай көп надандарға қарап, білімділікті, ал жын-шайтанға айналған пенделер ақылымен қарап, діннің түсінетін хикметін, майдың сасығанын байқамай ішіне түскен құмалақтан көрмей, ыдыс қарыннан көрген сияқты өлшеммен өлшейтін болсақ, онда ел басымызда биліктегілерде, партия қуып, ел бірлігін аздырған, масһабқа, топтарға бөлініп жынданғандар қатарына кіруге тиісті боламақ! Бұндай ел басқару ісінде де, мәдениет саласында, баспасөз, жазушы қоғамдарында, діншілер арасындағы ақылы сау, естілігі тұрақты азаматтардың болуының, тағдыр кітаптарын оқи біліп, ел шаруасын тізгінін аздырушылардың қолына түрлі қарсы қулықтармен ұстатпай, шайтандардың әрекеттеріне азғыруына, солардың тарапынан қарам-қайшылықтардың туындауының арқасында ғана, әзірге халқымыз тегіс жынданбай, европалық немесе арап елндегідей бірін-бірі аяусыз қырған мастар еліне айналмай жер бетінен Құдайдың қарғысына қалып, апаттарға ұшырап, мүлде жоғалмай тұрғанымызға да тәубе келтіргеніміз де ақылға лайық болар. Әрбір рухани ізденіске түскен адам баласына, ақ пен қараны ажырату үшін, қоғамда осындай қарама-қарсылықтардан пайда болған білімдердің тозғанын жаңалап, жоғалтқанын түгелдеп, ақыл жұмсап, ілім мен білім арасындағы шындықты, ғылымды, жартылыс замандық себептердің тіл білімін іздеу де міндетті сынақтардың бірі. Сондықтан, белгілі шектерде әртүрлі қарсылықтардың, дін топтарының да пікірталасы, сұхбаттары да міндетті түрде болуы керек. Осындай ерекшелектерді салыстырумен ғана шындықты ерінбей іздеп, сол жолда талмай еңбек ете білген де ғана жаратқанды тануға деген махаббат пайда болады. Өз басылымда алғашқы осындай рухани ізденудің барысында; дін, шариғат үлгілерін және дін имамдарының айтқандарын бұлжытпай орындау арқылы және намаз оқу үлгісін де масһабпен ғана орындап жүрумен бірге, құранда осылай деп жазылған деп айтқандарын, білімін, пәтуаларын тексеріп, Халифа Алтай аудармасымен салыстырып оқып көрсем, менің түсінігіммен мүлде сәйкес келмеді. Және де осы аударма арқылы ғана, менің мазалап жүрген сұрақтарыма да жауап табыла бастады. Құран аудармаларында болсын, немесе пайғамбарларымыздың өсиеттерінде болсын, болашақта намаз оқып, масһабқа бөлініп, тура жолынын табатындар болады, деген бірде бір аят, хадис жоқ екеніне де көзім жетті. Және пайғамбарымыздың; «
Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет