Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері



бет1/18
Дата11.01.2017
өлшемі3,04 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары.

Ата жолы хикметтері.

«Ақ үйің Ай қараған орда болсын, Жиылып ұл мен қызың молда болсын, Адамды адал ниет таза сақтар, Пайдасы молдалықтың сонда болсын. Ақ ордаң Ай қараған шатыр болсын, Жиылып ұл мен қызың батыр болсын. Алғанда жау жағадан , бөрі етектен, Пайдасы батырлықтың татыр болсын Көш қозғалды, құлағыңызды «түрік , сақ» ұстап ере біл ағайын. «Ескендір Зұлқарындай бақытты қылғай, Ай хакім Сүлеймендей тақытты қылғай, Хандайын Арынғазы даңқты қылғай, Ақтылы қой, сарыала түйеге қораң толғай. Өңшең асыл перзентің патша болғай, Жақсылық жаққан отың шырақ болғай. Бұл бата бізден емес, Құдайдан-ай. Құтылмас қашқан түлкі құмайдан-ай, Арысақ-ат, шөлдесек-сусын болғай. Хакіміміз сен пайда болған лайдан-ай. Он сегіз мың ғаламның басы болып, Тентекті қайырғайсың райдан-ай!» Әумин! Раббымыз қиямет мезгілінің негізгі белгісі болып ескертілетін жер, су, от апаттарының көбейуімен бірге адамзаттың өлімін көбейтетін басты себептердің яғни жазылмайтын аурулармен азапқа түсуін ескертіпті; «Мұхаммед оларға жақындаған қиямет күнін ескерт. Сол уақытта, жүректер жұтқыншаққа келіп, қылғынып, лоқсушылар болады. Залымдар үшін бір дос та ықпалды болуда болмайды. (18) Алла көздердің қиянатын және көкіректегі құпияны біледі.» (40-19) Бұл аяттағы «Көздер» деп адам баласының рухани көлеңкесінің көмес және ақирет тіршілігінде көздерге күзетші періштелерге айналуымен ал жанының көкірек құпиясы ұждан-періштелігін «адам баласы» деп құранда ескерткен. Енді пенденің осындай рухани серіктеріне түсетін түрлі қияметтік белгілерден тылсымнан тұрақты беріліп тұратын рухани азықтың үзіліп, керісінше қара күштердің ықпалына түсе бастайды да азаптарға душар болатынын ескертеді. Сондықтан ар сауытын жоғалтқан пенделерге кеңістіктен ақпарат, несібе жеткізетін аруақтық «көздерін теріске айналдырамын» деп ескертіп және де мұндай ірі қиямет мезгілінде жалпы елге тұтастай; «Сендерге отсыз түтін, түтінсіз от жіберемін, құтыла да алмайсыңдар» деп те ескерткен. Осындай адамзаттың түрлі зинақорлық, арсыздық, ұятсыздықтың шектен шыққан уақытында, көкіректегі және пенделерге рухани ақпарат беруші, алды артындағы күзетші аруақтық тылсым көздерінің (оптикалық) қиянатқа түскенін анықтау үшін түтінсіз жалын түрінде, от апаттары мен отсыз салқын түтін жіберуімен пенделердің тылсым арасындағы рухани жәрдемге тұрған достарымен, әулиелермен арадағы жіптің үзіліп тозақпен азапталатынын ашық ескертіп тұр. Түтінсіз от дегенімізді күнде елімізде өзінен-өзі тұтанып бірден көптеген аумақты қамтитын және сөндіруге ие бермейтін, от апаттары тіпті көзіміз үйреніп, әйтеуір себебін ой жорып біреуге немесе жарық қуатының сымының тозғанына т,б сияқты себептерге жаба салатын әдетті тауып алдық та, оның құдайдан келген ескерту жаза екенін тіпті мазхаб дін ғалымдарымыз, имамдарымыз ауыздарына да алмайды. Ал отсыз түтінді қазақ жерінде көптеген қаларда иіс немесе шаң, тозаң түрінде басып қалып жатқанына да көзіміз үйреніп оны да жел өзі айдап әкеліп арнаулы бір қаланың үстінде бірнеше күн ұстап тұратынан да, ғылымдық себебіне де мән беруден қалдық. Бірақ бұл жағдайлардың біздің отанымыздағы қуаттық әсерлердің қозғалысын туындатып, түрлі қуаттық күштердің аласапыран қозғалысын туындатып еліміздің онымен тыныс арқылы, аяқ төбе қолдары арқылы тиісті өрістерін алып, жандарымыздың болашақта үлкен азаптарға ұшырап, рухани кеселдердің тәнімізде өсіп қияметтік сынақтарға қарай бүкіл еліміздің, жер әлемінің де жақындап келе жатқанын біле бермейміз. Мұндай жағдайларда пайда болатын себептерді; Мұхаммед пайғамбарымыз да ескертіп және қиямет мезгілінің белгілері туралы көптеген өсиеттер қалдырыған екен және ислам дінін зертеуші ғалымдар осы өсиеттерге сүйене отыра қияметтік жағдайдың негізгі себептерін қысқаша тізімін жасап кетіпті; 1.«Ішімдік көп ішіледі. 2.Зекет берілмейді. 3.Жихад (нәпсімен күрес) жасалмайды. 4.Жастар пасық болады. 5.Жақсылыққа кедергі жасалады. 6.Еркектер жібек киеді. 7.Көршілік қарым-қатынас нашарлайды. 8.Күнәға тарту артады. 9.Музыкалық аспаптар көбейеді. 10.Жансыздар да (жын-шайтандар, шеріктер) сөйлейді. 11.Аманатқа қиянат жасалады. 12.Барлық жерде музыкалық аспаптар ойнап тұрады. 13.Адам өлтіру көбейеді. 14.Өсімқорлық, пайыз алу көбейеді. 15.Некесіз балар көбейеді. 16.Төмен адамдар үстем болады. 17.Кейін келгендер өздерінен бұрынғы ғалымдарды білімсіз надан деп есептейді. 18.Ғалым, білімді адамдарда иман қалмайды. 19.Жақсылық жасайтын мұсылман ақымақ деп саналады. 20.Исламға бағыну отты ұстағанмен бірдей қиын болады. 21.Мешіттерде жиналыстарда пасықтардың дауысы үстем болады. 22.Мешіттерде құран әуенмен (өлең түрінде) оқылады. 23.Лауазымды, ел басқарушы пенделердің кесірінен сақтану үшін сый көрсетіледі. 24.Әйеліне бағынып, анасына қарсы шығады. 25.Дінге бағыну, жақсы мінезді болу ұят іс болып саналады. 26.Бір уақыт келеді, адамдар тек ақшаны ғана ойлап, табысының харам, халалы туралы ойламайды. 27.Пара сыйлық деген атпен беріледі, халықтың көзін қорқыту үшін кәнәсіз адамдарды сотап, өлтіріледі. 28.Пайғамбармын деген өтірікшілер шығады, менен кейін пайғамбар келмейді. 29.Менің бір хадисім айтылғанда» Пайғамбар олай айтпайды, хадисті таста. Құранға ғана қара» деп мені өтірікке шығаратындар шығады. 30.Кәпірлер үшін келген аяттарды мұсылмандарды жамандау үшін дәлел ретінде қолданылады. 31.Сүннет биғат сияқты «жаман» деп саналып, биғат сүннет деп саналады. Сүнетке бағынған адам жалғыз қалады. Биғатқа бағынған адам көп көмекші табады. 32.Мешіттерде мыңнан астам адам намаз оқиды, іштерінде бір де бір мүмін болмайды. 33.Кейін келгендер бұрынғы ғалымдарды надандықпен айыптайды. 34.Дін ғылымы қалмайды, дін адамдарының орнына әкелінген надандар білместікпен пәтуа берді. Халады харам, харамды халал дейді. Дінді сауданың (дүние табудың) жеке бас пайдасының құралы етеді. 35.Адам діні мен дүниесін тек ақшамен ұстай алады. 36.Алтыны, күмісі жоқ адам өзін еркін сезіне алмайды. 37.Қажылыққа билеушілер қыдыру үшін, байлар сауда үшін, кедейлер тілену үшін, дін қызметкерлері өздерін көрсету үшін барады. 38.«Анархия» (гендірлік саясат, жүгенсіздік) мен өлім көбейеді. 39. Әр ғасыр алдындағы ғасырдан жаман болады да осылайша қияметке дейін созыла береді. 40.Адамдардың барлық қайғысы қарны ғана болады да атағы мал, құбыласы әйел, діні ақша болады. 41.Адамдар тазалықта ұқыпты болады, дінде шектен шығады. 42. Әр түрлі аттармен шараптар шығады. 43. Ит асырау бала емізуден де артық іс болып саналады. 44. Дінге бағыну қолмен от ұстағандай қиын іс болады. Жаман әйелдер көбейіп, зинақорлық тараса, халық бұрын естімеген жұқпалы ауруларға шалдығады. 45.Өлшеуде, тартуда айла жасамаса күн көріс қиындайды. 46. Істер маманына берілмейді. 47. Байға малы үшін тағзым етіледі. 48.Жезөкшелік таралады, некесіз балалар көбейеді. 49. Үлкенге құрмет, кішіге рақым жасаламайды. 50. Қасқырлар қозының терісін жамылады. 51. Зілзала, бүлік, адам өлтіру артпайынша қиямет болмайды. 52. Бір жынысты некелер дұрыс саналамайынша қиямет болмайды. 53. Жамандар дүниеге үстем бомайынша, қиямет болмайды. 54.Адамдар жолдың шетінде әйелімен қатынаса алады. (Ұятсыздық салтқа айналады.) 55. Жаңбырдың берекесі кетпейінше қиямет болмайды. Осындай қиямет мезгілінің белгілерінің толық түсіп болуымен бірге оған қарсы да түрлі хикметтердің, Раббымыздың ескерту белгілерінің де берілетін ашық аяттармен ескерткен құранда. Енді қиямет мезгілінде Ғиса пайғамбарымыздың аруағы көктен келіп, түрлі ғажайып оқиғалардың да болатыны Інжіл жазбалары да ескертеді. Және Мұхаммед пайғамбарымыз Ғиса пайғамбарымызға келген нұсқаулардың, біздің дін имамдарымыздың жоғарыдағы 17-санмен берілген өсиеттің шынға айналумен, бұрынғы кітаптардың үкімдерін; «құран түсумен бірге күшін жойған» деген надан ғалымдардың пайда болатынын ескеріп; «Бұл дүниеде де, ақиреттеде де Мәриям ұлы Ғисаға адамдардан ең жақыны менмін. Пайғамбарлар аналары бөлек, бір атадан туған бауырлар, ал діндері бір.» (3443-х) « Жаным қолында болған Алламен ант етейін, расында, араларыңа Мариям ұлының әділ сот болып түсуіне жақын қалды, ол крестерді сындырады, шошқаларды жояды, жизаны (бодау, құрбандық, зиратап тазару) мансұқ етеді және мал-дүние ешкім оны алмайтындай дүниеде көбейтеді (993-х) «Араларыңа Мәриямның ұлы түсіп, имандарың (аруақтарың) өз іштеріңнен өткенде қалай болар екенсіңдер?!» (1374-х) деген өсиеттермен Інжіл жазбалары мен Ғиса пайғамбарымыздың ескертулерін хақиқатқа шығарып кеткен. Енді ислам дін ғалымдары бұрынғы кітаптарды жоққа шығарумен бірге ислам араптарға келгенге дейінгі өзге елдердің тура жолда болған елшілік істері мен кітаптар алған әулиелерін, сопыларын да мүлде тарихат болмағандай және қазақ елінің дін қағидасының шарты; аруақ-кітабын да мүлде жалғанға адасушылыққа есептеп, адамзатқа берілген 47-түрлі рухани құранды «арам-шерік қосу» деп атаудан бас тартпайды да. Сондықтан осындай адамзат ақыл-ойының және дін адамдарының философиялық адасушылықтарымен және ғалымдардың надандықтарымен бірге қиямет мезгілінің себебі басталатынын Інжіл нұсқауларында; «Құдай көктен адамдардың барлық азғындығы мен әділетсіздігіне қарсы өз қаһарын білдіреді. Себебі олар әділетсіз істері арқылы шындықты аяққа басады. Құдай туралы білуге болатын шындық (аруақ өмірі) адамдарға белгілі, мұны оларға Құдайдың Өзі білдірген. Өйткені Тәңірдің көзге көрінбейтін қасиеттері (47-санды аруақ құраны)– оның мәңгілік құдіреті мен құдайлық болмысы дүние жаратылғаннан бері айқын бұларды Оның жаратқан нәрселерінен байқап, түсінуге болады. Сондықтан адамдар Құдайды біле алмадық деп сылтаурата алмайды. Олар Құдай туралы білсе де, Оны Құдай деп дәріптеп, шүкіршілік еткен жоқ. Керісінше, адамдар түкке тұрғысыз ойға беріліп, надан көңілдерін қара түнек басты. Өздерін ақылдымыз деп жүріп, шын мәнінде ақымақ болып шықты. Осындай олар мәңгі Құдайдың ұлылығына табынудың орнына ажалды пенденің, құстың, төрт аяқты нен бауырымен жорғалаушы жануардың мүсіндеріне құлшылық ететін болды. Сондықтан Құдай олардың көңілдері ынтыққан әдепсіздіктердіктің былығына батырып жіберді, осылай олар өз тәңірлерін (қасиеттерін, аруақтарын) өздері қорлауда. Өйткені адамдар Құдай туралы шындықты (хикметтерді) мойындамай, жалған тәңірлерге (білімге, жетістіктерге) сиынып, Жаратушы иеге бас ұрып (намаз оқу, амалдар) ғибадат етудің (ізгілікті істер) жаратылған нәрселерге құлшылық етті. (табиғат жаратты деп түсіну) Ал Жаратушы Құдай мәңгілік мадақталуға лайық! Аумин. Сол себептен де Құдай адамдардың өздерін қорлайтын құмарлықтарға батырып жіберді. Араларыңдағы кейбір әйелдер табиғи жыныстық қатынасты табиғи емес қатынаспен ауыстырды. Дәл осылай кейбір еркектер де әйелдерімен табиғи қатынасты қойып, бір-біріне құмарлықпен ынтығып, әдепсіздік істейтін болды. Олар тура жолдан тайып кеткендіктерінің тиісті жазасын өз бойларында тартып жатты. Бұған қоса мұндайлар Құдайды танудың қажеті жоқ, деп шешті. Сондықтан Ол соларды бұзық пейілдерінде қалдырып, ұятты нәрселер істеуге тастады. Олардың тұла бойлары тұнған әділетсіздік, бұзықтық, дүнеқоңыздық, залымдық, қызғаншақтық, кісі өлтіруге құмарлық, даукестік, алдамшылық және арам ниеттілік. Олар жасырын жамандап, ашық өсектегіш, Құдайды жек көретін, күш көрсеткіш, өр көкірек, мақтаншақ, жамандықты ойлап тапқыш, ата-анасын сыйламайтын, санасыз, сенімсіз, тасбауыр, мейрімсіз жандар. Сол адамдар осындай күнәлар жасағандардың тартатын жазалары-өлім деген Құдайдың әділ үкімін біле тұра оларды өздері істеп қана қоймай, солармен айналасатын басқаларды да мақұлдатып отырады. Сондықтан, ей, басқаларды айыптаушы адам, кім болсаң да, сен ақтала алмайсың: Өзге біреуге айып тағып тұрып өзіңе үкім айтасың! Себебі оны айыптаған сен де сол сияқты күнәлар жасайсың. Ал сондай істермен айналысатындарды Құдай әділдікпен соттайтынын білеміз. Ей пенде, егер өзің де айналысқан жаман істер үшін басқаларды айыптасаң, сонда қалай, Құдай сотынан құтылам деп ойлайсың ба? Әлде сен Құдайдың мейрім көрсетіп, өзіңді теріс жолдан қайтарғысы келетінін ұқпай, Оның мол мейрімділігін, сабырлығын шыдамдылығын менсінбейсің бе? Бірақ сен қасарысып, теріс жолдан қайтудан бас тартасың. Осылай Құдайдың қаһары төгіліп, әділ үкімі жарияланатын күні тартатын жазаңды ауырлатасың. Киелі жазбада «Құдай әркімге істеген ісіне қарай есесін қайтаратын болады» деп жазылған. Тәңір алдында игілікті істерінен таймай, ұлылыққа, құрметке және өз есімін мәңгі өшірмеуге (жерін өртеп, зияртатаған) тырысқан кісіге Ол мәңгілік өмір сыйлайды. Ал өзімшіл болып, шындыққа емес, әділетсіздікке мойынсұнып жүргендерді Құдайдың зор қаһары күтіп тұрады. Жамандық істеген әркімді-алдымен Құдайдың таңдап алған халқынан шыққан яһудиді, сондай-ақ басқа ұлт адамдарын да қиыншылық пен азап күтіп тұр. Ал игілік істейтін әркімді-алдымен яһудиді, сондай-ақ басқа ұлт адамдарының да ұлылық, құрмет, амандық пен тыныштық күтіп тұр. Себебі Құдай ешкімнің бет-жүзіне қарамайды. Тәураттағы (Құрандағы) Құдайдың заңын білмей күнә жасағандарға сол заң қолданылмай-ақ тозаққа үкім шығарылады. Ал Тәурат (Құран) заңын біле тұра күнә жасағандар сол заң бойынша сотталады. Заңды тек естігендер емес, оны орындап жүргендер (намаз орындаушылар, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлік дінін сақтаушылар) ғана Құдай алдында ақталады. Тәурат (Құран Тәуратты қайталайды деп ескерткен Раббымыз) жоқ басқа ұлттар өз еріктерімен оның талаптарын орындаса, онда олар өздерінің сол заңсыз-ақ (шариғат білімінсіз-ақ, ғұмырлық, дәстүрлік әдеттерін сақтап, аян көріп, түстерді жорып) не істеп не қою керек екенін білетіндіктерін көрсетеді. Осы арқылы олар Тәурат (Құран) заңының талаптарының өз жүректеріде жазулы (тарихат,мағрипат болып зейнеттелген) екенін дәлелдейді. Бұған яғни оларды іштей қаралайтын немесе ақтайтын осы ұждандарынан туған ойлары куә. Ал олардың ар-ұждандары куә,адамдардың бәрінің жасырын істері мен ойларына үкімді Құдай Иса Мәсіх арқылы қиямет соты күні шығарады. Мен уағыздап жүрген Ізгі хабар осыны білдіреді.» (Рим: 2-тарау) Енді осындай жағдайда тура жолын тапқан елдерге де сынақтар келіп, түрлі діндерге, топтарға бөлінумен пайда болатын жағдайды Мұхаммед пайғамбарымыз; «Дауғаттары бір (шариғаты, әдет-ғұрпы) екі үлкен топ өз ара қырқыспайынша, ол екеуінің арсында үлкен қырғын болады.» (2103-х) деген әулиелік сөзі арап көктемі болып, бір тілді мемелекеттің үшінде адам өлімімен үлкен соғыстың етек алуы осы қиямет мезгілінің басталған ақиқатын растап тұр. Және бұл жағдай қазақ елінде де келген рухани сынақ болып, екі топтың ата жолы мен муфтияттық, масхабтық діншілер арасындағы көре аламастық жағдайдың да арты елімізге келген сынақтармен; от, су апаты және түрлі жағдайдағы өлімдермен, жазылмайтын аурулармен көрнісін тапқаны да сөзсіз. Және енді бұл сынақтарды Раббымыз аруаққа қарсы болған топтар арасына салып қойып, енді бір-бірімен соғысып және бәрібір өз ағайындарымыз бірін-бірі өлтірумен ауыр күнаға ел, дін басқарушылары да жүктеліп жатқаны сөзсіз. Және мұндай рухани кеселдің де себебін пайғамбарымыз; «Отызға жуық өтірікші тажалдар жіберілмейінше, олардың барлығы өзін «Алланың елшісі» деп айтады. Ілім алынбайынша, жер сілкіну жиіленбейінше, уақыт қысқартылмайынша, фитналар бой көрсетпейінше және қаскөйлік яғни кісі өлтіру жиілемейінше қиямет келмейді.» (7121-х) Енді ілім қалай алынады, тажал қандай болады?- деп сауал қойыңыз. Бұндай жағдайдың басты белгісін аталарымыз; «Іліммен білім ортасын ұстмасаң бүлін!» яғни ілімді аталған қауым бұрынғы ескі ілімнің тәпсірлерінің яғни тозған білімінің соңына түсумен ілімді аталып, пәтуалар шығарып тажалға айналып және мансап, тақ дәрежедермен көрнісін табады. Сондықтан ілім жоғалып дін білімі мен іргелі білімдер арасында өз ара сын қайшылық жоғалумен ғылымның философиялық өркендеуі тоқтап, сөз ғылымы жоғалуымен және осындай жағдайларда діннің заманға қарай түсірілетін, көрсетілетін хикметтеріне ашық қарсылықпен және бір салт-дәстүрлі елдің ішінде өз ара қарсылықтың пайда болумен көрнісін бергені де шындық. Ал енді осы жағдайды пайдаланған ібіліс өз әскерлерін ел басқарушылар, білімді топтардың ішінен шығаруымен «шайтан жамағаттарына» айналған ел басқарушы, дін басшы, ғылым тажалдардың мүміндерді қудалауға ұшыратуымен және өздерін мұсылман санап, заң жүзінде ескірген білімдерін күштеп қабылдатуға тырысумен көрнісін бергені де сөзсіз. Ал жалпы мүміндер яғни момындар қандай болу керек? Әрине негізінен сауаты төмен төменгі еңбекші, жұмысшы таптың, және буыны қатайып жетілмеген қасиетті жастардың арасынан шығып, құдайдан келген жаңадан оқылып жатқан үкімдер мен аяттарға ғайыпты көрмей, білмей құдай құдіретіне мойын ұсынушылар болып және құдай ісін, дін ісімен бірге намаз қылып алумен, рухтан келген дарындылық қасиетін, тақуалығын жанын тазарту, меңгеру жолындағы 100-бұлшық етті тазартып ала қойларды (уақ қуаттарын) өсірушілер, көбейтушілер болып табылады. Сондықтан аталарымыз Күндізгі амандықты «Мал жаның аман ба?» деп кешке; «Кеш жарық! Ешкің арық болсын!» деп астарлы түрде аманат қалдырған екен. Енді кезінде інжілдің оқылуымен тәураттық парызшылар мен білімді ел басшыларының тажалға айналып, қудалануына түскен құдайшыл мал қуаттарын, параларын көбейтуші, қосымша рухани қасиеттермен жүктелуші топтарды «ала қойлар» деп атап, християн діндегі халықты құдайдың патшалығына, уахиына, аруақтардан келетін ақ батасына шақырған хауарилар яғни Ғиса пайғамбарымызған ерген сахабаларға болған сынақ, уақиғаны суреттеген орыс сыншысы Крыловтың өлеңіннен мысал келтіріп, оны болашақта құпиясын көрсететін сандармен белгілеп, сол қойларды бағып, қайта көп отарға қосуға тисті ел басқарған «шопан» қожалардың рухани жағдайы туралы Абай атамыз осы жағдайды қазақ басына да келетінін дін сынағы болатынын алдын-ала болжап біздерге үлгі қылып кетіпті; Бір таудағы хайуанды бір арыстан Билеген пашасы екен әуел бастан. Әділ атақ алмақшы ниеті бар, Ешкімді ауырпастан жылатпастан. Онысы рас, басында тәуір болған, Сөйтсе де кімді бұзбас бақ антұрған. Алдынан жан шықпаған патшамыздың Ала қойды көргенде көзі ауырған. Ала қойда кінә жоқ жүннен (бата, үннен) басқа, Көрсе қаза тұрады аза бойы, Болмады бұған айла ойламасқа. Тұрды патша қайғырып уайым жеп: «Ала қойды болады қайткенім еп? Аю, түлкі-қасында уәзірлері, Кеңеседі оларға «қайтемін»?-деп. Қолбаң етіп, қорс етіп сөйлейді аю: -Батыр патшам, не керек көп ойлану? Қойды жан деп, есіркеп кім аяйды? Ақылы ала қойдың-қырып салу. Қабағын түйді арыстан сөзін ұғып: -Өлтіремін оңай-ақ қойды сығып. Өз жұртын өзі қырған патша бар ма? Жаман аттан қорқамын, кетсе шығып. -Бекер қан төктірмеңіз, әділ патшам Сөкпеңіз,-деді түлкі,-мен сөз айтсам. Оңаша бір өзенді қойға беріп, Қайраңыңнан семіртіп, кең жайлатсаң. Жарлықты кешіктірмей тез беріңіз, Жаманды жақсыменен тең көріңіз. Ала қой қорыққанан өзі азаяр, Қойшылыққа қасқырды жіберсеңіз. Қара деп қатты тапсыр ала қойды-ақ, Өзгесі өсер, ол кемір, сөзімді бақ. Жақсы сөзбен біреуге тапсырған соң, Жаман аттан боласыз сіз дағы аулақ. «Құп» деді, оны арыстан қабыл көрді, Қасқырға «жақсы бақ» деп жарлық берді. Ала түгіл ағынан (ақуынан да) тыныш бопты, Түлкінің айтқанын қылып еді. Түлкінің айтқаны рас, жұрт-ақылсыз, Көре салды қасқырдан баяғы арсыз. Антұрғандық түлкі мен арыстанда, Ол болмаса, не қылмақ қасқыр жалғыз? Раббымыздың арап сахабаларына және ислам әлеміне ескерткен; «Дін соғыстарын сендердің араларыңда жаңбыр тәрізді айналдырамыз» деген астарлы философиялық ескертуі енді християндаға келген оқиғаның біздердің ислам діндегілердің арасында дәл сондай жағдайда қайталанып көрнісін беруі де үлкен қиямет мезгілінің 9-дәуірлік дін сынақтарының қайталануы және діндердің болашақтағы бірленуіне басталған қадам екенін айқын әшкерелейді. Бірақ бұл жағдайға қазақтың төменгі топ өкілдері дайын болғанымен ел басшыларының арасынан шыққан тажалдар және дін басшыларының мүміндіктері яғни тарихи білім, ілімдері жетімсіз болып шыққаны хақ.

Ілімен мен білім арасы шындықты меңгеру мүмін болу.

Мүмін болудың негізгі белгісі тарихи еске тұрақты жалғанып; ана тілін, ата сөзі аманатын, әдет-ғұрпын, салт дәстүрін жер ана рухына, көк отанына жалғану арқылы ғана меңгеруге болатын ескермеген дін ғалымдары тек намаз оқып, бес парызбен ғана жаннатқа белгі алған мүмін болудың жалған жолын ұстанып, тура жолдың қисығына түсіп алатынын алдын-ала пайғамбарымыз ескертіп; «Мешіттерде мыңнан астам адам намаз оқиды бірақ іштерінде бірде бір мүмін болмайды.» Себебі; «Дін ғылымы қалмайды, дін адамдарының орнына әкелінген надандар білместікпен пәтуа берді. Халады харам, харамды халал дейді. Дінді сауданың (дүние табудың) жеке бас пайдасының құралы етеді» Пайғамбарымыздың осы ескертуінен-ақ дін ғалымдырының бес парызбен және намаз оқу арқылы жаннаттық, тақуа боласыңдар деген әлемдік өтірігін әшкере қылып тұрғаны даусыз. Ал мүмін болу үшін; «Мүмінің түсі пайғамбарлықтың 46/1 бөлігі» деп мүмін адам баласының Алланың ақиреттегі жаннат тұрғындары болған, өз достары арқылы ғана берілетін құпия кітабына жалғанып, аян ала білетін құлын ескерткен екен. Және пайғамбарымыз бұл сан тағлымымен 46-түрлі аруақтық аян кітабы болып 47-ші «Мұхаммед» кітабынан жалғану арқылы құран болып жинақталатыны да астарлы философиялық нақыл қалдырған. Олай болса әрбір мүміндікке жалғануға 23-кітап аян міндетті болып оның 21-санды және ортасында Айша анамыздың кесенесі тұрған ата жолының ақ туы осы тылсым ғылымын әшкере дәлелдеп тұр. 21-санды көктік 25-санды жер рухы анамызға жалғанумен 47-санды құранды толы меңгерсіңдер деген белгі түскен ата жолына. 24-түрлі әулие-әмбилік ақ бақсылық қасиеттердің болатынын Өтеубойдақ атамыз 15-ғасырда дәлелдеп жазып қалдырғаны да аталарымыздың осы кітаптарды толық меңгеріп мағрипат білімінен, жан ғылымынан терең хабары болғанын дәлелдеп тұр. Ал енді әулие-әмбилерге зияраттап кітаптарына, аруағына жалғануды «серік қосу, шерік қосу» рухани арамдану деп атағандарымыздың, дін имамдарымыздың да болатынын пайғамбарымыз ескерткен; «Халады харам, харамды халал дейді» деген әулиелігімен кәпір болған ағайындарымыздың сипаттарын көруге болады. Абай атамыз да; «Жұрт тынымсыз бәрі ұғымсыз, Сырты абыз бар, желқабыз бар, 6-ауыз бар-өзге жоқ...Барымта мен партия –Бәрі мастық, жұрт құмар Сыпра елірме, сұрқия, Көп пияншік нені ұғар? Татулыққты, тыныштықты Қоңыр көрер, кем көрер. Ұрлық пенен қулықты Қызық көрер, өңі енер. Мұндай елден бойың тарт, Мен қажыдым, сен қажы! Айтып-айтып кетті қарт, Көнбеді жұрт не лажы?» деген өсиетпен: «Содан кейін өздеріңді өлтіресіңдер, бір бөлімдеріңді жұртарыңнан шығарасыңдар (ата жолдық бауырларыңды) әрі оларға қарсы жауыздық, дұшпандықта өз ара көмектесесіңдер...Сендер Кітаптың кейіне сеніп, кейіне қарсы келесіңдер ме? Сендерден кім мұндай істесе, әрине олардың жазасы дүние тіршілігінде қорлық әрі қиямет күнінде қатты қинауға қайтарылады. Және Алла тағала істегендеріңнен ғапыл емес.» (2-85) санды аяттарды тәпсірлеп көрсетіп кетіпті. Осындай Раббымыздың алдын-ала ескерткен аяттары дәлме дәл біздің қоғамда да қайталанып және олардың аталарымыздың өсиеттерімен, нақыл, мақалдарымен сәйкес келіп отыруынан-ақ Құран аяттарының қандай ғұламалықпен баяндалғанын, жер әлемінен ортақ тағдырдың бұлағы екеніне таң қалудан басқа амал қалмайды. Және осындай көптеген аяттардағы мысалдардың Абай атамыздың «Қазақ тұрмас тұрықтап, қызық пенен тыныштыққа..» деген әулиелігі де елімізде іске асумен, тыныштыққа, арамнан тазарып өз ара жомартыққа өз ара жақсылық жасауға шақырған ата жолды қудалап сотағанан кейін, енді ел дін басшыларының қолдарымен өз ағайындарын өлтіртіп, атқызып болашақта ақиретте сұралуға күнәларын үсті-үстіне артырап жатқанынан нені ұғасыз? Қиямет мезгілі дегеніміз осы емес пе? Ал пайғамбарымыздың сүннеттерін теріске алып, өздерін кітап алушы «Алланың елшісі» деп санайтына 16-сүре 43-аятты өздеріне теліп «Білмесеңдер білгендерден сұраңдар...» яғни Алланың елшісі; пайғамбарлар мен әулие-әмбилерден сұраңдар дегенді, құранды арапша оқығандардан, масхаб дін ғалымдарынан сұраңдар деп түсіндіру де, пайғамбарымыздың; «Отызға жуық тажал шығады да өздерін Алланың елшісіміз деп айтады» деген әулиелігін растап тұр. Сонымен құранның астарлы сыры 30-пара кітаптың жоғалуынан, осындай елімізді қайғы-қасіретке әкеліп соқтырған сынаққа душар еткізген 30-жалған дін ғалымдары, хазіреттер, философ, тиелогтар әрбір ислам мемелекетінің еншісінде бар екені де хақ. Олар өздерін «Кітап берілгендер» яғни Алланың елшісіміз деп атайтыны да даусыз. Оған дәлел біздің имамдарымыз да, дін ғалымдарымызда құранның мына аятына; «Мұхаммед сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана елші етіп жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар.» (16-43) деген ескертуіне де ашық қарсылық білдіреді. Яғни Мұхаммед пайғамбарымызға дейін кітапты меңгерген әулие-әмбилердің енді Аланың қасындағы достары «Білушілер», кітаптарын оқитын елшілері болып саналатынын жалғанға, арамға санаған мазхаб діншілері бұл 25-қасиеттің киелік кітаптарын меңгерушілікті өздеріне таңып алып халықты алдайтыны да хақ. Сондықтан осындай ілімдегі надандықтың салдарынан ақпарат жүзінде ілімде адасу болып, қараңғылық күштерінің әмірі жүріп, әлемдегі жарық пен қараңғылық теңдігі бұзылады. Енді осындай жағдайға байланысты туындайтын қияметтік мезгілде Ғиса пайғамбардың бастарға, көздерге байланысты аруағы, рухы арқылы өліктер тіріліп, адамдармен қатынас жасап, аталарының аруағынының бастарын көтеріп, кітаптарына жалғанып меңгергендерді яғни Қазақ еліндегі аққу, сұңқар аталып жүрек көзін ашу мұғжизасын; «шайтанан» деп қудалайтын жалған ғалымдардың әрекетін алдын-ала Інжіл жазбаларымен ескертілген екен; «Бұлар сендер ойлағандай ішіп алған емес,(мас жындылар емес) қазіргі уақыт таңертеңгі тоғыз ғой. Қайта ежелде Жоел пайғамбар айтқан мына сөздер орындалып жатыр: « Құдай былай дейді: осы заманның аяғында, Мен өзімнің Рухымды бүкіл адамзаттың үстіне төгемін. Ұл-қыздарың пайғамбарлық сөз айтады, жас жігітерің аян қарттарың түс көреді. Сол күндері Мен құл-күңдерімнің үстінен Киелі Рухымды төгемін, олар да пайғамбарлық сөз айтады. Мен аспан мен жерде қан, от және бұрқыраған түтін сияқты кереметтер мен ғажап істерді көрсетемін. Иенің ұлы да салтанатты күні келмей тұрып, күн түнекке, ай қанға айналады. Ал Иемізге (рұққа) сиынған әркім құтқарылады.» (2-15, 22) Бұл нұсқау аяттарды Құран философиясы, сандар тағлымы да осы 15,22 сандар нәтижесімен растап бекітеді. Құранда пайғамбарлық қасиетерді меңгеріп рухтан бата жеткізуді «..немесе бір перде артынан ғана сөйлеседі. Не бір елші жіберіп, өз бұрығымен қалағанын уахи етеді...» (42-51-«15») аятына ашық қарсылық білдіріп Алла тағала құлымен сөйлесуші емес және қазақ халқына елші де келуші емес деп Аллаға ортақ қосып жоғарыдағы пайғамбарымыздың; «Кәпірлер үшін келген аяттарды мұсылмандарды жамандау үшін дәлел ретінде қолданылады.» деген надан ғалымдарды алдын-ала әшкере қылған өсиетіне сәйкес ата жолы Ақ жол болып, Раббымыздан түскен аманат, үкімдерге халықтың басым көпшілігін қарсы қойып және белгілі бір дәрежеде үкімет басшыларын өз қатарына қосып алып, айыптап, қудалаған заң қабылдатуымен шайтан жамағаттарының өз жеңістерін тойлап үлгіргені де сөзсіз. Сондықтан да тағы да пайғамбарымыздың ескерткен; «34.Дін ғылымы қалмайды, дін адамдарының орнына әкелінген надандар білместікпен пәтуа берді. Халады харам, харамды халал дейді. Дінді сауданың (дүние табудың) жеке бас пайдасының құралы етеді. 35.Адам діні мен дүниесін тек ақшамен ұстай алады. 36.Алтыны, күмісі жоқ адам өзін еркін сезіне алмайды» әулиелігі де қазақ жерінде өз көрнісін тауып, пайғамбарымыздың әрбір өсиетінің тектен-тек айтылмағаны да дәлелденді. Ал имам Ағзам масхабын ұстанып, тек бес парызбен шектеліп, оны да ғылымын меңгермей, кітаптарға аянмен жалғана алмай, бірақ өздерін мүмін әрі пайғамбар үмметіненбіз деп санайды. Енді Мұхаммед пайғамбар үмметі болу ұлттық нәсілдік араптық белгімен емес, керісінше мүмін аталу арқылы ғана, пайғамбарымыздың шапағатынан, аруағына жалғанғандар ғана болатынын; «Менің үмметерім қайырлы, қадірлі, құрметті үмметер. Бірақ олардың ақыры қайырлы ма, жоқ па?-бізге қараңғы. Оларды қайырлы іске шақырыңыз.» деген өсиетімен соңғы кездегі келген үмметердің де сахабалық дәрежелерді яғни бұрынғы кітап егелерінің кітаптарына жалғанып және дінді тақуалық дәрежелерін меңгере алатынын ескерте отыра және алдыңғы үмметерді тым жоғары қоймауын да астарлы ескерткен екен. Олай болса Мұхаммед пайғамбар үмметі момын болу тек намаз оқып, бес парыздық сәзжде жасаумен емес керісінше қандай да бір заманға қарай қайыр жасаумен, Алла алдындағы достарының назарында болып қасиеттерді меңгеріп, халықтың құрметіне бөленумен, қасиетті жастардың пайғамбарлық сөздерді айтып, аян алуымен, ал қарттардың тақуалық, сопылық істерді меңгеріп уахи кітап алумен ғана белгілі болу керек. Негізінен біздің масхаб ұстанушылардың арғы беттегі қызылбастар елінің масхабынан көптеген ерекшеліктері болып, оның да негізгі барлық намаз амалдары кейінен қалыптасқан әулиелердің және Ясауи бабамыздың ілім жолынан алынғанын, өздері іштей білгенімен бірақ ашық мойындауға қауқарсыз. Егер мойындай қойса, онда Имам Ағзам масхабы тура жол да мектеб те болмай тек намаз оқу, шариғат істерінің тұрақты білімі және дін істерінің бағыты мен шариғаттың базары ғана болып қалары да даусыз. Сондықтан тура жолдың белгілі санмен белгіленген жеке-жеке пенделердің жол-жобасын көрсетуге арналаған түрлі саладағы өмір мектебін қамтитын нұрландырушы кітабы жоқ қандай да бір дін тобы секта болып саналады. Енді нұрландырушы кітап дегенімізді қалай түсінеміз? Әр заманның қозғалыс себептерінің тағдыр ерекшелігі болып, соған байланысты күнәлардың да жетілген тылсымдық теріс аяттар кітабы болады. Яғни қандай да адамзаттың жеткен жетістіктерінің арасында кедергілердің түсуін қалыптастыратын рухани сынақтармен аздыратын қағидалар, ойшылдық, тәпсірлік білімдерге негізделген еңбектер де жатады. Ондай кітаптың бар екенін қазіргі замандағы арсыздық және жазылмайтын аурулар түрлі қияметтік белгілер растап тұрғаны да даусыз. Пайғамбарымыздың; «44. Дінге бағыну қолмен от ұстағандай қиын іс болады. Жаман әйелдер көбейіп, зинақорлық тараса, халық бұрын естімеген жұқпалы аурударға шалдығады. 45.Өлшеуде, тартуда айла жасамаса күн көріс қиындайды. 46. Істер маманына берілмейді. 47. Байға малы үшін тағзым етіледі. 48.Жезөкшелік таралады, некесіз балалар көбейеді. 49. Үлкенге құрмет, кішіге рақым жасаламайды. 50. Қасқырлар қозының терісін жамылады. 51. Зілзала, бүлік, адам өлтіру артпайынша қиямет болмайды. 52. Бір жынысты некелер дұрыс саналамайынша қиямет болмайды. 53. Жамандар дүниеге үстем бомайынша, қиямет болмайды. 54.Адамдар жолдың шетінде әйелімен қатынаса алады. (Ұятсыздық салтқа айналады.) 55. Жаңбырдың берекесі кетпейінше қиямет болмайды.» және де, «Анархия гендірлік үстем болады!» деген әулиелік патуасы қазіргі таңда артығымен орындалып жатқаны даусыз. Енді осындай рухани өлімге апарып пенделерді тозақтықтың отына тоғытатын теріс берілген кітаптарға қарсы, замана кітабы болып, Раббымыздан себебі көрсетілген ақиреттен берілетін нұсқау кітаптары аян, уахилары болып, тура жолдың белгісі нұрландырушы кітабының негізі яғни осындай тозақтық қарсылық аяттардың себебіне қарсы соғыс ашып, күнәдан ақталып, жанды жарыққа шығаруға негізделу керек. Егер ата жолы масхаб ғалымдары айыптағандай «ібіліс жолы» болып саналатын болса, мұндай кітаптың болуы туралы сөзде қозғаудың қажеті жоқ. Ал егер мұндай кітаптың ашылып, құран аяттарынан ем-шипа, рахметі түсіп, күнәлі рухтарға қарсы соғыс ашылса, онда Ғиса пайғамбарымыздың мына өсиетері сәйкес келеді: «Бір күні Иса біреуді мылқау қылып қойған жынды қуып шығады. Жын шыққан соң мылқау сөйлей бастады! Жұрт бұған қайран қалды. Бірақ кейбіреулері: «Анау жындарды солардың әміршісі безбүлдің (яғни әзәзілдің бастығымен,ібліспен) күшімен қуып шығады!»-деп жала жапты. Басқалары Оның билігін (аруақтың құдіретін) сынау үшін Исадан көктің құдіретімен бір кереметті көрсетуін талап етті. Бірақ ойларын білген Иса оларға былай деп жауап қайырды. – Жікке бөлініп, өзара соғысып жатқан әрбір патшалық жойылып бос қалады. Өзара ұрыс-керісте тұрып жатқан әр үйдің шаңырағы ортасына түсіп күйрейді. Егер шайтан өзіне -өзі қарсы соғысса, оның патшалығы қалай жойылмай тұра алар еді? Ал сендер мені жындарды безбүлдің (яғни шайтанның) күшімен қуып шығады дейсіңдер. Егер Мен жындарды соның күшімен шығаратын болсам, онда сендердің шәкіртерің оларды кімнің күшімен қуып шығарады? Сондықтан айтқандарыңның бұрыстығын өз шәкіртерің әшкерелейді.! Бірақ Мен жындарды Құдайдың құдіретімен қуып шығамын, демек, араларыңда Құдайдың патшалығы орнаған! Күшті біреу үйін қару-жарақпен күзеткенде оның дүние –мүлкі қауіпсіз. Бірақ онан да күшті біреу шабуыл жасап, жеңсе, әлгінің сеніп жүрген бүкіл қару жарағын тартып алып, қолға түскен олжасын үлестіріп жібереді.» (11-тарау 14-22) (Сандық мәндермен құран аяттарына қара!) Сондықтан ата жолында жын-шайтан бата беріп, халықты арақтан, темекі жаман әдеттерден тиылып, күнәдан тазаруға шақырып жатыр деген сөздің өзі қандай хазірет, дін ғалымы т,б дәрежелі болса да надандық пен ашық тажалдық әрекет болып саналады. Осындай астарлы философиялық аяттар тек құран аятарымен ғана ғылым ашылып, білімге айналу үшін де, «Егер тәуратты, Інжілді және өздеріңе Рабыларыңнан түсірген (аяндарды) толық орындағанға дейін түк емесіңдер!» (5-68) деген аятпен ескертудің өзінде 5-ші парыз қажылық емес хажбен жер, көк есіктеріне жалғанып жол-жобаны меңгеру және көк мүлкінің сырына, Ыбырайым пайғамбарымыздың меңгерген мағрипатқа қалай тарихат білімінен аттап, шариғатпен қажылыққа баспен аяқты толық тазартып жалғануға болады? Енді дін муфтиятымыздың бүкіл қазақ елін дінін теріске шығарып, өздері соңында шайтан жамағатына айналғанын және олардың арсынан тажалдардың пайда болғанын; Құран аяттарына ашық қарсылық білдіріп, қиямет мезгілінің үкімінің көптеген еліміздің тұрғындарының себепсіз жүктелуін жәрдем беріп қана қоймай, жалпы ислам бірлігіне қарсы болған әректтерін де әшкере жария қылытын олар үшін де қиямет мезгілі келгені хақ.


Мұсылман болу мен иман келтіру туралы.
Негізінен біз ап-ашық үкімдерді әрі тура жолды
Ниеттілік әдет-ғұрыпты салтқа айналдыруда.
Сенім қуаты- зейнет киімі, болашақ тағдырды қалыптастырады
Жаңбырменен жер, батаменен ғана ел көгерер

Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет