Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері


Әй қайдам! 100-қараға 200-кісі сұғын қадап жүр ғой



бет9/18
Дата11.01.2017
өлшемі3,04 Mb.
#7421
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Әй қайдам! 100-қараға 200-кісі сұғын қадап жүр ғой» деген нақылмен әуелі тәніңдегі 100-малдық, жүз кесек еттің сыртан қарайтын 200-қарсылығынан сақтап, тазартып ар сауытын, иман үйін қалыптастырмаса «ин-теле-егіңе», яғни рухани жыртылған, өртелген жеріңе, жүрегіңе қан ағзасына шеріктер кіріп алады деп ескерткен. Енді қазақтың сөз данышпандарының және бүкіл ислам әлемінің де жоғалтқан ұғымы «Иман» сөзінің қуаты және сипаты болып табылады. Бұл ұғымды тек арап тәпсірімен салыстырып, бірақ өзге тілдерге аудармағандықтан, еліміздегі жалпы орыс халқы да иман сөзінің негізгі мағынасын білмейді де, сондықтан орыстардан алып аударылған философия, психология ілімдерінде бұл қуаттың сипаты мүлде ұмыт қалған. Сондықтан қанша арапша білгенмен орыс тілі арқылы келген шет елдік білімен салыстырып өлшенбесе сөз құндылығы, сенім қуаты да қалыптаспайды. Оған дәлел иман-сөз орыс халқында «вера», «бога боязн» сияқты ұғымдармен тек ақыл, білімге байланысты қуаттық шама сенім болып бейнеленеді. Ал ниетті орыс халқы да «помысл» деп атайды. Аталарымыз ниеттің негізі 4-еуді түгелдеп және алтауды араздастырмай ұстаған жағдайда ғана дұрыс болатыны ескертіп; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деген де нахыл қалдырған. Яғни шайтандық пен жындылық арасын бөліп, көркем мінезділікті, тіл нәпсісін де тиым сала білуді ескерткен. Сондықтан християн халқы жалпы ниеттің ғұрыптық ұстанымынан ажырап, шайтанның азғырумен, ал сенім негізінің бұлағы болған басты жалаңаш ұстаумен әдемі көрсетіп, сенім қуаты толық жетілмеген, жынды сулы жүрекке жалғанбаған ақылды бастар қазақ елінің де діни салтына айналғаны даусыз. Ал орыс халқындағы дін саласындағы «вера, помысыл» ұғымдарын қазақшаға аударғанда бәрібір сенім, ниет ұғымдарын беріп, негізінен ақыл-ойға яғни бастың қабілетіне және рухани сипатқа байланысты болады. Негізінен иман қуатын орыс халқы «душевный, святой, одухотвареннный» деген сияқты теңеулермен түсіндіріп, ондай біртұтас иманды елді «светский» деп жарықпен салыстырды. Яғни иман дегеніміздің көрнісі осындай болып, бірақ қандай қуаттармен, өрістермен, тектермен байланыстылығы толық ашылмаған. Ал атамыз қазақта иман ұғымын жүрекке қан тазалығына, ана тіліне жер рухына, келіннің аяғына, үш ағаш, арайжап мүше қасиетілігіне, жамбас сүйектерімен құйрық, іш майларының, тоқ ішектің тазалығына да, негізінен адам кеудесіндегі жүрекпен тылсымнан енетін жүрек көздерінің аруақтық қуаттың шамасына, тазалығына, қасиетілік дәрежесіне тікелей қатысты жандық қуат негізін қалайтынын білген. Сондықтан иман тектіліктің көрнісімен де пайда болып; «Ұлдың жақсы болуы нағышынан, үйдің жақсы болуы ағашынан» деп астарлы иман білімін текке, түп негізге тәуелді болатынын ескерткен. Және бұл иман қуатының адамзаттың періштелік несібесіне жатып, төбеден, аяқтан енетін жер, көк рухына, нұр суына байланысты өсіп-өнетінін білген абзал. Ғиса пайғамбарымыз өзіне үкім келер алдында шәкірттерінің аяғын жуып, бұның сыры болашақта белгілі болатынын ескертіп, Мұхаммед пайғамбарымыздың, пайғамбарлық қабілетімен қоса елшілік істері адамзат аяғының, жер рухының мәсіхі болатынын меңзеп кеткен екен. Олай болса жалпы сенім қуаты жартылыс басынан бастап белгілі және меңгеру білімі болып, ал иман қуатарын толық меңгерудің білімінің жартысы Ғиса пайғамбармен рухпен байланысты болса, екінші жартысы жанмен яғни Мұхаммед пайғамбарымыздың сүнеттерімен намаз орындау үлгілерімен байланысты болмақ. Бірақ, бұл жан сырының исламға дейін болмады, меңгермеді дейтін болсақ онда Аллаға ортақ қосамыз. Тек жалпы адамзатқа ортақ кітабы ашық түрде оқылмаған, аян, уахи түрінде ғана елшілер арқылы білдіріліп отырылған деп ұқанымыз абзал. Сондықтан иман қуаты бастың да, аяқтың, жүректің тазалығына тікелей қатысты және Мұхаммед пайғамбарымыз сөз атауымен белгіленіп, 4-түрлі діннің сапасын, адамгершілік, ізгілік, ниеттер тазалығын осы сөзге сыйғызып кеткендігі де хақ. Құранмен бірге мұсылман және иман сөзінің еш тілге аударылмай сол қалпында берілетін қуатық өлшемі бар мықты сөз болып саналып, арап елі үшін сенім негізінде қолданылғанмен өзге тілдерде де мұсылмандыққа, рухқа сенімге байланысты жалпы діндік белгі болып және имандылық- дегеніміз жан қуатын, тазалығын, құпия білім шамасын ділдің негізін білдіретінін ұғым болып шығады. Сонымен Мұсылман сөзі еш сөзге аударылмай сол маңынасында ислам дінімен байланысты болып, иман сөзі де осы сөздің пары болып саналады. Бірақ мұндай жан, рух сырынан тәуелді философиялық атаулардың құран арқылы мәні қуаты ашылғанымен, логикалық яғни тіл, ділдік білімі бұрынғы сақ ұрпақтарына түскен кітаптарға байланысты болып, түркі тілінде жасырылғанын, оны Ясауи бабамыз шағатай тілінде сандармен ашып кеткенін әзірге түсіндірген түркі ғалымы да, дін хазірет, тиологтары да арамыздан шыға қойған жоқ. Сондықтан құран құндылығы «Иман» сөзі әлем философиясына тек қазақ тілі арқылы танымал болып және «Ман» қуаты адамзатқа ортақ ұғымға айналып, «Мұсыл» сөзінің 9-арыстық сипаты мен, барлық пайғамбарлар осы арыстар болып саналатынын, қазақ философиясын меңгерген әлем халқының бәрі де мұсылманнан тарайтынын да өзінен-өзі әшкере болып, «интелектік» қасиет, имансыз жүзеге аспайтынын өзінен-өзі орнын табуыда сөзсіз. Пайғамбарымыздың «Иман мен ұят егіз ұғым» екенін ескерткенін назарға алсақ, қазақта бұл ұғымды ар және ұят болып, арлылықтың ұяттан да қуатты дәрежелі ұғым екенін көпшілігіміз білетініміз де даусыз. Сонымен Ар дегеніміз қазақ елінің бұрынғы заманнан бері келе жатқан имандылық шарты болып; «Жаным арымның садақасы» деп қастерлеген, жанан да жоғары адамдық яғни құдайлық негіз, қасиет болып танылады. Және Ар сөзі адамзатқа, барлық діндерге ортақ иман сөзінің баламасы болып, ислам діні құндылығын түсіндіруде, діндер ортақ мүддесін анықтауда және өзге тілдерге сапасын оңай түсіндіруге Абай-Шәкәрім аталарымыздың философиялық құран тәпсірінен артық оқулық та бола қоймасы анық. Бірақ мұндай әлем халқын бірлікке тұтастыққа әкелетін жаратқанның асыл қазына байлығы қазақ тілі бар екенін, Ясауи баба, Абай-Шәкәрімдей дана филосов ғалым-сопылары да шыққанын әлемге паш етуге тағы да тажал болған өз қандастарымыз, ел сөз басшылары және қазақтың дін ғалымдарының ескі пәтуаның соңына түсіп, масхабты тура жол қылып алуымен ғана зұлымдыққа түскендерін білдіреді. Інжілде иманды жалпы сенімнің әрекетке айналғандағы дәні деп рухани егінді меңзеген де бірақ ат қойылмаған. Ғиса пайғамбарымыз көке жинайтын қазыналарың яғни жүректерің деген астарлы сөзбен насихаттаған. Ал, Мұхаммед пайғамбарымыз иман негізін «Қыша» дәніндей (Ашық, жүрек мөрін ашу) деп ат қойып, бұл сөзді зертеген тағы да дін ғалымдарын көре алмайсың. Қышаның мөрі де «Ашық» «Ақ»-қа, яғни кітапқа айналып, қазақтың ұрпағы Ақ ұлға беріліп, осы «Ашық» арқылы енді әлем діндер бірлігін қалыптастыруға болатынын, ел басшыларымыз өздері теріс улы «Қыша» дәнін жегендіктен, әлемге масқара болып, заң шығарғанын және өз ұлтының жетілмей жатқан рухани балаларын, өрістік көлеңкелерін араммен, теріс сөздермен, сөз арасын былғаумен маймылға ұқсатып өсірумен, рухани байлығын тылсымдық жүректерін өлтіріп, өздері қырып жатқанын білмейді. Ал енді бұл жағдайдың хақиқатына көзіңізді жеткізгіңіз келсе, онда бастың, киімнің қадірін білмей, тіл мен сөздің арасын бұзып сөйлейтін, жазатын және 40-қа да толмай Раббымыздың үкімінен ашық қарсы болған дін ғалымы, филосов дегендеріңізді дін істері мекемесімен, мүфтиятымыздың кеңселерінен таба алатыныңызға және жалаңбас «қажы» қатындардың қазақ елінен және осындай басқару мекемелерінен көруіңіздің өзі пайғамбарымыздың өсиеттері мен ізгі амалдары да, құранның үкімдері де, имандылық қағидасы, аталар аманты, жаратақанға берген уәдесі-ар білімі, ғұрпымыздың да ашық мазақталып жатқанына дәлел бола алады. Осы қарапайым мысалмен-ақ, мешіт имамдарының рухани бейнесінен-ақ ,иман ғылымы, ар білімі де қазақ дін мекемелерінде мүлде болмағандығына куәлік береді. Олай болса мұндай ислам дінінің құндылығының аяққа тапталуына жол берген басшыларында да жүректерінде қышаның дәніндей де иманы жоқ деуге болады. Егер ондай иманның қыша дәніндей ғана қуаты болса; Раббымыздан аян-аят алып, егер қарсы тұруға шамасы келмегенде де ондай жерден, атақ дәржеден бас тартып өзін, иманын сақтау үшін қолынан келетін шаруамен айналысқан болар еді және болшақта масқараға ұшырауға тап болмас үшін, Рабымыздың қадағалауында, қамқорлығында яғни алды-артында бірлері болған, Алладан бекітілген күзетшілері де болатын да еді. Сондықтан Алла адастырғандарды түзу жолға салушы жоқ және жаратушымыздың үкімі-уахиынсыз, пайғамбарымыздың батасынсыз жүрекке иман қуаты еніп, қанда бейнеленіп, зейнетелуде мүмкін емес екенін естен шығармаңыз. Енді мұндай жағдайдағы сенімге қарсы ниетілік шайтандық «интелек» қайдан пайда болады деп сұраңыз.

Интелект немесе діннің үш сапасы, естілік туралы.

Енді әрбір пенденің ниетінің шамасын арманы арқылы айқын көрнісін береді. Ниет дегеніміз арманның қажетіне қарай пайда болатын ойдың бейнесін берді. Ал сенім жүрек арқылы әрекет етуші ерік күшін қалыптастыратын ой қабілетін басқаратын қуаттар шамасын көрсетеді. Ниетпен сенімнің әрекетінен ұждан пайда болып, ал ұждан адам баласының тәрбиесімен, саналығының толық бейнесін береді. Сондықтан аталарымыз; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деп; «Жетесізге жеті айтсаң да білмейді, санасызға сан айтсаң білмейді» деп осы жан ғылымының қарапайым сырын нахылға айналдыра білген. Жетенің де сандық мәні және тәндегі орны болып, сенім қуатымен ерекшелігі болатынын да естен шығармаңыз және сана қанға байланысты қалыптасытынын да ұмытпаңыз. Осыдан барып енді орыс тіліне християн халқына да түсінікті болу үшін Қазақша «Ес» ұғымы осы иман қуатының алғашқы мұсылмандық бейнесін береді. Иман-дегеніміздің ірге тасы-«Ес» болып, негізінен інжіл құндылықтарында адам баласының оң жағы мен 18-ғаламға байланысты қалыптасатын парасаттылық, бекзаттық болып екі бейнесін береді де ақирет білімі жан сыры болған сол жақтан келетін қуаттарды аруақтық негіздерді, адамзат «Ар», «Манын» яғни «Меч»-«Та»-сын толық қамти алмайды. Бұл жерде «Меч»-Аруақ қуаты ал «Та»-көркем есімдер яғни «Аттардың» көке шығумен «Та» болып қуаттық есімдерге айналуымен және жартушымыздың сегіз сипаттарын малдық қуатарды меңгеруді көрсетіп тұр. Ал ес дегеніміз; орыс тілінен және әлемдік діндегі құдайлар сипатын көрсететін «Та» (Ат)-Ес болып шығады. Сондықтан Сүлеймен пайғамбарымызға жүйрік аттарды әкеліп сынағанын және «Мен аттарды, яғни адам баласының ой көлігі жындық қуаттарды, шеріктерді жақсы көремін!» деген сөзінен кейін басы, аяғы жоқ денені тағының үстіне қойып көрсеткенін шешкен де бір-де бір масхабтық дін ғалымын кездестіре алмайсыз. Сондықтан ес-денемен байланысты болып, құранда бой ұсынушы деп атаған. Тек бой ұсынып, намаздарын оқып, арап салтымен тақуа болғысы келгендерге Сүлеймен пайғамбарға ескерткендей аятты астарлы түрде баяндап кеткен. Әрбір пенденің малдық қуаттары осындай жүйрік сәйгүліктерге айналып тылсымнан аян, уахиларды жеткізуші көлік болып, осы көліктер арқылы тақуалыққа жеткен адам баласының жаны көктегі жолдардан ұйқы кезінде несібесін іздейтінін және сол арқылы ғана аттардың, адамдық денеге аян-аяттарға айналатын құпия сырын да білгеніңіз жөн. Бұл жан ғылымының әулие аруақтарына жалғанудың қазақ әулие аталарымыздың меңгерген құпиясы болып саналады. Сәйгүлік аттар дегеніміз, адам баласының толық жетілмеген аруағының яғни аяқ, мойын мүшесі болады деп Сүлеймен пайғамбарымыздың тағына денені қойып көрсеткен Раббымыз. Жылқы малы әйелдік жындық қуаттармен байланысты болып; «Қазақ жылқы мінезді» деп ескерткен аталарымыз. Сондықтан естің негізі ана тіліне, ділге- логикалық білімге байланысты; Сана қуаты мен Ерік күшінен қалыптасады. Жастардың «интелектік» қабілетін қалыптастыру дегеніміз бойын, есін жиғызып, ерік күшін яғни табанын жер рухымен бекітіп, шикі өкпелігінен арылту болып табылады. Ерік күші сенім қуатының 3/1 бөлігін қалыптастыратын адам баласының жүйке жұмысына тәуелді негізді құрайды. Ал сана қуаты ана тіліне, нағашыдан келетін қасиетке байланысты қалыптасатынын түсініп, осы екі ұғымнан ғана адамдық қабілет, қылықтар негізі ес, естілік болып қалыптасады. Және естілік өкпенің бір жағындығы 9-санды жағдайына және оң қол аруағының шеберлік, кәсіптік тазалығына да байланысты болмақ. Бірақ иман қуатына қалыптасуына міндетті болған мінездің, қылықтың ірге тасы болғанымен, бірақ иманның қуаттық дәрежесін, бейнесін көрсете алмайтынын да білгеніңіз жөн. Оған негізгі дәлел жүректің сол қол жақ бетінде орналасып, сол қолтықтан жағдайын анықтауға болатын тән ғылымын да білген жөн. Және есті адам баласының сенім қуаты толық деп те айтуға болмайтынын білгеніңіз абзал. Ал сенім қуаты оң қолдағы 18 санының сол қолға жалғанып; 81-сандық мәнге айналуымен және тәубеге, тілектердің бірленуіне 11-сандық құран аяттарының, сүресінің насихатына тәуелді болады. Сонымен осындай қуаттардан, сандар жүйесінен ғана иманды зейнеттеудің ғылымдық сыры 49-санымен белгіленген пайғамбарымыздың шапағатына жалғанып, көк құпия сырларын, кітаптарын алумен және 9-санды кісілік негіздерді меңгерумен ғана иман болып жүрекке зейнетелетінін, бейнеленетінін және оның да 13-сатысы болатынын Ясауи бамыздың сәни дәптерінде дәлелденіп, құлшылығы да көрсетілген. Сондықтан бұл жан сырының құпиясы масхабтық білімінен әлде қайда терең және тақуалық, сопылық, тура жолда болушы имандылық, бекзаттық қабілетті меңгеру үлкен ұғым болып, алдағы 7-ші басылым бетінде талқылап көреміз. Осындай мұсылмандылықты меңгерудің масхабтық білімін яғни сенімділікті толық иман келтіру деген қате ұғымнан, ислам дін құндылығынаң әлем алдында құнының өзге діндегілерден де төмен тұруына әрекет еткен және қазақ тілінде толық ашылатын жан ғылымын, сөз астарларының қуатын арап тіліне байлап қойу арқылы адамды ақыл-ой еркін аңша аулағандар кімдер деп аталу керек? Және дінде зорлық жоқ деп түсіндіріп, ақылға шек қойып, өзге елдің салтын, әдетін, ғұмырлық (жалпы халықтық тағдыр, замандық білімдерін) дінін тықпалау дінге зорлық, ашық зорлау емеспе екен? Сонымен адам баласының ниетілігін ақыл, білім арқылы жетілдіріп, белгілі бір шаруаға, кәсіпті меңгеруге шаруашылық істерін жүргізуге тәрбие де беріп ниетті қылып өсіруге болады. Біздің мемлекетіміздің дін істерін басқарушы мекемесінің «Дін мемлекетен бөлек» деген пәтуасын құран аяттары 48 және 11 сандарымен қуаттарын теріске алумен, ондай пәтуа берген пенделердің діннен шығап кәпір болатынын ескертеді. Ал Абай атамыздың ниет туралы 11-ші қара сөзінде; «...Ұлықтар пәлі-пәлі, бұл табылған ақыл деп, мен сені бүйтіп сүйемін деп, ананы жеп, сені бүйтіп сүйемін деп, мынаны жеп жүр. Қара халық менің сонша үйім бар, сонша ауыл-аймағымен сойылын соғайын, дауыңды айтайын деп, қай көп бергеніне партиялас боламын деп, құдайға жазып, жатпай –тұрмай салып жүріп басын, ауылын, қатын балсын сатып жүр. Осы ұры бұзық жоғалса, жұрқа ой түсер еді, шаруа да қылар еді. Бай барын бағып, кедей жоғын іздеп, ел секілді талапқа, тілеуге кірсер еді. Енді жұртың бәрі осы екі бүлік іске ортақ, мұны кім түзейді?..» Сонымен ниет дегеніміз талаптан-48 санды қуаттан және 11-санды тілеуден пайда болатынын және 48-ші өлеңінде; «..Егіннің ебін, Сауданың тегін Үйреніп, ойлап мал ізде, Адал бол-бай тап, Адам бол-мал тап, Қуансаң қуан сол кезеде, Біріңді, қазақ, бірің дос Көрмесең, істің бәрі бос...» деген өсиетпен әйел затының талабы байға тиіп, бала туып, адал болу болса, оны өсіріп, жеткізіп мал табуға талаптанбаған еркек заты адам-дық қасиеттен жұрдай болмақ. Және «Өлі разы болмай, тірі байымас» деген қағидамен аруағың түгіл тіріңмен де, ұлтыңмен де өз-ара араз болма деп ескертеді. Ал, біздің масхаб ғалымдарымыздың арап тілінен көшіре-көшіре өзедері ниетінен жаңылысқанын үгіттері мен тәпсірлері әшкере қылып және олардың ел басшыларының ниеттерін жасырып, дінсіздермен ауыз жаласып, өз ұлттық ғұрпына қарсы заңды қолдауы да тажалға айналатынын ескертеді. Ал біздің масхабтық біліміздің ниеттілік сипаты жаратушысын тануға, адалдыққа, адамгершілік құндылықтарды меңгеруге негізделгенмен, тек бұрынғы заман ой қуатына сүйеніп, тәпсірлерді санмен жүйелеп, заман біліміне сай салыстыра білмеуден, тек адам баласының ақылға, білімге негізделген еріктік сапасын ғана қалыптастырып, санасын жабуға негізделген ниетілік болып шығады. Және мұндай жағдайда сана қуаты мүлде болмайды деп те айтуға да болмайды. Және жалпы ұлттық ақыл-ойымыздың еріктілігі, талап, тілеуіміз яғни ниеттік шамамыз қазіргі таңдағы ұранымызға айналған еркіндігіміз ақылға және тәрбиеге тәуелді болып, естің екі сапасын береді. Еріктің сапасы дегеніміз жыныстық ерекшелікпен, өрістік екі жиілікте болып адамзаттың жүйке құрлысы екі сипатта еркек, әйел болып ерекшеленетінін білдіреді. Сондықтан аталарымыз бұл ерекшелікті жан сырын; «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» деп еріктің яғни қайраттың, сөз қуатылығының шамасымен боймен өлшенетінін білдіріп; «Еркек дауысты әйелде ұят болмас, әйел дауысты еркекте қуат болмас» деп көрсеткен. Және шаштың да екі түрлі еркектік, әйелдік сипаты болатынын; «Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық» деген нахыл қалдырған. Сондықтан еркек 70-метал-металоидтан тұрғандықтан темірдің қоры мол болып, ерік ағашы да осылай емендей болып қалыптасады. Бой қуаты еркектен төбеден төменге қарай жабылатын болса, әйел затының аналық жыныстық қабілетімен аяғының тазалығына тәуелді болады. Сондықтан ақыл бойға тәуелді болып, әйел бойын құран аяттарының 23-санынан (4-23) іздеп, ал еркек бойы 91-санымен, кәпірліктің де белгісін бойға қарап анықтауға болатынын және ол болашақ ғылымда осы сандармен өлшенетінін біліп, құран сан тағлымының адамзат ақылынан әлде қайда жоғары тұрғанын мойындайтын да заман да келер. Сонымен бойдың да өрістік, салқын, жылулық, жарықтық сипаттарында да еркешелік болып және әйел затының тәнінде алтын, күміс қорынан тұрып, адамзаттың несібесі жеміс ағаштарын қалыптастырады. Алдыңғы жазбалардан ғибрат алған талағында биті бар естілігі толық оқырманның ол жазбада неге әйел бойы ұзын, деп жазылған деген күмәнді сұрақты қойатыны сөзсіз. « Түсінікті болу үшін әрбір нәрсені парымен жаратттым» деген жаратушымыздың үкімінен сәйкес, әрбір пардың бір жағы 3-тен тұратынын, барлығы 6-санымен рух негізін ғылымын құрайтынын және осы Раббымыздың білімінен-ақ масхабшылырдың «бес парыз» намаз дегені Құранға қарсылық екенін білгеніңіз де жөн. Бұл мысалмен адам сөзінің өрістік бақшасы «Бой»-дың, немесе Шәкәрім атамыздың насихатындағы «Бәйшешшек бақшасының» көрнісі және құрандағы «Көлеңкелердің ұзын жағын өз жағыма аламын» деген аятынан туындайтын адам баласының қол қанаты аруақтық бой туралы, тектілгінің көрнісі, серіктері туралы әңгіме қылып отырмыз. Сонымен тектіліктің жер бетіндегі белгісі болған; Құрма ағашы арап әйелдерінен тән еріктің белгісі болса, алма, жүзім сияқты түрлі жеміс ағаштары түркі елдерінен тән әйел ағаштарын меңзеп тұрғаны сөзсіз. Осындай ағашы көп елдің де қандық діл білімі жоғары болатыны даусыз. Аталарымыз батада; «Ой түземей бой түзеп кеттіңдер» деп ескертеді де бойдың ой тазалығынсыз қалыптасуынан жындылық қылықтың еріктіліктің пайда болуымен, сана қуаты жетілмейтінін ескертеді яғни естілік қалыптаспайды. Естің бойға тікелей тәуелді екенін де ескертеді. Сонымен дін несібесінің екі сипатты бойдың болатынын және тақуалық жолда немесе қандайда бір «намазхан» болғандардың тілектерінің, ниеттерінің де екі түрлі болатынын құранда; «Кім ақиреттті қаласа береді, кім дүние несібесін сұраса оны береді, бірақ ақирет несібесі берілмейді» деп ескерткен үкімнің ниеттіліктің де екі сапасы болатынын ескертеді. Енді әйел бойы натрий жолдарына яғни 40-үйдің арасын жалғап тұратын тіл, үш жолдарына тәуелді болып әйел бойы үндік сапамен, ал еркек бойы дауыста, сөзден тұратын қуаттық сапамен қалыптасып және еркектің тіл, натрий жолдары қысқа болып, үйінің саны 30-санмен белгілі болатынында ескерген жөн. Сондықтан ұлттық тектілік рухтық қуат болып еркектің боймен өлшеніп, жандық қуат тілмен байланысты, гендік қасиет әйел боймен өлшенеді. Сонымен сенім қуатының осындай ой бақшасы болған «Бойды» қалыптастыру үшін алдымен ес, сосын ұлттық негізегі ниет тазалығы болмаса, құр намаз оқумен, қажыға барумен, ораза ұстаумен иман түгіл, сенім қуаты да толық жетілмейді. Сондықтан Абай атамыз адам баласының құлшылықтарың негізін жан ғылымының сырын құран сан тағлымдарымен сәйкестендіріп, санмен реттілігін де көрсетіп кетіпті және «Мақсұт» атты әңгіммемен адам бойының 3-бақшасының жемісін ақ, сары, қызыл деп көрсетіп астарлы әңгімемен суреттеген. Ал ұлттық негіздегі қазақтың дін-ниетін қалыптастыру үшін алдымен ақыл-ойын дамытып, ерік күшінің 9-санына байланысты болатыны, ал саналығын жан тазалығына байланысты 7-ші сөзбен ғылымын көрсетіп және естіліктің жүрек ісі болып, қулыққа, дүние табуға естілердің көп болып, ал адамгершілік парыздарға естілердің аз кездесетінін де ескертіп; «..Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол есеп алғаныңнан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ақиретке, не дүниеге жарамды, күніне өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыпысың?» деген ақылмен өзінді өзің халық көзімен көре біліп, сынап, өткен өміріңнің әрбір сағатын өлшеп, дініңмен салыстырып таразыға тарта білуді ғана адамзатқа лайық естілік болатынын ескерткен. Діннің бар жоғының негізгі белгісі ақыл, білім болса, ал тазалығының көрнісі естілік болып, тура жолының парасаттылық, бекзатылығының бейнесін иман қуаты қалыптастырады. Сондықтанда ниет ұлттық тәрбиемен, кәсіптік, жыныстық еркшеліктермен көрнісін беріп оны «Мәдениет», мәдениеттілік қара халық тілімен әдеб деп атайды. Ал сенім қуаты, сенімділікті ақыл, білім, өнер, кәсіп т,б басқалай адамзаттың тұрмыстық ерекшеліктерін, ұлтық мінезін, отан сүйгіштік сияқты және түрлі дарындылық қабілет, қасиеттермен өлшенеді де 11;81;9 сандармен құран, інжіл аяттары сырын түсіндіріп тұрғаны хақ. Мұхаммед пайғамбарымыз: «Һұд сүресін меңгерем дегенше шашым ағарды» деген астарлы сөзінен осы сенім қуатын меңгеру шаштың да ағарып, адам жасының кемелденуіне ақылдың жетілуіне байланысты екенін білдіреді. Ал енді ниеттілікпен, сенімділікпен тура жолды таптым деген қате түсінік болып, тура жол негізінен ақиреттік бақша жемісі Ақтың- «Ар»-сауытының яғни бойдың толық қалыптасуы мен «Ман» қуатының тәнге толық зейнетеліп және тазалық сапасына байланысты болады да оның жоғарғы дәрежелі шамасын «Сабыр» деп атайды. Сондықтан Раббымыз; «Сендерге бір тіл екі ерін және екі жол көрсеттім емес пе?» деп ескертіп, ниет пен сенім екі жол яғни рух пен жан адам баласының астыңғы, үстіңгі ернімен белгіленіп қойған. Екі еркі бір тіл және екі көзден жүректің негізі пайда болатынын да ескертіп, иман зейнетелу үшін осы бес негізді денені өсіру керек екенін және екі жол кедергісімен 7-санды аруақтық қуаттан барып жүректің толық бейнесі қалыптасып, оған қандағы 11-жұлдызды ниеттің өзін қоссаңыз 18-санымен солға қарай айналғанда 81-санды сенім қуаты, ерік, қайраттылық пайда болады. Ал иманның негізгі сыртқы тәндік бейнесі астыңғы иек сызықтық шамасына тәуелді және «Кәусармен» байланысты болып, сақал қойудың да белгісі пайғамбарымыздың шапағатынан жалғану жанды меңгерудің сипаты болса, мұрт майланып рухани жетілгендікті білдіреді. Ал жастарымыздың сахабаларға еліктеп, «Менде дін жолында сахабалық дәрежеге жеттім» дегендей, ұлтымыздың ңұрпына жат бұндай кейіпке түсуі керісінше тәкәпарлық, мақтаншақтық және жалғандық исламды мазақтаудың тажалдық әдістері болып табылады да, сақлына ақ түспеген, қара сақалдыларды; «Сақалы бар, мақалы жоқ» деп атайды. Рухани май ішкен пенденің мұрты майланып, ақ түсіп, ал мақалы болған пенденің сақалы ағаратынын естен шығармаңыз. Абай атамыздың, «Қазағым қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті ау мұртың» деген астарлы насихатында; «Имансыздық намазда қызылбастан салған жол» деген ескертуін, рухани тазаруды меңгере алмағандығын дәлелдеп тұр. Атамыз иман келтіру мен сенімді болудың екі мағына беретінін және рухын тазарта білмегеннің мұрты аузына түскен пендемен бірдей арамды қоса жейді деп, масхаб хазіретерінің үш ұйықтасада түсініне де кірмейтін, қазіргі таңдағы ислам әлемінің адасқан, бұзықтық салтын хақиқатты көрсеткен. «Ұста ара!» деп «Бақ-ара» сүресін меңгере алмай, бес парызбен 2-ні (екі жолды) меңгеріп, ала алмай; Бақ қарап, қыдыр дари алмай жатқанын суреттеген. Ал иман сөзі адамзатқа ортақ аударылмайтын ұғым және 49; 9 санды үкімдерге, сүрелерге байланысты болған көктегі жердегі құпия сырларды яғни «Ман» қуаттарын толық меңгермей, қанды толық тазартумен, жүрек етінің тазалығы да қалыптаспай иман зейнетеліп енбейді және ол үшін де жанның өлім себептерімен кездесіп, түршігіп шаш, сақал, мұртың ағармай қара, еліміздегі толып кеткен қаба, қара сақалдар керісінше сенімнің жетілмегендігін де және жүректегі имансыздықты көрсетіп, әшкер мазақ қылып тұрған, бұл қылығын шайтанның әдемі көрсетуінен деп түсінгеніңіз абзал. Ал, сақал қойып мұртынын қырып тастаудан рухқа қарсымын деген жындылық белгі пайда болады. Енді «Ман» деген ұғымның өзі адамзаттың бастапқы жаратылыс тегі екі сөздің, екі тамшының белгісі болып бірі ақ, қара түсті сыртқы бейнесін төрт бұрышты бейнемен белгіленген қуат көзін болып табылады. Адамның екі қасы осы «Мандық» негізін көрсетіп, құлшылықтарын жетілдіру арқылы тәнге мөр алып оны «Қал» деп атап, сақалдың толық ағаруы осы үш негіздің тәндік зейнетін көрсетеді. Бұл ман қуатын меңгерудегі қара ерік күші ағаш болып оның негізі ата шауқатымен, ал ақ сана қуаты тілмен, ділмен байланысты болып, ана қанындағы 11-жұлдыздың ағару, жарық сипатына, ана сүтінің қуатылығына байланысты пайда болатын адам баласының шеберлік, көріпкелдік және үндік қабілетін қалыптастырады. Осындай үш түрлі сипаттың алғашқы сатысын ниетті меңгеру жолына түскен яғни «Шерік», «Табиб», «Такиғ» қағидаларын меңгеруді масхабымызы тура жол деп атайтын шариғатты іске айналдырумен және оны адамгершілік жолында қызметке жаратушы болса «Мұсылман емесің»- деп айту да кәпірлік болып саналады. Енді осындай үш сипатты имандылықтың мектебінің сабақтарын меңгеру шарттарынан естің де үш сатысын дін құлшылығынан көрнісін табады.Сондықтан мұсылмандық дегеніміздің өзі ақылмен, еркін меңгерумен Абай атамыз айтқан естің екі ақ қара жағы да, яғни дүние, мал табуға, қулыққа естілік те осы сапаға жатады. Сонымен ерік күші жындық қуатқа тән де, ал саналық күш жан негіздері сезімге және шайтандық көруші қарсылық қуатқа тән әйел затының қанынан пайда болады. Сондықтан шайтандығы бар немесе жындылығы бар болған білімді, ақылды өмір шаруасын жүргізген, жекелей ерік күшін меңгерген немесе жекелей сезімдік қуаттарды жетілдірген пенделердің бәрі мұсылман болып, белгілі бір дәрежедегі ниетілік пен сенімдік қуаттарды меңгерген болып саналады. Алдыңғы басылымда бұндай жан сырларына кең түрде құран, інжіл арқылы дәлелдер келтірумен талқылып көреміз. Сонымен мұдай жағдайда әйел халқы ниетім ақ деп ақталаса, еркектер құдайға сенемін бірақ намаз оқып, тағы басқа дін істерін орындай алмаймын деп ақталады. Раббымыз ниетілікті меңгермей, яғни бой қуатын ағартып өсірмей тілектердің қабыл болып, сенім қуаты да жетілмейтінін ескертеді. Сенімді қалыптастыратын сынақттардың өзі тікелей сенімге емес әуелі ниетке қарай берілетінін де ескергеніңіз жөн. Сондықтан әлемдік философия, психология ілімдерінің ұсынған тек бұндай білім, оқу арқылы, тәрбиесіз «интелекті» яғни ниетсіз, бойсыз, оны тазартатын ұлтық тәрбие тағлымынсыз жастарды құр біліммен саналы қылып қалыптастыру мүлде мүмкін емес және Әл-Фараби атамыз ескерткендей жастарды еркін, шектемей ерік күшін жетілдіріп, болашақта ұлың жынды, қызың шайтан болмасын десең, алдымен тәрбие үйрет!- иманын суғаратын, сана қуатын жетілдір, деп ескерткен. Сана қуаты ана сүтімен бойдағы құпия жартушы тарапынан берілетін қасиетке, ұждан қуатының негізіне және ана тілін меңгеруге тікелей тәуелді болады. Ал сана қуатынын қалыптастыру үшін де алдымен жеті сүйектің тазалығы «жете» керек екенін тағы аталарымыз ескерткен. Сонымен ерік және сана қуатының өлшемі болған естілік аруақтық қуатың негізін қалайтынын жадыңызға тоқып алыңыз. Сондықтан осындай күрделі жан құпия сырларын түсіну үшін де Абай атамыз ескерткен барлық нәрсенің, қуатардың, күштердің белгілі дәрежеде өлшемі болу шарт. Біздің филосов аталған ағайындарымызбен дін ғалымдарымыздың бұл ұғымдарға өздерінің ескірген білімдерімен қарсылықтарын туындатпас үшін тағы да қайталап; құран арқылы сөз қуатының, кітап өлшемдерін көрсете кетейік; Сана қуаты 3;21 сандармен аяттармен баяндалса; Жете 142 сандық мәнімен; Сенім-11;81;9 сандарына тәуелді; Ерік күші-81 санымен белгіленіп, сенімнен бөлек қарастыруға болмайтынын ескертіп және бірін-бірі қайталап толысып, алмасып иман ағашын, ата шауқатының қуатылығын және неке, жұптасу арқылы әйел рухани егінін өсіруге азық болады. Енді осы сандарға тәуелді болған адам баласының 8-түрлі малдық қуаттарының да жетілу, қалыптасуы туралы ғылым сырлары философия, психология пәндері де масхаб ғалымдары да қарастырмайды, яғни білмейді де сондықтан білген елдің рухани құндылығына қарсы соғысқа шыққан шайтан жамағаттарына көмекке тұрған өз еліміздің жансыз шерік ел басшы, көш басшыларымыздың өздері «шерік қатушы» болып, кейбіреулері атақ, дәрежелерін пайдаланып тажалға да айналып алғаны хақ. Бұл пәтуамызға тағы мысал бере кетсек; Діннің үш сапасының өзі осы ес, естілікті қалыптастыру ұғымынан пайда болып, еске қызметке тұрған; Жад; Зерде; Зейін рухани негіздегі қасиеттіліктер болып, және тән, ағза мүшелерінің тазалығына да тәуелді белгілі өлшемдік сипаттары да бар. Бұл жан сырына болшақта терең үңіліп, аталарымыздың нахылдарымен, сәни дәптер аяттарымен әлем психология ілімінің де қателіктерін көрсетіп, бұл саладағы ғалымдарымыздың және дәрігерлік білімдегі адасқан тажалдық әрекетерді де, ел басшылырының рухани жетілмеген білімдерін де әшкере жариялайтынымыз да хақ. Сонымен енді еспен 5-қуаттың негізін көрсетіп, ал бұған енді сезім, түйсік атты бой қуатының, бақшасының тазалығына байланысты адам баласының малдық, паралық рухани қазынасын қоссаңыз; 7-санымен барлық адамдық қабілетің естің бір сапасы шығады. Бірақ енді есті үнемі сақтап тұратын, бойды тазартушы «Мұсыл» 9-санды көктік, нәсілдік қызметшісін періштелерді қоссаңыз естіліктің «интелектің» толық мәні пайда болады. Енді бұл адамзат психология және логика ілімінің қалай жетілдіруді інжіл жазбасында Ғиса пайғамбарымыз; «Бес торғайды екі теңгеге сатып алмайсыңдар ма?» деп астарлап, барлық рухани жетілу қағидаларын насихатап, ірге тасын қалап кеткен. Ал психологиялық тазалық пен жетілдірудің естің жоғарғы дәрежесін иман қуаттарын меңгеруді барлық намаздарын Мұхаммед пайғамбарымыз өз үлгісімен бұл ірге тастың үстіне қалған бес қабырғасын тұрғызып, адамзаттың үйі, ар сауыты да қағбасын тұрғызуды көрсетіп кеткен. Ислам дін ғалымдарының осы бес қабырғалық пайғамбар сүнеттерін ғана дін қылып, оның Ғиса пайғамбарымыз алдыңғы үш кітап негізінде тұрғызған ірге тасын жермен байланысты рухани ілімін есепке алмай, бес парызбен қағбаны көкке іліп қойған сияқты, тек көкке қарап алақан жайып аяқ астына мән бермей кеткен. Сондықтан Ғиса пайғамбарымыз; «Мен таспын деп», аяқ астыңа қарамасаң сол тасқа сүрініп жығыласың да рухыңды тазартып «Мені» үйіңе қабылдай алмасаң онда ішіңдегілер тасқа айналып, пенделік бұйырған ажалыңнан бұрын өлесің деп ескертіпті. Енді осыдай ілімдер және іргелі ғылымдар арқылы ғана діннің қайсысы секта, қайсысы мүлде жалған екенін анықтауға арналған мемлекетіміздің арнаулы жарғы кітабы, жан ғылымының логикалық білімі мен дін сырының философиялық ілімі болмаса онда тажалдың қақпанында болғаны. Біздің мемлекетіміздің бұл салада тажалға жәрдем беруге тұрғандығының өзі «бес парыздық» есті жетілдірудің, Алланы еске алу зікір білімінің надандық замандарда қарапайымдап, дінді қиындатпауға арналған ескірген яғни естілігін жоғалқан қағидаларын сол қалпында көшіріп алып және естің, иман қуатының, иман келтірудің, Алланы еске алу зікір білімнің негізі 7-санға, 7-түрге, 7-үнге, 7-әулие киеге тәуелі болып; «Мен жеті сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деген пайғамбарымыздың ашық ескертуіне жала қойып, тажалға айналғанын да білдіреді. Бұл астарлы аяттан аталарымыз «Сүй-Ек» деп сүйген яғни нәпсіңнің қалағанын сүйегіңе май қылып жинайсың дегеннен 7-түрлі майдың, нәпсінің тәрбиесінен пайда болатынын көрсетіп тұр. Сонда бес парызбен нәпсі қуаттарының бесеуін қалыптастырып, тазартуға болса, қалған екеуін «Теңге, парасын» кімге қалдыру керек? Демек масхабтық білімде тажалдық әрекет бар екені да даусыз емес пе? Сондықтан «Аруақ» ұғымы 7-санымен, судан пайда болатын 7-түрлі май негізді кітаптарды белгілеп, ділдің қанға байланысты қызыл жемісі болып, бірақ бұл ілім негізін қазақ елі түгіл әлем ғылымында жоғалтып алғаны даусыз. Ал осы ілім негізінің барлық шарттары да, білімі де қалыптасқан бар ислам елдеріне болатын жағдайды, Пайғамбарымыздың; «Қиямет мезгілінде құран бір жақта, мұсылмандар басқа жақта болады» деген әулиелігі де аруақ құранынан 47-түрлі адамзаттық ақпартық кітап аруағынан, жібінен ажырап және осы кітаптардың барлық сипаты әулие-әмби болып бекіген, тура жолдық хақиқат кітабы берілген қазақ жерінде де тажалдардың көмегімен жүзеге асуда. Ал ондай тажалдардың кімдер болып пайда болатынын Ғиса пайғамбарымыздың; «Дін ғалымдары мен ел басқарушылар және байлар да сендер зұлымдыққа түсесіңдер!» деген ескертуі де философиялық яғни абыздық даналықтың өлумен көрнісін беретін діндегі қияметтік жағдай біздің елімізде толық бейнеленгені де сөзсіз. Оған дәлел жоғарыдағы; Жад, зерде, зейін және бүкіл қуаттардың сапаларын меңгерудің философиясы да, психология және логика білімі де қазақ аталарымыздың еңбектерінде болып және осындай ниет, сенім жолындағы тәрбиенің негізі; иман келтіру яғни ар білімін меңгеру екенін қарапайым халыққа түсінікті нұрландырушы кітаптардың қазақ елінде ғана бар екенін біліп және оны тек әлем тілдеріне аударумен бірге логикалық білімін түсіндірсе болғаны, қазіргі таңдағы бүкіл еліміздің сауатты аталып, ата жолына қарсы болғандардың бәрі әлем алдындағы тажалдық өтіріктері әшкере өздері масқара болары хақ. Олай болса ел басшыларымыздың жастардың ұлттық «интелектік зияткерлігін» қалыптастыру дегенімізді халықтың түсінігіне жақындатып тажалдық ұғымнан аршып қарсақ; балардың зердесін яғни ынта, жігер, сана, ойлау қабілеті, мініздік, тілдік тазалығын сақтау мен және ар-ұят заңдылығы болған көру тазалығын болған 7-түрден (бояуды қабылдау қабілет) ақ-қарасын ажырату қабілеттерін қалыптастыратын ұлттық тәрбиемен берілетін ар білімінсіз және оның ірге тасы ана тілін жетік меңгермейінше мүмкін де емес. Бұл құндылықтар қазақтың әулие, даналар еңбектерінде толық баяндалып, оны түсініп қоймау үшін «интелектік, зияткерлік» деген ұғымдарды пайдалану арқылы өз атақ дәрежесін сақтауды шайтанның көрсетіп, жынның салған сөздерінен деп түсінгеніңіз де жөн. Ал енді осындай қабілеттерден ғана пайда болатын «Ес» өлшемі болған 7 (жете, ой қуаты, арман, жеті жарғы) 9-санды тәубесін түсініп, онмен дәрежелеуді яғни ер азаматына; «Тоқсан ауыз сөздің тобықтан түйінін» түйіп, сөз өрнегін құрауды «философиялық», шешендік, абыздық 91-санды бойлық, денелік қуаттарды да меңгермей, ал әйел затына 23-санды мүміндік, момындық қасиеттерді меңгеріп, бойын жетілдірмей, құр жаттанды білім бере бергеннен және ойын-сауық, спорттық жатығулармен ерік күшін жетілдіре беріп, түрлі әлем дүние қызықтарын қайталатып, жындылығын және арсыздық, ұятсыздық еркіндікпен шайтандық азғындығын артырғанан ешқандай нәтиже шықпайтыны хақ. Енді әлем жындылығын баларымыз тікелей жас кезінен өздері оқып алсын деп, үш тұғырлы тілді меңгеру керек деген ұран тасталғанан кейін және оны аруақты былай қойғанда, халық талқысына, ақсақалдар кеңесіне де салмай, бас шұлғып қоштаған осындай ғалымдарымыздың пәтуасын естігеннен кейін, қазақтық намысым қозып, бірақ әулие бабалар еңбегінен, Абай-Шәкәрімдей даналар насихатынан қанша уақыттан бері мысал келтіріп алдарына апарғанмен ұялған, намыстанып баспасөз бетерінде мойындаған бір-де бір ел басқарушы, дін ғалымдары, жазушылар болмағандықтан, мүмкін Құдайдан ұялып, аруақты сыйлар деген мақсатпен, ниетеніп Рабымыздан тағы жоғарыдағы берліген ақпартты қайталап сұрадым; 53. «Ана тілі толық қалыптаспай шет тілдерін зорлап оқытып үйретуден қандай рухани теріс әсерлер пайда болады?» Жауап; «Жүрек иманы болмайды. Екі жүзділік мінез қалыптасады». Жас балаларымыздың жетелігі мен саналығының ірге тасын, кірпішін қалау үшін яғни 6-санды ақылды, 7-санды ойды меңгеріп дұрыс армандай білу яғни ақ пен қараны ажырататын қабілетті; 13-мүшелдік қуаты «Уақ» қуаты, «Ала жібі» болу керек екенін аталарымыз нахылмен ескерткенмен, Абайын-Шәкәрімдей әулие даналарын оқи алмай, екі жүзді пікірлермен мазақтаған ғалым жазушыларымыз бұған да тоқталмас деген мақсатпен тағы да Раббымыздан қайталап сұрадым; 54. «Қай жаста ана тілдік қуаты толық жетіліп, діл білімі қалыптасып болады?» Жауап; «Он үш жаста толық пісіп жетіледі». Аталарымыз «Құдайдан қорықпағанан қорық», «Аруақ атқан оңбайды», «Құдайсыз қурай да сынбайды», «Ала жіпті аттаған оңбас!» деп ескертіп және мұндай жаратушы құдірет қолынан келген ақпараттарды «жын-шайтанан» келген деген тажалдарға Ғиса пайғамбарымыз; «Егер шайтан өзіне қарсы соғысса, оның патшалығы қалайша жойылмай тұра алар еді?» (Лұқа 11-тарау) деген астарлы әңгімемен ескертіпті. Сондықтан; «шайтан халықты жақсылыққа,дүние жұмсап артық хайыр жасауға, құрбандық шалып жанын тазартуға,өзін өлтіретін иманға шақырып бата бере алады ма?-деген сұрақты дін имамдарына қойып көрсеңіз. Бірақ бұл топтағылардың халықты үркіткен ең бір тажалдық әрекеті «Зияратқа деп ақша, мал жұмсау маркетинг» деп атап, туысқандық, жомартық, дүние мүлкін, нәпсісін арамнан тазарту үшін Алла жолында артық хайыр жасап, ел кезіп сапарға шығудың иман келтірудің баспалдағы екенін теріске шығарумен және өздері «Умра қажылыққа» шақырудан, және құрбандықсыз ондаған есе артық ақша жұмсаудан, екі жүзді пәтуа беруден жаңылар да емес. Ал иманның негізгі сипатын Абай атамыз тағдырмен берілетін бастапқы сөз екенін ескертіп, жер анамен байланысты, кіндік қанмен жалғануды баяндап кеткенде; «Сөз сатып алып не керек тәңір сені екі сөзбен атқан» деп жаратылыстан иамнан пайда болып, сондықтан да мұсылман аталып, сол иманыңды жоғалтып, жүрегіңнен шайып алмас үшін де; ата сөзінен әуелі ана тілін жер емшегін еміп, сосын шал емшегін емуді біл; менің сөзімнің сыртын алма, ішіне сырына үңіліп қара, иманды болуды іздесең деп ескертеді. Адам баласының мықты тағдырмен немесе сынақпен дүние есігін ашуы да осы жанмен бірге берілген екі сөзді иманға яғни «Мен»-ге тәуелді болып, шайтанның осы меннің айтқанын істетпеу үшін жүрек көзін жауып, көз болатын құлақтарын тіліп, ақырында иманы өсіп, өнбей жетілмей, бірақ бастапқы ата-басының жүрегі болған мықты иманның арқасында осындай ел басқару, шығармашылық, түрлі өнер, білімді меңгеріп жүргенмен, екінші мені «өзі» өлген сондықтан да салыстырмалы түрде жеке тапқан иманы, жүректік сана қуаты жоқ деп айтамыз. Бірақ имансыз адам баласы өсіп-өніп жетілмейді, ол иман негізі 13-жасқа дейін періште болып жетелеп, 13-тен кейін мүшелдік сипатқа ауысатынын аталарымыз жетік білген. Және бұл ұрықты сақтау үшін 13-жасқа дейін ана тілімен суғарып отыру зерделі, зейінді, зеректікті қалыптастыратынын да естен шығармаған жөн. Ал осындай жағдайда қалыптасқан иманның арқасында жетіліп өсіп, кейінен дін адамы аталып, ана тіліне, ділінен байланысты өсірген иман негізін ұмытумен, өзге ұлттың қосын жегіп, немесе өз ұлтына бауырласына деген көреалмастық, қызғаныш болса, онда иман, сенім түгіл, ниеті де өлген болып табылады. Сондықтан естілігі екі жүзді және тек дүние байлық пен, қулыққа, дүние қызығына есті ақылды, білімді қауымды осындай қақпанмен ұстап, имандарын меңгермеуге, елімізге келген бақты тебуге арандатқаны да даусыз. Бұндай тажалдардың пайда болатыны сол замандарда-ақ Ғиса пайғамбарымыз; «Көк пен жердің Иесі- Әке! (Раббымыз, Бір Алла) Осы жайларды данышпандар мен білгіштерден жасырып қалып, оларды білімсіздерге ашып көрсеткенің үшін Сені дәріптеймін. Иә, Әке, Саған осылай болғаны ұнап тұр»,-деп мақтау айтты.» (Л: 10-тарау) Онды меңгеру дегенмізді құрандағы; «3-кісі сыбырласса 4-ші Алла, 5-кісі сыбырласса 6-шы Алла..» барлығы 10-санымен, аталарымыз ескерткен «3-ші байлық он саулық» қағидасы яғни адамзат баласының, әлем ғалымдарының тер төгіп іздеп таба алмай жатқан «интелекті», зерделі, зеректікті қалыптастыру білімі; әуелі денсаулық яғни рухани тазалық, екінші ақ жаулық арқылы ғана орындалатынын жан сырының логикалық білімін аманаттап кетіпті. Енді аталарымыз осы нахылмен ғана үш түрлі дінінің сапасын және иман гүлінің ұрығын, рухани егініміздің көрнісін қарапайым сөздермен және санмен мағрипат білімін және хақиқатың сырын да көрсетіп кетіпті. Бірақ жүректеріне кіріп алған және тәпсір білімдері дін сенімі еркі болып, тек арап тілінде ғана діннің түсінігі болады деген тажалдардың мұндай жан сырларын түсінуге сенім күші кедергі тас болып, оған сүрінген көптеген қазақ жастары рухани азғындап жатқанын түсіну әзірге дүние байлығынан басқаны білмейтін ел басшыларына түсініксіз. Сенімі бар бірақ жүрегінде қыша дәніндей де иман дәні болмаса онда ондай пенделерді жансыз яғни тек бұйрықтарды мүлтіксіз қайталап орндаушы шеріктер , әскер деп атайды. Шеріктік яғни жансыз қандай да бір дін, ғалым, атақты филосов болсын шерік қатушылар тарапынан табылып, өзінен-өзі тажалға айналып, рухани тұрғыдан өтірік айтушы деп біліңіз. Бұл пәтуамызға да мысал келтіре кетсек; Ниет адамзаттың болашаққа, жақсылыққа деген арман-ойынан туатын қозғалыс себепшісі болып; оны –Бағыт деп атаған дін имамдары. Ал сенім осы ниеттен пайда болған рухани байлық денсаулықпен тікелей байланысты көрсеткіш болып, оның қағидаларын өмір мектебі деп атап, әр халықтың тұрмыстық тәжірибесінен әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне, білім ордаларына тәуелді болады. Ал діннің үшінші және жоғарғы сапасы болған иман қуаты негізінен ділге, тілге тәуелді және екінші байлық Ақ жаулықтарымызға тікелей қатысты. Сондықтан әйелі арсыз пенденің де, әйелдері азған мемлекетің де иман, арлылық түгіл, дін сенімі толық, ниеттері дұрыс деп те айтуға болмайды. Ал енді осы дінің үш сапасын меңгеруді біздің имамдарымыздың «Масхаб»-бағыт (ниет), мектеб (сенім жолы), тура жол (иман негізі) деп атауы осы үш сапаны да көрсетіп тұр. Ал, шындығында солай ма? Жауабын оқырман өзіңіз тексеріп көріңіз. Енді діннің масхабтан да жоғары діннің 4-ші сапасы, иман қуатының екінші сапасы болған, әулиелікті, хазірет, абыздықты меңгеруді үшінші байлық он саулықпен көктен келетін арнаулы нұрмен иманның бірінші дәрежесімен байланысты болмақ. Сондықтан енді хазірет, филосов, дін ғалымы мен ел басшыларымызға тағы да; «Он саулығыңыздың (Саусағыңыздың) жағдайы қандай?» деп немесе «Мал-жаның аман ба?» яғни; Діл бақшаң көгеріп, көктеп жеміс беріп, қорадағы қойың қамаулы ма, қиямет мезгіліндегі үрленетін, қазіргі таңда үрленіп жатқан сүрден, азаптардан, апаттардан ескертіп отыратын, қорғауғашың аруағың арқылы келетін Раббыңнан уәде-аятын, аян кітабын көрдің бе?-деп сауал қойыңыз.

Иман-кісі-кітап-ілім, Сенім-ерік-қайрат-білім, Ниет-талап, үміт, ес-ой тазалығы.

Адамзаттың негізгі сынағы сөзді меңгеру яғни даналыққа жету болып, иман өлшемі де белгілі денелермен, сызықтық, түр, түстік бейнелерге айналған сөздің қуатын меңгеруге тәуелді болады. Енді ислам дінін құндылығы да осындай сөз құпияларының әлемдегі барлық қуатының құранның 7-үніне жасырылып, оны тек әрбір ұлттың өз тілінде өз үнінде намаздарын оқу арқылы ғана құран жеті үнімен яғни әрбір ұлттың тіліндегі жеті үнмен қосылып, 14-санды мақамның пайда болумен, көктің құпиясы ашылып, ілімге айналып Ыбырайым жолына жалғану деп аталу себебі де сондықтан. Ал енді бұл басылымдарда үнемі сөздерді санмен көрсетіп отырған сырдың да құпиясы әрбір мықты бекіген сөздердің қуаттық шамасы кітап, аяттар болып, құран аудармасы әрбір ұлтың тілінде оқылғанда, осындай мәндермен құранның насихаты әлемге ортақ түсініктерге айналып және осы кітаптар арқылы ғана бүкіл әлемге құранан бұрын келген кітаптарды растап бекітіп, қателіктерін әшкерелеп отырады. Және қандай бір аударма ғылымындағы қателіктерді, тәпсірдегі жіберілген логикалық ағатықттарды оңай салыстырып тексеруге болатын құпия сыры да бар. Бұл жүйені негізінен Інжілдік хауарилармен, біздің бабаларымыз меңгеріп және Таураттың түскен уақыттарында өмір сүрген Сансыз бабамыздың осы сан ғылымын жетік меңгеріп, әлем таба алмай жүрген барлық негізгі төрт кітаптың теріде жазылған шежіресі қазақ жерінде отырар кітапханасында сақатаулы тұрғаны да хақиқат болып, болашақта ашылары да хақ. Сонымен сөз құпиясын шешіп, заманына қарай тіршілік логикасы мен дін философиясы мен жан туралы терең сырлы ілімді яғни имандылық қуатын меңгерген елдер ғана өркениетке жетіп дамып, өзге елдерді соңынан ертіп, рухани аға болу діннің негізгі заңдылығы. Осы орынға таластың әсерінен әрбір ел өз шежіресін қолдан жазып, тарихи оқиғалардың маңызды кезеңдерін халықтың жадынан шығарып, жоғалтып өз дін ұстанымдарын үстемдігін қалыптастыру ислам әлемінің негізгі салты болып, оны аталарымыз «Қызылбастық намаз» деп атаған. Сондықтан християн елдерінің қазіргі негізгі ислам елдеріне қарағанда жетістікке жетіп, шаруашылығының да өркендеп, бұзықтықтыңда аз болуы өздеріне жаратқанан түскен сөз атауларын, қуаттарын толық жоғалтпай, білімдік аттарға айналдыра білуден, яғни сөз қуаттарының маңызын сақтап, ат қойумен бірге өлшемі де сәйкес болуынан, негізгі үндік тазалықты сақтауынан яғни ілімнің тазалығын қорғайтын сенім қуатының бір қалыптылығынан деп түсінгеніміз абзал. Ал ислам елдері негізгі сөз атауларының құпиясы түркі елдерінде ашылып, діннің өркен жайған мезгілдерін тарихаттан өшірумен айналысқан арамза ғалымдардың әрекеттері ғасырлар өте түркі әлеміндегі әулие, ғалымдардың өмірден өтіп арамызда ондай даналықтардың жоғалуымен орнына жалған, надан ғалымдар пайда болып, діннің негізгі бастауына ілімнің білімге сенім қуатына айналған сөз атауларын қайтадан алып, иман ұғымының, жандағы құпия білімнің жоғалып, білім арқылы қалыптасқан дінге сенімділікті имандылық деп атаумен ислам дінінің өзге діндерден әлде қайда бағасы да құндылғы да төмендеумен және құран жіптерінің үзіліп, иман қуатының жоғалумен көрнісін тапты. Енді біздердің сенім қуатын меңгергендерді иманды яғни кітап алған, құпия білімі бар ілімді, жаны жетілген, жүрек көзі ашық деген т,б иманның барлық сапасын қолдан теліп; хазірет, дін ғалымы, дін имамы атап, олар өздернің адасқанымен тұрмай өздерін құпия білім кітабы бар; пір, ұстаз санап, соңына ерткен барлық халықты да адастырумен айналысып жатқандарын білмейді. Оған бірден-бір себеп иманы яғни ілім білім ортасы таразысы; кісілігі, кітабы, жүрегінде иман шары яғни арының дәні жетіспейді. Ар дегеніміз жанның ұрығы, иманның негізі, адамның тектілік негізі болып саналып, сондықтан аталарымыз; «Малым жанымның, жаным арымның садақасы» деп атаған. Ал жүрегінде иманы бар адам баласының жалпы бойы яғни «аура» аруақтық өрісі жетіліп, аққа айналған ар сауыты болып, бұл сауыттың қалыптасуы керісінше ниеттің тазалығына сенім қуатының жетістігіне тәуелді болады. Сонымен Інжілдіктердің тек хауарилар ғана меңгерген иман қуаты кітаптарында рухани дән-дене деп аталағанмен кейінен олар да бұл атауға ат таба алмай сенім деп атап, қазіргі таңдағы «Отец» деп атайтындар осы иманды меңгерген құпия жанында кітабы бар дегенді білдіргенмен шындығында жалған-өтірік деп айтсақ қателеспейміз. Бұндай дене кітабы яғни жанның негізгі сауытын қалыптастырыу арқылы, иман қуаты жолдас, серік болып періштеге айналып Мұхаммед пайғамбарымыз иман қуаты арқылы ғана миғражға көтеріліп, Алла тағаламен тікелей тілдескен. Бұл қуаттың негізігі сипаты адам баласына көлік, тұлпар болып бейнеленетіні және оны көркем есімдермен байланысты болып аталарымыз оны қасиетті кісілердің, әулие-әмбилердің аруағы деп те атайтынын біле бермейміз. Аятта; «Әй жын мен адамзат тобы! Көктермен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер. Өте алмайсыңдар! Бірақ бір қуатпен өте аласыңдар.» (55-33) деп көкке көтерілуге жынмен адамзатқа ортақ қуаттың иманның яғни алған құранның, көркем, мықты сөздің қуат, пырақ болып бейнеленуі арқасында ғана көкке көтерілуге болатынын ескертеді. Бірақ бұл мұғжизаның 17-санмен белгіленіп, әрбір иманы жетіліп, ар сауыты қалыптасқан момынның пайғамбар шапағатына жалғанып атқаруға болатын хикметті ісі екенін масхаб ғалымдарының үлгі қылып немесе өздері де қайталағанын баяндаған насихатын көре алмайсыз. Керісінше жынды адамдық болмыстан басқа яғни шайтан тобына қосып, мазаққа айналдырып, қалай тазарып, бірленіп көкке бірге көтеріліп, миғраждан несібе кітабын, аятын алатын пайғамбарымыздың ізгі үлгісін мүлде шариғаттан да шығарып тастаған. Сондықтан пайғамбармыздың осындай 30-түрлі тажалдың пайда болатынын сүнеттері жинаған дүниесінің жоғалатынын білген. Және құранның барлық негізгі 30-кітабы иман негізінің орнына сенімді жалау қылып, құранды теріске алумен, өздері де білмей, білгендердің тілін алмай, халықты азғыратындарды ескерткен. Сондықтан аталарымыз қарғыстың ең жаманы; «Өзің білме, білген аруақтың көрсеткен тілін алма!» деп мақалдаған. Енді біздің жоғары мәртебелі хазіретіміздің де көктің ең болмаса 3-4 сатысына шыға алмай және мұндай жан білімі, иман кітабының жоқтығына дәлел қарапайым қойшының көретін аянын да ала алмай; Беріш Құрбан атамыздың топырағын, Сұлтан Бейбарыстікі деп қазақ халқының бәрін, ел басшыларымен қоса алдағанын өзі де білмейді. Себебі оны көрсететін жүрегінде бастапқы тағдырлық иманнан басқа, өзінің келтірген, сыйға алған аруақтық жеке иман қуаты, жалғанған кітабы яғни хазіреттік түгіл имамдық қуаттылығы да болмады. Ал енді осындай қарапайым аталарымыз меңгерген сөздердің, нахыл, мақалдардың сыры ашылып қалмасын деген ібілістің әрекетімен сөз атаулары бәрі араптан ғана келген деген ұғымды тықпалап, құранды тек арап тілінен өздеріне оқытып, басынан аяғына дейін жаттатумен, имамдардың жүрегіне иман қуаты кірмеуін өз қолдармен иманға қарсылық жасатумен, тілмен сөздің арасынан жік салып, ойдың бұзықтығын қалыптастыруды әдемі көрсетіп қойған. Иманның негізгі жаннат үйіне жалғанатын жібін өретін ой тазалығының, ой қуатын қалыптастыратын сөз даналығы сұхбатты дін имамдарының өзі жоғалтып алған. Тілі шұбарланбаған, ысылдамай сөйлейтін ауылда қалып оқи алмай қалған имамдар болмаса, жалпы Нұр Мүббәрәк сияқты жоғары оқу орныдарын бітіргендер керісінше тілдің бұзықтығын үйреніп шығады. Сондықтан бір-бірінен үлгі алумен, тіл мен сөздің арасын бөліп, ақыл-ойын тәпсірлерге матап, шерік қатып сөйлемейтін, жазбайтын қазақ елінде бірде-бір дін ғалымы мен иманын таба алмайтыныңызға бәс тігуге болады. Сөз тазалығы болмаған жерде тіл мінезі қалыптаспай, пайғамбарымыздың; «Кім тіл нәпсісін тазартып, сақтауға уәде берсе менде жанатқа уәде беремін» деген аманты да орындалмаса, онда жаны жаннатқа жалғанбай қайдан иман келеді? Енді кім сандар тағлымынан жете назар салса сенім мен ниетің ортақ кездесетін орны 11-саны кітабы болып, ал иман негізінің екі белгісі 49; 9 саны болып 9-тәубелік кітабының сенімен ортақ мәні болудан да бұл жан сырының есептік жүйесі білімді, сөз астарын жетік меңгеруді қажет ететінін ескертіп тұр. Пайғамбарымыздың; «Иман 60 немес 70 бұтақты» деген өсиеті де құрандағы осы сандағы кітаптың санын ескерткен. Яғни иман қуатының барлығы 130 кітап болып, оның 13 сатысын Ясауи бабамыздың көрсетіп кеткен Сәни дәптері құран емес деп қалай айта аламыз? Сонымен иман екі сападан тұрып оның бір сапасын Абай атамыз 9-сөзінде; «Осы мен өзім-қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жоқ жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді...Мен өзім тірі болсам да, анық тірі емспін. Әшейін осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен бір себептен ба?..» деп астарлы сұрақ қойып және астарлы жауап беріп иманның негізгі сипаты қандай жаман болса да ұлтыңды, еліңді сүйіп, өзіңе өзің кіммін деп жауап беріп барлық қызығың, дүние құмарлығың өлмей иманым бар деме деп ескертіп кетіпті. Қазақта ұлтын сүйген адам баласы қандай дәреже атағы болса да ана тілімен, сөзін қадірлейді. Ал сөз құндылығын білген пенде Абайына ғашық болып, өсиеттерін мүлтіксіз орындауға тырысып, орындай алмағанда имандымын деп мақтана алмасы да сөзсіз. Бірақ мен көрген, естіген ақылшыларымыз, өздерін иманды атағандардың ішінен тілмен Абайшыл, ал іс жүзінде өзгеше екі жүзділіктерінен басқа әзірге байқай алмай жүрмін. Соған қарағанда онда менде ниетім яғни талабым әлсіз болып үмітсіздікке түскенім бе? Ал үмітсіз пенде шайтан онда есі де жоқ болып шығады. Көрдіңіз бе қанша сенімдімін, намаз оқушымын, зекет беріп, ораза ұстаушымын дегенмен мұндай ниетпен иманның да аулы алыс екенін. Сонымен онда менен де төмендер бар деп өзімді кейде жұбатамын. Олар кімдер деңіз? Қазақта тура жол болмаған, барлық дін араптан келген, шариғат та тек құран түскеннен кейін пайда болып, оған дейін адамзат қараңғылықта жабайы болған т,б Мұхаммед пайғамбарымыз соңғы пайғамбар ғана емес, енді тіптен соңғы елші де болып, ақирет өмірінің тіршілігі тоқтап, сондықтан енді Раббымыз ешкімге ақиретік кітабын, тағдырын оқып, болашағын көрсететін уахи бермейтін болыпты және құран келгенен кейін барлық паралар кітаптар үкімі жойылып, тек арап тілінде ғана барлық ілім сыры белгілі болады екен деген хазірет, имам, дін ғалымдары, филосов, жазушы қандастарыма қарағанда Құдайға шүкір ниетім дұрыстау, қазақ, аруақ десе ішкен асымды да бөліп бере саламын. Ана тіліне махаббаты болмағанның қазақ ұлтына, отанына деген жан ашырлық бауырмалдығы болады дегеніміз де жалған олай болас ниеті де дұрыс емес. Демек сенімділігі де екі жүзді. Соған қарғанда тіптен ана тілінен де мақұрым кейбір ел басшыларына қарағанда да, ниетілігім дұрыс, басымды үнемі жауып және еге болып жүрмін бе деп Абай атамыздың әйтеуір иманым бар деп өзін жұбатқандай; «..Тегінде ойлаймын: бұ да жақсы, өлер кезде «әтеген-ай, сондай-сондай қызықтарым қалды –ау!» деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу болмаса, артқа алаң болмай өлуге.» (9-сөз) деп, артағы 9-дық тәубең иманың болса, онда енді алдыңғы жаққа аруағыңмен, «аура» көлеңкеңмен, өмір серігіңмен бірге 2 меніңді қосып, жіберген тілеуің яғни 11-санды кітабың болса, ақ өлімен өлесің деп ескерткен екен. Енді аруағын ата жолын, тарихын соттап және ана тілін де шұбарлап, алдыңғы жаққа жіберген «тілі»-«жібі»-тілеуіде кесілген ағайындарымның ниеті әрекет болып сеніміне енбей, иман түгіл сенімі ұсынған бойы да жоқ хазірттеріміз, имамдарымыз, ел басшыларымыз, ояздарымыз сендер; бұл келген қиямет мезгілінде қандай халге түсесіңдер деп, өлі де болса тірінің ісін жасап, осы басылыммен ең болмаса қазақтық намыстық ниеттеріңді халыққа көрсетіп өлсеңдер, ұрпақтарың жерлегенде де көп қиналмас еді деген адал ниетімді жазып, сенім білімді әшкерелеп көрсетіп отырған жағдайым бар. Ал шындығында иманым бар ма жоқ па?- оны халық көзімен немесе жаратқанның өзінен Құдайдан ғана сұрап білуге болатынын да білемін. Ол үшінде рухани өлім сатыларын және 3-түрлі жағдайдағы сынақтарынан да өтіп, кітапттарын меңгеру керек екенін ғана түсінемін!

Қиямет мезгілі және ниеттердің сынағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет