4-теңгелік екі бақырды салғанын көріп, былай деді. «Сендерге шындығын айтайын; мына бейшара жесір бәрінен де көп салды. Себебі басқалардың бәрі өздерінен артылғанын ған садақа етсе, бұл әйел өзі бейшара бола тұра күнелтетін нәрсесін бәрін аямастан берді.» (Лұқа 21-тарау) Осы 21-ші санға байланысты қазақ елінде садақа туралы үлкен даумен аяғы қудалаумен аяқталатын сынақтың негізгі оқиғасын Ғиса пайғамбарымыз астарылы түрде ескерткен екен; «Кейбіреулер ғибадатханаға (мешітерге) нұсқап оның әдемі тастармен салынып, арнайы сый-тартулармен тамаша әшекейленгенін айтқанда, Иса былай деп жауап берді; «Сендер көріп тұрған мына ғимратардың қаланған бірде-бір тасының қалмай бәрінің де күл-талқаны шығатын күндер туады!» (21-тарау) Ата жолының да әуелі мешітердің өтіріктерін ашып, сонан кейін бүкіл християндық әлемге қауіп төніп, бүкіл дін секталары өзінен-өзі қирайтын жағдай болтынын сезген тажалдар бір-бірінен жәрдемге келіп, ислам дін ғалымдарының қолымен қудалнған ата-жолының ісіне шетен келген өзге діндегілердің де үлесі бар екенін ұмытпаңыз. Енді мұндай жағдайдың әрбір үммет үшін өз ерекшеліктері және жер әлемінен де ортақ уақиғалардан пайда болатын ескертулерді, Інжілден Лұқа жазған ізгі хабардың 17-ші «Ісра» тарауынан үзінді келтірсек: «Парызшылдар Құдай патшалығының қашан орнайтынын сұрағанда, Иса оларға былай жауап берді: «Адамдар Құдай патшалығының қашан орнайтынын алдын-ала білмейді (Матай 23:26 Жохан 18:36) Сондай-ақ оны «міне мұнда!»»немесе анда!» деуге болмайды. Себебі Құдай патшалығы сендердің жан дүниелеріңде деді». Құдай патшалығы адамзаттың рухани қарама-қайшылықтарға түсумен, ақыл-білімен, естілік тәрбие арасында пайда болатын ақпарттық жетімсіздіктен, адамзаттың түрлі жағдайдағы кедергілерге ұшырап, өз жанын түсінуге, өлім себептерімен, аурулармен, азаптармен, жол байлану сияқты кедергілермен күресу барысында ішкі құдайлық сипаттарының оянумен көрнісін беретінін ескертеді. Яғни рухани жетілуге, дінді меңгеруге деген ел, жер тұрғындары ортақ қажетілігі ояну керек. Сонымен Иса шәкірттеріне тағы былай деді: «Көктен келген Мені бір күн болса да көрсек деп аңсайтын уақыттарың келеді, бірақ сол кезде Мені көрмейсіңдер. Кісілер сендерге: «Міне, ол мұнда!», я «Әне, ол онда!» дейтін болады. Оларға бармаңдар арттарынан ермеңдердер де!. Өйткені найзағайдың жарқ етіп, аспанды о шетінен бұ шетіне дейін жарқыратып жіберетіндей, уақыты болғанда (аяндардың жалпыға бірдей беріліп, түстердің көрсетіліп, уахи баталар оқыла бастағанда) менің билеуші ретінде көктен қайтып келуім де ап-айқын болады. Бірақ алдымен қазіргі ұрпақ менен бас тартып, көп азап шегуге тиіспін. Нух пайғамбардың заманында жағдай қалай болған болса, менің билеуші ретінде көктен қайтіп келетін кезімде де солай болады». (Жаратылыс баст. 6:1 7:6=23) Бұл сандар сыры да құран аяттары, сүрелерінің философиялық сырымен сәйкес келіп және 23-сан мүміндік белгі 18-ші пара-парақ кітапты яғни құранда да сандар тағлымымен інжілді қоса оқы деп ескертіп тұр. «Нұх кемеге мінгенге дейін адамдар (Құдайға мойынсынбай) ішіп-жеп, тек ойын сауық құрып, арсыздықтар істер жасап, дүние мастықта өмір сүруде еді. Ұзақ уақыт ескертулер келіп халық бәрібір үгітке мойын ұсынбады. Сол уақытта топан су басып астан бұрын әртүрлі ескертулер апаттар болған еді. Лұттың заманында да солай болған: адамдар ішіп-жеп, сауда-саттық жасап, егін егіп үй салып молшылық өмір кешуде еді. Бірақ нәпсі қуып азғындық жолға түскен еді. Лұт Содам қаласынан шыққан күні көктен от пен күкірт жауып, бірін қырып салды. Мен билеуші ретінде көктен келіп, ашық түрде көрінетін күні де солай болады! Сол күні төбесіндегі адамның заттары іште болса ол төмен түсіп үйге кіріп алып шықпай-ақ дереу қашып құтылсын! Сондай-ақ кім далада болса, үйіне қайтып келмей-ақ, қашып кете берсін! Лұттың әйелімен болған жайтты естеріңе түсіріңдер! (Көктен пәле жауып қалаларды жер жұту) Өмірін өзі үшін сақтауға тырысқан әркім одан айырылады, ал өмірін Құдай үшін қиған әркім оны мәңгі аман сақтап қалады. Сендерге шын айтамын: сол заманда түнде төсекте жатқан екеудің (некесіз жыныстық қатынасқа түсушілерді) біреуін періштелер қабыл алып, екіншісін (некелісін) қалдырып кетеді. Бірге диірмен тартып отырған екі әйелдің де біреуін қабыл алып, екіншісін тастап кетеді. (Түрлі ауру індеттер пайда болып жер әлеміндегі адамзат саны 2 есеге қысқарады екі әйелдің бірі өліп отырады, адамдар жүректері тоқтап кенеттен қайтыс болады.) Шәкірттері: Мырза, бұл қай жерде болады? –деп сұрағанда Иса астарлап жауап берді: «Жемтік қайда болса, құзғындар сонда жиылар». Енді жартушымыз мұндай хикметті сынақ алдында адамзатқа ақыл-ойына еркіндік беріп, әлемдегі барлық нығметтің есігін ашып қойғаны да хақ. Сонымен адамзат өз білімінің шексіз қуаттылығына және барлық жартылыс себептерін білім арқылы меңгере алатынан шексіз сенумен, ал біздің еліміз сияқты мұндай жолға енді қадам басқан ел басшыларымыз құдайлық себепшілерін мүлде естен шығарып және дінді мемелекеттен бөлек деген саясат ұстанудан елімізге барлық әлемнің ақылшыларын жинап алдық. Сондықтан мұндай жағдайдағы тарихи естілік дін тәжірибемізді ескілік, азған, адасқан деп танумен рухани таразымыз тарихи білімізді жоғалтып алумен, сырттан келген ақылшылардың қайсысы дін, қасысы секта екенін де ажыра алмайтын елміздің білімді аталған қауымының өздеріне Алланың берген нығметтін асыл дінін тажалға айналып, қудалап, 4000-мыңдай сектаға есігін ашып, төрден орын берген, өзіндегісін тарихи жадын есікке лақтырып, құзғындарға дастарханын жайып, жем шашып шақырып отырған әлемде қазақта басқа ел бар ма? Осындай ұрпақтарының ұсақталып, надан өзге елдің салтын, дінін ұстанатын ел басқарушыларының болатыны, сонан қиямет мезгілі келетінін алдын-ала Майқы би бабамыз бұдан 2000 жыл бұрын ұрпақтарға болжам жасап өсиет қалдырыпты: «Әлі заман өзгерер Өзгергенін көз көрер, Мінгенің арба болар, Бар құс қарға болар, Жансыз арба ат болар Өз балаң өзіңе жат болар Темірден құс болады Ұрпағымның көргені сұс болады, Адам басы ауырып дақ шытылар Базарында сұйылып сүт сатылар Еркек билік тұл болар, Сиыр пұл болар, Еркек жасып и болар, Қатын тұлданып би болар Алғаның ғарабы болар Құттың қорабы болар Төсекке есеппен жатасың Жыныс зарпын ақшаға сатасың Иекке тиер аз болар, Адам шаштан айрылып таз болар, Он бесте азуыңда аршырсың (тіске құрт түсу) Тумысынан тамаққа тарышысың (қомағайлық, дүниеқоңыздық, арамдық) Баққаның өсек, сөз болар Тастан таяқ болар Жұрт пақыр болар, Осындай қилы заман болар, Енді төрт мың жылда Дүние тамам болар.» Бабамыз қазіргі заман салтын толық сүгіретеп және «Иеке тиер аз болар» деген астарлы ұғыммен әйел затының азып, еркекке бертін жан қуаты кәусар, шабыт, діл білімі жоғалып, сонан тек шашы аз таздардың, қасқа бас дүние байлығын ған ойлайтын ұпақтардың ғана туатынын ескерткен. Және қазақтың негізгі дін таңбасы бүркітінің заңмен мазақталып, діннің маңызы жоғалып таңбасының дүние боқты ғана ойлайтын қарғаға айналатынын да астарлап ескерткен. Тағы да былай өсиет қалдырыпты: «Өзімізді - өзіміз қыратын заман болады екен, шығыстан келер сары сақал өз тұқымымыз жұртымызға аз қорлық көрсетпейді екен. Талайдың қанын жүктейді екен. Елімізді мына мен өлген соң мың жеті жүз жыл кейін жүн бас шегір сарылар басқарар болар. Оларға жар күшіктелер де өз тұқымымыз болады, басқындар Бек тұқымын (кіші жүз)үш жүз жыл, жан, бал (орта жүз) тұқымын екі жүз елу жыл, Ақ пен бол (ұлы жүз) тұқымын жүз жылдан аса билейді. Билеушілер осыдан екі мың жыл өткеннен кейін іріп-шіри бастайды. Өздерін өздері құртады, қаратқан елінің бірін ол шаян болып, шаққан сияқты, түрі өзге бодан жұрттың һәммасі оларды жексұрын көретін болады. Бірақ еліміз олардың билік жүргізген кезінде қатты бұзылады» деп жоғарыдағы өсиетті қалдырыпты. Осындай рухани азғындыққа түсіп, тілін жоғалтып, сөз түсінуден қалған, қаны азып жоғалуға қарай жаппай бетті бұрған елімізге жаратушымыз қол ұшын созды да, сол бақилық болған бабаларымыздың аруақтарын Ол Рахманның (20-сүре 5-6 аят) тәнін құрайтын мүшелік денелерін қазақтың намысын оятуға арамызға түсірді. Және әрбір пендеге, аруақтардан түртпектеп белгі беріп, түсімізде жетелеп сөйлесіп жатқанына 15- жылдан асыпты. Бірақ салтымыз азып, бала кезден алған жүрегіміздегі ата-бабамыздың ағашынан келген иман қуаты өзге жұрттық тәрбиемен, қалыптасқан әдеттімен жуылып, қалыптасқан ұлтсыз, рухани негізсіз сенімнен арылу да оңай емес. Және бұл жағдайды түзейтін, ел тұтқасын ұстағандардың дүние жинап, өз ара жарысудан қолы да босай алтын жуық арада түрі көрінбейді. Сондықтан да әрбір ұлтын, болашағын, өз ұрпақтарының мұндай қияметтік мезгілде жалпыға бірдей ортақ болып түсетін сынақ, рухани азаптардан аман алып қалғысы кесе; «Оян қазақ ақиқат келді ауылыңа, ата жол келді аулыңа, ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын!» деп, жабыла аруақтың батасына келіп, сенімді тазартатын сауаптық және иман нұрын алатын артық хайырлық намаздарды орындауға жарысумен, таза исаламдық дінің нағыз үлгісінің, киелі тура жолдың мұрагері екенімізді ислам елдері түгіл әлемге діндеріне үлгі қылып жар салатын да уақыт та жетті! Және мұндай қияметтік ақ пен қараның арпалыс соғысы кезінде жартушымыздан жәрдем құдіретті қолының атқарушысы болып, жерден Мәді аруағы яғни Мәлік Сыдық аталып, Мұхаммед пайғамбар шапағаты, аруағы болып бейнеленіп исламның қазығын қағып кейінен қайта түркі елінен діл бақшасының бағбаны болған Мұхаммед пайғамбарымыздың 47-санды құраны ашылып, Мәді бабамыздың да рухы болып, қазақ елінде жер есіктерінен су буы жарықтардың пайда болып; Көктен және Рахманның оң жақ істерінің шапағатшы басқарушысы болып тағайындалған Ғиса пайғамбар аруағы да мыңдаған әулиелер ісімен бейнеленіп яғни 7-қат көктің екішісінен;
Ғайса пайғамбар аруағы жерге түсті!
Сонымен бірге қияметтік соғыс та басталып, кімде бастан иман байлығы болып ғұрпын ұстап қорғай білсе оған тағы да беріліп, бақ қонып, ал кім иманын шайып алып, тек сенімен ғана өзін көтеріп, дәрежелеп жүрек тақуалығы болмай, атақ, дәреже, білім мақтаның соңында кетсе, түрлі ескертулермен сыналып, ал кім шайтан жамағытына айналып, арсыздықпен дүние боғының соңында кетсе онда үкімделіп, азапталып, арты үрім бұтағымен тозаққа тасталатын болады. Сондықтан Раббымызан хикметті белгілердің түсіп, өліктердің тірліп, қауымына түс болып келіп, әулие аруақтарының аян болып белгіленген, түрлі себептік ескертулерге де мән бермегендерге; «(Мұхаммед пайғамбар) ол сенбей селқостықта болғандарға, олар үшін іс бітіп кететін қасірет күнін ескерт (38) Расында біз жерге де ондағыларға да мұрагер боламыз. Және олар біз жаққа қайтарылады» (Мариям - 39) Және Ғиса пайғамбарымыздың аруағының бейнеленіп әрбір пенденің ішінен өту кезеңі 6-санды келесі жылдың еншісі болып; «Ғымыран қызы Мәриемді мысал көрсетті. Ол ұятты жерін қорғаған. Сондықтан рухымызды үрлеген едік. Сондай-ақ бой ұсынушылардан еді.» (66-12) деген үкімімен келесі жылы ұятсыз, арсыз әйелдерге жапай үкім азап, өлімнің көбейуімен, арлы абыройын қорғаушы әйелдеріміздің және аққуларымыздың Мариям анамыздың қасиеті қонып, дәрежелері көтерілетін жыл болады. Енді негізінен жер бетіндегі ислам діні келгенен кейінгі хижра бойынша қияметтік мезгіл 1946-47 жылдары аяқталып, сонан кейін тыныштық орнап, ал 46-санды үкімнің басталуымен өліктердің тіріліп, жер бетіндегі аруақтық қозғалыстың басталуы 1992-93-ші жылдарға келіп, ал 51-санды Алла тағаланың елші жіберіп бір перденің артынан сөйлесе бастауы және сөз ғылымның ашылуы болып, құран сандар тағлымы бойынша; 51-санды аяттардың, сүренің үкімі болып 1996-97 жылдардың кезеңіне келеді. Негізінен хақиқаттың түсуі алғашқы ескерту 47;74 сандармен байланысты болып, бұл жағдайдың жер бетінде 1993 жылдар кезеңіне келеді иманның нұрының жер бетіне түсіп соған байланысты сынақтардың да ерекше белгісі 49-санымен, сүремен беріліп 1996-97 жылдарға сәйкес келіп, қазақ елінен түсетін сынықтардың жылдың аяғына қарай үнемі қайталанып, желтоқсан оқиғасына тұспа-тұс келуі де Алланың үкімі екенін әшкер қылып тұрғаны хақ. Және осындай дін сынақтарының, хикметтерінің айқын дәлелдері түсіп толық орындалуы, енді 73-ші санмен яғни 7-жылда, құранның жеті үні көктен жеті мөрдің толық ашылуы болып, ата дініміздің тура жол екендігі дәлелденеді. Ал құран үкімінің, Мұхаммед пайғамбар періштелік шапағатының толық бейнеленуі 74-ші санмен, сүремен атқарылып яғни қиямет мезгілдік сүрдің үріліп, бұзықтықтар жоғалып, жеңіліске ұшырауы 2020-21 жылдарға келіп, яғни енді 9-тәубелік жылда хижраның 1442 (14-42) (56) сандық аяттық мәндерімен ата жолының қазақ дәстүрлі дінінің, аталарымыздың аруақтарының толық жеңісі әлемде үстемдігі орнауы да хақ. Ал жалпы ислам әлеміндегі масхабшылар мен түрлі сопылық т,б исламдық ағымдағылар да 2019 жылдары жеңіліске ұшырап, ата жолы Ясауи ілімін толық мойындауы да сөзсіз. Бұл аятты Раббымыз; «Хақиқат келді Негізсіз нәрселер жойылды де, Сөзсіз бекер нәрселер жойылады де» (Ісра-81) «Ахиретке сенбегендер, әлбетте жолдан шығарушылар». (Мүминұн -74) Өзге діндегілер түгіл соңғы ақырғы ақирет білімі ислам дініндегілерде Раббымыздың қолы- аруақ-құрандарын да мазаққа айналдырғандығы үшін әуелі Ғайса пайғамбарды Раббымыз жерге түсіруді ұйғарыпты. Және пайғамбарымыздың біріншіден, өз үмметтеріне христиан атты халыққа «Иса масих» құдай дегендерге бірінші кезекте апаттар және ажал келді. Ал аруақты жалғанға балап, адасқан жолдан шыққан қазақ бауырларымызға үлкен сынақ тажал келгені де хақ. Жоғарыдағы інжілдегі ақ боз атқа мінген хақиқаттың, өлім періштесі Арыстанның артынан ерген әскері болып қалған үш түрлі қуаттық періштелік, аруақтық дәрежелерді меңгерген, Алла жолына соғысқа сапқа тұрған, зияратшылардың, құрбандықтардың арқасында аруақтарының бастары, жандары көкке көтерілген өзіміздің өмірден өткен әулие бабаларымыз, аналарымыз, даналарымыздың аруақ жандары болып табылады. Сеніңіз мейлі сенбеңіз, еркіңіз өзіңізде ағайын, қазақ жерінде ғана емес, бүкіл жер әлемінде енді мылтықсыз майдан басталып кетті. Сондықтан алдағы 9 жыл ішінде Құдай қаласа сенбегендер арғы бетке, иман келтіргендер бергі бетте қазақтың дәстүрлі діні жеңіске жетіп дүние жүзіне әйгілі боламыз. Қарапайым түрде пенде баласына, мейлі дін танушы болсын тыныстары тарылып, сынақтар басталып, көнбегендер өз көзімен көруге ахиретке өтіпте жатыр. Мысалға биылғы жылдың құрбан айының аяғынан бастап, қараша айында үкімдердің нәтижеленіп, осыдан 9-жыл бұрынғы жағдайлардың дәл сондай белгілерімен, бірақ енді ел, көш, дін басшылармен имамдарының да басына келуімен қайталанып, талай пенделердің азапқа түсіп, арпалысып тозақ деген ұғымды түсіндіретіні де хақиқат. Олардың ішкі сырына үңіліп, ата жолына келіп зертеп, көрмей-ақ алыстан ой жорып, жалғанға шығарған хикметтердің негізгі таза бұлақ,рухтың ақ бастауы Інжілдің толық ашылу хикметін 15 жыл бұрын сол ақиқаттың «киелі сөз» кілтін, Раббымыздың заман біліміне қарай әрбір пендесіне жеке-жеке аруақтар арқылы оқылуға тиісті аяттарын; «Батаменен ел көгер» деген қазаққа жаратушымыз Ақ ұлымыз арқылы сыйға жіберіпті. «Сыр ашу»: «Адам ба ,періште ме, басқа ма? Әлде ... Ақ боз ат мінген дене түсті жерге. Сыр қылған түс аянын баяндайын Адымдап уақыт та келді, міне. «Алыстан келдім саған тыңда, бала Адамзат баласынан таңдап дара! Аманат арқалайсың тылсым жақтан Алдыңа кілт тастадым, жетпес баға. Бастайсың Ата жолды қазағыңа Тоғыз жыл алдан тосар сынағы да Тазала жынды су мен арам астан Халқыңды байлап алған құрсауына. Айқасып пендешілік қаралықпен, Жол баста биік шыңға даналықпен! Дархан ел қолдай алар кезі болса Еліңнің Бақ жұлдызы жанады, сен! Алтай мен Атыраудың арасында, Ұранда қазағыңның баласына! Адамзат биігіне шығар жолды, Айқындап, құя білгін санасына. Ақиқат жеңе білсе, кең далаңда Қазағың түр биікте, ел аманда! Тоғыз жыл сыр ғып ұста бұл аянды Уақыт келген кезде, сен баянда! Қолдасын сынақ жолда Бабаларың Пендені ниетінен танып алығын. Ақиқат адамзатқа келді, міне Майдан тұр ақ пен қара, жалын – алдың! Берік бол қолындағы кілтке, ұрпақ. Болашақ адамзаттың сында тұрмақ! Биікке адалдықты көтере алсаң Заманға « Алтын ғасыр» жолы тұрмақ 1997 -2006 сынақ жолда Өтіпті содан бері тоғыз жыл да Жеңістің желбіреген туын ұстап, Жетіпті қазағым да биік шыңға! Мойындап уақытпен басқа халық, Ата жол қадірімен бізді танып. Үлгі алар кезеңдері алдан тосар, Төкті Алла қазағына нұрын жарық! Көтеріп Ата жүгін, Баба үмітін, Халқымның аманатын, Ана сүтін, Мақтаныш сезімдері, түртпектейді, Қазақ боп тұрғаныма – Жаңа бүгін! (Қыдыралы Момбай ұлы Тарыбаев. Ақпан 2006) Негізінен бұл хикмет енді Мұхаммед пайғамбарымыздың миғражға көтерілгенен кейінгі жеті жолдың жеке-жеке кілттері бір тұтас белгіге айналып, бірақ негізгі көк есігі Адам атамызбен, Хау анамыздың аруақтары болған бірінші көк арқылы ғана ашылатынын де білген жөн Сондықтан осыдан 15-жыл бұрын Адам атамыз хақиқат негізі болып, Ақ ұлға батасын беріп, бірінші көктің есігін ашқан еді. Бірінші көк киелердің есім, атаулармен, барлық діндердің сөз басы болып енді ай астындағы төрт тектен жоғарыдағы берілген; арыстан, бұқа, адам басы және бүркітпен көрсетілген төрт қуаттық негізге жалғануға Ақ ұлға қосымша жүрек көздерін ашудың үш дәрежелі қасиеті де беріліп, қазақ еліндегі рухани тазаруға шақырған үдістің аяқ астынан пайда болғаны да хақ. Сонымен Құранның көптеген құпия аяттары енді кітаптарға айналып, оқыла бастауы өздерін бәрінен жетік ақылдымыз деген, халықтың өз ақшасына, өздеріне дүние тіршіліктеріне тиімді заң шығарып ақыл сатушы басқарушы қауымға ұнамай мына аятқа ашық соғыс ашқаны да сөзсіз; «Көместің кілттері Оның жанында. Оны Ол, өзі ғана біледі. Және құрлықтағы, теңіздегі нәрселерді біледі. Және жердің қараңғылықтарындағы (қабірлердегі) құрғақ және жас ұрыққа дейін ашық Кітапта бар.» (6-59) (65) Бұл аятпен «Жандар» яғни жанаттықтар, 8-жанатта көместің кілттері болып, қабірдегілермен қоса барлығы тұтас кітап болып саналатынын ескертеді. Олай болса жанаттан жанның келумен қабірдегі жас және құрғақ сүйектегі ұрықтар қайта тіріліп, ақирет өмірінде тіршілігін бастап, қауымен арадағы хабаршыға айналып қызмет жасайтынын ескертеді. Енді масхабтың дін имамдары мен дін ғалымдарымыз мынандай аятқа сүйеніп; «Ғайыптың сырын тек Алла тағала ғана біледі» деп ескерткен сондықтан бақсылық және тағдырдағы сынақтарды ескерту болжау деген «Серік қосу» деп түсіндіреді. Ал енді біздің дін ғалымдырымыздың осындай аятқа сүйеніп және пайғамбарымызды куәлікке тартумен өтірікшіге айналдырып, Құранға жартылыс себептеріне қарсылық білдіргенімен қоймай Аллаға ортақ қосып тажалға айналғанын білмейді. Енді бұл жағдайдың «Ғайып», «Көмес» жәнек «Көрнеу» болып үш сипаттан тұрып; «Көместің кілтін, сырын қалаған кісісіне білдіреді» деген аяттың бар екенін мүлде жоққа шығарады. Ал «Көрнеу»- дегеніміз, барлық пенделерге ортақ көрінетін аян екенін, «Көместің»-уахи болып оқылатынын және ғайыптың да сыры да пайғамбарымыздың шапағатына жалғану арқылы заман білімі кітап болып берілетінін мүлде білмейді, болмаса әдейі жасырған арамзалық ниеттері бар екені даусыз, сондықтан да тажалдар болып саналады. Сонымен көмес кітаптарға жататын; Биылғы жылдық хижра бойынша түсірлетін үкімге сәйкес 65-санымен және осыдан 9-жыл бұрынғы жағдайға сәйкес 59-санды өліктердің қабірлерден шығу хикметін және көктен періштелердің түсу хикметерін түсіндірген аяттың, Раббымыздың ашық кітабының бата, аян-уахи болып оқылатынын масхаб дін ғалымдары өтірік және «серік, шерік қосушылар» деп айыптаумен ата жолын ашық соттауға дейін апарғаны да даусыз. Енді өз басым осыдан 2-3 жылдың шамасында әуелі бұлт үстінде келе жатқан ерлі зайыпты кемпір шалды көрдім. Сонан кейін 63-ші сүре мен санға пайғамбарымыздың ірі белгісіне сәйкес, мұнафықтарға ажал әкелетін Раббымыздың үкімі болып, көктен яғни бұлтпен келіп жайыулы дастарханға келіп қосылған үстінде сауыты бар, түрі түркі тектес қуатты батыр бейнелі адамның келген хикметі болды. Бұл Ғиса пайғамбар аруағының өзі деп түсіндім. Сонымен қазақ жеріндегі мұнафық, екі жүзді пенделердің Құдай алдында есепке алынып, кітаптарының көрсетіле бастағанына да екі жылдай болып қалды. Ендігі алдағы хижраның 1434 жылымен, яғни Ғиса пайғамбарымыздың аруағының көктен түсіп, үш жыл мерзімде нәтижеленіп, көптеген ағайындарымыздың кітаптарының оқылып нәрижеленумен, Құдайдың әділ сотынан үкім жетіп, ажалдың да үстемдігі жүретіні хақ. Сонымен бірге християн әлемінде де шошқалардың жапай қырылып, түрлі азапты хикметтердің көрнісі болатыны да хақ. Ескертуі де биылғы жылы беріліп және құрбан айында негізгі белгісінің түсуімен, ал жыл аяғында қазақ елінде үлкен ескерту сынақтың болатыны да сөзсіз. Бұрын арамыздан елші шығарып көптеген нығметтер арқылы жақсылықпен жетелегенге көнбеген еліміздің тұрғындарына енді періштелердің елші болып, әрбір екі жүзді пендеге шақ салынатыны да хақиқат. Сондықтан аятта; «Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі» ( Ісра –82) «Тағы біз әрқандай кентке елші жіберсек, олар жалбарынсын деп, ол жердің тұрғындарын таршылық, қиыншылыққа ұшыраттық (94) Сонан соң жаманшылықты жақсылыққа ауыстырдық. Тіпті артылып та кетеді. «Аталарымыздың басына да таршылық, кеңшілік келген екен» десті Сондықтан оларды кенеттен қолға алғанымызда өздері де білмей қалды» (Ағраф; 7 -95) Бұл аяттың сан тағлымына жүгінсек, қазіргі жағадайдағы тек хижралық үкімдермен ғана есептеп көрсек енді 30-жыл осындай қиямет мезгілдік тылсым соғысы жүріп, жобамен есептегенде 2042-43 жылдардан бастап жер әлемінде үлкен апаттардың 7-жылға созылып көптеген мемлекеттер халқының жер бетінен мүлде жоғалу көрнісі де болатынын ескертіп тұрғаны хақ. Бұндай ірі хикметті белгіні, тұтас мемлекеттерге келетін апат сынақтарды өз басым аян, уахимен көрдім, бірақ оны нақты қай елдердге түсетінін жазуға да болмайды. Ал қазақ еліне, әсіресе ел, дін басшыларына үлкен сынақ келді деп ашық жариялайтын мезгіл де жетті! Баюға жанталас, баққа талас, ойын-сауық сайран құр, бірақ бәрінің белгілі бір шегі мезгіл, өлім есебі бар. Қазіргі қарнымыз тойып, өзге елдерден несібеміз артық болғанына масатанумен бірге, мұндай кенетен келген жақсылықпен, несібелерді көктен түсіріп жерден өндірген Құдайдың келген нығметінен емес, керісінше білімділігімізбен, ерекше қабілет кемеңгерлік ақылдылығымызбен байып, өркендеп жатырмыз, енді бәрінен асамыз деп көкірек кере бастағандар табылып жатыр. Сондықтан биылғы жыл жаңбырмен, су апатарымен сынап еді, енді неге кемеңгерлеріміз милиондаған гектар жерді ақшамен суғара алмады? Жоқ, қазақ елінің бұл жеткен жетістіктері де негізінен арамыздан аз да болса ол иманға келіп, басын иіп, тура жолын тауып жатқан және болашақтың саналы ұрпақтарын өсіріп, діл байлығын жетілдіруге тырысқан халыққа беріп жатқан Алланың несібесі! Және де бұл нығметтің егесі Алланың өзі екенін білдіруге, тәубеге келуге шақырған сынақтардың да көрсетілуімен яғни қайта-қайта пенделер өлімімен, ел шаруашылығына да ашық ескертулер беріліп, үкімдері хикметтермен көрсетіліп, Раббымыздың аян-аяттары да түсіп, халыққа жаппай оқылып та жатыр. Ал, екі жүзді пенделерге, ел басшыларына да түсінікті болу үшін мұндай сынақтар 2 рет тоғыз айдан ескерту болса, 3 ретте үлкен сынақ қиындық 4 –ші ретте ескертпей-ақ ажал үкімі болып түсетінін де білген жөн. Бірақ мұндай уақытша берілген жеңілдікті нығметтерді пайдаланып, тек намаз оқып, мешіттерге садақа беріп; «Тура жолымызды таптық» деп, ата дәстүрлік, ғұмырлық намаз амалдарына мән бермей, уақытша сынақ жүзінде берілген жеңілдікке үйреніп алып, дүние қызығына түсіп кетіп жатқандар қаншама. Бұл жеке пенделерге берілген тағдырлық сынақ. Сондықтан аятта; «Тура жолды түсіндіру Аллаға тән. Ол жолдың қыйсығы да бар егер Алла қаласа барлығыңды тура жолға салар еді». Ал арамызда «Тура жол» тек зияраттау мен сәжде жасау, яғни намаз оқу деп Алла жолында мал-жанымен соғысып, артық хайыр жасау үшін қасиетілікті меңгеруді, рухани жетілуді тастап қойған, берілген үкімдерді жасырып орта жолда жүргендерімізде баршылық. «
Достарыңызбен бөлісу: |