Қалада жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік істемейтін тоғыз кісі бар еді.» (27-48) Бұл аятағы 27-ші сан философиялық, сөз даналықтарын меңгерумен, дін ілімінің жағдайын көрсетіп және 27-ні бірлесек (2+7=9) тәубелік белгі саны пайда болады. Және адамзаттың көру қабілетіне байланысты періштелік қуаттарының, аруақтық сандық мәнін, өлімнің себептік белгісін де көрсетіп тұр. Сондықтан хаж сүресіндегі қажылықтың да жағдайы осы белгіден бастап жолға шығып, 29-санмен қағбаны тәуап етуді сандар тағлымымен астарлы түрде ескертеді. Және аятағы 48-санмен берілген белгі де жоғарыда баяндаған адамзаттың ниетінің бұзылуы 9-түрлі ой бұзықтығынан пайда болатынын сүре аят сандар тағлымымен де ескертіп тұр.Бұл аяттың негізінен сөз сөйлеу мен ойлау қабілетінен пайда болатынын және пайғамбарымыздың; «Кім тіл нәпсісін тазартып, сақтауға уәде берсе менде жанатқа уәде беремін» деген өсиетіне сәйкес барлық бұзықтықтың негізі осындай ой мен сөздің арысының бұзылуынан ата аманатын сақтамаудан пайда болатын кісіліктің жетімсіздігін ескертіп тұр. Егер сандар қимасын; (27+48=75) санымен адам баласының сенім қуатының немесе екі әйел, еркек жынысқа байланысты қалыптасатын мінездің шамасы мен екі жүзділіктің белгісі яғни негізгі тажалдық белгі тәубеге тәуелді естің жоғалумен талапсыздықтан, ниетсіздіктен, ессіздіктен пайда болатынын да ескертіп және шерік қатушылардың бейнесін сипаттайды. Сондықтан дін ғалымдарымыз мұндай пенделерді «шерік қосушы», жын-шайтанды деп атаумен яғни рухтық бейнеде сөздің тазалығымен, ақпараттық белгімен байланысты ғана түсініп, негізінен дұрыс сөйлемеген, жалған хабар жеткізуші пенделерді «шерік қатушыларды» атайды. Негізінен солай болу тиісті, бірақ бұндай қателікті анықтайтын пайғамбарлық-абыздық, философиялық құндылық арқылы өлшенетінін ақыл таразысы болмағандықтан, тек қағаз бетіндегі білімділікті меңгергендер, өздерін ілімді атап, яғни құпия сырлы уахи білімін, кітабын алған жоғарғы дәрежелі пайғамбар сипатына балап шерік қататындарын да білмейді. Сөз қуаты, жолға жалғанудың бейнесі адам басты арыстан болып 27-метірлік Мысыр еліндегі ескерткіш құран сөздерінің атауларының жәһилет заманынанда пайда болған араптың аталарынан бұрын да бар болғанын ескертіп тұр. Сондықтан жынның да үш сапасы болып, яғни денелік, тәндік, рухани жағдаймен көрнісін беріп, адам баласының да осындай үш сапасы және шайтандық қуаттардың да үш сапасы болып, барлығы 9-санымен адамзаттың ақыл-ойын, жынын, тілін тазартуы арқылы пайда болатын иман қуатының дәні адамзаттың «Кісілігі» болып қалыптастынын және тәубе сүресінің Алла атымен басталмайтынын және барлық пенделік, мінездік қуаттық денені осы сүренің ішінен табатыныңызды ұмытпаңыз. Сондықтан ислам дінніндегі «иман келтірдім» деген мағына бес парыздық шамамен емес 9-сандық белгімен алғашқы өлім сатысынан өтіп, тәубеге келумен яғни жоғары аяттағы жынын тазарту арқылы бір қуатты меңгеріп, жындық қуатын тазарту «Ақ» сауыты арқылы ғана алғашқы көкке жолға жалғанумен нәтижеленеді. Сонымен жоғарыдағы үш сапаның, адам баласының ниетілігі сенімділігі жетілмеген жағдайда; кісілік сыртқы «Ақтық» өрістік бейнесі, бойы, көлеңкесі де «қаралық», қараңғылық өрісі болып қалыптасып, өрістік жан киімі денеге айналумен шайтандығы басым болғанда маймыл мінезді, жындылығы басым болғанда шошқа сияқты ойына не келсе соны істейтін жиркену дегенді білмейтін пендемен бұзықтық кісілік арсыздық денесін табады. Аталарымыз еркектерге байланысты 9-кісілік бұзықтықпен, дауыс, сөз жүзінде «Дию» болып бейнеленіп, ал тіл, үн жөнінде «Пері» деп атап ат қоя да білген. Сондықтан да әрбір пенде өз қауымдағы бұрынғы әке-шеше, ата-ана 7-жұртымен,осындай жағдайдағы да жындарға байланысты да кісіліктің «көздерімен» байланыста болатынын 27-саны ескертіп тұр. Енді бұған қоса әрбір пенденің ниетіне қарай сенім қуаты кісілігі пайда болып, мүшелдік қалыптасу барысында бойы, көлеңкесі бөлініп, мінезіне қарай денесі де пайда болып, егер таза адамдық мінез-қылықты болса өзіне серік болып, ал хайуандық денені тапса, онда өзінен бөлінген иістік қуаттары кеңістікте түрлі бейнедегі шеріктерге айналумен, өзіне теріс бейнедегі жындылық рухани негіздегі сенім қуаты болып қосылады. Сондықтан әрбір пенденің сөйлеген сөзі, істеген қылық, әрекеттері осындай денелерге айналуымен 9-түрлі сипаттық мінездік, әрекеттік, бұзықтық та бейнеленген денелерді табатынын да ескертіп тұр. Енді аталарымыздың; «Заманына қарай адамы болады.» деп ескерткендей, мұндай рухани бұзықтықтың қазіргі таңдағы білімді меңгеру әлемдік жарысында ойлары бұзық ғалым, имам, хазірет, ел басшы, заңгерлердің осы топтарды құрып партиялармен, дін секталармен, түрлі ойын-сауық шығармашылық дарындылықтармен, елдің рухани жетілуіне кедергі болатын саясаткерлік, жазушылық, ақындық істермен айналысатын басқарушы топтың арасынан да екі жүзді кісілігі, яғни «дию, пері» тажалдығы барлардың да табылатынын да білгеніңіз жөн. Осындай ниеттің екіжүзділігінен ата-баба ғұмырлық әдеттерінен және қалыптасқан таза рухани аруақтық қуаттарына жалғана білмеуден, жер рухынан табандары ажыраудан, 10-шы мүше болатын бастың да денелері қорғалмай екі аралық шеріктерге жалғанумен ойдың бұзықтығынан пайда болатын 9-түрлі құзғындық әрекеттің үстем болған елдерге 9-түрлі сынақтармен үнемі жаратушымыз, ондай жынды сулы қасқа бастардың көке жалғанатын жіптерін үзіп отырып, оны Құран аяттарында да ашық ескерткен. «Олар (жын-шайтанға айналған бұзықтар), Алланың нұрын (көркем сөзін, аян , аяттарын, уахи-батасын, өз аруағын) ауыздарымен өшіруді қалайды. Егер кәпірлер жек көрсе де, Алла тағала мұны ұнатпайды да өз нұрын толықтайды.» (9-32) (41) Осындай есі кеткен елге есін жиғызуға апаттарды, азаптарды жіберетінін және 41-санмен бейнеленуін ескертеді. Бұндай жалпы ұлтымыз болып, ниетіміз бұзылып, сенімді, білімділікті, дүние байлығын желеу қылып, түрлі есіздікке түсіп кететін, сөз даналығының өлетін, мәңгүттікке түсетін қазақ басындағы қияметтік жағдайды Абай атамыз; «Қазақ жаттың бір жақсысын көрсе құлдық ұрып, өзінде барды менсінбей және «Әуелі-бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер артырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына (ниетсіздігіне)тартып, жатып алады.» «Кей жұрт ақыл айтарлық кісіні іздеп таба алмайды. Қылығының қылшығын (ниетін, сенім қуатын) танитұғын кісіден (аруағынан) қашық жүретұғыны қалай?» «Қазақтың шын сөзге нанабай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай тынбайтұғыны қалай?» деген түрлі ескертумен, қазіргі кезеңдегі Құдайдың ашық көрсетіп, өздеріміз арқылы оқытып жатқан аруақтан келетін батасы, аяны түгіл Абай-Шәкәрімдей даналарында оқи білмейтін ғалым филосовтардың, дін ғалымдары арқылы пайда болған тажалдық рухани дертімізді алдын-ала болжап кеткен. Егемендік алдық деп өз рухани құндылықтармыздың бәрі ескі, жарамсыз де біріміз араптардан, бірлеріміз өзге елдерден рухани азған білімдерін толық меңгеріп, басымыз тасқа тисе де ел басшыларымыз өз райларынан қайтпай, өз туысқандарымызды итше атып тастайтын, қияметік мезгілдің келгенін және ашық түсіріп, көрсетіп жатқан құдайдың белгілерін де, өзіміздегі тұрған білімізді де мойындаудан бас тартып, тәкәпарлықпен жинаған дүние мүлкіміз, атақ дәреже, шеніміз құтқартындай алған бағытымыздан қайтар да емеспіз. Біздің заңымыз, әскеріміз халықты қорғау үшін емес ел басшыларын қорғау үшін ғана қызмет ететінін мұндай жағдайда өздерін тура жолдамыз деген дін басшыларының да себебін көрсетіп, жанын пидаға салып арашаға түсетін діндерінің әлсіз екенінін, имандарының жоқтығын, айқын әлемге әшкере қылып жатқаны хақ. Бұрын қандай қылмыс жасап, әкесін де өлтіргенде аруақ атап алдына бас игенді; «Иілген басты қылыш та кеспейді, Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде, Алдыңа келсе атаңның да құнын кешір» деген дін салтымызды жоғалтумен бірге, «Алла арам қылған, кәпірді де өлтірме!» деген Құдайдың үкіміне да ел басшыларымыз ашық қарсылық көрсетіп, халықты қорғаған болып өздерін, дінсіз заңдарына, пәтуаларына қарсы болғандарды халыққа ұсынбау үшін, алыстан ата салу, өтірік жала ұйымдастырып соттай салу дағдыға айналды. Бұл жағдаймен халықтың қауіпсіздігін емес, өздерінің рухани азған пәтуаларын, ата бабадан келе жатқан аманат ақпатартардың халыққа жария болмауына тосқауыл қойылып, біржақты өздеріне ыңғайлы дін ұстанымдарын қорғау және ұлтық рухани болысмызға қарсы; Абай атамыздың ескерткен; «қызылбастан алған намаз, имансыздыққа бастар жол» деген дінсіздік қылықтарын жасыру ішін істелген шара екенін, болашақта ақиқаты анықталатынын қаперлеріне де алар емес. Хайуанды да жаман озбырлығына бола өлтіре салмай,қорқытып, қамап тәрбилемей өлтіре салудың да ақиретте сұрауы немесе бұл дүниде сынағы, азабы өз басыңа, жан-ұяңа жын қуатына айналып қайта келетінін әзірге біздің осындай жағдайда ағайындарына араша түсетін, құран арқылы дінді, дін қандастарын қорғауға тиісті болған масхабымыз себебін түсіндіруге шамасы да келмейтініне халықтың көзі әбден жеткенде, қалай өздерін тура жолдамыз деп айта алады екен? Ақирет тіршілігінде хайуанның да жаны рухқа қосылып, бейнеленіп кек қайтаруға түсірген Құдайдың әмірі, Раббымыздың білімі кеңістікте үкім болып бейнеленіп, ертең өз ұрпағыңды сондай өлімге бұйыратынын, ел басшыларымыздың өз тамырларын өздері кесіп жатқан әпенділер тірлігін түсіндіретін, арашаға түсетін жақсыларымыз, таза кісілігі барларымыз өзгенің өтірігіне ұйып, тажалдардың аю қақпанынан шыға алмай қалғаны да хақ. Сондықтан бұндай жағдайда рухани бұзықтықтың жоғары дәрежесіне жеткен шеріктердің үстемдігі басталып, күзетшісіз, аруақсыз қалған пенделерге жапай шабуыл жасап, шеріктердің қосылуымен түрлі бұзықтықтардың белең алуымен, өзіне-өзі қол жұмсау, адам өлтіру, жындану сияқты қылмыстар көбейетіні де хақ. Бұндай жағдайда Құдайдың нұры түсіп, хақиқат көрініп, жоғарыдағы аяттағы 9-кісінің әрбір жанның қорасына еніп, жинаған аз-маз білім арқылы жинаған саулықтарын шауып, жуық арада осы жағдайдың жапай індет болып, әрбір «білдіманның» басына, жан-ұясына, ең аяулысына айықпас дерт болып жабысатын және оны енді өзінен көрмей, сіздерден-ел басшылардан, дәрігерлерден көріп және ондай жалғандықты жақтайтын осындай әділетсіз заңымыз барда, талай жазықсыз жандар да, жала арыздармен қараланып, жазаланатын даусыз. Осындай тажалдық істердің бірі ғана болған мысалға жүгінсек; Шымкент қаласындағы болған оқиғаның ел басқарушылардың, халық қалаулыларының «Спид» ауруынын денсаулық министрі бұйырып, қызметшілері қолдан екті деп жазықсыз соталып, азапталғандардың да сұралатын кезі келіп, соған қатысқан пенделердің өздері немесе ұрпақтары сол аурумен жазалатынын да ұмытпағаның жөн. Және осы сияқты түрлі жағдайдағы оқиғалардың ел басқарушыларының дінінен, ұлтының ғұрпынан ажыраған әділетсіз заңдарының тікелей көмегімен, қаншама жазықсыз пенделер қараланып, үкімделіп жатқан тозақтық, кәпірлік әдеттерді заңымызбен ерекше қорғалатынын есептеп, көз алдыңызға келтіріп көрсеңіз, қандай рухани надандықтың, күнәнің, шайтанның құлдығына түсіп кеткен елге айналғанымызды айқын түсінер едіңіз. Екінші белгісі осындай күнәнің құлдығынан пайда болған тозақтық азаптардың аз ғана бөлігін көрсетіп, жазылған яғни осы басылымдарда көрсетілген жоғарыдағы түрлі аурулардың себептері енді әрбір оқыған, бірақ түсінуден бас тартқан пенделерге сынақ болып үкімделетіні де, бастарына міндетті түрде келетіні де сөзсіз. Сондықтан аталарымыз мұндай себептерді білгенде; «Сақтансаң сақтаймын деген Құдай!» деп ескерткен. Және жоғарыдағы Құран аятарының хижра жыл санауымен есептелген мысалға сәйкес исламдық дін сынағы болып, түсірілген, аруақтар арқылы оқылған уақи батаға иманға, Алланың нұрына толықтыруға түсетін үкімнің биылғы жыл аяғынан бастап 9-жыл бұрынғы оқиғалардың дәл сондай түрде қайталануы да, ата жолының бейнесінің, батаның хақиқаттығы, хикметтерінің көрнісіде қайта басталып, және де аруақтық хикметтерді жын-шайтаннан деген дін, ел басшыларына, ғалымдарға, пенделерге үкімдермен азаптар келіп сыналатын болады. Сондықтан да қазірге таңда қазақ елінде 14 жылдай уақытта яғни ата жолының алғашқы үкімі түскенен бастап, адамдардың сәулелену дәрежесі де артып және құдай ісін меңгерген, зияраттап өз шежіресінен ата-ана рухына жалғана білген, тылсымнан табаны таңбаланған адам баласының, жаны қосымша қуат алып, жер есіктеріне, көк мүліктеріне жұлдыздарына жалғанумен;«гелий» қорғаныс, імүндік балшықтарының да жетілуімен байланысты бақытты өмірдің дәмін татары да сөзсіз. Бұндай адамзаттың үлкен жалпыға бірдей түсетін қияметтік азаптың келуінен бұрын алдын ала ұзақ жылдар насихатталып, ескертіліп және намаздық амал қылып, құран аяттары, шариғат білімдері арқылы рухын тазартып орындай білгендердің өз дәрежесіне қарай міндетті түрде таңбаланатынын інжіл жазбалары да ескертеді. Қазіргі таңдағы ата жолына келіп, толық дәретін сақтап, зейнеттік, тақуалық киімін де қалыптастырған, және 9-жылдық сынақ кезеңінен өткен, әрбір пенденің табаны ғана емес, бой өрісінде де немесе тәнінің еттерінің, көз бездерінің де тазаруына байланысты жан перделері ашылып тылсымнан түскен ерекше белгі таңбалары да бар екені хақ. Сондықтан мұндай ата-жолдық сарбаздар қатарынан табылып және түрлі ақпартық жағдайдағы азғырудан аман болып, ата-салт дәстүрін сақтап, ғұмырлық шараларды орындай білсеңіз, онда сабыр қылып күте білсеңіз, шамалы уақытта бұл жағдайдың нәтижеленетін кезі де келіп, тозақтық пенделердің ешқандай дәрі-дәрмектің әсері болмай, тек Құдай құдіретінен ғана жүгіну арқылы азаптарынан сауығатын мезгілде жақындап қалғаны хақ. Мұндай қияметтік жағдайлар аталарымыздың бастарында болып; «Зер ұстаған зердің жайын біледі, Жақсы басшы елдің жайын біледі. Басынан көп өмірді өткізген жан, Қайғымен жердің жәйін біледі... Ой дүние-ай, дүниесің, Дем алғанша құбыласың. Шаң жұқтырмайтын кейде тұлпар, Кейде орға жығасың. Кеше көл еді бүгін тақыр, Кеше бай еді бүгін пақыр, Ар сатуға ақырын келе жатыр.» (Көбей би ) деген өсиетпен жер ана рухымен, қайғының екеуі егіз екенін, сондықтан жер дауы қашанда дін дауы, ал нәзік жандылардың азғындауы міндетті түрде жесір дауына соқтыратынын да ескертіп кетіпті. Егер осындай жер дауы, жесір дауы және етек пен «аудың»; «гендірдік» дауынан, тажалдық азғырылудан аман қалып, ата-салтыңызды, ұлттық намысыңызды таптатпай аруақтан бата, жобасын алып, рухыңызды яғни сеніміңізді таза ұстаған болсаңыз онда, осындай тірілей тозаққа түсіп, азапқа қалған, кешегі бай бүгін пақыр, кешегі ғұлама бүгін «ақыр» (есек) болғанын көріп, бүгінгі күніңіздің қадірін түсінумен, мұндай азаптан құтқарған Раббыңызға мыңда бір шүкір қылатының осы бақыттың өзі емес пе? Көптеген ата-жолдық бауырластардың; Маған ата-жолы не берді?-деген өзгенің байлығына қарап, өзін кем қор санап, рухани байлықты, жоғалтқан денсаулықтан, ақ жаулықтан, он саулықтан шамасына қарай аруақтар батасы мен аяндары арқылы жаны тазарып,иман бақшасын өсіруге үлесін алғанын білмей, екі жүзділікте жүргендер сол уақыттарда қандай нығметтерден айрылғанын біліп, әттең әлі де өз үлесін молырақ алатын едім, деген өкініште де болары хақ. Ал ең өкініштісі «аруаққа яғни Алланың себебі, Құдай ісінің өзіне, қолына, көзіне, бейнеленген құранына табынуға болмайды» яғни ескертуінен білдірген жамандықтарынан тиылып, жақсылыққа берген бағдарынан, өсиетінен үлгі алып, құлшылық етуге болмайды деп Құдай ісіне де жала қойған, жаратқаннан келген нұрдан өзі де жан ұясында тиып, таңбасын алып, рухани егінін суғара алмағандықтан, осындай дін қандастарымыз, имамдарымыздың, дін ғалымдарының да жан ұяларына қасқыр шауып, түрлі ессіздік, кемістік рухани ауруларының да белең алары сөзсіз және бұл сынақтардың ұрпақтарына мирас болатын тазармаған қанның буы, тәннінің иісі, сөздің бейнесі болып ауысуымен, өздері тірлігінде қайта сыналып, рухын, жанын тазартып үлгіріп, шежірелік таза аруағын қалыптастыра білмесе, онда болашақ шежіре ағашының да өркен жая алмасы да хақтық. Аталарымыз; «Қасқырдан қорыққан қой бақпайды»деп астарлы ескерткен. Ал бұл діни дәстүрімізді теріс түсінген дін имамдарымыздың еліміздің тұрғындарын ата ғұрыптық, ақ бақсылық жын-шайтандарға қарсы шығатын бақсылықпен, таяқ ұстаған дін шопандық дәстүрімізді елге жек көрнішті және жыннан, шайтаннан қорқуды дінге айналдырып, ондай сенімдерін, діни шариғаттық білімдерін; иманның келуі- ілім деп сенумен өздері де жын-шайтандардың қақпанына түскені даусыз. Бұрынғы аталарымыз әулиелеріміз меңгерген ілім, бүгінгі қағазға түскен іргелі немесе шариғаттық білім болып, ғұмырлық және діндік істерге айналып, ілімдік сипатын маңызын яғни тылысымдық құпиялығын да жойған. Оны енді жындардың шайтандары да меңгеріп алғанын, күнәні туындататын қарсы аяттарды қалыптастырғанын білген жөн. Сондықтан бұрынғы замандағы иман қуаты болған күштер, бүгін сенім қуатына рухани сипатқа еге болып, иманның сыры көкте жасырылған негізгі кітаптан ғана нұр болып заман уақиғаларынан, білімге қарай мөлшерленіп берілетінін білетін бір де бір дін ғалымы, тиеолг исламда да басқа да сопылық дін ағымдарында да жоқ десек өтірікші болмаймыз. Заман-дегеніміздің өзі иман ілімі, даналық болып сипаталатынын пайғамбарымыз өсиетімен ескертіп кеткен. Сондықтан иман келтіру тікелей заманға және уақытқа тәуелді болады. Аталарымыз; «Заманына қарай адамы» деп, Адам болу-сөзінің негізі «Ілімді болу»-періштелік дегенді білдіретінін ескерткен. Сондықтан адамдық бейне, қасиет иман қуатымен тікелей тәуелді және Иманың екінші, үшінші сипаттық бейнесі «Рахмет» және «Рахим» болып бейнеленеді. Иман қуаты, яғни иман келтірген болсаңыз, онда Алланың рахметіне немесе тағдырға жазылған күнәңіздің бір белгілі кезеңдері, уақиғалар кешіріліп, орнына жақсылықтарға жетелетін себептердің, нығметтердің жазылуымен тағдырыңызға өзгеріс енумен, Раббыңыздың рахымына кенелген болып саналатының хақ. Пайғамбарымыз; «Таусылмас иман, шүкіршіл жүрек, зікіршіл тіл, сабырлы тән бер!- деп сұраңдар.» деп осы құпия сырларды қарапайым өсиетпен түсіндіріп кеткен. Олай болса рухтың тазалығы мен жетімділігі тәнге зейнетеліп сабырлықты мінезді қалыптастырса, ал иман адам баласының жанына берілетін парасы, ақшасы, көктегі жүректеріндегі ақиреттік несібесі болып екі сипатта болып оны 9-санымен рухани жандық, жерлік; ал 49-санымен көктік болып қалыптасып және аралық жұбын енді хазіреттеріміз, дін ғалымдарымыз құраннан тауып орындарын көрсетер деген үмітеміз. Сенім рухпен, бейнеленген сөзбен, алған білмен қуатанып, тазарып, түрленеді ал иман тілмен суғарылып өседі немесе ана ділі, тілінсіз таусылып өшеді. Бұндай ерекшеліктерді; Сеніммен иманның айырмасын Інжілдіктер де білген, бірақ иманға нақты атау бермеген. Құрбандық шаларда әуелі ниет қылып құран оқисыз, бірақ әрбір істі әуелі Құдайға сендім; «Бисмилаһи» деп, сосын иман бер деп; «Рахман рахим» деп Алланың осы екі сипаттағы имандық қуат көркем есімдерін еске аласыз. Бұл жан сырларының иманың құпиялары да исламға дейін де інжілдіктердің сахабаларын «хауарилер» яғни имандылар деп атап, олар түрлі бақсылық істермен жын-шайтанан тазартып және жүрек мөрін, аманат жанға тікелей қуат алуды, иманның бір дәрежелі қуатына жалғануды яғни бас арқылы аталарымыз ескерткен; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деген тылсымнан келетін аян, уахи білімге, иманға жол ашумен айналасқаны баяндалады. Құран келгенге дейін мұндай баспен рухқа жалғану құлшылық істер арқылы барлық дін адамдарына тән болып осындай жағдайда ондай қасиетке жеткендерді «отец», «поп» деп атаған. Бірақ кейінен бұл жоғары дәрежелер білімдік сапаға ауысып тек атақ, орындармен аталып, қасиеттің маңызы жойылғанын және жан туралы мәлімет кітап берілгендер арсында да жоғалды деп ашық ескерткен. Ал Құранның барлық кітаптарды жинақтап, құралып толық жер жүзінің адамзат қауымынан ортақ аян, уахи болып оқылумен, білім ғылым дамуының «эволюциясын», жаңғырып, өрістеуін қалыптастырып, енді бас арқылы жүрек ашу құран білімі болып, тылсымнан тағдырлық жанға жазылып берілетінін християн елдері де жанына, тағдырына берілген тек құран аяттары арқылы ғана өсіп-өніп өркендеп жатқанын біле бермейді. Мұхаммед пайғамбарымызды; «Адамзатқа шырақ түрінде жібердім» деген аяттың құпиясы да осы иман қағидасының әлемге ортақ 60-бұтақты дәрежесімен, жан ғылымының құпия сырымен байланысты болады. Ал енді ислам келгеннен кейін ақиретпен арттағы жүрек көзімен, аруақпен тікелей байланысты қалыптастыратын, ата жолында Ақ ұл арқылы көрсетілген мұғжизаны; Мұхаммед пайғамбарымыздың жаурыннан қағу арқылы жүрек көзін ашып, иман ұрығын еге білгені сахабалардың өсиеттерінде баяндалады. Бірақ бұл сырдың тек ойпат яғни киелі орындарда атқарылып, табан арқылы ғана жалғанатынын Ғиса пайғамбарымыздың өзі шәкірттеріне қоштасар алдында аяғын жуып беріп; «Бұның сыры кейін белгілі болады» деген өсиетінің құпиясын тек қазақ аталарымыз ғана меңгеріп, Шәкәрім атамыз нақты баяндап кеткенін біле бермейміз. «Умра» қажылық дегеніміздің өзі табан арқылы жер рухына жалғанып, иманың бірінші дәрежелі қуатын меңгеру, зейнетелу болып, ал қажылықтың төбемен байланысты білімдіге жалғану иманың екінші дәрежесіне жалғану екенін дін ғалымдарымыз әзірге өздері де білмейді, сондықтан қажылыққа барып келіп, жалаңбас жүріп, «қажыдым» деп, жындылықты дәріптеп, дінді мазаққа айналдырумен айналасады. Ал мұндай пайғамбарымыз көрсеткен бұл мұғжизаны Ясауи бабамыздың да, түркілік көптеген әулиелердің де меңгергені хақ. Сондықтан да Арыстан баба, Ясауи баба мөрлерінде 10-жапырақты тылсымдық кітаптың белгісі көрсетілген. Және түркі жұртынан 11-Ахметтің шықанын да баян еткен жазбалар бар екені де даусыз. Осындай иман ұрығын егу, жүрек көзін ашу мұғжизасының қазақ елінде қайталануы екінші жағынан қияметтік мезгілдің басталғанын, иман мен сенімнің ара жігін ажырататын мезгілдің туғанын ашық дәлелдейді. Ал біздің масхабтық білімде иман келтіру деп, сенім қуатының ілімдік сипатын ғана меңгеруді яғни рухани негізді дәріптейді де, жанға байланысты құпия ілім дәні, иман болған жерде дін сынағының болмайтынын, сынақтың екі жағдайда; тек ниетке, сенімге рухқа беріліп, ал иман-нұр Құдай сөзі, үкімі жанынан, «біздерден» болып, ал имандарың сыналады деген сөздің астарында жын-шайтандық болып; «Құдай өзін-өзі нұрын азапқа бұйырады» дегенмен бірдей болып табылады да күдіксіз серік қосып, Аллаға ортақ қосушы дін хазірет, имамдарымыздың өзі болып шығады. Ал енді иман келтірудің ғылымы болған ниеттің; 48;11 екі дәрежесін, сенімнің; 11;81;9 үш дәрежесін, иманның; 49;9 екі дәрежесінен бұрынғы әулие баларымыздың ниеттілікті ата-салт дәстүрі болып, ортақ ұғыммен шариғат негізі етіп алып, ал сенім мен иман қуаттарын меңгерудегі немесе ортақ сандар жүйесімен;11;9;48;81;49 болып бес қуатық негізді меңгеруді бес парыз деп және оны тек намаз оқумен, ораза, зекет, қажылық, иман келтіру деп алып, ішкі сырын білмей кейінен адасқандардың әрекеті де осындай жағдайдан пайда болып болғаны да сөзсіз. Сондықтан өздерінде бастапқы нұрдың тау-таспен, жермен, сумен байланысты ниеттің, ана тілінің қуаты, діл білімі жетіспегендіктен де жүректерінде мұндай нұр, құпия білім, ақылының толуына, сенімінің беріктігінен қарай егілетін иман дәні де болмағандықтан Құдайдың хикметін аруақтық істерді жын-шайтанан деп түсінеді де халықты да солай азғырады. Демек тажалдық болып саналады. Сондықтан пенденің жүрегінде қандай нәрсе болса өзгені де солай бағалаудан мұндай пенделердің өздерінің иман айнасын көруге болады. Абай атамыздың; «Жүз тура жолдағына шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткенен садақа кетсін» деп адамзаттың құлшылығы, сәзждесі 32-санмен көрсетіпті. Олай болса Құдайдың әділ үкімі түскен кезде құранды шала білсе де, әйтеуір арамнан тыйып, өз бауырын малын (жынын) арамнан тазартуға, құрбан шалуға, алдап та болса зияраттап табанын бекітуге, бойына таңба алуға ат салысқан қандай да бір «жаман», «маркетшіл» аққу, сұңқар ата жолдық сарбаздар қандай да бір аруақ жоқ деп садақа беруден тиып, Алла досын арам деген «хазіреттен» де дәрежесі қиямет мезгілінде артық болады деп түсіну керек. Ал таңбаның тек жер рухына байланысты салынатын білген пенделер әуелі өз еліндегі Алла достарын түгелдеп барып, арап еліне сахабаларға жалғануға «умра» қажылық жасау керектігін және тылсым заңы, ақирет заңы қандай да бір жоғары дәрежелі әулие болсын, өз әке-шешең, ата–анаң, жеті ағашыңа шүкірлік амалын жасамай, тілектеріңді қабыл алып, Аллаға ұсынбайтынын да және ұсына да алмайтынын білген жөн. Және бұрынғы кездерде құпия болып, кейінен Қажы бабаның зияратының Алматының іргесінен табылуының өзінде, енді бұл кісінің басына зиярат етпей, Мұхаммед пайғамбарымыздың да қазақтар түгіл, бергі беттегі жалпы түркі жұртын да қабылдамайтынын білген жөн. Ал Қажы бабамыз өз рухани дәрежедегі шәкірттерінің алдынынан өтпей, яғни негізгі 40-әулиеге сәлем бермей, тағы да қабылдап, тілектерді Раббымыздың алдына ұсына қойуы да екі талай. Енді еліміздегі масхаб біліміндегі сенім білімі де дүниемен өлшеніп, мұндай өз еліне, Алланың ардақты қылған құлдарына мал, ақша жұмсауды «маркетинг», Құдайдың атын жамылып халықты алдау, әулиелерден яғни жер бетіндегі Мұхаммед пайғамбарымыздың 47-санды құраны болған, шапағатшыларынан, ақиреттік көмекшілерінен иманға қуат, денсаулыққа, тағдырға ешқандай пайда келмейді деп, ақирет қайғысынан көрі дүние қуанышын жоғары қоятынынан осындай дін имамдарымыздың, өздерінің шариғат арқылы халықты тазалыққа шақырған ізгі амалдарынан пайда болған алғашқы иман қуаты да, ақиреттен ұлтының әулие-әмбилері, бақташы, шопандарына жалғанып, екен иман дәндері суғарылмай, өркен жая алмай имандары әлсіреп жоғалуы да хақ. Сондықтан еліміздегі осындай пенделіктің пайда болу мен өз ара көре алмастықтың туындауы да, арман-ниеті бұзылып құран аяттарын теріске алуы да сөзсіз. Бұл сырды да Абай атамыз иманның жан періштелігімен және ой тазалығымен парамен (2-теңге, ақша) байланысты болған 33-санмен; «Кім ақиретте де, дүниеде де қор болмаймын десе, білмек керек еш адамның көңілінде