Іздену ұйымдастырушы
|
Жақсы балалар орындарымызға отырайық.
Кіріспе сұрақтар:
Балалар, «Табиғат» дегенді қалай түсінесіңдер?
Табиғатты қорғап, қамқорлық жасау үшін не істеуіміз керек?
-Балалар,кәне экранға назар аударайық.
Кітапханашы Балжан Ырысбайқызы бізге сәлемдеме жіберіпті.
Кітапханашы балаларға таспа арқылы сұрақ қояды.
Кітапханашы балаларды мадақтап, «Өрмекші құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінің кітабымен дискасын беріп жіберетінін айтады.
Тәрбиеші балаларға жұмбақ шешуді ұсынады
«Ойлан тап»
1. Торын құрып қояды,
Шыбындарды жояды.
2. Ине бел, қылқа мойын,
Қара батыр, қара тауды
Арқалап бара жатыр.
3.Құйқылжытып дала күйін,
Үй ішіне салады үйін,
Балалар, жұмбақ не туралы?
Дұрыс балалар, бізге кітапханашы апай сыйлаған кітабы да осы жәндіктер мен құстар туралы.
Тәрбиеші балаларға кітапханашы сыйлаған видео дискіні көруді ұсынады.
(«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» мультфильмі)
Тыныш, мұқият көрейік
Көріп болған соң, тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.
-Әңгіме не туралы, басты кейіпкерлерді кім айтады?
-Әжесі баласына нені үлгі етіп тұр?
-Кім айтады, әңгімеде өрмекші, құмырсқа, қарлығаш не істеп жүр?
Сергіту сәті: слайдтан көрсетіледі
1. Сөйлеуді дамыту орталығы:
Суреттермен жұмыс (жәндіктер мен жабайы құстардың суреттері)
-Иә, балалар қараңдаршы өрмекші, құмырсқа және қарлығаш әрқайсысы өз ұяларын өздері салып, күнделікті тамақтарын өздері тауып жейді. Егер бір күн еңбектенбей қалса, онда аш қалады.
2. Өнер орталығы:
Балалар тәрбиеші дайындап берген жәндіктерді қиып алып, желілі суретке жапсырады.
Орталықтар ауысады
Тәрбиеші дидактикалық ойын ұсынады: «Кубиктерді құрастыру»
-Сендер жақсы бала болып, үйде ата-аналарың көмектесесіңдер, кішкентайларға қамқоршы бола білесіңдер, бұл да үлкен еңбек екен, балалар!
Балалар сендер еңбек туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
Көрдіңдер ме, барлық нәрсе еңбек арқылы келеді екен.
|
-Табиғат – бізді қоршаған орта
-аялап, күтіп-баптап, еңбектенуіміз керек
Балалар экранға назарларын аударады.
Балалар мұқият тыңдайды.
Кітапханашының сұрақтарына жауап береді.
Балалар кітапханашының сұрағына толық жауап береді. Алтынсариннің ертегілерін, әңгімелерін атайды. -«Түлкі мен ешкі»
-«Бақша ағаштары»
-«Әке мен бала» әңгімелері т.б
Балалар жұмбақ шешеді.
1. Өрмекші
2. Құмырсқа
3. Қарылғаш
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, жауабын айтады.
-Басты кейіпкерлер: өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
-Үш жәндіктің еңбегін әжесі баласына түсіндіріп, сен де еңбектен деп тұр.
-Өрмекші - тұзақ құрып, маса шыбын аулап жүр.
-Құмырсқа аузына тістеген бидайы бар, қуанып балаларына апарып беруге асығып, ініне бара жатыр.
-Ал, қарлығаш балапандарына ұя салуға шөп тасып жүр.
Балалар тақпақ айтып береді.
Балалар музыка әуеніне қимыл-қозғалыспен орындайды.
Суреттерге қарап бірнеше әңгімелеп береді.
Балалар өз ойларын айтады.
Балалар жәндіктер мен құстардың бейнесін қиып алып, жапсырады.
Балалар 3 топқа бөлініп, кубиктерді құрастырып, белгілі бір сурет шығарады және оны қазақша, орысша, ағылшынша айтады.
-Еңбек түбі береке.
-Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
-Еңбек етіп ас ішсең, балдан тәтті болады.
|