Киімдері жарқырап, жер бетіндегі бірдебір шебер ағарта алмайтындай тым аппақ болып кетті. Сонда ежелгіде өмір сүрген Ілияс пайғамбар мен Мұса пайғамбар пайда болып Исамен сөйлесті.» (Марқадан; 9-тарау) Осындай зейнеттелу қағидасын, құпиясының адамзатқа сырын ашықтап түсіндіру үшін, інжілден бұрын да, қасиеттермен, жан сырларының білімін және елшілік істермен, пайғамбарлар келтірген дін қағидаларын нұсқауларын, ғылым-білімге айналдырып, кітаптарға жалғануын қалыптастыратын Тәурат кітабын түсіріп, енді бұл барлық түсірілген діндердің бірлігін қалыптастыру керек болды. Ал бұдан кейін Зәбур кітабы; Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларымыз арқылы, сөз өнерін, бақсылық істерді және барлық ішкі амалдарымен бірге, бүкіл шариғат негіздерін қамтитын қағидалар мен, сөз бірлігі мен құпиясын меңгеру болып табылады. Ал інжілге дейін, адамзатқа дүние тіршілігінде, тек бір ғана рухани өлім ажал болып қана беріліп, өмірдегі күнәлі істерін, сөздерін тек тән, сөз, қылық тазалықтарын қалыптастыру арқылы ғана сүнетеліп, болмаса өлім арқылы ғана, шейіт болу немесе мал, дүние құрбандығы арқылы ғана айырбастап алатын еді. Бірақ бұндай жағдай тек санаулы адамдарға пайғамбарлық қасиеттерді, сөз білімін меңгеруші төрелер, елшілік істермен ілім құпия сырын меңгеруші қожаларға ғана жеңіл болып, қалғандары ауыр азаптармен, дүние сынақтарымен, қан төгу соғыстарымен, қожаларға, қасиеттілерге, төрелерге қызмет жасап, құлдықта жүруімен күнәларынан ақталу тиісті болды. Енді Інжіл қағидасының түсуімен, Ғиса пайғамбарымызды рұх арқылы тікелей жаратуымен және өліп қайта тірілу хикметті мұғзижасымен, енді адам жанының мәңгілік өмір сүруіне тірісінде көз жеткізу үшін, рухани алғашқы өлімнің, яғни адам баласының күнәлі болмысы өліп, сол ескі тәнінде қайтадан анадан жаңа туғандай, қайта өмірін бастауына, адам баласына құлдықтан құтылуға, мүмкіндік беретін мұғжизаны, яғни қайта адамзат арқылы бейнеленген аруақтық киелі рухқа айналу қағидасын, жаратушымыз Ғиса пайғамбар өмірі арқылы нақты дәлелдермен көрсеткен. Бір ғана осы сипаттың өзінен, біздің масхаб біліміздегі, «адам рухы өлмейді» дегендей мыңдаған өтірікшілердің, рухани тажалдардың пәтуа, тәпсірлерін, және адам баласы тек қиямет қайымда қайта тіріліп есепке тартылады дегендерін жалғандыққа шығарады. Ал, Құранда да бұл Інжілдік хикмет, мұғжизаны растап, Ғиса пайғамбардың өлмегенін, яғни қайта тіріліп, періштелік дәрежеде тіршілік етіп жатқанын растайды да сонымен бірге тек қиямет-қайымда емес, қиямет мезгілі, қиямет күні және қиямет сағаттары болатынын да дін ғалымдармыз жалғандыққа алғаны да хақ. Бұндай әрбір пенденің тіршілік ету барысында міндетті болатын қияметік, мезгілдік, сағатық істердің бейнеленуін; елшілік, емшілік, қайрымдылық, ізгілік істер мен артық қайыр жасау арқылы күнәні өлтіріп, жүректі тірілтіп, жанды тазартып, рухани зейнетелу істерін, Ғиса пайғамбарымыздың ісін жалғастырушы 11 шәкірті арқылы және Ғиса пайғамбардың көктен өсиет беруі арқылы жалғасқан деп түсіндіріп, насихаттайды інжіл жазбаларында. Бірақ, бұл жағдайды християн діншілері, тек Ғиса пайғамбар арқылы рух оқылып, оны Құдай деп табынып, құлшылық істерінде адасқандықтан, Құран арқылы оның негізінен Жәбірейіл періште арқылы оқылып, ал адам баласынан болған періштелер болса, осындай хабар, уахиларды қайта бейнелеп, әрбір пенделердің тағдырына байланысты түрлі оқиға баяндармен көрсетіп, адамдар арасына үлестіруші екенін түсіндіреді. Осындай рух хабарын алу арқылы ғана, адам баласының тіршілік ету барысында, жинаған рухани азығы, зейнет киіміне айналып, бірақ ұзақ уақыт пайдаланумен және күнәнің де өріске еніп, бейнеленіп, жиналуымен тозады және ескіреді. Сондықтан рухани өлім арқылы тағы да жаңадан зейнет киімін ауыстыру керек болады. Інжілдің негізгі шарты да осында тұр; «Оларға тағы астарлап былай деді: -Жаңа киімнен жамау жыртып алып, ескі киімге жамамас. Олай етсе, жаңа киім жыртылып, жамау ескіге жараспас та еді. Сол сияқты жас шарапты ескі торсыққа құймас. Олай етсе быршып ашыған жас шарап торсықты жарып, ағып кетеді, торсық та бүлінеді. Керісінше, жас шарапты жаңа торсыққа құю керек. Сонда екеуі де аман қалады. Ал ескі шарапты ішкен әркім: «Ескісі жақсырақ».-деп жаңасын сұрамайды.» (Лұқманан; 6-тарау) Бұл астарлы әңгімемен; Ғиса пайғамбарымыз дінің киімі, шарабы інжілдік нұсқауларды орындаудан жаңаратынын, оны бұрынғы кітаптармен, заман оқиғаларымен, ескі қағидалармен араластырмай, жаңадан түскен нұсқауларды, хабарларды сол қалпында қабылдап, жалғану арқылы діннің даму заңдылығын сақтамаса, адамдар зұлымдыққа ұшырап, қаралай жынданатынын ескерткен. Бұл інжілдік аят, нұсқауларды Құранда аятпен бекітіп; «Бір аятты ауыстырсақ, немес ұмыттырсақ одан жақсысын, не сол сияқты келтіреміз. Әрине Алла (Т)ның әр нәрсеге күші жетуші екенін білмедің бе?» (2-106) Бірақ масхабтық және ислам ғалымдары Ханафи масһабынан кейін, ешқандай аяттар да нұсқауларда уахи болып оқылмайды, яғни өліктер сөйлемейді, Алла тағаланың ондай хикмет мұғижаға күші жетпейді, деп ашық қарсы болуына, қазақ елінің барлық ел билігі мен зиялы қауым өкілдерінің жәрдем беріп, өздері осы аятқа және інжілге де қарсы шығып кәпірге, шайтан жамағаттарына айналғандарын біле бермейді. Осындай ескі білімдерін жаңалап, жетілдірмеген арап елінің көктемі деп аталған жағдай осы өсиетті, аяттарды растап жатқаны сөзсіз. Және інжілдік шарап ішетін торсық-ыдыс, адамзат бойындағы жан үйлері болып, еркекте ол, 30-санымен, әйелдерде 40-санымен белгілі болып, барлығы 70-үйдің болатынын және Мұхаммед пайғамбарымыздың иманың екінші дәрежесі 70-бұтақты екенін ескерткен өсиеті де, осы жағдайдың хақиқатын әйел мен еркек жандарының бірленумен ғана нәтиже бертінін көрсетеді. Қазақ дәстүріндегі жер дауы мен жесір дауының бірінші орынға қойып, жесірлерді ұзақ уақыт күйеусіз жүргізбей және тоқал, бәйбіше салты да осындай жандардың бірлігін қалыптастыру мен 70-бұтақты имандық қуатарды меңгеруге негізделгенін біле бермейміз. Бірақ құранның араптарға келіп, ал бұрынғы пайғамбарларға келген жан ғылымының құпия сырлары мен нұсқаулармен, кітаптарымен жалғану қағидалары болғандықтан және пайғамбарымыздан кейінгі дінің даму заңдылығының да осы шарттарды сақтамағандықтан, жалпы исламда дінің бөлшектену және рухани азғындануын ғана туындатқан. Сондықтан інжіл нұсқауларын алған елшілер, тәурат діни шариғатын орындау арқылы ғана жаңадан рухани өмірді қалыптастыруға жүректерді тірілту үшін; Адамдардың төбесіне елшілердің қолын қою арқылы жүректерін ашып, иман қуаты келіп, зейнетеліп тіпті өліктерді де тірілтіп көрсеткен. Құран түскенге дейін, жан ғылымы болған елшілік істерді меңгерген бақсылар арқылы ғана иманды жүрекке зейнетелудің тікелей атқаратын тәсілі болғанмен, ал исламда бұл тәсіл, адамзат білімін жетілдіру арқылы және Құран ілімін меңгеру намаз оқу арқылы да тікелей атқарылатынын да білген жөн. Пайғамбарымыздан кейін де мұндай қасиетерді меңгергендер пір аталып, сопылық жолдың қалыптасуы да осындай тәсілмен, тазартумен, жүрекке иман келтіру амалдарының түрлі әдістері болып, исламдағы көптеген дін топтарды, сопылық мектептерді қалыптасуына да себепші болды. Бұл тәсілмен иман келтірудің 60-бұтақты бірінші дәрежесіне жататынын, сондықтан мазһаб білімінің қалыптасу себебі де, осындай әрекетерден пайда болады. Ал, осындай иманның алғашқы сатысын меңгеруге жәрдем беріп, тазартушы болған, емшілік, бақсылық істерді меңгерген рухани елшілер де қарапайым адамдар арасынан тағайындалатынын көрсетіп, және мәңгі өлмейтін Ғиса пайғамбар рухына, сөзіне, насихатына жалғану арқылы, киелі рухқа жалғанып дарындылықтардың ашылуына інжілді меңгеруді міндетті екенін түсіндірген. Аятта; «Мұхаммед айт: «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббылырың тарапынан сендерге түсірлгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емесіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың (кітап иелері, інжілдік, забурлік, тәураттық елдердің) көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) Пайғамбарымыз арап елдеріне ғана көрсеткен істерді, сол қалпымен еліктеп, тек арап сияқты намаз оқудың соңына түсуден, біздер сияқты кітап берілген елдердің, өз кітаптарын тастап қоятынын ашық ескертіп, сынақтарға түсуін, және түрлі мұғжиза, хикметтер арқылы білдіретінін, Раббымыз астарлы ескерткен. Бұл сырдың астарында Арыстан бабамызға құрма дәнімен, пайғамбар сәлемдемесін және жасырын тапсырылған, арап елдерінің қателіктерін түзеуге берілген амантардың болғанын да, біле бермейміз. Демек біздің масхаһтық дін ғалымдарының бес парызбен иман келтіру туралы берген пәтуалары жалған, және Інжілді оқушы істерге айналдырушы Ғиса пайғамбар аруағы қашанда бар, тірі және рухани өлім арқылы сатылап, таза ақылға, рухани негіздерге, жаннатық әулиелерге жалғану діннің басты қағидасы болу керек. Сондықтан да қиямет мезгілінде, жер бетіндегі қазіргі таңдағыдай тажалдар, өтірікшілер дін бастарына келуімен; Ғиса жерге түсіп, Мәді (Мұхаммед пайғамбар аруағы) жерден бейнеленіп, пайда болатынын әулие бабаларымыздың алдын ала біліп айтқаны да хақ. Және ондай замандарда, бұндай істерді меңгерушілердің жол басшысын Мәсіх-Ахмет атап, Ғиса пайғамбарымыз бастың, ойдың жындылығынан рух арқылы алғашқы жанды тазартушысы, сүннетуші, зейнетеуші Мәсіх болса, ал Мұхаммед пайғамбарымыз негізінен аяқтық жынды, мінезді шайтаннан тазартушы, екінші дәірежелі әйел еркек жанын бірлеуші Мәсіх-Ахмет. Ал, қолдың ағарып тазартушысы Мұса пайғамбар арқылы болса, көкірек және ар сауытын қалыптастыру Дәуіт, Сүлеймен пағамбарлар амалдарына, кітаптарына жалғанумен ғана атқарылмақ. Негізінен Мұхаммед пайғамбарымыз да, алдыңғы өзінен бұрынғы кітаптараға толық жалғанып, бастың Масіғі болған Ғиса пайғамбар арқылы рухын тазартып, енді соған байланысты жанды толық жетілдіріп, екінші рухани өлім, яғни мәңгілік өмірдің көкке дүние тіршілігінде қалай жалғанудың мұғжизасын көрсеткен, Мәсіх-Ахмет болып, рухтың, жанның толық бірлігін зейнеттелуін қамтамасыз ететін ақырғы, пайғамбарлар аяғы, соңғы пайғамбар болып есептеледі. Және жанның негізгі тостағы, ыдысы «Аяқ»-пен, тазарумен байланысты аруағына жалғана алатынын да сол замандарға білген; «Шимон Петірдің қасына келгенде, Ол Исадан: -Ием, Сіз аяғымды жуайын деп жатырсыз ба?-деп сұрады. Иса оған:-Не істеп тұрғанымды сен қазір емес, кейінірек түсінесің,-деді. Петір –Мен Сізге аяғымды еш уақытта жуғызбаймын,-деп қарсылық білдірді. Иса: -Егер сені жумасам, онда Менімен тығыз қатынаста бола алмайсың,-деп жауап берді. Сонда Шимон Петір. –Ием, олай боса, аяғымды ғана емес, қолым мен басымды да жуыңыз! –деп өтінді. Иса астарлап: -Шомылған кісі тап-таза, оның аяғын ғана жуу керек. Сендер тазасыңдар, бірақ бәрің емес,-деді.» (Жоханан; 13-тарау) Бұл астарлы істің сыры да, ислам дінінің соңы аяқтың тазарумен ғана сүннетелетін, Мұхаммед пайғамбарымыздың соңғы көктен әкелген екі аяты мен бес уақыт намаздың және негізінен намаздың 50+2=52 амалымен байланысты болып, пайғамбарымыз негізінен аяқты тазартушы Мәсіх және діндер бәрін исламға біріктіруші Ахмет екенін көрсетеді. Сондықтан сол кездердің өзінде де Ғиса пайғамбарымыздан кейін келетін, Мұхаммед пайғамбар арқылы елшілерінің өзімен байланысатынын ескерткен. Осындай қиямет-қайымға дейін жалғасты жіберілетін елшілік істердің негізгі сипаттарын, қасиеттердің бастауын; жүрек ашу, дем салу, түрлі Ғиса пайғамбардың рух арқылы хикметтерін көрсетуді, Мұхаммед пайғамбарымызда жалғасты түрде көрсетіп, рухты оймен бірлеудің үлгісін қалыптастырып; 52+1=53 және 52 екі негізгі құрандағы басқарушы сандарды меңгеріп, жаңадан тура жолдың негізін, үлгісін қалаған. Осы белгілерді меңгеріп, намаздарды толықтырып жетілдіруге, бірден-бір өз үлестерін, орнын, хикметті істерін қалдырып, бақсылық, емшілік істердің жоғары рухани дарындылықтардың негізін қалаған, түрлі мерез, жын ауруларына дейін жазып, өліктерді тірілтіп, өзендерден батпай кешіп өтіп, отқа өртенбей т.б Ғиса, Мұхаммед пайғамбар істерін жалғастырушы 24-пайғамбар қасиеттерінің бірлігін қалыптастырып, зейнетелуін, хикметін көрсете білген, ислам әлемінде, әсіресе қазақ халқындағы әулиелерді жүздеп санауға болады. Бір ғана Бекет атаның көрсеткен хикметті істерін, зейнетінің кереметпен бейнеленуін, яғни көрнеу кітаптарға айналуын, кім жоққа шығара алады? Ал, ислам дін танытушылары адам өлгеннен кейін, топыраққа айналады да, ұзақ және мерзімі белгісіз, қиямет мезгінде жалпы түгел адамзат болып қана тіріледі деген пәтуа береді. Олай болса, әрбір жеке-жеке пенденің, Раббысының алдында түрлі жағдайда жауап беріп, жақсылығына сыйын алып, жаманшылығына белгілі жазасын алып, өтейтін ақирет өмірі мен екі арадағы тіршіліктік жағдай мен аруағы яғни сөзі де, істері, зейнеті құраннан алған кітап-кісілігі де өледі дейді. Олай болса, өлген адам ешкімге пайда түгіл, зиян да бере алмайтын болып, өңі түгіл, түсінде зейнеті (киімі, бейнесі, рұхы) де көрінбеу керек еді. Шындығында солай ма? Адамзат тарихында, әрбір пенденің басына келіп жатқан түрлі аруақтық себептерді, миллиондап келіп жатқан мысалдардың, тарихи шежірелермен оқиғалардың, дүниеден өткен барлық аян, уахиды мойындап жазып кеткен еңбектерінің бәрі, қазіргі таңдағы құранды арапшадан жүргізіп оқып, тәпсір, хадистерді ақыл жұмсамай жаттап алған діншілер алдында адасқан сауатсыз аталып, бірақ күнделікті әулие бастарынан айқын көрініп, бейнеленіп жатқан хикметті істерді, кітап-кісілігін қайда жасыра аламыз? Ал, сондай өздерін Құдайдың ең жақын құлы санаған, және намаз оқуы, жаттаған құраны, арапша қайтарып, тілген дұғасы барлық қиындықтан, бәле-жаладан құтқарады деген діншінің кез келген әулиенің басына барып мазарына, басқалай мүліктеріне, зейнетіне тиісіп көруге батылы жете ме? Қандай да бір әулиенің мұндай зұлымдық істемек түгіл ниеті бұзылса, міндетті түрде пайдасы болмаса да, ана дүниеге атандыруға, болмаса мүгедек қылуға құдіретті хикметтерге соқтыруы сөзсіз шындық! Ал егерде мұндай әрекетерді жын-шайтанан болады десек, онда «жын-шайтан» еместер кімдер? Және Алланың ұлықсатынсыз бірде-бір жапырақ, яғни иман білімі жерге түспейді,-деген пәтуаларын қалай түсіндіреді? Әрине бұндай құранның кітап-кісілік, көместік қозғалысқа айналған, себептік жағдайларға, хикмет пен керметтерге, қазақ тарихынан мыңдаған мысалдар келтіруге болады және қазіргі таңда дәлелдердің жалғасып жатқанына халық куәлік бере алады. Олай болса рухы, ісі, аруағы тірі, кісілігі бар, өлмеген деген белгі. Ал егер қандай бір діншіге, әулиелер көрініп, немесе басқалай пайда бермесе, сенімі жоқ өзінен иманының жетімсіздігінен, амалының аздығынан ғана көру керек. Бірақ ондайларға әулие ата-аналарымыздың өлім алдында, өз бейнесінде міндетті түрде келіп, жетектеп, Алланың алдына апарып, сотқа тартуға куәлікте тұрып, өз үлестерін, сөзін де қосатынын, алда құран аяттары арқылы дәлелдейміз. Сондықтан пайғамбарлар арқылы Раббымыздан түсірген, көрсеткен кітаптардың, яғни қозғалыстық себепке айналған параларының парақтары (сухуфтары) жоғалды, өзгерді, істерін, хикметтерін қайталау мүмкін емес, деп және оны қайталаған әулие-әмбилер мұғжизаларын дұрыс емес деп, немесе істерін жоққа шығару - діни надандық және ортақ қосушы кәпірліктің де өзі болып табылады! Құранның негізі сандармен білдірген, көрсеткен ғылым сырына, тиелогиясына ашық қарсылық білдірумен де көрнісін береді. Әрбір сүренің де маңыздылығы да, осындай сандар құпиясымен жалғану арқылы пайда болған, періштелік күш, қуаттық шаманы да бейнелейтін, адам баласының меңгеріп, зейнетелу арқылы алатын, көктік несібесі және мұғзижа, хикмет, кереметтер құран аяттарының бейнеленіп, көрінуін білдіретін кітап-кісі болып есептеледі. Сондықтан, жердегі адам қолымен жазылған кітап өзгергенімен, жаратқанның оған, рухына, жанына берген, осындай сандардың жиынтығынан пайда болған аруаққа айналған сүрелердің, және адамзатың аруақтық жаратылыс кітабын, ата-анасынан, Адам ата Хау анадан кім алып қояды? Өздерінен жаратқаннан алған аруақтық дәптерінен оқып, маған көрсет- деп сұрап қайта алуға болмай ма? Ол үшін тағы тәуратқа, інжілге, зәбурге келіп, сенімнің амалын орындау керек. Кітаптарға иман келтіру дегеніміз, яғни әрбір кітаптың көмес бейнесін алу, аянын көру, есту деген ұғым пайда болады. Егер сенім-білімін жетілдіру арқылы, сол кітаптардағы хикметті істерді қайталап көрсетпесе, онда сүрелік кітабы, құпия білімі қалай иман, кісі, жарық тегі болып, енуге жүрекке зейнетелуге тиісті? Және үйден, мешітерден шықпай-ақ, алыста тұрған, көктегі жарық кітапқа намаз оқу ғана арқылы қалай қол жетеді? Ал, ислам діншілдері, ондай көктегі кітап түгіл, жер бетіндегі дайын қағазға басылған кітаптарды құран аяттарымен салыстырып, тексермек түгіл, Інжілді өзгерген, адасқан деп оқуға тиым салады. Сол сияқты Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарға түскен кітап, қазақ елінің негізгі бақсылық, емшілік істері болып, әулиелер сүйегіне жазылып, нұр жарық болып, қайта оқылып жатқанын білуге де талпынбақ түгіл, емшілік тазару амалдарын; жын-шайтан, «шерік қосу» деп, ырымға айналдырып діннен терең білімі жоқтарды үркіту амалын кім ойлап тапқан? Бұндай хабарды берушілер, елді байбаламдап үркітушілер, тура жолға бағыт алған пенделердің алдында отырып алушы болған, өздері енді ібіліс сарбаздары болып табылмай ма? Егер шайтандар бата беріп, жын-шайтандар өздерін емдеп, тазартып сауықтырып, халықты түзу жолға шақырып жатса, онда өздері қалай кімдердің себептері арқылы дінге шақырады? Бір тойға екі жарлық қалай қатар жүреді? Демек жын-шайтан өздеріне соғыс ашып жатса, әлем түгел дінді мегеріп, сынақтарға түсіп, сыналмай-ақ тура жолға түспей ме? Ал, ондай қарсылық заңы сынақтар жоғалса, дүние тіршілігі тоқтап, бәрі ақиреттік тіршілікке айналу керек. Ғылымы қандай? Негізінен дін заңдылығында пайғамбарлармен түсірілген кітаптармен, хат болып жазылғаны бар, болмаса хикметті істер болып, елдің тарихында ауыз екі әдебиет түрінде қалғаны да бар, мейлі қандай белгінің де орындалу көрнісін, нұсқауларын, мақал-мәтел және әдет-ғұрып, салт-дәстүр түріндегі халықтың негізгі шежіре кітабында көрнісін беріп отырады. Ал, адамзатқа келген барлық кітаптардың ғылымдарының жинағы, әуелі үш кітап түрінде, кейін Құранға астарлы сөздермен және сан құпиялары арқылы жинақталған. Сондықтан да Құран, рухани ілімнің, діни кітаптардың жинағы. Енді құранның әрбір аятының өзінде, ел тағдыры мен оқиғалар желісі, яғни бұрынғы аталарымызға түсірілген және көрсетілген аяндар тізбегі бар. Негізінен дін қағидасының төрт мүшесі бар. Құран, осы мүшелері арқылы ғана, толық дін және бүтін рухани дене болады. Інжіл-көзі мен басы, Тәурат- қол мен мойны, Зәбур-жүрегі, ішкі сезім сыры, ал Құран бәрінің нәтижесі аяғы, діндер құлшылғының соңы, аяқтың +талуы (аяқталуы)мен әрбір елдің, үмметтің жекелей шежіре ағашы мен, өмірдің алғашқы бастауы және хабаршысы болып саналады. Егер Құран адамзаттың хабарларды білдіретін, еститін құлағы болса, онда денеңнің қалған қандай да бір мүшесін, енді «маған керегің жоқ» деп қалай айтуға болады? Керісінше, әлсіздеу болып көрінген мүшеңді, көбірек қамқорға алып, көріксіз тек өзімізге ғана аян мүшелерімізді жұртқа көрсетпей, ерекше жауып қойса ғана, тегінде пайдаға асып, сол көріксіз және қажетсіз деген мүшелер арқылы ойлаған түпкі мақсатымызға жетпейміз бе? Сол сияқты пайғамбарлар да бір-бірінен тараған, және тұтастай алғанда ғана толық рухани дене болып, тірілер әлемін көрсетеді. Егер Інжілді кітап ретінде мойындап, Ғиса пайғамбар істеріне жалғамасақ, онда тірі екенін де мойындамаған және Құранды да өтірікке шығарамыз. Егер Ғиса пайғамбардың тірі екенін мойындап; емшілік, елшілік тазару істерінің шапағатшысы, желеп жебеуші екенінен бас тартсақ, онда Мұхаммед пайғамбарымыздың мәңгі тірі екеніннен де бас тартып, шапағатынан құр қаламыз. Сол сияқты Алланың достарын өлі, енді машқарда ғана тіріледі деп шешім қабылдасақ, онда барлық пайғамбарлар да өлі болып, Алланың жаратылыс себептерін түгелдей жоққа шығару болып танылады. Себебі аралық Алланың құдірет қолы яғни әрбір пенденің жақсылы жаманды қозғалыс әрекеттері, істері яғни аруағы да мәңгілікке жойылады деп түсіндіру, надандық және ақирет өмірін, тіршілігін жалпы табиғаттың айнылмалы (биоцинез) заңын да жоққа шығару болып табылады. Олай болса, басқа кітаптар түгіл құранның қарапайым үгітіне де иман келтіре алмаған болып таныламыз.
Құран үгіті арқылы зейнетелу мен иман келтіру туралы.
Муфтият және масһаб, жалпы діни топтардың барлығы да құранға иман келтіру үшін, яғни ақыл-ойдың зейнетін алу үшін, міндетті түрде арап тілін меңгеріп, арапша ғана Құран түсінікті болады деп түсіндіреді, сондықтан қазақ елінде не көп арапша сауат ашу, намазды оқуды үйрету мектептері жеткілікті. Араптардың өзі де, қазақтар, біздер сияқты өз тілін оқымайтын шығар. Бірақ сонан құранды жатқа білетін қариларымыз немесе имамдарымыз, иман қуатының белгісі болған, пайғамбарлық қасиеттер мен дарындылық сатыларын меңгеріп, зейнеттерін, кісілігін ала алды ма? Аурудың бәрінің себепшісі күнәдан туындайтынын ескерсек, онда Құранды жүрегіне зейнеттеген әрбір пендесі, күнәнің құлдығынан азат болып, Алланың сүйген құлына қызметшісіне айналып, қандай да бір күнәннің Раббысының көрсетіп, білдіруімен себебін тауып, жамандықты жақсылық арқылы, яғни Құран аяттары арқылы кетіре білуге тиісті. Немесе сабырлылықтың жоғары деңгейіне жетіп, сенімі арқылы ағашты да орнынан қозғайтын Ханафилік масхһабта әулиелері бар ма? Болмаса, Нұх пайғамбарымыздан бастап түсіріліп және Ыбырайым жолы болып бекіген, Құранға дейінгі барлық мысалдар мен нұсқауларды өз тағдыры бойынша жүзеге асырып, тура жолдың белгісін алған тақуалық дәрежеге жетуші ме? Құран насихаты бойынша; «Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп; өз елінің тілінде ғана жібердік. Алла кімді қаласа, адастырады да кімді қаласа тура жолға салады. Ол, өте үстем, аса дана.» (14-4) (18) деген үкіммен тура жолдың негізгі белгісі болған, діл білімін тазартып, 14-сандық Ыбрайым жолын меңгеріп,төртеуді түгелдеумен 18-мың ғалам періштелеріне, пайғамбарларына жалғанумен яғни ана тілімен даналықты, сұхбатты меңгеру пайғамбарлық қасиеттің өзі деп ескертеді де, өз елдеріңе тілді қалыптастыруға міндеті түрде жіберілген пайғамбарларыңды, яғни ата аманаты сөздеріңді түсінбесеңдер адасасыңдар деп ашық ескерткен. Және; «Олар сөзді зертемей ме? Немесе пайғамбарларын олар танымады да сондықтан оған қасарысады ма? (69) Немесе «Онда бір жындылық бар» дей ме? Олай емес. Оларға шындықты әкелді де олардың көбі шындықты жақтырмайды. (70).. Әрине сен оларды тура жолға шақырасың (73) Ақиретке сенбегендер, әлбетте жолдан шығушылар.» (23-74) деген көптеген аяттармен, әуелі ана тілін жетік меңгеріп, сөздерін зертеу арқылы және өздерінен болған пайғамбарлармен байланысқа түсіп, ақиретке сенім келтірмей, Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына жете алмайтынын, тура жолға түсірілмейтінін ескерткен. Онда енді біздердің хазірет, шейх атағандарымыздың тура жолға түскендігіне нақты куәліктері бар ма? Қандай белгілері және тәндерінде зейнетелген мөрлері бар ма? Енді осындай жүздеген сауалдарды тізіп, құран аяттарымен, тура жол қағидасымен салыстырып, құранды тек қазақ тіліндегі аударма арқылы оқып, зертеп көрген әрбір оқырманға, иман және иман келтірудің, сенімді болумен арадағы айырмашылығы да бар екеніне көз жеткізері де хақ. Сондықтан бұл тақырыпты әлі де алдағы басылымдарда қайта талдап, сандық мәні, қуаттық өлшемдері жөнінде ақпараттар беретіміз де сөзсіз. Әзірге осындай еркешеліктерді оқырман өздеріңіз имамдардан, дін ғалымдарынан сұрап және ақылды еркіне жіберіп зертеп көріңіздер.
Салт-дәстүр және шариғат арқылы зейнетелу.
Құранның арап тіліндегі үгіті мысалдар арқылы түсіндіріліп, яғни құран түсірілген уақытқа дейінгі, тарихи оқиғалар және оның қиямет-қайымға дейін, қиямет мезгілдері арқылы қайталанып отыруымен, адамзат қылықтарының да, яғни нәсілдердің түрленіп, қайталанумен де күнәлардың да қайта бейнеленуін және соған байланысты сынақтар, азаптар жазасы баяндалады. Осындай үнемі қайталанып отыратын, тарихи оқиғаларға байланысты, пайғамбарымыздың күнәдан тазару ізгі істері мен, сол күнәларды қайталамау үшін айтылған өсиеттері, басты шариғи істердің негізі болып қаланған. Ал Құран насихаты, құпия аяттар түрінде беріліп, ол тек Алланың толық сеніміне жеткен құлдарына елшілеріне оқылып, заман өзгерістеріне қарай намаздар амалы болып, қосымша орындалып отыруға және кейінгі ұрпақтарға үлгі дәстүрге айналдыру шарт. Қарапайымдап казіргі кездегі өмір тынысымен түсінсек; Үкімет шығарып жатқан заңдар, негізінен бұрыннан қалыптасқан ұлттық, жерлік шаруашылық, кәсіптік ерекшелігімізге бейімделген негізгі ғұрпымыз, ата заңымызға сүйене отыра жаңадан заман, шаруа, әртүрлі сынақтарға, тұрмысқа байланысты заңдар қабылданып отыру шарт. Бірақ өкінішке орай, әлемде де қандай да бір жаңа заңдар жүйесі, қазіргі таңда болған, немесе жасалған күнәларды қайта болдырмау үшін жазалау мақсатында ғана қабылданады. Яғни тарихи оқиғалардың соңынан ілесіп жүруге негізделген. Ал дінде керісінше, болуға тиісті апаттардың, күнәлардың алдын алуға, яғни шектен шығып, күнәлі болмыстардың қақпанына түспеуге, жақсылық, ізгілік жасау мақсатында қалыптасқан өмір сүру заңдылығына, заман ағымына,намаздарды бейімдеп отыру үшін, Құран аяттарының насихаты шындыққа (аянға) айналып, заман білім жетістіктеріне сай, сүйген құлдарына, оқылып, жаңа нұсқаулармен толықтырылып отыру, және тура жолды үнемі жетілдіріп жалғап отыру шарт. Ал сол оқылып жатқан, көрсетіліп тұратын, жаңа заңдылықтарды хабарларды жеткізушілер, дарындылар, яғни тақуалар болып табылады. Олай болса тек «намаз оқу» арқылы ғана дарындылыққа, немесе тақуалыққа жетуге болатын болса, онда тәуба, шүкір амалдарының және ғибадаттың үштен бірін орындаса болды деген ұғымды береді. Ғибадат амалдары бес уақыт намаз оқумен бірге зекет, ораза, неке адалдығы, арам жемеу, қажылық.т.б мұсылманға тән негізгі амалдар жинағы болып табылады. Ал бұрыннан да мұсылманның бес парызын орындау арқылы өзін тақуа, сопы санағандар, қашанда қазақта болған сондықтан; «Айдағаның бес ешкі ысқырығың жер жарады.» «Есің кетсе ешкі ғана бағып, сопымын деп суға тыш.» деген мақал қалған аталарымыздан. Намаз оқу ғибадаттың тәубесі және рухани негіздегі, тіршілік барысындағы бір жұма мен келесі жұма арасындағы біліп, білмей істеген жамандық, қателіктерді тазартып отыруға ғана пайдалы болып, ал негізгі тәубені, ахиретті еске түсіріп, Алланы еске алып, мадақ айтып, сүйген құлдарына сәлем беріп, намаздарын орындамай және шүкірлік істерімен Рахманға сәжде жасамай, әрбір жеке-жеке пенделеріне көрсеткен намаздарын, аяндарын, түстерін амалға айналдырып, тақуалық қалыптасу мүкін бе? Және ізгілік істермен жұмыс жасап, одан еліне, жеріне, үкіметке салық зекетін төлемейтін және көркем сөйлеуді мақсұт тұтпай, ана тілін шүлдірлеп, шұбарлап аманат, уәделерін менсінбейтін, діннің дарындылығы -сұхбатты теріске шығаратын, қандай үлгілі, өнегелі-ғибадат? Қандайда болсын намаздық амалды, тұрақты үзбей орындау ғана нәтижесін беріп, аманатты орындау болса, намаз оқу арқылы әрбір ғибадаттың, құлшылық амалдарының ортасын тауып, діннің заманға сай түсетін нұсқаулардан пайда болатын, дінің жаңа ұғымдары мен, адам баласының ақыл-ойының, ұлтық философиялық даму ерекшеліктерін, жетілдіру арқылы, әлемдік ақыл-ой өркениетіне өз үлестерін қосып отыру шарт. Енді заман, белгілі дәуірлік уақыт кезеңіндегі уақытың қозғалыстық білімі болып, ал намаз, енді осы заманың ішкі қозғалыстық білімін даналықтарын меңгеру болып саналады. Яғни заманның қозғалыс себебінің қол қабысы, себешісі намаз болып, ал оның ортасы намаз оқумен білінеді. Сондықтан бұл намаз оқудың да, үш түрлі оқылу жағдайы болып және ішкі сырының екі белгісі болу керек. Бірінші негізгі адамзатқа ортақ намаз оқу, яғни заман білімін меңгеру оқу болса, екіншісі; заман құпия сыры ілімін меңгеру, яғни бес уақыт сәзжде және құран мен киелі кітаптарды да оқу. Ал үшінші жағдайдағы намаз оқу түрі де, бүкіл әлем діндері және адамзатқа да ортақ, ақирет білімін меңгеру, яғни аян, түс көру жору ілімін меңгерумен, осыған байланысты амалы, яғни төртіншіні түгелдеу, намаздардың амалдарын орындау сипаты пайда болады. Және осы намаз оқудың негізінен ғана пайғамбарлық қасиеттердің, елшілік істердің ақ бастауы болып, барлық заман өркениетін алға қарай өрістетін білім, ғылым негіз болып саналады. Сонымен бірге адамзат ақыл-ойының заманға қарай даму ерекшелігі де, осындай намаздарды орындаумен ғана айқын болатыны да хақ. Және осындай жағдайлармен ғана заманына қарай, намазына айналатын философиялық, әлеуметтік (логика,діл) ақыл-ойдың жетістігіне байланысты, құран және киелі кітаптардың, ата-баба өмір тәжірибесінен қалаған аманаттармен өлшеу арқылы, заман біліміне сай, ата заңның, мемлекеттің ішкі саясатының, адамгершілік борыштармен біртұтастығын қалыптастыру, құран ғылымын заңдылығын қорғау, ұлттық құндылықтарды сақтау, жас ұрпаққа білім беру, мәдениет орындары арқылы зейнетелуін, халқымыздың діл бақшасының дұрыс өнім беруін қамтамасыз етуді қадағалау және осы тұрғыда рухани кеңес жәрдем беру де дін ғалымдарының, тақуалардың жалпы дінді меңгерген қауымның әсіресе ер азаматарының борышы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |