Сабақ:қазақ тілі Мектеп: Сабақ Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 7



бет3/3
Дата12.09.2024
өлшемі40,75 Kb.
#204210
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
8.Көшпелілердің жазуы

Дескриптор Білім алушы
- мәтінді мұқият оқиды;
- автор көзқарасын анықтайды;
- көтерілген мәселені анықтайды.
алушы
− баяндаманың құрылымын сақтайды;
− жоспар құрады.
- жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады
Жазу мәнерін сақтайды-1
ҚБ «Бағдаршам» әдісі




https://ok.ru/video/11732977061

Сабақтың соңы



Рефлексия Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап алады.


Бас бармақ-Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
Балаң үйрек-саған топпен немесе жұппен жұмыс ұнады ма?
Ортан терек-Осы тақырып бойынша тағы не білгің келеді?
Шылдыр шүмек-саған сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек-«Көшпелілер жазуы» тақырыбында не үйрендің

1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.



Ертедегі түріктер VI ғасырда өзіне тән алфавиттік жүйесі мен жазу емлесі бар руна жазуын дүниеге әкелді. Алғаш түрік жазуы туралы деректер Византия тарихшысы Менандр Протектордың жазбаларында айтылады. Ежелгі түркі жазуының көне ескерткішінің бірі- Күлтегін жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Қараба-ласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жерге, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монас-тырының (8 ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі -3,15 метр., ені-1,34 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер 19 ға-сырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жарияла-на бастады. Екі құлпытастағы құпия жазуларды түркіта-нушылар көпке дейін оқи алмай келді. 1893 жылы 25 қарашада Дания Ғылым Академиясының мәжілісінде В.Томсон Орхон жазба жәдігерлерін оқудың кілтін тапқандығын әрі оның көне түркі тілінде жазылғанды-ғын, алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екенін жариялады. Содан кейін академигі В.В.Радлов мәтінді тәржімалады. Осы зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалған жазулар Күлтегін батырдың ерлік істері туралы қаhармандық дастан екендігі белгілі болды.


Білге Қаған Ескерткіші - Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі “мәңгі тас” қатарына жататын ескерткіш . Күлтегін ескерткішінен 0,5 км жерде орнатылған. Білге Қаған ескерткіші мен Күлтегін ескерткішін орыс ғалымы Н.М. Ядринцев тауып (1889 ж), оны белгілі түркітанушы В.В. Радлов пен Дания ғалымы В.Томсен анықтаған әріптік жүйемен оқыды (1894). Білге Қаған Ескерткішін А. Аманжолов, Ғ. Айдаров, т.б. ғалымдар әр қырынан қарастырып, зерттеген. Ескерткіште Бумын, Естемі, Білге Құтылық қағандары мен баһадүр, ақылгөй ерлерінің “ел-жер-тірлік” тұтастығын сақтау, қорғау, болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы ерліктері, мемлекеттегі . ұлы істің бірегей мақсат-мүддесі шебер тілмен, тұжырымды да тиянақты түрде жазылып, тарихи оқиғалар уақыт желісімен баяндалған . 80 жол, 3000-нан астам сөз, 10 мыңдай таңба-әріп бар. Ескерткіштің тілі “таза” сақтал-ған, кірме сөздер өте аз дерлік. Сол себептен түркі этностарының тілдік табиғатын, тарихи, әдеби, этнографиялық, т.б. сыр-қырын анықтай зерттеу үшін қайталанбас дара мұра
Көне түркі жазу ескерткіштерін Енисей аңғары-нан Д.Миссершмидт пен Ф.Страленберг сияқты ғалымдар тапқан. Түркітану ғылымында жазудың табылған жеріне байланысты «Орхон-Енисей жазба ескерткіштері» деп атайды. Бұл жазуларды скандина-виялық руна жазуына ұқсас болғандықтан «Руна жазуы» деп атаған. Күлтегін батыр жайындағы дастанның авторы өз дәуірінің аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Иоллығ тегін (8 ғасыр). Ол- Білге қағанның ұлы. «Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды. Көне түркі жазуы XI-XII ғасырдан кейін қолданылмайды.Себебі түркі жазуын араб емлесі ығыстырып шығарды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет