Сабақытың тақырыбы: М. Жұмабаев «Бесік жыры»



Дата26.08.2017
өлшемі54,46 Kb.
#29180
түріСабақ
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылы №102 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сералиева Гүлнар


Күні: 30.01.2017ж

Сыныбы: 2

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақытың тақырыбы: М.Жұмабаев «Бесік жыры»

Сабақтың мақсаты: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысу.Бесіктің құрылысы және бесікке салу, бесік жыры туралы білу.Мәнерлеп оқу дағдысын дамыту. Өзара бірін-бірі бағалауға үйрету және өзіндік ойын ашық білдіру.

Күтілетін нәтиже: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысады. Бесіктің құрылысы және бесікке салу, бесік жыры туралы біледі. Оқу дағдысы дамиды. Өзара бірін-бірі бағалауға үйренеді және өзіндік ойын ашық білдіреді.

Сабақтың формасы: жұптық, жеке, топтық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тұлғаны тану, топтастыру,сары май

Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: суреттер, плакат, әріптер кеспесі

Пән аралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, музыка

Пайдаланылатын әдебиеттер: Әдебиеттік оқу Алматы «Атамұра»2013ж.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңде-рі


Мұғалім әрекеті


Оқушы әрекеті

Кіріспе

а/Оқушыларға жағымды ахуал тудыру.

«Жылы сөз » әдісі арқылы

Бір-біріне қуыршақты ұсына отырып, жылы сөздер айту

ә/ Топқа бөліну

Тәтті кәмпиттер арқылы топқа бөлу.

б/ Үй жұмысын сұрау

Өлеңді жатқа сұрау.

«Сары май» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу.

1.Әкеңнің шешесі саған кім болады?

2. «Әже» өлеңінің авторы кім?

3. Әженің немересіне сақтайтыны не?

4. Әжеміз ұйықтарда не айтады?

5. Әжеңе сен кім боласың?

6. Әжеңнің сен үшін қандай әрекеті үлгі?

7.Әжең қандай жағдайда қуанады?

8.Тентек болсаң қандай күйде болады?



Жылы сөздер айтады.


Топқа бөлінеді
Өлеңді жатқа айтады.

Сұрақтарға жауап береді.




Тұсауке-

сер


а/ Ой қозғау Топтық жұмыс

І топ Өлең мазмұнын түсіну. Ақын сұрағына жауап беру

Бұл кім?

«Бала,бала, бала!»деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйықысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

ІІ топ Ребус шешу

Бесік жыры

ІІІ топ Топтастыру

Бесік туралы не білеміз?

ә/ Түрткі,сынама,қайта бағыттау сұрақтарына жауап алу.



Топтық тапсырмалар орындайды.

Сұрақтарға жауап береді.



Негізгі бөлім

а/ «Тұлғаны таны» әдісі бойынша М.Жұмабаев туралы түсінік беру.

Мағжан Жұмабай  (25маусым 1893Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

ә/ «Оқы, түсін, талда» әдісі арқылы өлеңді, оқыту, мазмұнын сұрау.

б/ Өлеңді тізбектей оқыту.

г/Бесік құрылысы және бесік жыры туралы түсінік беру

ғ/Бесік жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі.Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ.  Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының бесік жырлары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз бесік жырының мәні де, сәні де келмейді.

Бесік жырларын мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай дәстүрлі бесік жырлары және суырып салма бесік жырлары деп екі топқа бөлуге болады. Дәстүрлі бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар.

Ал суырып салма бесік жырларында айтушы жанрлық түрді пайдалана отырып, кезеңдік жағдайларды, өзінің ішкі мұң-сырын өлеңге қосады.

д/ Бесік жырын тыңдату

е/ Топтық тапсырма

І топ Өлең жолын аяқтау

Әй,әй бөпем, ақ бөпем,

Өзі сондай тәтті екен.

-------------------------

ІІ топ Суретпен жұмыс

Суретке қарап,әңгімелеу

ІІІ топ Кеспе қағаздағы сөздерді құрастырып, тыйым сөз шығару



Автор туралы мәлімет алады.

Өлеңді оқиды, мазмұнын айтады.


Бесік құрылысы және бесік жыры туралы түсінік алады.

Бесік жырын тыңдайды

Топтық тапсырмаларды орындайды.


Қоры-тынды

а/ «Тірек сөздер арқылы сабақты қорытындылау

бесік, ана, бесік жыры, ұйқы, бала

ә/Үйге тапсырма : Өлеңді жаттау

б/Бағалау

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау

в/Кері байланыс



Тірек сөздер арқылы қорытындылау «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет