Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылы №102 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сералиева Гүлнар
Күні: 30.01.2017ж
Сыныбы: 2
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақытың тақырыбы: М.Жұмабаев «Бесік жыры»
Сабақтың мақсаты: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысу.Бесіктің құрылысы және бесікке салу, бесік жыры туралы білу.Мәнерлеп оқу дағдысын дамыту. Өзара бірін-бірі бағалауға үйрету және өзіндік ойын ашық білдіру.
Күтілетін нәтиже: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысады. Бесіктің құрылысы және бесікке салу, бесік жыры туралы біледі. Оқу дағдысы дамиды. Өзара бірін-бірі бағалауға үйренеді және өзіндік ойын ашық білдіреді.
Сабақтың формасы: жұптық, жеке, топтық
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тұлғаны тану, топтастыру,сары май
ә/ Түрткі,сынама,қайта бағыттау сұрақтарына жауап алу.
Топтық тапсырмалар орындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Негізгі бөлім
а/ «Тұлғаны таны» әдісі бойынша М.Жұмабаев туралы түсінік беру.
Мағжан Жұмабай (25маусым1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.
ә/ «Оқы, түсін, талда» әдісі арқылы өлеңді, оқыту, мазмұнын сұрау.
б/ Өлеңді тізбектей оқыту.
г/Бесік құрылысы және бесік жыры туралы түсінік беру
ғ/Бесік жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі.Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының бесік жырлары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз бесік жырының мәні де, сәні де келмейді.
Бесік жырларын мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай дәстүрлі бесік жырлары және суырып салма бесік жырлары деп екі топқа бөлуге болады. Дәстүрлі бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар.
Ал суырып салма бесік жырларында айтушы жанрлық түрді пайдалана отырып, кезеңдік жағдайларды, өзінің ішкі мұң-сырын өлеңге қосады.