Сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру Өзіңізді таныстырыңыз… Қалыптастырушы бағалау Сабақтың мақсаты



Дата30.10.2019
өлшемі2,68 Mb.
#50771
түріСабақ
Байланысты:
дескриптор-хулкар

«Білім беруді жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбындағы шебер сынып

Қарабұлақ

15 сәуір, 2017 жыл


Абдурахманова Хулкар Арипжановна

Сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру


Өзіңізді таныстырыңыз…

Қалыптастырушы бағалау

Сабақтың мақсаты:

  • Бағалаудың негізгі тәсілдерін түсіну.
  • Оқыту мен сыныпта оқудың ҚБ қалай байланысатынын қарастыру.
  • Сабақта ҚБ ұйымдастыру формаларын білу.
  • Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар таңдау.
  • Тапсырмаға дескриптор құрастыруды үйрену.
  • Тиімді кері байланыстың не екенін түсіну.
  • ҚБ тәжірибесін мұғалімдерге қалай таратуға болатынын ойластыру.

Күтілетін нәтижелер

Тапсырма: сабақтан күтетін нәтижелеріңізді жазыңыздар

Не білемін?

Нені білгім келеді?

ҚБ негізгі түсініктер

  • Қалыптастырушы бағалау– мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді).
  • Оқу мақсаты - оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктерінің күтілетін нәтижесі арқылы қалыптасқан тұжырым.
  • Бағалау критерийі - білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме.
  • Дескриптор – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым.
  • Тапсырма – оқушының құзіреттілік деңгейін (пәндік, тілдік және т.б.) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай.
  • Кері байланыс – қандай да бір жағдайға немесе әрекетке арналған жауап, пікір.

Бағалау қағидаттары

Тапсырма: Бағалау дегеніміз не және бағалау үдерісіндегі қандай негізгі қағидаттарды білесіздер?

Топта талқылау жасаңыздар.

Әр топ өз талқылауларының нәтижесімен таныстырады

Бағалау

Оқу жетістігін бағалау - бұл білім алушының кері байланыс арқылы білім беру үдерісін реттейтін және түзететін оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған нақты қол жеткізген нәтижесінің дәрежесін белгілейтін үдеріс.

Бағалаудың қағидаттары

  • оқыту үдерісінің бөлінбейтін бөлігі;
  • әр түрлі әдістерді пайдалану;
  • оқытудың сапасы жөнінде ақпараты бар үдеріс;
  • оқушылардың өзін-өзі дұрыс бағалау қабілеттерін және оқу нәтижелерін үнемі жақсартуды дамытады;
  •    әр оқушының кемшілігін емес, мүмкіндіктерін анықтайды;

  • оқыту үдерісіне қатысы бар тұлғаларды оқытуды қалай өзгертуге болатыны туралы ақпараттандырады;
  • тиімді кері байланыс арқылы мұғалімдер мен оқушылар арасында ынтымақтастық орнатады;
  • оқытудың маңыздылығын айқындайды;
  • оқу үдерісін ықпалдандыру туралы және жетістіктері
  • туралы мәлімет береді.


Критериалды бағалау

Тапсырма: берілген кілт сөздер арқылы критериалды бағалаудың анықтамасын құрастырыңыздар.

Топта талқылаңыздар және өз жауаптарыңызды дұрыс жауаппен салыстырыңыздар.

Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.

Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.

Критериалды бағалау моделі

Критериалды бағалау моделі

Тапсырма: 2-сабақта естіген ақпаратқа сүйене отырып, кестені толтырыңыздар


Критериалды бағалау

 

 



 

 

 



Критериалды бағалау моделі

Критериалды бағалау

Қалыптастырушы бағалау

Бөлім бойынша жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау

Жиынтық бағалау

Білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалау


Қалыптастырушы бағалау

Тапсырма: сұрақтарды топта талқылаңыздар және жауаптарыңызды флипчартқа жазыңыздар.

1. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не?

2. Мақсаты мен принципі қандай?

3. Қашан өткізіледі?

4. Ақпарат кімдерге беріледі?

5. Мұғалімнің рөлі қандай?

6. Оқушының рөлі қандай?

7. Қандай формада өтеді?


Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.

ҚБ принциптері:
          • оқытудың бір бөлігі («оқыту үшін бағалау»);
          • барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);
          • бағалау белгіленбейді;
          • оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;
          • әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі;
          • ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады.

Қалыптастырушы бағалау

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ




Өткізіледі

Ақпараттандырады

Оқушының рөлі

мұғалім тоқсан барысында өткізеді

материалды оқу барысында тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағаны жөнінде оқушылар ақпарат алады;

оқушының ілгерілеуі жөнінде мұғалім ақпарат алып, оқыту үдерісіне өзгерістер енгізе алады.

оқытуға белсене қатысады;

күтілетін нәтижені түсінеді;

өзін-өзі бағалайды/бірін-бірі бағалайды.

Мұғалімнің рөлі

оқу жоспарына сәйкес бағалау критерийлерін анық жазады;

бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастырады;

тапсырмаға дескриптор құрастырады;

оқушыларға тиімді кері байланыс береді;

оқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізеді;



Өткізілу формасы
  • жеке
  • жұппен
  • топпен
  • ауысатын топтар құрамында

Өткізілу формасы

Видио

Қалыптастырушы бағалау


1-тапсырма: 1 минуттың ішінде сандар мен сәйкес символдарды естеріңізде сақтаңыздар.

2-тапсырма: символдарды пайдалана отырып 1, 8, 7, 2, 5 сандарын жазыңыздар.



1

2

3

4

5

6

7

8

9

Тапсырманы орындауда қандай қиындықтар

туындады?

Неге?

Қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы бағалау тиімді болуы үшін:


Оқу мақсаттары

Оқу бағдарламасы, қазақ тілі, 2-сынып

Бағалау критерийлері



Блум таксономиясы

Тапсырма

Дескрипторлар

Кері байланыс



Нәтиже

Нәтижеге жету алгоритмі (тапсырманы орындау қадамдары)

Қолжетімді

Нақты


Анық

Рубрика

Рубрика – өтілген тақырып бойынша оқушылар білімін бағалау критерийлері жиынтығы. Ол қандай да бір тақырыпты зерттеу мақсаттарымен анықталады және мазмұндық жағынан сол рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.

Критерий

Критерии оқыту міндеттерімен анықталады және оқушылардың жұмыс барысында жасайтын, соның нәтижесінде жақсы меңгеруге тиіс әр түрлі іс-әрееттерінің тізімін құрайды.

Дескриптор

Дескрипторлар оқушының әр критерий бойынша (сатылы түрде) нәтижеге жету деңгейін сипаттайды және оны белгілі бір ұпайлармен бағалайды: жетістік жоғары болған сайын сол критерий бойынша ұпай да жоғары болады.

Рубрика – Критерий - Дескриптор

Рубрикалар оқушылар не үшін оқитынын көрсетеді

Критерийлер оқушы нені үйрену керектігін байқатады

Дескрипторлар оқушы қалай жоғары нәтижеге жете алатындығын көрсетеді

Қалыптастырушы бағалау


Тақырып

«Менің отбасым және достарым»

Оқу мақсаты

Мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтайды.

Тыңдаушыны қызықтыру үшін көркем-бейнелі сөздерді (сипаттау, т.б.) қолдану.



Бағалау критерийі

Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді. Тыңдалған ақпараттың негізгі ойын түсінеді. Мәтіннің негізгі мазмұнын эмоционалды көркемдегіш сөздерді қолдана отырып айтады.

Тапсырма

Мәтінді тыңдаңыз, тірек сөздерді теріп жазыңыз. Тақырыбын, негізгі ойын анықтаңыз. Жұпта эмоционалды көркемдегіш сөздерді қолдана отырып мәтінді мазмұндаңыз.

Айсұлу мен Күнсұлу

Ерте, ерте, ертеде бір байдың Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнемі ұрысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен.

Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:

Сенен мен сұлумын!-дейді.

Ал Айсұлу болса:

- Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын!-деп таласады. Ақыр соңында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлудың тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана далаға шығады екен. Ал бейбастығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу бірін-бірі көре алмайды екен.



Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді

тыңдалған мәтіннің тақырыбын анықтайды.

тірек сөздерді теріп жазады



Тыңдалған ақпараттағы негізгі ойды анықтайды.

мәтіннің негізгі ойын жеткізеді.

Көркемдегіш сөздерді біледі

мәтіннің мазмұнын жүйелеп айтады;

мазмұндауда көркемдегіш сөздерді қолданып айтады


ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ


Тапсырма: тапсырмаларға бағалау критерийлеріне сәйкес дескрипторлар құрастырыңыздар.

Математика пәні бойынша қалыптастырушы бағалау


Оқу мақсаты

2.4.1.8 Екі амал арқылы шығарылатын есептерді түрлі тәсілдермен шешу және өзара кері есептер құрастыру

Бағалау критерийлері

Екі амалды есептерді шығару дағдыларын қолданады;

Кері есептер құрастырады.



Тапсырма
  • Есепті шығарыңыз.

  • Екі түлкінің арасы 100 қадам. Егер әрқайсысы алға қарай 35 қадам жасайтын болса, тоқтаған уақытта екеуінің арасы қанша қадам болады?

    2. Кері есептер құрастырыңыз.



Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Екі амалды есептерді шығару дағдыларын қолданады;

Кері есептер құрастырады.

Математика пәні бойынша қалыптастырушы бағалау


Оқу мақсаты

2.4.1.8 Екі амал арқылы шығарылатын есептерді түрлі тәсілдермен шешу және өзара кері есептер құрастыру

Бағалау критерийлері

Екі амалды есептерді шығару дағдыларын қолданады;

Кері есептер құрастырады.



Тапсырма
  • Есепті шығарыңыз.

  • Екі түлкінің арасы 100 қадам. Егер әрқайсысы алға қарай 35 қадам жасайтын болса, тоқтаған уақытта екеуінің арасы қанша қадам болады?

    2. Кері есептер құрастырыңыз.



Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Екі амалды есептерді шығару дағдыларын қолданады;

есептің шартын құрастырады;

есептің шартына сәйкес өрнек құрастырады;

амалдардың ретін сақтайды;

қосу және азайту, азайту және азайту амалдарын орындайды;



Кері есептер құрастырады.

кері есептің шартын құрастырады;

есептің сұрағын қояды;

амалдардың ретін сақтай отырып, өрнек құрастырады;

Математика пәніндегі қалыптастырушы бағалау

Тапсырма:

  • Оқу мақсаттарын қарап шығыңыздар;
  • Бағалау критерийлерін анықтаңыздар;
  • Ұсынылған тапсырма нұсқаларын қарап шығыңыздар;
  • Тапсырмаға дескриптор құрастырыңыздар.
  • орындау уақыты– 30 минут

    Топтық таныстырылым

Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыс

Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыс

Тиімді кері байланыс оқушының үш сұрағына жауап береді:

  • Оқудың қай кезеңіндемін?
  • Нәтижеге қалай жете аламын?
  • Кемшіліктерді болдырмау үшін
  • қандай жұмыстар істеймін?


Кері байланысты жазуға арналған ұсыныстар

Үнемі тиімді кері байланыс жасаңыз және оқушыларды өз жұмысын және басқалардың жұмысын бағалауға үйретіңіз.


    • Түсіндірмесіз айтылатын «дұрыс емес», «өтірік», «кім жауап береді?» деген сөздерден аулақ болыңыз. Ненің дұрыс емес екенін, оны түзету үшін не істеуге болатынын ұсыныңыз.

Қателігін емес, дұрыс орындалғанын айтыңыз.

Кемшіліктерді болдырмаудың жолдары немесе жауаптарын қалай жақсартуға болатыны жөнінде ұсыныстар беріңіз.


    • Қателіктері туралы төмендегідей пункттер бойынша ақпарат бере аласыз:
    • ƒорналасуы;
    • қателерінің түрі;
    • ƒқателерді жөндеу үшін жасалатын әрекеттер.

Оқушының жауабына берілетін кері байланысыңызда мысқылдайтын, сынайтын тұрғыдағы «орынсыз жауап», «бұлай ойлауға қандай қақың бар» және т.б. жағымсыз сөздерді, сөз тіркестерін қолданудан сақтаныңыз. Мұндай сөз тіркестері оқушының намысына тиеді.

Тамаша сурет. Үлкен және көркем салынған. Шеттері айқын болу үшін қарындашыңды ұштап ал.


Кері байланыс FILE кестесі


Бұл сессиядан не күтемін?

Не білемін?

Рефлексия

Нені білдім?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет