Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.1С Биосфера және экожүйе
|
|
Мектеп: Елшібек батыр атындағы мектеп-лицей
|
|
Сабақ тақырыбы:
|
Биосферадағы биохимиялық үдерістер – заттар айналымы
|
Күні:18.09-9в
19.09.2019-9а,г
|
Мұғалімнің аты-жөні:Несіпбаева Динара
|
Сынып: 9-сынып
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
9.3.1.4 азот пен көміртектің табиғаттағы айналымының сызбасын құру
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: азот пен көміртектің табиғаттағы айналымының сызбасын құрады.
Оқушылардың басым бөлігі: Биосферадағы биохимиялық үрдістерді ажыратады.
Кейбір оқушылар: Топырақ пен шөгінді жыныстар түзудегі тірі ағзалардың рөлін сипаттайды.
|
Ойлау дағдыларының
деңгейі
|
Қолдану, талдау
|
Бағалау критерийлері
|
1.Азот пен көміртектің табиғаттағы айналымының сызбасын құрады.
2.Биосферадағы биохимиялық үрдістерді анықтайды.
3.Топырақ пен шөгінді жыныстар түзілуіне дәлелдер келтіреді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: заттар айналымы, атомдардың биогендік миграциясы, биогеохимиялық цикл, биотикалық айналым, қандай да бір элементті бекіту (фиксация), топырақ микрофлорасы
Пәнге қатысты сөз тіркестері:
1.Биосферадағы зат айналымының ерекшелігі неде?
2.Луи Пастердің бактерияларды «Табиғаттың ұлы қабіршілері» деп аталу себебін түсіндіріңдер?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Табиғатты қорғау, тіршілікті сақтауға баулу, азаматтық жауапкершілігін арттыру, патриотизмді ояту. Оқушылар бойында бір-біріне құрмет сезімін, ашықтық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
|
Пәнаралық байланыстар
|
8.4В «Көміртек және оның қосылыстары» бөлімі. Химия. 8-сынып. Табиғаттағы көміртектің айналымы. «Геологиялық химиялық қосылыстар» бөлімі. Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар тақырыбында шөгінді тау жыныстары туралы алған білімдеріне негізделген. 7.4A Адам ағзасындағы химиялық элементтер» бөлімі. 7-сынып бойынша тірі ағзалардағы химиялық элементтер туралы алған білімдеріне негізделген.
|