Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар



Дата31.12.2019
өлшемі52,29 Kb.
#54815
түріСабақ


Иманбаева Жұмагүл Бекмырзақызы,

№136 Т.Жүргенов атындағы мектеп лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі,

Қызылорда қаласы

М. Әбсемет. Ақжолтай Ағыбай батыр




Сабақта меңгерілетін

дағдылық мақсаттар

Ағыбай батыр туралы толығырақ мәлімет беріледі, түсініп оқу дағдылары дамиды, мәтінді түсініп қазақ тарихы туралы мәлімет-пен танысады. Кенесары хан мен Ағыбай батырлармен танысады.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Қазақ тарихы туралы мағлұмат алады. Кенесары хан мен Ағыбай батырлар туралы біледі.



Оқушылардың көпшілігі:

Тақырып мазмұнын түсінеді. Сұрақтарға жауап бере алады.



Кейбір оқушылар:

Мәтін кейіпкерлерін ажыратып олардың халқы үшін жасаған ерліктерін айтып бере алады.



Тілдік мақсаттар

Бұған дейін меңгерілген білім

Оқушылар

Қазақ тарихымен таныса отырып ерте кездегі ахуалды осы кезбен салыстыра білу, өз ойларын түйіндеу, батырлардың ерлігі туралы тусінік алу.



Сөздер мен сөз тіркестері:

Патша үкіметі, Ресей пашалығы, Қарқаралы, Ортау, Ақтау, Ақжолтай батыр.

Тарихи мәліметтерді орынды қолдануға дағдыланады.

Халық қорғаны. Алмас қылышты ардагер



Бұрыннан бар білімдері

Тапсырмалар бойынша мәтін мазмұнына талдау жасауды біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыттар

Жоспарланған уақыт (жаттығулар)

Ресурстар

Баста

луы

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау

Алмас қылышты ардагер мәтінінің мазмұнын әңгімелету.



Түрткі, сынақ, қайта бағыттау сұрақтары

1. Бұқар жырау Қабанбай, Бөгенбай батырдың ерлігі туралы қалай жырлады?

2. Қазақ халқының сол уақыттағы халі туралы не айтуға болады?

3. Қазақ батырлары неге атқа қонды?

4. Жоңғар шапқыншылығы немен аяқталды?

5. Қазақ халқы неліктен Ресей патшалығының қол астына кірді?


слайд


Орта-

сы


Жаңа сабақ

Бүгінгі өтетін тақырып: Ақжолтай Ағыбай батыр



Табыс критерийлерімен таныстыру

1. Мәтінді мәнерлеп оқимын.

2. Мәтін мазмұнын түсініп, әңгімелей аламын.

3. Қазақ халқының тарихымен танысып, білімімді тереңдетемін.



Мәтінмен жұмыс

Мәтін топтарда оқылып, мазмұны түсіндіріледі. 

Мазмұны бойынша талдау жасалады.

«Ақжолтай Ағыбай батыр» мәтінін оқушылардың оқуы

Сөздікпен жұмыс

әмір жүргізу – билік ету

кеңесші - ақылшы,пікірлесуші

шұрайлы – құнарлы,шөбі шүйгін

қолбасшы - әскер жасағын басқарушы

ақжолтай – жолы болғыш

ұран – күш жігер беретін сөз

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар беру



1-топ

1. Патша үкіметі Көкшетау, Қарқаралы жерлерін неліктен иемденді?

2. Олардың түпкі мақсаты қандай еді?

2-топ

1. Кенесары хан қазақ халқын қиын жағдайдан алып шығу үшін кімдермен ақылдасты?

3. Ағыбайдың туған жері туралы не білдің?

3-топ

1. Ағыбай ес білгеннен бастап қандай қиыншылықтарды көрді?

2. Ағыбай батыр туралы ел аузында қандай аңыздар жүрді?

4-топ

1. Ағыбай батырдың жорықтары қалай аяқталатын еді?

2. Қазақ әскерлері шабуылға шыққанда қандай ұран сөздер айтып жүрді?

Топтық жұмыс

1-топ

Оқушылар жоғалған сөздерді орнына қойып жазады.



... ... Қазақстан аумағын бағындыруды ойластырды.

Патша үкіметі ..., ... жерлеріне өз әкімшілігін жүргізді.

Бағынбағандарға ... ... ойына ... істеді.

2-топ

Кестені толтыр.



Мәтін кейіпкерлері

Ол кім?

Кенесары




Қоңырбай




Қойсана




Ағыбай




3-топ

Батыр есімдеріне сөйлем құрату

1. Ағыбай ...

2. Кенесары ...

3. Қабанбай ...

4. Бөгенбай ...

4-топ

Әңгіме кестесін толтыр



Мәтіннің аты

Ақжолтай Ағыбай батыр

Авторы

Марат Әбсемет

Кейіпкерлері

Кенесары хан, Ағыбай батыр

Идеясы

Отанды сүю, елжанды болу.

«Бағдаршам» әдісімен формативті бағалауы жүргізіледі.

Автор портреті, дәптерлер.

слайд


парақшалар


Сергіту сәті

Тереңдет ойыңды, Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұсайық, Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат, Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде Қонайық жорғалап.






Аяқ-

талуы

Оқушылар өздері оқыған бөлімнің атауын таңдап алады және дәлелдейді. Дәптерге түсіреді.

Бөлімдердің атауы




Кенесары - ел қорғаны




Патша үкіметінің саясаты




Ақжолтай батыр




Атқа қонған Ағыбай




Ағыбай батыр, Кенесары хан туралы толығырақ мәлімет беру. 

Ағыбай Қоңырбайұлы (1802-1885) — қазақ  халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі  батыр, қолбасшы. Қазақ ханы  Кенесары Қасымұлының  Ресей  отаршылығына қарсы жүргізілген  көтеріліс  басшыларының бірі.

Туған жері- Ұлытау аймағы

Мазары  Жезқазған облысы, Ақадыр ауданында тұр.

Кенесары Қасымұлы (1802, Көкшетау өңірі – 1847,  Қырғызстан, Кекілік-Сеңгір аңғары) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847 ж.ж ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының  соңғы  ханы (1841 – 1847). Кенесары  Шыңғыс ханның 27-ұрпағы,  Абылай ханның немересі. 1841 ж. қыркүйекте Кенесары үш жүздің өкілдері жиынында қазақ халқының ханы болып сайланды. Оның әскерінің жалпы саны кейде 20 000 адамға дейін жетті.
Мәтіндегі көтерілістер болған уақыт туралы не айтуға болады? (1837-1847ж)

Топқа бөліну үшін қандай суреттерді пайдаландық?

Оның бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?

Мәтіннің негізгі идеясы қандай?

Автор туралы мәлімет

Марат ӘБСЕМЕТОВ 1960ж. Қарағанды обл. туылған, мыржақыптанушы, тарих ғылымдарының докторы, ҚР-сы Ұлттық мұрағатының бас директоры. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1987ж. ҚазақстанҰлттық Ғылым Академиясының Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығының тұңғыш лауреаты; «Шұбыртпалы Ағыбай батыр» атты еңбегі бар.

Кері байланыс

Оқушылар берілген сөздердің ішінен  осы сабақта алған әсерін сипаттайтын 1 сөзді таңдайды және дәлелдейді. (қуаныш, бақыт, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік, сенімділік, рахаттану, алаңдау, мақтаныш, қайғы-мұң,шаттық, адалдық, арман, тәуелсіздік, бағыныштылық)



Азаттық жолын ән қылып,
Қорғаған елді ер білек.
Санамда қалды мәңгілік,
Ерліктің туы желбіреп!

Оқушылар кестеге білетін сөздерін жазады.

слайд


Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұндау.Батырлар туралы іздену, айтылмаған ақпарат табу

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет