Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы



бет173/210
Дата07.02.2022
өлшемі356,3 Kb.
#92634
түріСабақ
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   210
Байланысты:
500 Әдіс тәсілдер

296. «Табыстылық ассоциясы»
Оқушылардың әрқайсысында «табыс» сөзімен байланысты өзіндік пікірлері бар екенін ескеріп, «табыс» сөзімен 1 минуттың ішінде топ ішінде қабылданған жалпы анықтама беру талап етіледі. Мысалы,
1, 4-топ – – зат есімдерден тұратын сөздер,
2, 5-топ сын есімдерден,
3, 6-топ – етістіктерден тұратын сөздер ойлайды. Топтардың сөздері талқыланып, «табыс» сөзінің формуласы тұжырымдалады.

297. «Табысты тыңдаушыларды дамытуға арналған оқыту әдіс-тәсілдері»
 Оқушылар жаттығуды бастамас бұрын, олардың бұған дейінгі білімдерін
жандандыру арқылы дайындаңыз.
 Нақты тақырып беріңіз немесе тыңдалымды құрылымдаңыз.
 Есеп берудің нақты әдіс-тәсілдерін пайдаланыңыз, мысалы, әртүрлі жолдарментоптастыру (мысалы, Джигсо, өкіл, кемпірқосақ). Бұл жоспарлы әңгіме және ауызша мазмұндауға жол ашады, соның нәтижесінде жазбаша жұмыстың нәтижесі жақсарады.
 Көптеген жаттығулар сабақтың қысқа бөліктеріне тамаша сай келеді, мысалы, ширату жаттығулары.
 Тиісті ақпаратты немесе салалық тілдің нақты бір ерекшеліктерін естіген кезде оқушылардан дене қимылымен жауап беруді сұраңыз, мысалы, қол көтеру, орнынан тұру.
 Оқушыларды 1-ден ...-ге дейін нөмірлеу арқылы бірлесе жазба жазуды
ұйымдастырыңыз. 1 нөмірлі оқушылардың барлығынан ақпаратты тыңдап, кейбір элементтерін жазуды, 2 нөмірлі оқушылардан – басқа нәрсеге баса назар аударуды және т.б. сұраңыз. Топтар ақпарат жинап, оны керекті нысанда – ауызша немесе жазбаша ұсыну үшін пікір алмасады.
 Оқушылардан әңгімені тыңдап, тексеруге болатын фактілерді немесе біреулердің пікірлерін жазып алуды/оларға жауап беруді сұраңыз. Олар өз шешімдерін негіздеп, кез келген күрделі мәселелерді талқылауы тиіс.
 Оқушылардан мәтіннен негізгі сөздер немесе тіркестерді белгілі бір санын (және одан көп емес), мысалы алтауын тауып, жазуды сұраңыз. 6-дан артық болмауы тиіс екенін айқын түсіндіріңіз.
 Оқушылардан ақпаратты диаграмма, логикалық сызба, кесте, график сияқты арнайы құралдың көмегімен жазуды сұраңыз (мысалы, кім, не, қайда, қашан, қалай және неліктен немесе себебі, салдары, әсері, орналасқан орны).
 Мұқият тыңдауды модельдеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   210




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет