46. «Әңгімелесетін әріптестер» Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:
жаңа оқылған 3 факті туралы;
оларға жеңіл болып көрінгендер туралы
оларға қиын болып көрінгендер туралы
алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.
47. «Әріптер мен сандар» Қатысушыларға мұғалім қалаған әріп не сан айтады. Қай топ 10 санағанша, әртүрлі тәсілмен бірінші құрастырып болса, солар жеңімпаз. Сергіту кезінде немесе жағымды ахуал туғызу сәтінде қолдануға болады.