168. «Қазымыр оқушы» Ойын шарты: оқушылар өз араларынан жүргізуші сайлайды. Оқушылар мәтінді тағы бір рет жылдам және мұқият оқып шығады. Ойынның бірінші кезеңінде белгілі бір уақыт аралығында мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Кім көп сұрақ құрастырса, сол жеңіске жетеді! Ойынның екінші кезеңінде оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Жауап қысқа да нұсқа болуы керек. Жауап берушіні жүргізуші таңдайды. Ойын соңында көп сұрақ қойған «Қазымыр оқушы» анықталады.
169. «Қазына іздеу жолында» Сабақ тақырыбына қатысты ақпаратты жасырыңыз.Оқушылар жасырылған ақпаратты табуы керек. Күрделілік деңгейінарттыру үшін, тақырыпқа қатысы жоқ ақпарат қосып, оқушыларданоларға қажетті жəне қажет емес ақпаратты ажыратуды сұрауыңызға болады.