Сабақта қолданылатын Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдері



бет52/59
Дата23.05.2020
өлшемі195,2 Kb.
#70700
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59
Байланысты:
50 әдіс

Сөздіктегі аударма

Сөйлем

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 

«Негативтен позитивке» тәсілі

Оқушыларға негатив жаңалықтар жазылған

 

 

 

 

Белсенді оқыту түрлері:

  • Оқушылар бір өтірік, екі шын әңгіме айтады, қарсы жұп өтірікті тауып алуы керек.

  • Оқушылардың туған айлары арқылы топтастыруда оқушылар мұғалімнің көмегінсіз жылдам бөліне алуы керек. Немесе оның көптеген тәсілін ойлап табу керек. Мысалы: Күзде өсетін жеміс жидектердің суретін бір партаға, шаңғы, шана, коньки суретін екінші партаға қойса, оқушылар соған топталады.

  • Рефлекция. Сабақтағы көңіл күйін үш түрлі түс арқылы беруге болады. Жасыл түс – көңілді, сары түс – қалыпты, қызыл түс – нашар көңіл күйді білдіреді.

  • Оқушы жұмысын бағалауда үнемі комментарий айтып отыру керек. Пікір позитивті болу керек. Мыс: мына жасағанын жақсы, бірақ былай жасасың одан да жақсы болар еді. Бағалауды, пікір білдіруді оқушылар да позитивті бере білу керек.

  • Танысу ойыны: «Базар» ойыны. Оқушылар өз аттарын сегіз қағазға тең болатындай жазып шығады. Оларды ортасынан бүктейді, барлығын қорапшаға салып араластырады. Оқушыларды қатар тұрғызып, қораптағы сөздерді тең бөліп алады. Сосын өз аты жазылған қағазды жинап алу үшін, екінші адам оған тапсырма айтады, ол оны орындап сатып алады. (Жаңабай)

  • «Карусель» ойыны. Оқушылар шеңбер құру арқылы жылжымалы түрде бір бірімен диалогқа түседі. Мыс: 1-ші: «Отбасы – мемлекет негізі». 2-«Менің хоббиім», 3-ші «Денсаулық» (үшеуін бір бірімен сабақтастыра екі минуттан әңгімелеу) 4-осы тақырыптарды өмірде қалай қолданасың?

  • Оқушыларды төрт топқа бөліп, төрт тапсырманы беремін: айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым. Төрт тапсырма әр партада бір бірден тұрады. Оқушылар жылжымалы түрде белгілі бір уақыт аралығында орындап шығады. Мыс: тыңдалымды диктафонға жазады.

Әрекет неге ұқсайды?

Әрекет кезінде қандай дыбыстар шығарады?

Әрекет кезінде қандай сезімде болдыңыз?








  • Белсенді оқыту түрлері: «Әртіс» 1. Сен сабақтан шаршап шығып барасың? Соны қалай бейнелей аласың? 2. Сен каникульдан демалып келдің. Бір біріңмен қалай амандасасың? 3. Сен үшін болған маңызды жаңалық қандай?

  • Сергіту сәтіне арналған жаттығу: Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Ойын бастаушы: Хан уәзірлеріне «Бұйрық берді» деп бір іс әрекет жасайды. Солар әр қайсысы бір бір қимылдан жасатып шығады.

  • «Ымды түсіну». Оқушылар шеңбер құрып қатар отырады. Тапсырма: Оқушылар әр түрлі уақытта бірінен кейін бірі тұруы керек. Егер бір уақытта екі адам қатар тұрып қалса, оған дейін тұрғандар бәрі отырады. Солай толық тұрғанша жалғаса береді.

  • «33» ойны. Ережесі: оқушылар шеңбер құрып тұрады. 3 cанын немесе 3 саны бар санны4 орнына қол шапалақтап өте шығасың. Қалғанын бір, екі, шапалақ, төрт, бес, шапалақ, жеті, сегіз, шапалақ, он, он бір, он екі, шапалақ, қателессе, сол жерден қайта бастайды. Солай 33 санына дейін қателеспей жеткізу керек.

  • Сыныптың төрт бұрышына төрт түсті жазып іліп қоямыз. Оқушыларға қай түсті ұнайды, сол бұрышқа жиналыңдар дейміз. Оқушылар сол бұрыштарына жиналып, бір бірін құшақтайды. Екінші: Кім айтқанды жақсы көрсе қызыл бұрышқа, тыңдағанды ұнатса көк бұрышқа, жазғанды ұнатса жасыл бұрышқа, оқығанды ұнатса қара бұрышқа жиналады. Солай тапсырма жалғастыра беруге болады.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет