Мысалы мақал-мәтелдер туралы мәтін оқыған соң мұғалім немесе оқушылардың өздері мақал-мәтел жазылған қағазды умаждап, бір-біріне лақтырады. Тосып алған оқушы сол мақалдың мағынасын ашып, түсіндіруі керек.
Көпшілік білетін мақалдардың тізімін жасайды. Ең көп мақал жазған оқушылар өз тізімдерін сыныпқа оқиды, ал басқалары кейбір мақалдарды немесе сол мақалдарға қатысты сұрақтарды өз тізімдеріне қоса алады.