Ocыдан кeйiн мұғалімдер « Орнынды тап» ойыны арқылы үш топқа бөлінді және де топтарының гүлдер аттарымен атады.
Топтық жұмыс барысында 1-топ «Инклюзивті білім беруге дайынбыз ба?Қандай балалар оқытылуы қажет?», 2-топ-«Сау баланың ата-анасының көзқарасы қандай?»,3-топ -«Инклюзивті білім берудегі қиындықтар?» сұрақтарына мектеп мұғалімдері жауап іздеді. Ұстаздар мүмкіндігі шектеулі жандармен істелініп жатқан жұмыстың жақсы, жаман жақтарын қарастырып, болашақта шешілетін мәселелер туралы өз ойларын барынша жеткізуге тырысты.
Екінші тапсырма жоба дайындау болды. Топ мүшелеріне «Инклюзивті мектептің жобасы» тапсырмасы берілді. Постер жасап, оны қорғады.Бір-бірін бағалау мақсатында «Екі жұлдыз, бір тілек» айтты. Топ мүшелері бір-бірін әділ бағалап, келісетін ойлары туралы пікір білдірді.
Достарыңызбен бөлісу: |