Бұдан кейін бой сергіту жасалды. «Караоке» арқылы қазіргі кезде мектеп оқушыларының айтып жүрген әндерін айтып, көңілдерін көтерді..
Ұстаздарға «Қытай балеті» атты бейнежазба көрсетілді. Бұл бейнежазбаны әр ұстаз көзіне жас ала отырып көрді. Шынымен бұл бейнежазбаны көргенде көзге жас алмау мүмкін емес. Би- спорттың бір түрі. Соңдықтан,«осы мектебіміздегі мүмкіндігі шектеулі оқушылардың спортпен айналысуы қалай?», «Олардың спортпен шұғылдануы үшін не істей аламыз?» «Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыста кездесетін кемшіліктер мен қиындықтар», т.б. өздерін мазалаған сұрақтарға ұстаздар бір-біріне жан-жақты жауап беруге тырысып, өз ойлармен бөлісті. Мұғалімдер коучинг барысында алған білімдерін сараптау мақсатында «Шамадан, еттартқыш, кәрзенке» суреттерін іліп, кері байланыс жасауды жоспарладым. Нәтижесінде мұғалімдер шамадан мен еттартқышқа смайликтерді жапсырды. Менің ойымша, мен оларға ой салдым, білім бердім, ендігі жерде олар әрі қарай мәліметтерді қайта қарап, ой-пікірлерін қалыптастырулары керек.
Күтілетін нәтижеге жеттім. «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз»деген негізгі жұмыс мақсатым орындалды деп есептеймін. Мұғалімдердің бір бөлігі, егер коучинг басында мүмкіндігі шектеулі баланы мектеп-интернаттарында оқыту керек, сау баланың ата-анасы оларды өз балаларымен оқытуына қарсы болады деген ойларын коучинг-сессияның сонында өзгертіп, әрбір баланың ортаға бейімделуі қажет, оларды шеттетуге ешкімнің құқы жоқ, келешекте ешкім денсаулығында кінәраты бар бала әрқайсының отбасында дүниеге келмейтініне кепілдік бере алмайтынына келісті.
Уақыттың жеткіліксіздігі сәтсіз болды. Себебі, мұғалімдерге ойлануға көп уақыт қажет болды.
«Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса,соғырлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек»-деген екен неміс педагог-дефектолог П.Шуман.
Соңдықтан,инклюзивті білім беру барлық балаларды жалпы білім үрдісіне
толық енгізу жәнеәлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай,балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға,баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат екенің айтып, коучинг-сессиямды аяқтадым.