Сабақта пайдаланатын мәтіндер,мысалдар арқылы адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру. Сабақтың типі: Ашық сабақ



Дата26.08.2017
өлшемі43,96 Kb.
#29117
түріСабақ
Қазақ тілі. 6 -сынып.

Тақырыбы: Тұйық етістік.

Мақсаты:1)Етістіктің ерекше бір түрі тұйық етістіктің мағынасы менм тұлғасын түсіндіру.Оқушылардың етістік жайлы білімдерін кеңейту.Тұйық етістіктің түрленуін ің ерекшеліктерін ұғындыру,білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

2)Ауызша және жазбаша жаттығулар,үлестірме кеспелер,сабақта пайдаланатын мәтіндер арқылы тұйық етістікті тапқызу,жан-жақты талдау,оқушы ойын дамыту.

3)Сабақта пайдаланатын мәтіндер ,мысалдар арқылы адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Ашық сабақ.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Көрнекілік: Плакат,үлестірмелі кеспе ,мәтіндер,оқулық,нақыл сөздер.

Әдіс-тәсілдер :түсіндіру,көрнекілік,практикалық.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу,сыныпты түгендеу.



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Көсемше дегеніміз не?

2.Көсемше қалай жасалады?

3.Көсемшенің сөйлемдегі қызметі?

Оқушылар үлестірме кестені толтырады.



ІІІ.Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Тақтадағы мысалға көңіл бөлу.Оған морфологиялық және синтаксистік талдау жасау.

Шақпен ,жақпен байланысы болмай,қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрін –тұйық етістік деп атаймыз.Тұйық етістік –у жұрнағы жалғану арқылы жасалады.Тұйық етістік негізгі,туынды, болымсыз және етіс түрлеріне жалғанады. Есімдерше көптеледі, септеледі және тәуелденеді.



Көру диктанты.

Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тұйық етістікті қойып жаз.



Тапсырманы уақытында ... орындау керек. Мектепте және үйде тәртіпті ... керек. Үлкендерді ... керек.Ұйым жұмысына ... керек.Мәдениетті ... керек. Сабаққа белсенді ... керек.

Оқулықпен жұмыс.

Жаңа сабақты байқау мақсатында 260-жаттығуды орындау. Шарты: Көшіріп жазып,тұйық етістіктің астын сызу және морфологиялық талдау жасау.



«Ойлан тап» ойыны.

Бір етістікпен айтқанда қалай?

Жалпаң қағу,жалман қағу,бүкшең қағу,ырсың қағу,қутың қағу,қайқаң қағу.

У дыбысынан аяқталған сөздердің бәрі тұйық етістік бола бере ме?

Кей құрбы бүгін тату ертең бату

Тілеуі ,жақындығы-бәрі сату

Көкірегінде қаяу жоқ,қиянат жоқ,

Қажымас,қайта айнымас қайран тату.

261-жаттығу.Шарты:Тұйық етістіктерді тауып,қандай тұлғада тұрғанын ажыратып,синтаксистік талдау жасау.

ІҮ.Қорытынды.Үлестірме кеспемен сабақты қортындылау.

Ү.Үйге тапсырма.

262-жаттығу.Берілген сөздерді әрі тұйық етістік ретінде,әрі зат есім ретінде қолданып ,әрқайсысына екі сөйлем құрастыру.

ҮІ.Бағалау.

«Ыстық алақан» арқылы рефлекия жүргізіледі.Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлерін алақандарына смайликтер салу арқылы бағалайды.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет