CLIL әдісінің негізгі мақсаты – оқытушының сөйлеуін азайтып, керісінше оқушылардың бір бірімен сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
CLIL Пән мен тілді кіріктіріп оқытуға байланысты негізделген әдіс.
Ол пәндік және тілдік мақсатты көздейді. –
Пәнге байланысты студенттерге жаңа ұғымдар мен идеяларды таныстыру; - Оқушылардың пән мен тілді қатар меңгеруін қамтамасыз ету; -
Оқушылардың екінші тілде сөйлеу сенімділігін арттыру; -
Сабақта пән мазмұнын алдыңғы қатарға қою; -
Сабақты екінші тіл оқу жоспарына сәйкес студенттердің қабілетіне орай жоспарлау; -
Оқушылардың түрлі ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар беру; -
Оқушыларды тіл мен пәнді қатар меңгеруі барысында қолдау көрсетуді қарастырады.
2, CLIL әдісі бойынша сабақтарды жоспарлаудың негізгі және маңызды 4 «С» қағидаларын дамытты.
Content - пән мазмұны
Communication – коммуникация
Cognition – ойлау
Culture – мәдениет
· СONTENT (Мазмұн) - бұл пән саласындағы ілгері басатын білімдер,біліктер,дағдылар;
· COMMUNICATION (Қарым-қатынас) - бұл оқытуда шет тілін пайдалану біліктері;
· COGNITION (Таным) - бұл жалпы түсінікті қалыптастыратын(нақты және абстрактілі)танымдық және ойлау қабілеттерін дамыту;
· CULTURE (Мәдениет) - бұл өзін мәдениеттің бір бөлігі ретінде ұғыну,сонымен қатар тіл мәдениеттілігін қалыптастыру
Сабақты жоспарлау барысында мұғалім оқушылардың пәнді игеру барысында кездесуі мүмкін тілдік қиындықтарды алдын ала көре білу және сол мәселелерді шешу үшін тілдік тіректерді қолдануы тиіс.
Мұғалім тақырып түсіндірген кезде өте қарапайым және күнделікті өмірде қолданып жүрген сөздерді қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |