Жоспары: Іс - әрекеттік технология әдісі негізінде топтастырылған сабақтар: дәстүрлі емес сабақтар: когнитивтік; ынтымақтастық; бақылаушы; мультимедиялық; денсаулық сақтау.
Сабақтағы оқушылардың iс-әрекетiн ұйымдастыру.
Топтық танымдық iс-әрекеттi ұйымдастыру.
1.Сабақтың дәстүрлі емес формалары бірінші кезекте сабақтағы оқушылардың іс – әрекетінің белсенділігін көтеру есебінен білімдік үрдістің тиімділігін көтеру үшін қолданылады. Дәстүрлі емес сабақтар оқушыларды үйде орындалатын жұмыстардан босатып, жаңа тақырыпты сыныпта меңгеруге мүмкіндік жасайды. Дәстүрлі емес сабақтарды оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын қорыту, бекіту үшін қолдану ұсынылады. Оқу үрдісін ұйымдастырудың бұл формасын жиі қолдану тиімсіз болып, оқушылардың оқу пәніне, оқу үрдісіне тұрақты қызығушылығын жоғалтуға әкелуі мүмкін.