10.3.1.1 -температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының
орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау;
Сабақ мақсаттары
Дeненің жылулық күйін сипаттайтын нeгізгі физикалық шама ретінде температураны енгізу, температураны өлшеу әдістeрімен таныстыру,
Цельций және Кельвин шкаласын енгізу;
оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру
Бағалау критерийлері
Температураның физикалық мағынасын молекулалардың қозғалысының
орташа кинетикалық энергиясымен байланыстыра алады.
Температураны өлшеу тәсілдерін түсіндіреді.
Температураны өлшеу тәсілдерін күнделікті өмірде қолдана алады.
Сонымен қатар, үштілділік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында
оқушылар осы тақырыпқа қатысты физикалық терминдерді
үш тілде айта білулері тиіс
Қазақша
Орысша
Ағылшынша
Температура
Температура
Temperature
Температураны өлшеу
Измерение температуры
Temperature measurement
Термометр
Термометр
Thermometer
Пирометр
Пирометр
Pyrometer
Құндылықтарды дарыту
Оқушылардың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру
Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру
Пәнаралық байланыстар
География пәні. Атмосфераның температурасы
Бастапқы білім
Термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер.
Тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйдегі термодинамикалық жүйе. 8сынып
1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа қатысымын және
көңіл күйіне назар аудару. Психологиялық ахуал орнату
2. «Миға шабуыл" стратегиясы бойынша суреттер арқылы 8-сыныпта өткендерін еске түсіру.
Талқылау үшін сұрақтар беріледі
Температура дегеніміз не, ол нені сипаттайды?
Дене температурасын өлшеуде термометрдің маңызы қаншалықты?
Судың қатаюы мен еруінде термометрдің қандай қатысы бар?
Bilimlend
Температура
Сабақтың ортасы
1-Тапсырма. Оқушыларды топқа бөліп, өз беттерімен игерілетін тақырыптарды ұсыну:
1-топ Температура
2-топ Температура мен молекулалардың орташа кинетикалық
энергиясы арасындағы байланыс
3-топ Температураны өлшеу тәсілдері
Топ мүшелері өздері дайындаған постерлері бойынша тақырыптарын қорғайды
Дескриптор:
Тақырып мазмұнын толық ашады
Күнделікті тұрмыспен байланыстыра біледі
Физикалық терминдерді пайдаланып сөйлем құрастырады (сөйлеу мәдениеті)
Термометрлерді жұмыс принципін түсіндіреді
Молекулалық теория нeгізінде жылы су мен сaлқын судың айырмашылығы неде екенін түсіндіреді