Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Үй тапсырмасын тексеру.
Ой қозғау:
С-1: Қандай шамалар тура пропорциноал шамалар деп аталады?
С-2: Тура пропоционалға мысал келтіріңдер.
С-3: Қандай шамалар кері пропорциноал шамалар деп аталады?
С-4: Кері пропоционалға мысал келтіріңдер.
|
|
6– 13 мин
|
Графикалық диктант
-Егер екі шаманың біреуі 3 есе артқанда, екіншісі 3 есе кемитін болса, онда екі шама тура пропорционал болады
- Жылдамдық тұрақты болғанда, уақыт пен арақашықтық арасындағы тәуелділік тура пропорционал болады.
- Шаршының периметрі мен қабырғасының ұзындығы арасындағы тәуелділік кері пропорционал болады.
- Машинаның жүк көтергіші мен олардың санының арасындағы тәуелділік кері пропорционал болады.
- Егер екі шама кемігенде біреуі 2 есе, ал екіншісі 4 есе өссе, онда екі шама кері пропорционал болады.
- Адамның жасы мен оның аяқ киімінің размері кері пропорционал болады.
- Уақыт тұрақты болғанда жылдамдық пен арақашықтық арасындағы тәуелділік кері пропорционал болады.
Дұрыс жауаптары: — + — + — — — +
|
http://gigabaza.ru/doc/24958.html
Қосымша 1
|
14 – 25 мин
|
Өз беттік жұмыс.
Тест жұмысы жүргізіледі. Жауаптарын дайын жауаппен өздері тексереді.
|
Математика 6 кл.Тесты. Журавлев С.Г и др. 2015
|
26 – 37 мин
|
Жеке жұмыс
1- тапсырма
Тұрақты жылдамдықпен қозғалатын велосипедші белгілі бір жолдың бөлігін 6 сағатта жүріп өтті.
a) Егер жүрілген жолдың ұзындығы 1,5 есеге артық болса, уақыт қанша есе өзгереді?
b) Егер қозғалысқа кеткен уақыт 1 сағатқа кемитін болса, жүрілген жол қанша есе қысқарады?
Дескриптор: Білімалушы
берілген пропорционалдылық тәуелділікті анықтайды;
пропорцияның негізгі қасиеті бойынша уақытты табады;
пропорцияның негізгі қасиеті бойынша жүрілген жолдың өзгерісін есептейді.
2-тапсырма
Агрофирмада егістік алқабын 12 комбайн 8 күнде орып бітіреді деп жоспарлаған.
a) Жұмыс уақытын 2 күнге кеміту үшін дәл сондай қанша комбайн қосу керек?
b) Берілген алқапты 8 комбайн межелеген уақыттан қанша күнге кеш орып бітіреді?
Дескриптор: Білімалушы
берілген пропорционалдылық тәуелділікті анықтайды;
пропорцияның негізгі қасиеті бойынша түрлендірулер орындайды;
комбайн санын есептейді;
кері пропорционалдық шарты бойынша уақыттың айырмасын есептейді.
3-тапсырма
Қазаншұңқырдан суды 24 сорғымен 30 күнде тартып шығаратыны белгілі. Егер 6 сорғы істен шығып қалса, берілген жұмыс неше күнге кешігіп бітеді?
Дескриптор: Білімалушы
берілген пропорционалдылық тәуелділікті анықтайды;
пропорция құрастырады;
пропорцияның негізгі қасиеті бойынша түрлендірулер орындайды;
уақыт айырмасын анықтайды.
|
Қосымша 3
|
Сабақтың соңы
38 - 40 мин
|
Үйге тапсырма: Пропорция. Пропорцияның негізігі қасиеті. №147.
|