Сабақтан тыс іс-шара Мақсаты: 8 сынып оқушыларының химия пәніне деген қызығушылығын арттыру. Осы негізде оларға сабақтан тыс қызықты химиялық тәжірибелер көрсетіледі. Химиялық реактивтердің қасиеттерін бір-бірінен ажырата білуге үйренеді
Сабақтан тыс іс-шара Мақсаты: 8 сынып оқушыларының химия пәніне деген қызығушылығын арттыру. Осы негізде оларға сабақтан тыс қызықты химиялық тәжірибелер көрсетіледі. Химиялық реактивтердің қасиеттерін бір-бірінен ажырата білуге үйренеді.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Қайда қарасақта, қайда көз жіберсек те көретініміз химияның ғажайыптары» демекші, шындығында да бізді қоршаған табиғат химиялық құбылыстарға толы.
8 сыныптар арасында таңғажайып сыры мол химия пәнінен өткізілгелі отырған «Қызықты химиялық тәжірибелер алаңы» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер!
1-ші тәжірибе. «Бағдаршам жасау» Бұл тәжірибе ерітіндінің түсін тез өзгертуіне байланысты «бағдаршам» деп аталады.Алдымен калий перманганатын суға аз мөлшерін ерітеміз,қантты суға ерітеміз,ерітіндіні бір –біріне қосамыз да үстіне сілті немесе кәріз тазалайтын сұйықтықтан құямыз.Таңқурай түсті ерітінді алдымен көк түске сосын жасыл түске соңынан сары түске өзгереді.
2-ші тәжірибе. «Ерітіндінің түсін өзгерту» Суға зеленканың бірнеше тамшысын тамызамыз,жасыл түсті ерітінді пайда болды.Оған сутегінің асқын тотығын бірнеше тамшысын қосамыз. Оның үстіне күйдіргіш натр немесе кәріз тазалағыш сұйықтың бірнеше тамшысын тамызамыз. Біраз уақыттан соң ерітінді түссізденеді.
3-ші тәжірибе. «Көпіршіктер жасау» Сұйық сабынның 20 мл алып, оған марганцовка ерітіндісін және сутегінің асқын тотығын құйып араластырамыз. Көпіршіктер көлемі ұлғая береді.