Сабақтан тыс іс шара Тақырыбы: «Ғажайып сурет әлемінде»



Дата18.02.2017
өлшемі105,9 Kb.
#10068
түріСабақ
Ақмола обылысы
Зеренді ауданы
«М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ

Сабақтан тыс іс шара

Тақырыбы: «Ғажайып сурет әлемінде» сайыс


БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

Сынып – 6(а-ә)
Пән мұғалімі: Талибаев.Қ

Зеренді селосы

2015-2016 оқу жылы

«Ғажайып сурет әлемінде» сайысы


Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрлі емес

Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.

Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, суреттер.

Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.

Сайыстың барысы:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар сайысымызға қатысушы жас өркен!

Бүгінгі бейнелеу өнері 6 сынып оқушылары арасындағы «Ғажайып сурет әлемі» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.

1. _______________________________________________________________

2. _______________________________________________________________

3. _______________________________________________________________

Ау,халайық,халайық,

Бәріңе жар салайық

Сәлем жолдап баршаңызға

Суретшілер.

Кеп тұр бугін ортаңызға
І топ «Бояулар»

ІІ топ «Қарындаш»

Сайысқа түспекші екі топпен танысайық.



«Бояулар» тобы:

Көрікті ашық бояумыз.

Өнерге ғашық баламыз.

Бәрінің өңін келтірер

Суретболмасбояусыз.
6а-сынып. Топ мүшелері:

________________________

________________________

________________________

________________________

________________________

________________________
«Қарындаш» тобы:

Біздің есім «Қарындаш»,

Өнерсіз бала қарны аш.

Сайысқа келген достарым,

Сурет сал, міне қарындаш.
6ә-сынып. Топ мүшелері:

________________________

________________________

________________________

________________________

________________________

________________________

 Слайт көрсету.

Сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.

Сайыс кезеңдері:

1. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру. (5-мин)

2. «Кім шапшаң, кім жылдам»(10-мин)

2.1Көрермендермен ойын.Кім тез жаттайды...(2-мин)

3. «Сәйкес пе ...»(10-мин)

4. Сөздерден түс аттарын шығару.(2-мин)

5. Жұмбақ шешу (топпен жұмыс) (10-мин)

Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.



І КЕЗЕҢ. «САН СҰРАҚҚА САЯХАТ» СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРУ

Әр топқа бес сұрақтан қойылады. Соған жауап берейік.



І топқа:

1.Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма. (Пейзаж)

2.Суға тез еритін бояу. (Акварель)

3.Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған сурет салу құралы)

4.Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады? (маринистік жанр)

ІІ топқа:

Бейнелеу өнерінің түрлерін ата. (кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, қолданбалы сәндік өнер)

1.Адам келбетінбейнелейтін жанр қалайаталады? (портрет)

2.Түстернешетүргебөлінедіжәнеқандай? (2-ге, жылыжәнесуық)

3.Жануарлардыбейнелейтінкөркемшығарма. (анималистік жанр)

4.Натюрморт деген не? (Жансыззаттарбейнеленгенкөркем шығарма)



2 КЕЗЕҢ

Кім жылдам табады,

Заттардың бейнесін.

Бір-бірімен суреттер,

Табу керек үйлесім.

Быт-шыт болып шашылған

Құрайды екен кім жылдам?

– деп сайысымыздың «Кім шапшаң, кім жылдам?» кезеңіне берейік. Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенін табу.



2.1Көрермендермен ойын.Кім тез жаттайды...

Мынау қызыл қарындаш,

Мұнымен гүлді бояймын,

Мынауым-көк қарындаш

Мұнымен суды бояймын.

3 КЕЗЕҢ.

«Сәйкес пе ...»

 Бір бала шығып,көріп тұрған затты ымдап түсіндіреді.

Оқушылар соны суретке салады.Сәйкес пе...

Күннің көзі,қарындаш,гүл,үй,сағат,орындық.


4 КЕЗЕҢ.

Сөздерден түс аттарын шығару.



І топқа:

ЛЫЗЫҚ (ҚЫЗЫЛ), АҚРА (ҚАРА), ДІРГІЛКӨ (КӨГІЛДІР), ЫРҚОҢ (ҚОҢЫР), РҰС (СҰР)



ІІ топқа:

ЛЫСАЖ (ЖАСЫЛ), ЫРСА (САРЫ), КӨКСИЯ (СИЯКӨК), ГІНКҮЛ (КҮЛГІН), ҒЫЛТҚЫЗ (ҚЫЗҒЫЛТ)

 5 КЕЗЕҢ. Жұмбақ шешу.

Екі топқа жұмбақтар айтылады. Шешуін қағаз бетіне сурет арқылы түсіреді.


Күні-түні сөйлеймін,

Өлең айтам, билеймін.

Бәрін-бәрін көрсетем,

Бірақ ойлай білмеймін.


Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.


Үйір-үйір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады.


Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды.


Мен арамын, арамын,

Қараорманғабарамын.

Қимастанбірбұтағын,

Қараормандытарадым.

 

 Сан ойлантады, сан мұңайтады,



Үндемей-ақәңгімеайтады.

 

Өнерлі елден өнерлі ұл-қыз шығады дегендей,біздің оқушыларымыз да өнерлі екен.



Сөз кезегі әділқазыларға беріледі.

Сайысты қорытындылау.

Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.

Ақмола обылысы


Зеренді ауданы
«М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ

Ашық сабақ
Тақырыбы: Ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу.

6(а)-сынып




Пән мұғалімі:Талибаев.Қ.С.

Зеренді селосы

2015-2016 оқу жылы

Ашық сабақ. 
Сабақтың тақырыбы: Ағаштарды,құстарды,аңдарды бейнелеу.
Сабақтың мақсаты: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру.Күз мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру.Ағаш,аңдар,құстар туралы әңгімелесу.Айналамен таныстыру сабағына қызығушылықтарын арттыру.

Түрі:жаңа сабақ

Әдісі:айналамен танысу

Пәнаралық байланыс:дүниетану

Сабаққа арналған материялдар мен құрал жабдықтар:

Мұғалім үшін: ағаштар, құстар, аюдың апаны, ақ, қара қалташалар, слайд. көңіл- күйлер, әр балаға жеке- жеке көңіл- күй эмблемалары. 
Оқушылар үшін:бояу қарындаштар,акварель бояуы,альбом,бөшіргіш.
Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу,сабаққа дайындығын тексеру,түгендеу.


Өткен сабаққты қайталау:Петроглифтар дегениміз не?

Суретті тексеру.



Жаңа сабақ

Балалар бүгін сабағымыздың тақырыбын анықтап алайқ.Бене көрініске назар аударайық.

Оқушылардың жауабы:Ағаштар,аңдар,құстарды бейнелеу.


Мұғалім: -Балалар, бүгін бізде айналамен таныстыру сабағы. Балалар сабаққа қандай көңіл- күймен келдіңдер.

Оқушылардың жауабы: (Тамаша)

-Иә балалар көңіл- күйлеріңнің тамаша екені кеуделеріңдегі эмблемада көрініп тұр. Ендеше балалар ерекше сабақ болайын деп тұр, өйткені бүгінгі сабақта біз сендермен орманға саяхатқа аттанамыз. Тамаша көңіл- күйлерімізбен саяхатқа аттанайық.

Мұғалім:

-Міне, балалар, орманға да келіп жеттік.

-Далада қазір жылдың қай мезгілі?(күз)

-Күз мезгілінде неше ай бар?(қыркүйек,казан,қараша)

-Қазір қай ай?(казан)

-Ауа райы қандай?(салқын)


-Айналаға қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?(ағаштарды)

-Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?

-Жерде не жатыр?(жапырақ)

- Айнала қандай?(әдемі)

-Күз қандай болады? (салқын)

Күзде қандай өзгеристер болады?

Осы кезде құстардың дауысы шығады. (Әуен қойылады) 
Мұғалім: -Мынау ненің дауысы балалар? (құстар).

-Құстар қайда ұшып бара жатыр екен?(жылы жаққа)

Қандай құстар жылы жаққа ұшады?(суыққа төзімзіз)

Құстардың аттарын атау:

Орманда құстар аз көрінеді, қыстауға қалған құстар ғана. Олар: ала қарғалар, торғайлар, сауысқандар. Бұл құстарға қыста қорек табу өте қиын. Олар аңдардың ізіндегі қардан ашылған шөптің дәнін теріп жейді. Ағаш бүршігімен,кепкен жеміс-жидекпен қоректенеді.

-Ал,құстар орманға қандай пайда келтіреді? (ағашарды құрт-құмырсқадан тазартады.


Мұғалім:орманда мекен ететін аңдар түрін атау.

Енді менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр: Ойын «Жақсы- жаман» 


  • Балалар, мен сендерге суреттер алып келдім. Сол суреттер бойынша сөйлесейік. Жаман әдеттерді қара қалтаға саламыз. Жақсы әдеттерді қызыл қалташаларға саламыз. 


  • Мына суретке қараймыз, не көріп тұрмыз? Балалар таза ауада ойнап жүр. Бұл балалар қандай балалар? 



Жақсы, онда қай қалтаға саламыз. (ақ)

Екінші суретке қарайық. Не көріп тұрмыз? 


  • Бала далада мұз жеп жатыр. Бұл қандай бала? 




Қандай қалтаға саламыз.(қызыл) 

Ендігі суретте не көріп отырсыңдар? 


  • Бұл суретте бала ағашқа шығып, құстың ұясын бұзып жатыр. Бұл қандай бала? жаман бала. 



  • Қандай қалтаға саламыз.(қызыл) 

    Ал, мына суретте не көріп тұрсыңдар? Бала құстарға ұя жасап, талға іліп қойды. Қандай бала? 


  • Жақсы. Қалташаға салайық. (ақ)




Мұғалім: Ақылды балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын! 

Мұғалім:- Сендерге бүгінгі орманға жасаған саяхатымыз ұнадыма ма?-Осы орманды, құстарды,аңдарды қорғайтын сендерсіңдер. Ел байлығы-жер байлығы. Осы байлығымызды аялайық.

- Біздің қайтатын уақытымыз келді.

Тәрбиеші: Балалар, сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма ? Орманда не көрдік? Күзгі орманды көрдік. Сол табиғатта көрген ағаштарды,аңдарды,құстарды қағаз бетіне бейнелеп көрейік. . (бейнелеу кезінде көңілді әуен ойнап тұрады)

Салынған суреттерді анықтап қарау, жақсы салған жұмыстарды мадақтау.



Тәрбиеші:

-Ал балалар олай болса мен сендерге сұрақтар қоямын.

Тбиғатта

- Көңіл-күйіміз қандай? Тамаша!

- Күз мезгілі қандай? Тамаша!.

- Ауа райы қандай? Тамаша!

- Бүгінгі сабағымыз қандай? Тамаша!

- Келген қонақтарымыз қандай? Тамаша!



Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық!

Бәрі бірге (Смайлик береді)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет