Сайыстың шарттарымен таныс болайық.Сайысымыз 4 - кезеңнен тұрады.
1-кезең: «Кім жылдам»
2-кезең : «Көп сөйлеме»
3-кезең: «Естіп қойма»
4-кезең: «Сөз - жұмбақ»
Сайыс шартымен таныс болсақ, енді әділ –қазылар алқасымен танысайық.
1. ______________________ 2. ___________________ 3. _______________________
Қолыңды бекерге бос, соға берме
Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме
Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй
Сонда ортақ боласың бар жеңіске деп сайысымызды бастаймыз.
1-кезең: «Кім жылдам» Әр топқа логикалық 10 сұрақтан қойылады әр дұрыс жауапқа 10 – ұпайдан беріледі
І-топ :
1. 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)
2. 1 жұмыртқа 2 минутта піссе, 3 жұмыртқа неше минутта піседі? (2 минутта)
3. 1 сағ 20 минут неше минутқа тең? (80минут)
4. Жердің пішіні қандай? (дөңгелек, шар тәрізді)
5. Бір жылда неше мезгіл, неше ай бар? (4 мезгіл, 12 ай бар)
6. Қойдың төлі (қошақан)
7. Әкеңнің шешесі қалай аталады? (Әже)
8. Қыстың көркі не? (қар)
9. 7 күнді не дейміз? (апта)
10. Ақтөс – ит, Марат – кім? (адам)
ІІ-топ:
1. Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не? (Адам)
2. Лимонның жартысы неге ұқсайды? (Екінші жартысына)
3. Король кімнің алдында тәжін шешеді? (Шаштараздың)
4. Ұрғашы кенгуру қандай жағдайда қатты ашуланады? (Қалтасындағы баласы бұтына жіберіп қойған кезде)
5. Суды елекпен қалай тасуға болады? (мұз қылып қатырып)
6. Құлақ не үшін керек? (Көзілдірікті ұстап тұру үшін)
7. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? (Жол полициясы)
8. Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі? (Ұзынағашта)
9. Үйдің ең суық жері? (Сырты)
10. Электропоезд түтіні батысқа қарай созылып жатса, өзі қай бағытқа қарай жүріп жатыр?
(Электропоезда түтін болмайды)
ІІІ-топ:
1. Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі? (Алма ағашында)
2. Елімізде талдармен жасалған қорған қай қалада? (Талдықорғанда)
3. Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім? (Басы ең үлкен адам)
4. Есікті ашу үшін не қажет? (Есіктің жабық болуы қажет)
5. Теңіздің ортасында не бар? (“ң” әріпі)
6. Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай шығады? (Үсті су болып шығады)
7. Ненің көлеңкесі жоқ? (Көлеңкенің)
8. Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? (мен)
9. Алфавиттің ең соңғы әрібі? (т)
10. Теңізде қандай тас болмайды? (Құрғақ тас)
Мықты болсаң алдағыны басып оз,
Мықты болсаң- арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – шоқалаққа сүрінбе,
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда.
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт,
Мықты болсаң — заманыңды көктеп өт – деп келесі кезенімізді бастайық
2 – кезең «Көп сөйлеме». Әрбір студент берілген сөздерді 30 сек ішінде топ мүшелеріне іс – қимылымен түсіндіруі тиіс. Ұпай саны-10. Үш топтың капитанын шақырып кім бірінші ойын көрсететінін анықтаймыз (сулифа). Уақыт шектеулі 5 мин
І-топ : 1. трактор, 2. жол, 3. сигнал, 4.телешка (тіркеме), 5. бұрылыс, 6. дөңгелек, 7. маска, 8. электрод,
9. тырма, 10.Соқа, 11. Дәнекерлеу,12. шапқыш, 13. Қайшы
Достарыңызбен бөлісу: |