ІІ-топ: 1. машина, 2. Егеу, 3. балға, 4. кілт - сайман, 5. дәптер, 6. соқа, 7. парта, 8. шалғы, 9. Сызғыш,
10. Ара , 11. принтер, 12. Кітап, 13 комбайн
ІІІ-топ: 1. тежеуіш, 2. баллон, 3. руль, 4. мотор ( қозғалтқыш), 5 Сепкіш, 6. фара, 7.Кабина, 8. Компьютер, 9. Тиса, 10, Дәнекерлеу аппараты, 11, аккумулятор, 12, Дәнекерлеуші, 13, Бензин
3-кезең: Естіп қойма (Топ басшылар сайысы). Топ басшының құлағы жабулы тұрады. Ал қалған қатысушылар қолдарың артына ұстап тұрып,берілген сөздерді кезекпен-кезек шығып, топ басшысының алдына келіп ерінінің ұшымен айтады, қай топ бірінші айтады соған ұпай қосылады Ұпай саны-10 уақыт шектеулі 5 минут
1.Тракторшы 2. Емен ағашы 3. Доңғалақ 4. Климат 5. Қозғалтқыш 6. Трактор 7. Орман 8.Шырша 9. Питомник 10.Тіркеме, 11. Егін, 12. Терезе
1.Электрод 2. Сварщик 3. Маска 4. Карбид 5. Кислород 6. Баллон, 7. Ацетилен
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы деп келесі
4-кезең: Сөз жұмбақ . Команда ойыншыларын көру мүмкіндігінен айырамыз көздеріне арнайы маска тағылады, қолдарына бір-бір әріптен ұстатып, жұмбақ жасырамыз. Ойыншылар мақсаты бір минут ішінде қолындағы әріптерден жұмбақтардың жауабын табу. Сұрақ қойылған сайын әріптер де ауысып отырады. Ең аз уақыт көрсеткен топ женімпаз 15 ұпай, 2 – 10 ұпай, 3- 5 ұпай
– топтың сұрақтары
1. Ең ұзақ өмір сүретін ағаш (емен)
2. Жол тайғақ кезде орын алатын жағдай (апат)
3. Тракторды жөндегенде нені пайдаланамыз (кілт)
4. Ағаштың жасын қалай білеміз? (сақина)
2 – топтың сұрақтары
1. Жер жыртатын агрегат (соқа)
2. Өзеннің бастауы (тұма )
3. Көлікті түнде жүргізгенде нені қосамыз (фара)
4. Жабайы аңдар мен құстардың мекені (орман)
3 – топтың сұрақтары
1. Жыртылған, себілген және өнімі шыққан жерді қалай атаймыз (егін)
2. Көктемде себілетін дәнді – дақыл (арпа)
3. Орманның қас жауы (өрт)
4. Атмосферадағы су парларының жер бетiнiң жоғарғы қабатында конденсациялануын қалай айтамыз (тұман)
Жер бетінде адам өмір өткізер
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер
Бар ізгілік тек білімнен алынар
Білімменен болашаққа жол салынар – дегендей білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік деп сайысымызды аяқтаймыз. Енді әділқазылардан топтардың қорытынды ұпай санын сұрап, марапаттау кезегіне береміз.
Осымен «Ой мен ойын» танымдық сайысы өз мәресіне жетті.Қатысқандарыңыз үшін үлкен рахмет,қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |