Сабақтан тыс қызметтің ұйымдастыру модельдері


Заманауи мектепте балаларға қосымша білім беруді



бет11/22
Дата07.05.2020
өлшемі98,16 Kb.
#66548
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
акерке1

Заманауи мектепте балаларға қосымша білім беруді

ұйымдастырудың жолдары
Балаларға қосымша білім беруді дамытуды зерделеу қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде оны ұйымдастырудың негізгі төрт моделі бар екендігін көрсетеді. Қосымша білім берудің бағдарламалары бойынша жұмыс жасайтын балаларды сабақтан тыс жұмыстар жүйесіне тарту нақты әрбір мектеп қарастыратын қосымша білім берудің қандай деңгейді көздеулеріне сәйкес, өзінің ерекшеліктері болуы мүмкін және әртүрлі тәрбиелік қорытындыларға жетуі мүмкін.

Олар мынадай болуы мүмкін:

1) жұмыстары бір-бірімен сәйкес келмейтін және сол уақытта бар кадрлық және материалдық жағдайларға толығымен тәуелді үйірмелер, секциялар, клубтарды кездейсоқ ашу;

2) балалар шығармашылық ұжымдарының және бірлестіктерінің жұмыстарын ішкі шоғырландыру, олардың қызметтерінің әртүрлі бағыттарға бағытталуы;

3) балаларға қосымша білім беруді дамытуды мектептің жеке бөлімшесі ретінде қарау;

4) негізгі және балаларға қосымша білім беруді кіріктіру, мектептің негізгі құрылымының мазмұндық және ұйымдастырушылық бірлестігі.

Мектеп жұмысының тәжірибесінде жоғарыда көрсетілген барлық ұйымдастырушылық модельдерді қолдануға болады. Қазіргі кезде мектептерде қосымша білім беруді ұйымдастырудың бірінші екі деңгейіне артықшылық береді. Кіріктіру үдерісін іске асыру жағдайында үшінші және төртінші деңгейлер өздерінің жеке тәрбиелік жүйесін құруға бағытталған мектептерге тән.

Әр модель, кім оларды жобалап және алдыңғы уақытта тәжірибеде іске асыратын болса, барлығы үшін нақты бір құндылықтармен қамтамасыз етеді. Мектепте қосымша білім беруді ұйымдастырудың бірінші деңгейі негізіндегі модельдердің нақты бір мән-мағынасы бар, өйткені, балалардың бос уақытын қамтамасыз етеді және олардың сабақтан тыс жұмыстарының спектрларын анықтауға мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі модельдер балаларды, сонымен қатар балалар мен ересектерді біріктіретін (қауымдастықтар, шығармашылық зертханалар, экспедициялар, шеберханалар және тағы басқалар) өздерінің өзгешелік түрлерімен ерекшеленеді.

Ұйымдастырушылық әрекеттестіктің үшінші және төртінші деңгейлерінде құрылған модельдер балалардың қосымша білім беруге әртүрлі сұраныстарын қанағаттандыруды қамтамасыз етуге және сонымен бірге бұданда маңызды жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай жетістіктерге жету тәрбиелік бағдарламалардың мазмұнын бірлесе әзірлеу арқылы барлық субъектілер жұмыстарының бірлігі есебінен мүмкін болады. Бірінші жағдайда, ортақ бағдарлама негізінде жұмыс жасайтын, тәрбиелік қызметтің жалпы мектептік компоненті ретінде қарастырылатын, барлық қосымша білім беру педагогтері қызметтерінің бірлігі есебінен іске асырылады. Екінші жағдайда – мазмұн деңгейінде, сондай-ақ технологиясы деңгейінде негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын қосымша білім берумен кіріктіру есебінен іске асырылады.

Ішкі, сондай-ақ сыртқы механизмдерді қолданатын ұйымдастырушылық әрекеттестіктің үшінші және төртінші деңгейлерін іске асырумен құрастырылған модельдер, басымдық ретінде қарастырылады, себебі олар мектептегі білімнің барлық деңгейлерінде жаңа стандарттармен қарастырылған тәрбиелік жүйе құруға бағытталған.

Мектептегі қосымша білім беру міндетті түрде қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын басшылыққа алатын, қызығушылықтары бойынша құрылған балалардың түрлі шығармашылық бірлестіктерінің жетекшілері іске асырылады. Мектептегі қосымша білімнің бағыттары: көркем-эстетикалық, әлеуметтік-педагогикалық, туристік-өлкетану, экологиялық, зияткерлік, спорттық-сауықтыру және тағы басқа.

Сабақтан тыс жұмыстар мен қосымша білім берудің маңызды байланыстырушы буын пәндік үйірмелер болып табылады: бұл міндетті оқу материалымен байланыс; білімге, біліктілікке, дағдыға және жеке дамуға бағытталу; сабақтарға міндетті немесе ерікті қатысу; білім беру материалының көлемін және оны меңгеруге кететін уақытты таңдау мүмкіндігін береді. Бір жағынан бұл пән бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал басқа жағдайда – қосымша білім берудің бөлімі.

Білім беру үдерісінің баланың дамуына, оның шығармашылық мүмкіндіктерін, қабілеттерін ашуға бағытталғандығы маңызды. Мұнда білім беру үдерісінің нысандалған сипаты аз, сондықтан ол бала дамуының табиғи негізіне жақын болып келеді. Білім алушы қызметтің белсенді субъектісі болып табылады, білім алу міндеттерін белсенді шешеді: бақыланатын көріністердің мәнін және себептерін түсіндіреді, қызметті орындау түрлерін анықтайды, бақылау объектілерінің арасындағы тәуелділікті және тағы басқаны зерттейді.

Егер мектепте оқытуды жекелендіру ережесіне сәйкес бастама мұғалім тарапынан болатын болса, ал балаларға қосымша білім беруде, өзіне қызықты қызмет түрін анықтау, ең алдымен, баланың тарапынан болады. Педагогтің позициясы өзгереді: ол тек қана білім тасымалдаушысы ретінде қарастырылмай, сонымен қатар оқушының тұлғалық қалыптасуына көмекші ретінде қарастырылады: ынтымақтастықтың, формалдық емес қарым-қатынастың идеясы бекітіледі. Қосымша білім берудің педагогі кеңес берушінің қызметін орындауда балаларға тұлғалық тұрғыда жиі және қатты әсер етеді. Осы жерде оның тұлғалық қасиеттеріне жоғары талаптар қойылады.

Баланы дамыту мақсатына жету үшін білім беру үдерісінде ұйымдастырудың жеке және ұжымдық түрлерін, оқытудың проблемалық түрлерін (жұптық әрекеттестік, шағын топтар, топтар арасындағы әрекеттестік) қолдану қажет. Оларды қолдану білім алушы мен педагог ұстанымдарын ауыстырады, олардың әрекеттестіктерінің субъект-субъектілік сипаттамаларын іске асыруға көмектеседі, қарым- қатынас жасаудың демократиялық стилін және педагог қызметінің ашық диалог және рефлексивті түрлерін күшейтеді.

Оқытудың жекелендіру мен дифференциациялау проблемаларын, өзін-өзі анықтау және тұлғаның өзін-өзі іске асыруды шешу жағдайында балаларға қосымша білім берудің мәні ұлғая түседі.

Қосымша білім беру педагогінің қағидалық ұстанымы – бала тәрбиелеу, бұл жағдайда пән мақсат емес, ол тұлғаның барлық қырларын: ой-өрісін, тәжірибелік ақылын, еңбексүйгіштікті, дене дамуын және өзін-өзі жетілдіру, мінезі мен рухын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру құралы болып табылады.

Басқаша айтқанда, қосымша білім беру – баланың бай ішкі жан- дүниесіне еніп, оны түсіну және мүмкіндіктерін ұлғайту болып табылады.

Қосымша білім беру жүйесіне тиісті технологияларды мектептің оқу үдерісіндегі сабақтарда қолдануға болады. Олар кешенді сабақтар, оқу жобалары, дискуссиялық технологиялар, ойындар, пәндік технологиялар болуы мүмкін. Олар әдеттегідей сабақтың шегінен шығатын оқытушының басшылығымен білім алушылардың өзіндік жеке және топтық қызметін қарастырады. Сонымен қатар, мектеп сабақтары оқу сабақтарының аясында материалдың мазмұнын тереңдету мен кеңейту арқылы және сабақтан тыс қызметтеріндегі әртүрлі нысандарда мектеп сабақтарының бөлек элементтерін қолдану арқылы қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үдерісінде жалғасын табуы мүмкін.

Бір жағынан негізгі және қосымша білім беруді кіріктіруді дамыту мектептің әртүрлі мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарымен әрекеттесу қызметі болып табылады. Бұл оқушыларды көркемөнер, спорт, туристік-өлкетану және басқа қызметтерге тартудың өте жақсы мүмкіндігі. Әрекеттесу қызметі жұмыс жоспарын үйлестіруге, мектеп және қосымша білім беру ұйымдарының мүмкіншіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Мектепте қосымша білім беруді ұйымдастыру кезеңдері

Егер мектепте бұрын қосымша білім беру блогы болмаған жағдайда, әкімшілік кезең-кезеңімен келесі талдамалық және ұйымдастырушылық қызметтерді жасауы керек.

1-кезең – талдамалық.

Осы кезеңдегі дайындық жұмыс келесіні қамтиды:

• мектептің мақсаты мен міндеттеріне мұқият талдау жасау. Балаларға қосымша білім берудің бағыттарын педагогикалық ұжымның мақсатына, бағытына, міндеттеріне, жоғары сыныптардағы бар немесе жоспарлаған бейінінің сипатына байланысты тандаған мақсатты болады;

• қосымша білім беру қызметтеріне балалардың және ата- аналардың сұранысын анықтау. Олардың қажеттіліктерін сауалнамалар, ауызша сұрау, ата-аналар жиналыстарында ұжымдық талқылау арқылы анықтау;

• мектептегі бар факультативтік курстарды, сонымен қатар жұмыс істейтін үйірмелерді, секцияларды анықтап, оларды балалардың және ата-аналардың сұраныстарымен салыстыру;

• балаларға қосымша білім беру ұйымдары ұсынатын қосымша білім беру қызметтерін зерттеп, олармен біріккен жұмыстардың түрлерін ойластыру;

• мұғалімдердің, ата-аналардың, жоғары сынып оқушыларының шығармашылық әлеуетіне талдау жасау;

• мектептің материалдық-техникалық мүмкіндіктеріне баға беру;

• ғылыми және оқу-тәрбие жұмыстары бойынша директор орынбасарларының, қосымша білім беру педагогтерінің, сынып жетекшісінің, ұзартылған топтың тәрбиешісінің, тәлімгердің, қосымша білім беру әдіскерінің лауазымдық міндеттеріне талдау жасау;

• балаларға қосымша білім беру ұйымдары бойынша негізгі құжаттарды (заңдар, қаулы, бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер), сонымен қатар республикалық және өңірлік деңгейдегі бағдарламалық құжаттарды оқып білу;

Алдын ала жасалған талдау қосымша білім беру қызметтеріне әлеуметтік тапсырыстар мен мектептің нақты мүмкіндіктері туралы түсінік береді.

2-кезең – жобалау.

Осы кезеңнің негізгі міндеті – мектепте қосымша білім берудің жалпы сызбасын дайындау. Оны дайындау үшін келесі сұрақтарға жауап беру керек:

• мектепке қосымша білім берудің қандай бағыттары қажет және қандай шамада мақсаттары мен міндеттерін іске асырады;

• осылардың қандай бағыттарын және қандай формада мектеп базасында, қандайын балаларға мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының базасында іске асыру қажет;

• қайсысын педагогтердің, шақырылған мамандардың, ата- аналардың, жоғары сынып оқушыларының көмектері арқылы іске асыруға болады;

• балаларға қосымша білім беру саласында мектептің негізгі материалдық-техникалық базасын қандай шамада қолдануға болады;

• не арқылы оны дамытып, жетілдіруге болады;

• бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды қосымша білім беру бағыттары мен формаларында қалай қалыптасуды үйретуге болады;

• білім алушылардың сұраныстарына сәйкес қосымша білім беру арқылы қандай кәсіби деңгейге дейінгі немесе кәсіптік бейімделу жұмыстарын ұйымдастыруға болады.

Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін, мектептегі сабақ кестесі мен тәрбие жұмыстарының жоспарын байланыстырып, қосымша білім беру блогының жұмыс кестесін құру.

3-кезең – мектепті қосымша білім берудің ұйымдастырушылық және бағдарламалық-әдістемелікпен қамтамасыз ету.

Жобалау кестесі іске аспай тұрып үйірмелердің, студиялардың, секциялардың, клубтардың жұмыстары ұйымдастырушылық және бағдарламалық-әдістемелік қолдау алу керек. Біріншіден, ол үшін мектеп жарғысына қосымша білім беру блогын ұйымдастыру жөнінде бап енгізу керек.

Бұл бап әр мектепте іске асырылатын қосымша білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны мен түрі анықталғыш бағыты бар аса маңызды жеке сипаты болады. Сонымен қатар, тұжырымында бірнеше міндетті жағдайларды айқындау қажет:

• білім беру ұйымдары қандай мақсатпен қосымша білім беру бағдарламаларын (тұлғаның жан-жақты дамуы, өздігінен білім алуда балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, оқытуда бейіндікті қамтамасыз ету және т.б.);

• мектептерде балаларға қосымша білім беру қандай бағыттарда жүзеге асырылады;

• оның мазмұны қандай бағдарламалардың (үлгілік, модификацияланған, авторлық) түрлерімен анықталады;

• балалар бірлестіктерде (үйірмелер, клубтар, студиялар, секциялар т.с.с.) қосымша білім беру аясында білім беру үдерістері қандай нысанда іске асырылады;

• қосымша білім бағдарламалары бойынша кім білім алады;

• педагогикалық қызметтерге осы бағдарламаларды іске асыру үшін кім жіберіледі;

• мектепте балаларға қосымша білім беру қандай негізде (ақылы, тегін, аралас) іске асырылады?

Бапты тұжырымдау неғұрлым кәсіби тұрғыда болуы үшін, оны дайындағанда мақсатты нормативтік құқықтық құжаттарды қолдану.

Екіншіден, мектепте қосымша білім берудің блогы туралы ереже дайындау.

Үшіншіден, мектеп бір немесе бірнеше арнайы ұйымдармен – балалар шығармашылық орталығымен (үйлерімен), балалар спорт мектептерімен, мұражайлармен, кітапханалармен тағы с.с. әрекеттесу туралы шарт жасау;

Төртіншіден, қосымша білім беру блогында жұмыс істейтін барлық педагог қызметкерлерге лауазымдық нұсқаулар дайындау.

Сонымен қатар, лауазымдық нұсқаулар олардың мақсаттарын, қызметтерін, құқықтарын, міндеттерін, жауапкершіліктерін белгілейді және келесі жағдайларда қажет:

• мектептегі қызметкердің мәртебесі мен жұмысының көлемін анықтау қажет;

• оның кәсіби міндеттерін көрсеткенде, белгісіздікті жою және қызметтердің шеңберіне шек қою.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет