Бағдарлама
1. Спорттық бағдарлау үйірмесінің жасөспірімдерді салауатты өмір сүруге тəрбиелеудегі маңызы.
Бағдарламаның ерекше түрі – спорттық бағдарлау. Ол өзінің тұрған жерін анықтаумен қатар, жүретін жергілікті жердегі, жылдам қозғалу түріндегі түрлі спорттық жарыстарды біріктіретін спорт түрі. Жасөспірімдерді жылдамдыққа, шымырлыққа, төзімділікке, тез шешім қабылдауға айналаны бағдарлауға үйретеді. Жарысқа бағдарлауға қатысушылардың негізгі міндеттері ірі масштабтағы картаны мен компосты пайдалана отырып бақылау пунктерден жүріп өту.
2. Туризм түрлері.
Туризм қоғамда белгілі бір орын алатын құбылыс ретінде жəне термин немесе түсінік ретінде ХІХ ғасырда ғани қалыптаса бастады. Оның қалыптасуына тікелей болмаса да жанама түрде əсер еткен тарихи алғы шарттар немесе факторлар болды. Туристік жорықтардың қандай жерлерде өткізілетіне қарай, туристік жорықтар кезіндегі қолданылатын көліктің түрлеріне байланысты туризм мынандай түрлерден тұрады: жаяу туризмі, тау туризмі, велосипед туризмі автомото туризмі, шаңғы туризмі, су туризмі. Ат туризмі. Жаңадан дамып келе жатқан ело туризм.
3. Көкжиек тұстары.
Жорықтар кезінде бағдар жасау қозғалыс бағытын дұрыс таңдап алу жəне маршутқа байланысты дұрыс сақтау үшін қажет. Топ серуен мезгілінде көкжиек жақтарын компос, күн, ай жұлдыздармен жергілікті тарихи табиғи кешендерге қарсы анықтауға болады. Жергілікті заттардың көптеген ерекшелігі, олардың күнге байланысты орналасуына қарай. Мысалы: Ағаштардың қарағай қабығы солтүстік жағында кедір бұдырлы келеді мүктер қыналар өседі. т.б. Жас бағдарлаушылар үшін көкжиек тұстарын бағдарлай білу, туристер үшін жорықтарды жарыстарда маңызы зор.
4. Туристік дағдыны қалыптастыру.
Жеке жəне топтық жабдықтарды дайындау, бағыттың сызбасын сызу жəне оқи білу. Туристік сақтандыратын құралдармен жұмыс жасау. Бағдарды анықтау құралымен юұмыс жасау. Шатырды құру əдіс-тəсілдерін білу жəне туристік түйінді байлауды білу.
5. Топографияның анықтамасы.
Топография – бұл география ғылымының санасы, жергілікті жерді зерттейді. Топография сөзі грек тілінен аударғанда «тонос» - жергілікті жер «графио» сипаттау деген ұғымды білдіреді. Топографиялық картада жергілікті жер кешендері топографиялық шартты белгілерімен белгіленеді. Жас турист топографиялық картаны дұрыс пайдалана отырып, жергілікті жер туралы мəлімет алады, жол сапарды бағдарлайды, тұрып демалатын жерді, түнейтін орынды анықтайды.
6. Айналаны бағдарлауға арналған құрал.
Спорттық бағдарлауда, туристік жорықтарда көп қолданылатын компостың түрі Андрианов компосы. Айналаны бағдарлауға арналған құралдың түрлері: туристік компос, спорттық жəне тау компасы жəне оқулық компосы. Қазір көп қолданылатын компостың түрі спорт – 4 суықтық компос. Компоспен жұмыс істеу əдісі.
1. Ең қарапайым көкжиек тұстарын табу.
2. Картаны компос арқылы бағдарлау.
3. Дəл тіркеу (Прямая засечка)
4. Кайтара тіркеу (Обратная засечка)
5. Компосты қолдана білу ережесін жұмыс істегенде есте сақтау.
7. Топсеруенді ұйымдастыру шаралары.
Спорттық бағдарлауда, топсеруен уақытында жергілікті жерді бағдарлап алу өте қажет. Географиялық жəне топографиялық картаның шартты белгілері. Масштаб, карта, компос жəне жергілікті кешендердің түрлі ерекшеліктері арқылы бағыт табу. Картадан өзін тұрған нүктені табу, картаның көшірмесін жасау жəне үлкейту. Жол бағытының сызбасын сызу. Жарыста, жорықта картаны пайдалана білу. Жол бағыты учаскесін, көз мөлшерімен түсіру. Картамен сызба нұсқаны жарық кезінде пайдалана білу.
8. Жеке жəне топтық құрал-жабдықтар.
Топтық жəне жеке жарақтар. Саяхат ауданына, жыл мезгіліне жəне ауа- райына жылыну тəсіліне, саяхаттың ұзақтығына байланысты керекті топтық жəне жеке жарақтардың жол дорбалары мен шатырлардың түрлері. Жорық төсектері, шатырды құруға арналған жарақтар, ошақ, жөндеу құрал жиынтықтары. Топ мүшелерінің жəне топ жетекшісінің міндеттері, атқаратын қызметі. Топ мүшелерін қауіпсіздік ережесімен таныстыру, дəрігерлік тексеруден өткізу. Жорықтардың қорытындысын шығару. Баспасөз, теледидар арқылы топ серуден қортындысы туралы мəлімдеп отыру.
10. Топтық жорықтар.
Оқушыларды топтық жорықтың түрлерімен (экскурсия, демалыстық жорық, таным жорығы, бір күндік жəне екі күндік топ серуен, экспедиция, көп күндік жорық) таныстырып, жорыққа шыққанда сақталатын қауіпсіздік ережелерін айту. Топ серуен алдында оқушыларды міндетті түрде дəрігерлік тексеруден өткізіп, денсаулық жағдайларын біліп алу. Серуен уақытында топ мүшелерінің атқаратын міндеттерін белгілеу. Топ серуен аяталғаннан кейін күнделікті толтыру жолдарын айтып түсіндіру жəне т.б
Достарыңызбен бөлісу: |