Сабақтан тыс жұмыстар жинағы «эем операторы»


АШЫҚ САБАҚ Сабақтың тақырыбы: «Тұрғылықты дискті жөндеу»



бет2/5
Дата07.02.2017
өлшемі3,88 Mb.
#8838
түріСабақ
1   2   3   4   5
АШЫҚ САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: «Тұрғылықты дискті жөндеу»
Мамандық: ЭЕМ операторы

Топ: О-3, 2 курс

Өндіріс шебері: Асаев Б.И.

Сабақтың мақсаттары:


  • Білім беру: өткен сабақтардан алған білімдерін пайдалана отырып компьютердің ішкі/сыртқы, шеткері құрылғыларымен жұмыс істеуді және оларды жөндеуді үйрету.




  • Дамыту: Ғылыми–техника даму барысында шығып жатқан жаңа компьютерлік техникаларды игеруге жетілдіру және техникалық білімдерін дамыту. Дербес компьютердің аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту, пәнге және мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, жаңалықтарды игеруге талпындыру және ыңталандыру.




  • Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетке, мәдени ойлануға тәрбиелеу. Сабақтардан алған техникалық білімдерін өз өмірінде табыс табуға жетектеу.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, проектор, интерактивті тақта, плакат,

фотосуреттер, бейнетаспалар, лекция, компьютердің

ішкі және сыртқы құрылғылары.

Оқыту технологиясы: Ойын және кейс технологиялары,

мультимедиалық, ақпараттық-коммуникациялық және

интерактивтік жүйе технологиялары.

Пәнаралық байланыс: Өткен сабақтардан алған техникалық білімдерін

жеке күнделікті өмірде (маман адамды жалдамай)

компьютерлік, тұрмыстық техникаларды және

электротехникаларды тиімді пайдалану білу және

жөндей білу.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:


  1. Ұйымдастыру; - 1минут.

  2. Үй тапсырмасын сұрау; - 15 минут.

  3. Жаңа сабақты түсіндурі; - 20 минут.

  4. Сабақты бекіту; - 7 минут.

  5. Үйге тапсырма беру. – 1 минут.

VІ. Оқушыларды бағалау - 1 минут.

І. Ұйымдастыру
А) Сәлемдесу.

Б) Оқушыларды түгелдеу.

В) Сабақтың мақсатын хабарлау.
Бүгінгі сабақты «ЭЕМ-ның жадысына мәліметті ендіргенде, оны қай жерге қойғаныңыз есіңізде болсын!!!» Лео Бейзер айтқан бірінші компьютерлік аксиомасынан бастағым келеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын сұрау тәсілі: ойын технологиясы, интерактивті жүйе және техникалық жаттығу.



  1. Адасқан әріптер – 1 оқушы (1 сұрақ-5жауап)

  2. Көрінбейтін сөздер – 1 оқушы (1 сұрақ-5жауап)

  3. Венгерше кроссворд – 1 оқушы (1 сұрақ - жауап көп)

  4. Лабиринттен шығу – 1 оқушы (1 сұрақ-4жауап)

  5. Анаграмма – 1 оқушы (2 сұрақ-2жауап)

  6. Карточка – 1 оқушы (1 сұрақ-жауап көп)

  7. Компьютер арқылы тестілеу – 1 оқушы (140 сұрақ-30сұрақ)

  8. Жүйелік қорапты бөлшектеу – 1 оқушы ( 1 сұрақ-жауап көп)

  9. Жүйелік қорапты жинақтау – 1 оқушы ( 1 сұрақ-жауап)


Тапсырмалардың жауаптары

Лабиринттен шығу

1 сұрақ: Мәліметтерді қағазға басып шығарту құрылғысы ……

2 сұрақ: Мәліметтерді экранға шығартуға арналған құрылғы……

3 сұрақ: Дербес компьютердің негізгі құрылғыларға жатпайтын құрылғыларды атаңыз…

4 сұрақ: Мәліметтерді жинауға, сақтауға,

жіберіп-қабылдауға және өңдеуге арналған

құрылғыны атаңыз...…

***Асты сызылған әріптерді жинап, сөзді табу керек, лабиринттегі табылған сөздерге асты сызылған сөзді сұрақ етіп – сұраққа жауап беру керек.

1 сұрақтың жауабы – принтер.

2 сұрақтың жауабы – монитор.

3 сұрақтың жауабы – шеткері.



4 сұрақтың жауабы – компьютер.

Сұрақ: бұл құрылғыларды таңдау жолдары.

Анаграмма

СҰРАҚТАР:

  1. Белгілі бір зат немесе жануар туралы таңба және сигналдардан туратын мәліметтерді не деп айтады?

  2. Бейнетақшадан шығып тұрған бейнесигналды үлкейтіп ақ түстегі тақтаға көрсетіп туратын құрылғыны не деп айтады?

  3. Ақпаратты өңдеу, жіберу, қабылдау, сақтау заңдылықтарын зерттейтін жаңа ғылыми пән................

  4. Мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін әзірлейтін құрылғы.............

  5. «Бүкілалемдік өрмек» сөзінің бірінші аталуы қалай аталады?

  6. Компьютерде сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін жасайтын құрылғыны атаңыз?

  7. Обьективке түсіп тұрған аналогты бейнені (кадрды) цифрлі түрде, JPG форматтағы компьютерлік файл ретінде сақтауға мүмкіндік беретін құрылғыны атаңыз.

  8. Жеке адамға дыбыстық тақшадан шығатын дыбысты тыңдауға арналған құрылғыны атаңыз.

  9. Болашақта адамға үй-тұрмысындағы ж»не өндірістегі жұмыстарына көмектесетін есептеуіш машинаны атаңыз.

  10. Рет-ретімен орналасқан нұсқаулар жинағын не деп атайды?

Негізгі сөзге сұрақтар: 1) Қызметін атаңыз.

2) Түрлерін атаңыз.

  1. Ақпарат 2. Бейнепроектор 3. Информатика 4. Принтер

  1. Интернет 6. Мәтіналғы 7. Фотоаппарат 8. Құлаққап

  1. Робот 10. Бағдарлама

Негізгі сөз: Пернетақта.

Адасқан әріптер

  1. ...........компьютердің бұзылып қалмауы үшін ж/е жақсы істеуі үшін, кернеу ауысқанда немесе электрқуаты өшіп қалған жағдайда компьютерді қорғайды.

  2. ............................. кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар компьютердің ішкі құрылысы.

  3. ............................компьютердің мониторына келіп тұрған бейнесигналды үлкейтіп ақ экранға көрсетіп туратын құрылғы.

  4. ............................компьютерге ақпарат енгізу ж/е оның жұмысы басқару үшін пайдаланылады.

  5. компьютердегі орталық мәліметтердің өңдеу құрылғысы болып табылады.

  1. Процессор

  2. Бейнепроектор

  3. Бейнебейімдеуіш

  4. Тұрақтандырғыш

  5. Пернетақта

Сұрақ: Бұл құрылғылардың түрлері барма?

Көрінбейтін сөздер – плакатта төмендегідей сөздер аралас түрде жазылады, оқушының көзі байланады, саусақтары арқылы сөздерді оқуы керек.

  1. Модем

  2. Тінтүір

  3. Мәтіналғы

  4. Принтер

  5. Монитор

Сұрақ: Бұл құрылғылардың қызметін атап айтыңыз

Венгерше кроссворд

Сұрақтар:

  1. Дүние жүзінде ең көп тараған және кең қолданылатын графикалық редактор (7).

  2. ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. (11)

  3. Баған және қатарлардан туратын сызбалар. (5)

  4. Компьютердегі ең жоғары өлшеу бірлік. (8)

  5. Компьютерден шығатын дыбысты қолданушыға жеткізіп беретін құрылғы. (7)

  6. Компьютердегі ең кіші өлшеу бірлік. (3)

  7. Компьютердегі өлшеу бірлік. (4)

  8. Дүниежүзілік - бүкіләлемдік компьютерлік желі. (8)

  9. Ақпарат тасымалдаушы түрі. (4)

  10. Компьютерлік ойындарда қолданылатын басқару құрылғысы. (8)

  11. Компьютердегі орталық мәліметтерді өңдеу құрылғысы болып табылады. (9)

  12. Компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғыны. (5)

  13. Компьютердегі мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеу арналған құрылғы. (7)

  14. Кернеудің бірден төмендеуі және электр қуатының ажыратылуы кезінде компьютерді қандай құрылғы қорғайды. (14)

  15. Сызбалық және мәтіндік ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. (7)

  16. Белгілі бір нәрсе (адам,жануар,зат,құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұмат. (7)

  17. Магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиынын не деп атайды? (10).

  18. Компьютерлерді жөндейтін, бұзылған жерлерді табатын, компьютерге арналған әр түрлі бағдарламалаушы тілдерде бағдарлама жазатын адамды не теп атайды? (11)




  1. Фотошоп 2. Информатика 3. Кесте 4. Терабайт 5. Колонка

  1. Бит 7. Байт 8. Интернет 9. Диск 10. Джойстик

11.Процессор 12. Модем 13. Монитор 14. Тұрақтандырғыш

15.Принтер 16. Ақпарат 17. Бағдарлама 18. Программист



Сұрақ: Осы жерде жетіспейтін құрылғыларды атап айтыңыз?
Карточка – карточкадағы сөздерді тиісті құрылғыларға қойып шығу керек.

Сұюқ-криссталды, 104, 17”19” 20”42”, Принтер, Мб, 5000:1, Пиксель, Гб, SATA, Сымсыз, Гб, IDE, Кулер

Мультимедиа , ГГц, HDD, Мультимедиа, МГц, CPU, Резинкелі, 7200об/м, Порт, Лазерлік, Слот, ОЗУ, Шариктік, Шлейф, RAM, SATA, кабель, 5В-12В, CD-R, Алмалы диск жетегі, 300 Ватт, DVD-RW, Ықшам диск жетегі, Сокет 775, LCD, Видеокарта, Монитор, Кейс, Videocard, Бейне-тақша, 4,7Гб, Тұрғылықты диск, Тонер Case, Мәтіналғы, Дыбыс шығар-ғыш, 52x, Сканер, Колонка, PS/2, порт, Қоректендіру қорабы, 5 Ватт, USB порт

Scanner, Сабуфер, VGA порт, Жүйелік қорап, Желілік тақша, DDR2, Лазерлік басып шығарғыш, Cooler, DVD-R.

Басып шығарғыш, Көпядро, Ядро, Минутына 15 парақ шығару, Жесткий, диск, Гб, Картридж, Intel Inside,

TV-Out, Желдеткіш, Sound card, Модем, Клавиатура, Звуковая карта, ADSL, Оперативті жады, Блок питание,

Фильтр, Вентилятор, Систем-ный блок,

Сұрақ. Компьютедің ең негізгі құрылғысы туралы айтып беріңіз.

Жүйелік қорапты жинақтау-бөлшектелген ішкі құрылғыларды өз орнымен жинақтау керек.

Сұрақ: Аналық тақшаның порт және слоттары туралы мәлімет айтыңыз?

Жүйелік қорапты бөлшектеу – дайын жинаулы тұрған жүйелік қорапты өз жолымен бөлшектеу керек.

Сұрақ: Компьютердің 5 дана негізгі құрылғылары туралы айтып беріңіз.

Компьютер арқылы тестілеу

140 сұрақ берілген, оның ішінен 30 сұрақ айналып шығады.

БАЛДАР: 1-10 – «3» 11-20 – «4» 21-30 – «5»
ІІІ . Жаңа сабақты түсіндіру

(мультимедиа және интерактивті жүйе технологиясы)


Бүгінгі жаңа тақырыптың негізгі мақсаты: Тұрғылықты дисктің ішкі құрылымын және бұзылған жағдайда, оны жөндеу жолдарын түсіндіру.

Сұрақ №1. Тұрғылықты диск қалай жұмыс істейді?

Тұрғылықты диск (Жесткий диск, Hard Disk Drive) (Винчестер – компьютерлік жаргон) – компьютерде өңделіп жатқан мәліметтерді әр дайым сақтау үшін арналған ішкі құрылғы болып табылады. Оның түрлері көп: IDE, SATA, SATA II, бейнекамераның дисктері, сыртқы USB тасымалдаушы диск турлері бар. (фотосуреттер). Сонымен винчестердің ішкі құрылымымен танысып жығайық, ол қалай жұмыс істейді: бейнетаспасын (4 минут 45 секунд) көрейік.

Сұрақ №2. Тұрғылықты дисктің бұзылу себептері?

А) Винчестерді суыту - қазіргі таңда шығып жатқан жаңа винчестерлер қатты қызады, ал кейбіреулері мүлдем қатты қызады. Себебі бұл дисктерде магниттік дисктер 1 минутта 7200 рет бір орында айналады. Сонымен оларды суытатын арнайы суытатын желдеткіштер (фотосуреттер) болады, міндетті түрде орнатуды қажет етеді. Винчестердің температурасы +40 градустан аспауы керек, олардың температурасын өлшейтін арнайы бағдарламалар бар, мысалы – Hard Drive Inspector, егерде +40-тан асып кетсе винчестерді сақтап қалу қиын.
Б) Электр қуатының жетіспеуі – электр қуатының жетіспеуі винчестердің күюіне әкеп соқтырады. Сол себепті қоректендіру қорабының қуаты 300 Ваттан жоғары болғаны дұрыс.

В) Винчестерді тасымалдау әсері – қарапайым ішкі құрылғылардан хабары жок қолданушылар, өз компьютеріндегі винчестерлерін ішінен босатып аладыда басқа жақтағы компьютерге дұрыс жалғамай күйдіреді, немесе тасымалдау кезінде абайсыздықтан қолдан жерге түсіріп алады және дұрыс тасымалдамайды. Егерде қолыңыздан түсіп кетсе, басқа істеп тұрған компьютерге жалғап тексеру керек, компьютер бұл винчестерді таппаса, онда ол винчестер жарамсыз болып табылады.

Г) Электрқуаты бірден өшіп қайтадан қосылған кезде (электрқуаты секіргенде) – Яғни сіз компьютерде жұмыс істеп отырған кезде электрқуаты бірден секіргенде, винчестердегі бастапқы жүктелетін жолдары бұзылады, ондай кезде сіздің мәліметтеріңіз мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Мұндай жағдай болмауы үшін, компьютерге тұрақтандырғыш орнатқанымыз дұрыс.
Жөндеу жұмыстары

    1. Күйген винчестердің орнына жаңадан сатып алынған – істеп тұрған винчестерді ауыстыру – бейнетаспа (1 минут 7 секунд).

    2. Жаңа винчестер орнатып болғаннан кейін, оны форматтау жолдары – бейнетаспа (1 минут 30 секунд).

    3. Тексеру жолы: егерде винчестер күйген деп ойласаңыз; Компьютерде мынадай ағылшынша жазу шығады: DISK BOOT FAILURE. Ондай кезде винчестерді не ауыстыру керек немесе сымдары қосылмай қалған болуы мүмкін.

    4. Электрқуаты секіру кезінде күйген винчестерді жөндеу жолы – бейнетаспа – 1 минут 43 секунд.

    5. Мүлдем жойылған мәліметтерді кері қайтару жолдары. TuneUP UNDELETE бағдарлмасы арқылы қайтару.


Жөндеу арқылы табыс табу

Мүлдем жойылған мәліметтерді кері қайтару

Жұмыс түрі

Жұмыс ақысы (тенге)

Бұзылған бағдарламаларды қайтару

5000

Жойылған мәліметтерді қайтару

8000

Контроллер тақшасы күйгенде мәліметтерді қайтару

15000

Винчестерді жөндеу

Көлемі, Гб

Жұмыс ақысы, тенге

10 - 40 Гб-қа дейін           

2000

60 – 80 Гб-қа дейін  

2500

100 – 160 Гб-қа дейін

3000

200 – 500 Гб-қа дейін

4000

500 Гб-тан  жоғары

5000




      1. Сабақты бекіту (кейс технологиясы)

Ситуациялық сұрақтар қою:

  • DISK BOOT FAILURE – үйіңіздегі компьютерді қосқаннан кейін, жазылғандай қате шықса не істейсіз? - Жауабы: Сымдарын тексеріп көру керек немесе винчестер жарамсыз.

  • Абайсыздықтан, қолыңызда ұстап тұрған тұрғылықты дискті жерге түсіріп алдыңыз – бірінші болып не істейсіз? - Жауабы: Істеп тұрған компьютерге жалғап тексеру керек, егерде компьютер дискті таппаса, онда жарамсыз болып табылады.

  • Үйіңіздегі компьютердегі тұрғылықты дискіге досыңыздың үйіндегі компьютерден жаңадан шыққан киноларды көшіріп алуыңыз керек. Қалай істейсіз? - Жауабы: Өз компьютеріңізді өшіріп, дискті босатып алу керек, содан соң екінші компьютерге өшік тұрған кезде жалғау керек.

  • Үйіңіздегі компьютердің тұрғылықты дискі қатты қызаберсе, оны не істеу керек? - Жауабы: Егерде қатты қызаберсе, оған желдеткіш орнату қажет.

  • Досыңыздың компьютеріне жаңа тұрғылықты диск таңдап және орнатып беру керек. Іс-әрекетеріңіз? - Жауабы: Компьютерлік магазинден дискті көлеміне қарап таңдап, компьютерге өшік тұрған кезде жалғау керек.


V. Үйге тапсырма беру (ақпараттық-коммуникациялық технологиясы)

Тұрғылықты дисктердің жаңа үлгідегі түрлерін Интернет желісінен тауып, СӨЖ дайындап келу.



    1. 1. Лекцияны тарату.

    2. 2. Өндірістік тапсырма беру

Лабораториялық тәжірибе жұмыс

  1. Компьютердегі тұрғылықты дисктерді қателіктерге тексеру.

  2. Компьютердегі тұрғылықты дисктерді дефрагментация жасау.

  3. Компьютердегі тұрғылықты дисктердің температурасын тексеру.

  4. Басқа тұрғылықты дисктердің жарамсыздығын тексеру.

  5. Мүлдем жойылған мәліметтерді керу қайтару жолдары.

  6. Жаңа тұрғылықты дискіні екіге бөлу және оларды форматтау жолдары.

VІ. Оқушыларды бағалау

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Pinnacle Studio бағдарламасында

футаждарды пайдалану»
Мамандық: ЭЕМ операторы

Топ: О-3, 3 курс

Өндіріс шебері: Асаев Б.И.
Сабақтың мақсаттары:

  • Білім беру: Футаж, хромакей, альфа-футаж терминдерін түсініп алу, қызметін түсініп алу, оларды бейнежолақтарға бейнефон ретінде кірістіру.

  • Дамыту: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Шығармашылық өнерін графикалық бағдарламалар арқылы дамыту.

  • Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетке, мәдени ойлануға тәрбиелеу. Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, алған білімдерін өмірде пайдалануға баулу.


Сабақтың түрі: Өндірістік сабақ.

Сабақтың әдісі: Жаңа білім беру

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, проектор, көк экран, бейнетаспалар,

слайд-лекция, сандық фотоаппарат.



Оқыту технологиясы: мультимедиалық және репродуктивті технология.

Пәнаралық байланыс: Сызу сабағында, шығармашылық өнерде, тұрмыстық

бейнетүсірілімдерде, теледидарда пайдалануға болады.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

  1. Ұйымдастыру (1минут);

  2. Үй тапсырмасын сұрау (15 минут);

  3. Жаңа сабақты түсіндурі (20 минут);

  4. Сабақты бекіту (7 минут);

  5. Үйге тапсырма беру (1 минут);

VІ. Оқушыларды бағалау (1 минут);
І. Ұйымдастыру
А) Амандасу.

Б) Оқушыларды түгелдеу.



В) Сабақтың мақсатын хабарлау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын сұрау – өткен сабақты қайталау.
2. Проектор арқылы нөмірлеп слайд сұрақтар қою.

1-Бейнені компьютерлік өңдеу – бейнені әр кадрына дейін жіліктеу, кесу , арнайы эффектілер қосу, титр жасау, ауысымдар қою, дыбыспен үйлестіру және дайын өнім жинақтау жұмыстарын атқаратын сала болып табылады.

2-Монтаж – кино және бейне өнерінде, киноэпизодпен жалпы фильм тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында кинофильм кадралрын құрастыру тәсілі. Монтаж фильмнің идеялық – көркемдік қасиетін ашудағы ең қажетті элементтерінің бірі.

3-Сценарий –кинофильмнің, теледидар қойылымының композициялық негізі, яғни алдында қойған көрсетілімдердің жоспары.

4- Бейне – Видео –визуальдық немесе аудиовизуальдық материалды жазу, өңдеу, сақтау және бейнелеу технологиясын айтады. Бейне – деген кадрлардың жиынтығы болып келеді.

5-Кино – КИНО - өнердің бір саласы, киноматографиялық техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. Киноны түсіруде әр-алуан мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер қатысады, олар: режиссер, продюсер, оператор, композитор, актерлер және т.б.

6- Сюжет –бұл өзара жалғасқан оқиғалардың – эпизодтардың тізбегі, біртұтас желісі. Эпизод – негізгі оқиғаның-сюжеттің кездейсоқ оқиға немесе қосымша оқиғасы болып табылады. Бұл өз өзімен бөтен болады бірақ негізгі оқиғамен тығыз байланыста болады.

7- Микшерлеу пульті - әуе кеңістігіне таралатын дыбыстың таза, үйлесімді, көркемделген, әсерлі болып шығуы үшін микшерлік аппаратты болып табылады. Монтаж кезінде пайдаланылатын әр түрлі сигналдарды бір жүйеге бағыттап күрделі образ жасай алады.

8- Дубляж – кинофильмнің екінші бір тілге аударылып, жаңадан жасалған фонограммасы болып табылады.

9- Бейне сақтау картасы – видеокамерадағы аналогты сигналды цифрлік сигналға аударатын және сақтайтын компьютердің құрылғысы.


ІІІ . Жаңа сабақты түсіндіру
Бүгінгі сабақты «Адам ойлану керек, ал компьютер жұмыс істеу керек» деген IBM компаниясының ұранынан бастағым келеді.
Жаңа сабақ тақырыбы: Pinnacle Studio бағдарламасында

футаждарды пайдалану»
Бүгінгі жаңа тақырыптың негізгі мақсаты: Футаж, хромакей, альфа-футаж терминдерін түсініп алу, қызметін түсініп алу, оларды бейнежолақтарға бейнефон ретінде кірістіру.

Футаж – видеомонтажда қолданылатын жәй бейнетүсірілім немесе арнайы сәнді анимациялардан тұратын бейнефайлды білдіреді. Футаждар жанр бойынша көптүрлі болады, мысалы: боевик, ужас, комедия, мелодрама және т.б. Футаж – сюжетті көркемдейтін және сюжет авторының идеяларын толықтырып, жетілдіретін көмекші анимациялық бейнекескін. Кино саласында бейнеклиптердің және телебағдарламалардың артыңғы қабатына қойылатын толықтырылмаған, өңделмеген, жетілдірілмеген анимациялық бейнекескіндерді айтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет