Хромакей –бір композицияда, яғни біркескінде екі және одан көп сурет немесе кадрларды арнайы түстер арқылы ажырату технологиясын білдіреді. Бұл технология кино түсіруде және теледидарда терең қолданылады. Бейнені түсіру кезінде объект (адам немесе кез келген зат) бір түстік фонға орнатылады, түсіріп болған соң бейнені монтаждау кезінде объект артындағы біртүстік фонды алып тастап, яғни өшіріп оның орнына кез келген бейнені орналастыруға болады. Объекттің артыңғы қабатына біртүстік фонына кез келген түспен түсіруге болады, дегенмен дүниежүзілік стандарт бойынша жасыл және көк біртүстер қабылданған. Стандартқа сәйкес киноларды түсіруде жасыл түс қолданылады, ал теледидарда көк түс қолданылады. Ескерту: егер адамда немесе заттарда сондай түстер бар болса, онда сол жері көрініссіз болып қалады, яғни артыңғы қабаты көрініп қалады.
Бейнестудияда жасыл экранның орналасуы
«300 спартанцев» киносын Көк экран (Синий экран) арқылы бейнеге түсіру кезі
Альфа – канал (альфа футаж)
Компьютерік графикада Альфа – канал – артыңғы фондық жартылай көрініс эффектісін жасайтын суреттер жиынтығы. Сонымен, Альфа-футаж – негізгі кескіннің артыңғы қабаты бос болған (көрініссіз болған) және үстіңгі қабатына кез келген сурет немесе анимация қоюға болатын технологияны білдіреді.
Жаңа сабақты компьютерде орындап көру:Футаж, хромакей және альфа-футаждарды іс тәжірибе жүзінде орындап көру. Ол үшін көк экран және фотоаппарат қолданылады.
Сабақты бекіту (7 минут);
1. Проектор арқылы сұрақ-жауап.
Видеомонтажда қолданылатын жәй бейнетүсірілім немесе арнайы сәнді анимациялардан тұратын бейнефайлды не деп айтады?
Біркескінде екі және одан көп сурет немесе кадрларды арнайы түстер арқылы ажырату технологиясын не деп айтады?
Негізгі бейненің артыңғы қабаты көрініссіз болған және үстіңгі қабатына кез келген сурет немесе анимация қоюға болатын технологияны не деп айтады?
Хромакейде қандай кілттік түстер қолданылады?
Хромакей қай салада кең қолданылады?
Альфа-футаж дегеніміз не? Оған қандай бағдарлама қажет?
Үйге тапсырма беру –Футаж, хромакея және альфа-футаждарды пайдаланып образ жасап келу.
VІ. Оқушыларды бағалау
ҚОСЫМША – тест сұрақтар
1. Бейненің өлшем бірлігі?
А) Мегабайт, Гигабайт Б) Пиксель В) дюйм, сантиметр
2. Бейнефон (видеофон) дегеніміз не?
А) негізгі бейненің артыңғы немесе үстіңгі қабатына қойылатын бейне
Б) кез келген бейне немесе сурет В) бейнеролик
3.
Суретте қандай батырмалар көрсетілген?
А) Тема монтажа Б)Титр В)Переход
4. Видеоформаттарды таңдаңыз?
А)JPEG, GIF, PSD Б) DOC, XLS, RAR В) AVI, MPEG2, 3GP, VOB
5. Кинофильмде қойылатын мәтінді не деп айтады?
А) Текст Б) Символ В) Титр
6. Ұялы телефонға түсетін видеоформатты таңдаңыз?
А) MPEG2 Б) AVI В) 3GP
HD – High Definition - деген сөз нені білдіреді?
А) Бейненің ең жоғары сапасы (1920*1080i)
Б) Бейненің форматы (752*480)
В) Ұялы телефон форматы (172*128)
8.
Суреттегі батырма арқылы қандай файлдарды кірістіруге болады?
А) Бейне Б)Сурет В)Дыбыс
9.
Суреттегі батырма арқылы қандай файлдарды кірістіруге болады?
А) Бейне Б)Сурет В)Дыбыс
Суреттегі батырма арқылы қандай файлдарды кірістіруге болады?
10.
А) Бейне Б)Сурет В)Музыка және дыбыс
«IT stars» топтық сайыс
Орындағандар: Б.Асаев
Д.Мирзахмедов
Достарыңызбен бөлісу: |