«Не? Қайда? Қашан?» біліктілер ойыны
Дайындаған: Асаев Б.И.
Темірбаева Д.
«Халықты пен халықты,адам мен адамды
теңестіретін нәрсе -білім»
М.Әуезов
Ойын мақсаты:
Оқушылардың ойлау, қиялдау , есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Топтарға бірлесе жұмыс істеуге , басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету;
Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау,ұйымшыл болуға , тәрбиелеу.
Мұғалім:
Саламатсыздар, құрметті көрермендер! Студенттер! Ұстаздар!
Бүгінгі «Не? Қайда? Қашан?» атты біліктілер ойынына қош келіпсіздер! Олай болса, сайысымызды бастайық.
Мінеки, залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз.
Апталық басталғалы
Ұмыт болғанды еске салды.
Қиын да болса, қызық сабақ
Жұмыс істетейік бастарды.
Демейін заман сөздері
Түбі бүгін өзгерді.
Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді, -дей келе бүгінгі ойынның шартарымен таныстырып өтейік.
Жүргізуші: Ойын 5 кезеңнен тұрады:
Жоспары:
Таныстыру.
Білімділер сайысы. (8 сұрақ-жауап)
Миға шабуыл (логикалық сұрақтар)
Көрермендер ойыны (әр топқа 1 оқушы)
Қара жәшік (құпия затты табу)
«Не? Қайда? Қашан?» біліктілер сайысы 5 кезеңнен тұрады. Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін. Ойын үстелі 8 секторға бөлінген. Осы 8 секторда топтарға жасырылған және дайындалған сұрақтар бар.
Ойыншылар қандай сұраққа жауап беретінін, ойын үстелін айналдырғаннан кейін бағыттауыш көрсетеді.
Егер үстел бағдары, ойналынған секторды көрсетсе, онда сағат тілі бойынша оң жақтағы сектордың сұрағына жауап береді.
Егер қандай да, бір топ сұрағына жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беруге мүмкіндік алады. Және жүргізуші қарсыластар деген сөзден кейін ғана белгі беріп жауабын айтады. Ойынның соңында жиналған қаржы есептеліп, қай топ қаржыны көп жинақтаса сол топ жеңімпаз атанады.
Жүргізуші: «Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бар
тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға
шығатын өз білімдерінің жан-жақтылығын, ойларының
ұшқырлығын көрсететін студенттерімізді ортаға
шақырамыз. Бұл ойынға 2 топ катысады.
1-ші топ: «Оқжетпес»
2-ші топ: «Қыран»
Жүргізуші : Өмірге өзек болған нақты ғылым,
Халқымның жүрегіне шашты нұрын.
Келеді тәрбиелеп еркін елдің
Ертеңгі алғыр қызың, тапқыр ұлың.
дей отырып әр топ өздерінің таныстыруларымен ойынның І-кезеңінің есігін ашсын.
Жүргізуші: Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
дегендей 2-ші кезең сергіту сәтіне берейік. Мұнда екі топқа 8- сұрақ, әр сұраққа ойлануға 30 секунд беріледі. Және жауап бере алмаған топ болса, онда оған қарсы топ, жауабын айтуға болады. Онда, ұпай саны дұрыс айтқан топқа жетон беріледі.
ІІ-кезең. Жалпы сұрақтар (білімділер сайысы). Топтар өздерінің білімдерін көрсетеді. Толық және дұрыс берген жауапқа 100тенге, жартылай жауап берген жағдайда 50тенге өз тобына қаржы әкеледі.
Бұл сөз латынның «екі рет» және «кесу» деген сөзінен құралған, яғни қазақшаға аударғанда мағынасы «екі бірдей бөлікке бөледі» деп аударылады. Не туралы сөз болып тұр? (биссектриса)
Осыдан 5-10 жыл бұрын оларды 286-шы, 386-шы, 486-шы деп нөмірлейтін еді. Ал 586-шы нөмірден бастап оларға жаңа атау енгізілді. Ол не? (пентиум)
Байтеректің биіктігі неше метр және қай жылдың соңғы екі цифрына сәкес келеді? (97 метр. Елдің Ордасы Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы цифрына, яғни 1997 жылға сәйкес келеді.)
188 санын екіге қалай бөлгенде 100 сандарын алуға болады. (Жауап ортасынан бүктеу керек)
Төбесіне жүк қойып көтеріп келе жатқан адамның пішіні сымбатты болып көрінеді. Неліктен? (ауырлық центріне сәйкес тепе-теңдік сақталады)
Теңіз капустасы ламинарияда қай элемент көп? (Йод)
Қожа Ахмет Иассауи кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Қазандық – кесенесінің ортасында орналасқан, төрт бұрышты бөлме. Бұл бөлмеде үлкен діни мерекелерде намаз оқылған.Сұрақ: Залдың аты жеті түрлі қымбат металл қоспасынан құйылған тайқазанға байланысты аталған, ол қандай металлдардан тұрады? (Алтын, күміс, мыс, мырыш, қалайы, қорғасын, темір.)
Көптеген аңыздарда күйші мен оның домбырасы негізгі кейіпкердің ішінде. (XIII ғ) Жошы ханның ұлы аңшылықта жүргенде жаралы құланнан қаза болады. Жамандықты сезген әкесі ұлы жайлы жаман хабар әкелген адамның көмейіне қорғасын құямын деп жар салады. Сол кезде Кетбұға күйші келіп, күй ойнайды. Сұрақ: Сол күй қалай аталады? (Ақсақ құлан)
Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына, - деп келесі кезеңге өтеміз.
2-кезең. Логика (миға шабуыл, фантазиясын дамытуға арналған кезең). Топтар толық және дұрыс жауап берілгенде 200тенге, жартылай жауап 100 тенге топтарына қаржы әкеледі.
Батпақтан қайсысы оңай өтіп кетеді. Сиыр ма, әлде жылқы ма? Түсіндір. (Сиыр оңай өтеді, өйткені ол аяғын жоғары көтергенде тұяқ арасынан ауа төмен өтеді де, тұяқтың екі жағындағы қысымдар бірдей болады.Сиыр аяғын батпақтан шығару оңай болады. Жылқы тұяқ аралық сызат жоқ).
Үй шыбыны қалайша барлық бағытта оңай жүгіріп жүреді?
(Үй шыбынының аяғында өте усақ сорғыштар бар) .
Неге шикі картоп тұзды суда қалқып жүредіде, таза суға батып кетеді? (Шикі картоптың тығыздығы тұзды аздап кем, ал тоза судан артық)
Бөлменің төрт бұрышынды мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Сұрақ: Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (бөлмеде 4 мысық отыр)
Крокодил, кейде өз салмағының 1/100 – індей болатын майда тастарды жутады. Оның қажеттілігі неде?
(Мұндай тәсілмен крокодил салмағын артырады, сөйтіп су түбіне батуға мүмкіндік туады).
Қаздар ұшып келеді. Алдында бір қаз және оның артында екі қаз. Ең соңғы қатарда бір қаз және оның алдында екі қаз. Екі қаздың ортасында бір қаз және барлық қаз бір қатарда ұшып келеді. Барлығы неше қаз? (үш қаз)
Киев князінің тойында князь алдын алтын ыдысқа салынған зат. Құрметті қонақтарды сонымен қарсы алады. (Ас тұзы)
Кемпір қалаға келе жатып қаладан шығып келе жатқан аттары бар үш жігітті кездестірді, әрбіреуінің жанында бір тазыдан байлаулы. Неше тірі жан қалаға бара жатыр.(жалғыз кемпір ғана)
IV –кезең. Көрермендер ойыны:
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап отыру жараса ма?
Туыс досқа , сыныптас , танысқа емес,
Дауыс беріңіз, білімді жас таланттарға
Соқ қолыңды бекерге бос, соға берме
Ойсыз соқыр сезімнің соңына ерме.
Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй
Сонда ортақ боласың бар жеңіске, - дей келе көрермендер ойынына кезек берейік.
1-сұрақ : 1-ыдысқа су құйылған, осы ыдысқа ине батпау үшін, не істеуге болады.(ручка, карандаш, дәптер, салфетка)
Жауабы: Салфетка.
2-сұрақ: А4 формат, қайшы, маркер, қаламды қолданып 1-затты шығару. Қандай затты шығаруға болады?
Жауабы:Әткеншек
Жүргізуші : «Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып,
3-кезең. Қара жәшік (жәшіктің ішіндегі құпиялы затты табу). Топтар толық және дұрыс жауап берілгенде 500тенге, жартылай жауап 250 тенге топтарына қаржы әкеледі.
№1 жәшік. Қара жәшікте жатқан зат грек тілінен аударғанда «ойын сүйегі» деп аталады. Оның атын Пифагордың шәкірттері енгізген болатын, қазір бұл зат балалардың ойындарында кеңінен пайдаланылады. Қара жәшікте жатқан не нәрсе? (Кубик)
№2 жәшік. Рим елшісі Марцеллдің әскері Сиракуз қаласының түбінде көп кідірді. Оларды кідірткен өз қаласын жаулардан қорғауға ойлап шығарған ұлы оқымысты Архимедтің қуатты катапультті машиналары еді. Қара жәшікте осы күнге дейін тұрмыста қолданылатын Архимедтің тағы бір ойлап тапқан заты жатыр. Қара жәшікте жатқан не?
(Архимед винті, осы күнгі еттурағышта қолданылады)
№3 жәшік. Бұл құралдың жасы 2000-5000 жылдар шамасы.Бұл құралды гректер мен Батыс Еуропалықтар «абақ», қытайлықтар «суанпан» деп, жапондықтар «серобян» деп атаған. Жәшіктің ішінде қандай құрал бар? (Есепшот)
Ойын қорытындысы:
Ойыншыларымыздың білімі мен біліктілігін, шеберлігін бағалап, сайыс қорытындысын шығарамыз.
Жүргізуші : Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Хош болып тұрыңыздар, жолыққанша,
Осымен біздің сайыс аяқталды.
Құрметті ұстаздар, оқушылар , «Не? Қайда? Қашан » атты біліктілер ойынына тамамдаймыз.Ойынымызға келіп , қатысып, ортақтасып бірге көңіл көтергендеріңізге рахмет !
Достарыңызбен бөлісу: |