Сабақтар мен үзілістер кестесі і-ауысым № Сағат дс сс ср


– тарау. «Информатика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет8/12
Дата07.02.2022
өлшемі146,45 Kb.
#85429
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
КТП информатика 2020-2021

2 – тарау. «Информатика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

4. «Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


1) 10-сынып ҚГБ – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
2) 11-сынып ҚГБ – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты
3) 10-сыныпта ЖМБ – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты.
4) 11-сыныпта ЖМБ – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.


Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған "Информатика" пәнін оқыту мақсаты білім алушыларды негізгі біліммен, тиімді пайдалануға арналған заманауи ақпараттық технологиялармен жүретін жұмыс дағдылары және қабілеттерімен қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны:

  1. "Компьютерлік жүйелер"

Ақпараттық қауіпсіздік: "ақпараттық қауіпсіздік", деректер "құпиялылығы" және "тұтастығы"; қауіпсіздік шаралары - деректерді резервтік көшіру және шифрлау; жеке тұлғаны сәйкестендіру әдістері;

  1. "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру"

Дизайн теориясы: "дизайн", "қолданылуы", визуалды дизайнның классификациясы; Ақпаратты қабылдау принциптері; "жақсы дизайн"
қағидаттары (ыңғайлылық, қарапайымдылық); графикалық файл пішімдері; графикалық файлдарды түрлендіру; сайттың дизайн-макетін әзірлеу.
Бейне контентін құру: видео түсірілімнің негізгі қағидалары және бейнелерді өңдеу; бейнемен жұмыс істеу бағдарламалары; бейне клиптерді өңдеу.
Веб-жобалау: сайттар конструкторы; веб-беттегі мультимедиа; сайтты алға жылжыту әдістері; сайтты жариялау.

  1. "Ақпараттық процестер мен жүйелер"

Ақпараттық технологияларды дамытудың қазіргі заманғы үрдістері: машиналық оқытудың принциптері, нейрондық желілер; жасанды интеллект қолдану салалары; Blockchain (блокчейн) технологиясының мақсаты мен жұмыс принципі.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны:

  1. "Компьютерлік жүйелер"

Бұлттық технологиялар: файлдарды ортақ пайдалану.
Ақпараттық қауіпсіздік: ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау; электрондық цифрлық қолтаңба, мақсат, қолдану алгоритмі.

  1. "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру"

3D – модельдеу: виртуалды және кеңейтілген шындық; олардың адам денсаулығына әсері; бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау.

  1. "Ақпараттық процестер мен жүйелер"

Ақпараттық технологияларды дамытудағы заманауи үрдістер: Қазақстанда цифрландыру процесінің қазіргі заманғы үрдістері; электрондық үкімет порталы.

  1. "Қосымшаларды әзірлеу"

Мобильді қосымшалар: мобильді қосымшалар интерфейсі; мобильді қосымшаларды әзірлеу және орнату.
IT Startup (ай-ти стартап): Crowdfunding (краудфандинг) платформаларының жұмыс қағидалары; маркетингтік жарнама, өнімді өткізу және сату жолдары.


Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарда "Информатика" оқу пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында терең біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін деректерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді ұсыну, ақпараттық объектілерді, Компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздікті құру және қайта құру болып табылады.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны:

  1. Аппараттық және программалық қамтамасыз ету: басқару құрылғысының (бұдан әрі - БҚ), арифметика- логикалық құрылғының (бұдан әрі - АЛҚ) және жад регистрінің процессордың бір бөлігі ретінде функциясын сипаттау.

  2. Деректерді ұсыну: есептеу жүйелері: ондық жүйедегі бүтін сандарды екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне аудару және кері аудару. Компьютердің логикалық негіздері: логикалық операциялар (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия); логикалық өрнектер; ақиқат кестесі; Компьютердің логикалық элементтері (конъюнктор, дизъюнктор, инвертор); логикалық сызбалар. Ақпаратты кодтау: Unicode (юникод) және ASCII (аск(и)и) символдарын кодтау кестелері.

  3. Ақпараттық процестер мен жүйелер: реляциондық деректер қоры: жол, жазба, индекс, бірінші кілт; Bigdata (бигдейта) (үлкен деректер). Деректер қорын "structured query language" (стракчуред куери лангуйдж) ("құрылымдалған сұраныстар тілі") (бұдан әрі SQL (эс кю эль)) әзірлеу: деректер қорын, мәліметтер типін, біркестелі және көпкестелі деректер қоры; формалар; есептер; сұраныстар. Құрылымдық сұраныстар: конструктор режимінде іріктеуге сұраныстар жасау, SQL (эс кю эль), конструктордың және (SQL) (эс кю эль) көмегімен іріктеуге бағытталған сұраныстарды жасау; web (веб)-беттердің деректер қорымен байланысы.

  4. Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру: web-жобалау: HTML (аш ти эм эл) (Hyper Text Markup Language — (хайпер текст маркап лангуйдж) "гипермәтіндік белгілеу тілі"), CSS (си эс эс) (Cascading Style Sheets — (каскадинг стайл шит) каскадты кестелер стилі); скрипттерді пайдалану, web (веб)-парақшаға мультимедиа нысандарын енгізу.

  5. Қосымшаларды әзірлеу: алгоритмдер мен программалар: пайдаланушы функциялары және процедуралары, жолдармен жұмыс жасау, файлдармен жұмыс жасау, сұрыптау әдістері; графтардағы іздеу алгоритмдері.

  6. Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік: компьютерлік желілерді ұйымдастыру: желілік компоненттер (тораптар, маршрутизаторлар, коммутаторлар); IP (ай-пи)-мекен-жайы; DNS (ди эн эс) (Domain Name System (домейн нейм систем) — домендік атаулар жүйесі); жеке виртуалды желілер. Ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттық қауіпсіздік, құпиялық, тұтастық және қол жетімділік; деректерді шифрлау; пайдаланушы деректерінің қауіпсіздік шаралары - құпиясөздер, есеп жазбалары, сәйкестендіру, биометриялық сәйкестендіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет