Дарынды балалармен қандай жұмыстар жүргізуге болады?
Сабақтар, ОҚҒ-ның жұмысы;
Пәндік үйірмелер;
Тіл мерекесі;
Абай оқулары;
Олимпиадалар;
Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;
Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);
Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);
Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);
Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу.
3.«Дарынды бала» бейнесі тақырыбында эссе жазыңыз.
Біз балаға «қабілетті» деген мінездеме береміз. Қабілеттілік әр алуан. Мектепте оқушыларға түрлі жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалда әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы көрінеді. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимылдап, сапасыз орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екені көрініп тұр.
Қандай да болсын бір нәрсеге қажеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді. Теңдік деген адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігі деп түсінеміз.
Адамның өзгеше қасиеттері ана құрсағында пайда болады. Анатомиялық нышан – баланың ата-анасына ұқсап тууы. Физиологиялық нышан – жүйке жүйесінің кейбір анализаторларының ерекшелігі. Анализатордың ерекшелігі қабілеттің көрінуіне себін тигізеді. Егер адамның туысында нышан болып, ол тәрбиеленбесе, оның қабілеті дамымайды. Қолайлырақ жағдай туса, қиыннан қиыстырып мәселе шеуде ізденімпаз болып шыға келеді.
Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттіліктің түрін дарындылық деп атайды. Дарынды балалар мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарыншығармашылық жұмысқа арнайды. Сурет салады, өлең жазады. Мысалы, Ч.Дарвин көп уақытын көбелек қуып, коллекция жинауға бөледі екен.
Дарын өкілдерінің қуат-қабілетінің шарықтайтын шегі болады. Ондайда олардың санасы барынша өткірленіп, мейлінше айқындалады, бақылампаздығы онан сайын арта түседі.
Ж.Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерлі дамытатын – оқыту мен тәрбие.
«Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті бағаламаса, оның өзгелер сияқты болып қоюы мүмкін» дейді америкалық ғалымдар.
Адам жан-жақты даму мен өздігінен жетілу (өзінің жақсы қасиеттерін,
қабілеттерін саналы түрде тәрбиелеп жетілдіру) үшін басқа адамдармен араласу керек. Дарынды балаларды анықтағанда және олармен жұмыс істегенде сол бала жанындағы ортаның педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайына баса назар аударуымыз керек.
Балаға әсер ететін орталар:
ата-ана, мұғалім, мектеп, жұртшылық, БАҚ, жолдастары
Жұмыс істеу барысында баланың осы орталармен байланысын
жете бақылап отыру керек. Ол үшін арнайы тесттер жасалады. Дарынды балалармен жұмыс істеудің соңғы нәтижесі білімді өз еркімен, өзі игере алатын дәрежеге жеткізумен аяқталады.
Дарынды балалармен жұмыс барысында мұғалім әр қырынан көрінуі
шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |