1-кезең – нақты технологияға көзқарас жүйесін (тұжырымдаманы), оның мағлұмат түрлері мен нақты дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық процестің соңғы қорытындысын өз құрамында сақтайтын «оқытудың жаңа әдісін теориялық тұрғыдан негіздеу» деп аталатын құжаттар жинағын (пакетті) зерттеп, дайындау;
2-кезең – «берілген дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық атқару тәртібі» деп аталатын құжаттар жинағын дайындау;
3-кезең – берілген дидактикалық модульге сай «мұғалімнің әдістемелік жабдықтары» атты құжаттар жинағын дайындау;
4-кезең – берілген дидактикалық модульге сай «технологиялық жұмыс мақсатын іске асырудың қорытындыларын өлшеу әдістемесі мен белгілері» деген құжаттар жинағын дайындау;
5-кезең – «оқытудың жаңа әдіс-тәсілін меңгеру мәдениеті» атты құжаттар жинағын дайындау.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Шағын жинақты мектептердегі оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі
2. Екі, үш сыныппен жүргізілетін сабақ сапалы болуы үшін сабақ кестесінің құрылу тәсілі
3. Біртақырыптық сабақ дегеніміз не?
4. Логикалық-құрылымдық әдіске сипаттама
2.6 тақырып. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру жолдары
Мақсаты: Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру жолдарымен таныстыру. Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керектігін ұғындыру.
1. Өзіндік жұмыс, оның түрлері
2. Өздік жұмысқа қойылатын талаптар
1. Өзіндік жұмыс, оның түрлері
Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.
Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.
Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:
1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;
2. Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
3. Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;
4. Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.
5. Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
6. Мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
7. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
8. Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
9. Оған әсер ететін мотивтер.
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:
а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).
ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).
Достарыңызбен бөлісу: |